- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Тесттер
1.Тәрбие элементтеріне жатпайды:
а) физикалық
б) әлеуметтік
в) эстетикалық
г) ой-өрістік
д) психикалық
2.Емізулі жастағы балаға қай кезден бастап дәретке сұрануды үйрету керек?
а) 1-2 айдан
б) 5-6 айдан
в) 7-8 айдан
г) 9-10 айдан
д) 11-12 айдан
3.10-12 айлық балалар ойынының қатарына жатпайды?
а) илеу
б) ойыншықтар көрсету
в) жасырынбақ ойнау
г) ажыратылатын ойыншықтар көрсету
д) доппен ойнау.
4. Ой өрісінің даму ерекшеліктері белгілеріне, жатпайды:
а) көңіл аудару
б) өрісі
в) ойлау қабілеті
г) сөйлеу, есте сақтау
д) гимнастика
5.Қазіргі заман адамының идеалы ретіне жатпайды:
а) темекі шекпеу
б) балаға күш көрсету
в) спортпен айналысу
г) жаман сөз қолданбау
д) алкоголді қабылдамау
6.Қай жастан бастап бала тісін тазалай алуы керек?
а) 1,5 жастан
б) 2 жастан
в) 3жастан
г) 4жастан
д) 5 жастан
7.Мектеп жасына дейінгі бала үшін қоғамдық өмірдің түрі?
а) ойын
б) телевизор көру
в) мекемені жуып шаю
г) жеке бастың гигиенасы
д) ұйқы
8.Дені сау бала тәрбиесінде негізгі шарт?
а) жанұядағы жақсы қарым-қатынас
б) қол жұмсау
в) ата-анасының арақ шарап ішуі
г) жанұяда жаман сөз қолдану
д) ата-аналық құқықтан айырылу
9.Эстетикалық тәрбие элементіне жатпайды?
а) шахмат ойнау
б) ән салу
в) музыка әуен
г) сурет салу
д) көркем сурет әдебиеті
10. Балалар ортасында негізгі тәрбие көзі:
а) күн тәртібі
б) бала-бақшаға уақытысында бару
в) бала-бақшаның меңгерушісінің бірбеткейлігі
г) балалар мекемесінің күрделі жөндеуден өтуі
д) балалар серуендеу үшін үлкен аумақтық бөлінуі
Есеп №1 Бала 11 айлық.
Сұрақ. Осы жаста қандай ойындар жүргізілуі керек?
Есеп №2 Бала 2,5 жаста.
Сұрақ. Осы жаста қандай ойын-сабақтар жүргізілуі керек?
Есеп №3 Бала 4 жаста.
Сұрақ. Осы жаста қандай ойын-сабақтар жүргізілуі керек?
9 Тарау.
ТЕРІ МЕН ТЕРІ АСТЫ МАЙ ҚАБАТЫНЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тері және оның өсінділері.
Балалар мен жасөспірімдердің тері жамылғысының негізгі ерекшеліктерінің бірі, тері беткейі ересектермен салыстырғаңда үлкен болып саналады.Неғұрлым бала жас болса, соғұрлым 1 кг. дене салмағына тері бетінің ауданы үлкен болып келеді. Бала терісінің абсолюттік беті үлкендерге қарағанда кіші, жасына қарай үлкейеді.
Баланың жасына қарай 1 кг. дене салмағына тері бетінің сәйкестіктері: ол нәрестелерде -704 см, бір жастағы балада -528 см, 6 жасар мектеп жасына дейінгі балада -456 см., мектеп жасындағы 10 жасар балада -423 см, 15 жасар жасөспірімде -378 см. және ересектерде -221см.
Бұл ерекшелік,үлкендерге қарағанда балалар организмінінің көп жылу жоғалтатынын көрестеді. Өмір бойында тер бездерінің саны өзгермейді, бірақ секреторлық қызметі мен олардың көлемдері ұлғайып артады. Өмірінің 4-ші аптасында аздап терлеу басталады.
Баланың терісі өте жұқа, нәзік барқыт тәріздес болып келеді.
Тері 2 қабаттан тұрады: эпидермис, дерма. Эпидермистің негізгі 3 қабаты бар- негізгі, түйіршікті, мүйізгекті. Терінің қосалқы мүшелері- шаш, тырнақ, май және тері бездері.
Терінің морфологиялық ерекшеліктері:
1.Терініңнегізгіқабатындағыөңберетінпигмент меланинніңжеткіліксідігіненжәнетүйіршек, мүйізгекқабаттарының жұқалықтарынаннәрестеніңтерісіашыққызғылттауболыпкеледі.
2. Эпидермиялықжасуша құрылысыжағынанжұмсақтау, бостауболып, олардыңсулылығыүлкендердікінеқарағандакөпболады.
3.Эпидермис пен дерманың арасы тегіс емес, оларды бөліп тұратын негізгі мембрана нашар дамығап, ауырған кезде эпидермис дермадан тез бөлінеді және күлдіреп шыға келеді.
4.Нәрестенің терісінің рн 6,3-5,8 болуы бактерияға қарсы тұру қабілетін төмендетеді, бірақ бір айлық кезінде рн 3,8-ге жетеді. Сөйтіп терінің қорғаныс қабілеттері арта береді.
5. Балаларда дерманың жасушалық құрылысы, ал үлкендерде талшықты құрылысы басым. 6 жаста дерманың құрылысы үлкендердікіне жақындайды. Нәрестеде коллаген талшығы жұқа, ал эластикалық талшығы нашар дамыған.
б.Жіңішке қан тамырларының жақсы дамуына байланысты терінің қан толымы жақсы.
7.Туған кезде нәрестенің терлеу бездері жеткілікті дамығанымен де, шығару түтіктері нашар жетілген.
8.Туғанда баланың терісі май жағылғандай болып тұрады (Wernix Cascosa)
9.Терлеуге бейім болады.
Терінің физиологиялық ерекшеліктері:
1.Терінің қорғаныс қызметі төмен, сондықтан оңай жарақаттанады.
2.Тері қабынуға бейім себебі, балалар терісінен, микробтар оңай өтеді.
3.Бала терісінің дене температурасын реттеу қызметі жетілмеген, содан да ол тез суықтайды, тез қызады.
4.Мүйізгек қабатының жұқалығы, қан тамырларының жақсы дамуы-терінің сору қызметін күшейтеді, сондықтан теріге жағып емдейтін дәрілерді пайдаланғанда оның зияндылығын және улылығын ұмытпаған жөн.
5. Терінің қанмен толық қамтамасыз етілуі, суының көптігі, түлеуге бейімділігі әр түрлі аурулардың теріден білінетін белгілерінің өзгеше болуына әсер етеді.
Тері бала организімінде көптеген маңызды қызмет атқарады. Ең біріншісі терінің бактериоцидтік қасиеті. Ол теріден шығатын лизоцимге байланысты. Сондықтан тері баланы инфекциядан сақтайтын қорғаныс қызметін атқарады. Тері арқылы витастерин немесе баланың дене дамуына әсер ететін қасиет пайда болады. Сонымен қатар тері тыныс мүшесі болып та саналады, себебі денеде тері арқылы көмір қышқылы шығады. Тері зат алмасуға да, үлкен адамның терісі сияқты жылуды реттеуге де қатысады. Бірақ балалар терісінің бұл қызметі толық жетілмеген.
Тері асты май қабатының ерекшеліктері: 1. Балалардың тері асты май қабатының үлкендерге қарағанда май жасушалары майдалау, ядролары бар. Өсе келе май жасушалары өсіп ядролары кішірейеді.
2.Балалардың тері асты май қабатында қатты май қышқылдарының көптігі пальметин және стеарин май қабатының тығыз болуына әсер етеді.
3. Бір жасқа дейінгі балада тері асты май қабатының салыстырмалы салмақ үлесі үлкендерге қарағанда басымырақ, соңдықтан бала толық, домалақ болып көрінеді.
4.Балаларда кеуде іш пердесінің майлары жоқ.Олар 5-7 жастан бастаппайда бола бастайды. Осыған байланысты әр түрлі жағдайды балалардың ішкі органдарының қозғалмалы болуы мүмкін. Көбіне бүйрек орнынан қозғалады, төмен түседі.
5.Балаларда тері асты май қабатында қоңыр май тіні молырақ. Олардың жылу бөлгіштік қасиетінің баланың алғашқы күндерінде маңызы зор. Өскен сайын қоңыр май тоқымасы азайып, жылу бөлуі де кемиді. Тері асты май қабаты алдымен бетінде, сосын аяқтарында, кеудесінде, арқасында пайда болады, ал бала азғанда майды- керісінше жоғалтады.
Бала терісінің патологиялық өзгерістері —семиотикасы.
Терінің бозару себебі: а) қан тамырларының қысылуы, б)қанда эритроцит пен Нв-нің азаюы. Терінің қызару(гиперемия) себебі: а) тамырдың кеңеюі немесе қабынуы; б) эритроциттің көбеюі. Терініңсарғаюыныңсебебі: билирубиннің көбеюі.Сарғаю бауыр ауруында және гемолитикалық анемияда кездеседі, және бала сәбіз немесе дәрі(витаминдер) жегенде сарғаяды. Терінің көгеруінің себебі: а) қанның құрамының өзгеруі; б) окси Нв-нің азаюы; в) карбоксиНв-нің көбеюі. Бұл жағдайларжүрек, қан тамырларының, тыныс алу жүйесінің ауруларында байқалады. Адамның мүшелері шеттерінің(мұрынның ұшы, тілдіңұші, қол-аяқтың саусақтары) көгеруін акрацианоздейді. Қанда мет Нв-нің көбеюі организімнің нитратпен уланғанында кездеседі. Терінің қола,түстіболуы-бүйрек үсті безінің қызметінің жетіспеушілігінде кездеседі. Теріде вена қан тамырларының тарамдалып кеңеюі көбіне кеуденің жоғарғы тұсында кездеседі. Ол бауыр ауруынан және бауырдағы қанның өтуінің қиындауынан болады. Тамырдың қатерлі ісігі- ангиома тері де байқалады.
Тері ауруларының негізгі белгілері:Терінің ішінде болған патологиялық процесстер терінің морфологиялық элементтері болып есептеледі. Морфологиялық элементтер біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік элементтер өзгермеген теріде болады (дақ, папула, томпақ, түйін, күлдіреу, торсылдақша, торсылдақ, іріңшелер). Екіншілік бөртпелер теріде біріншілік элементтердің дамуынан пайда болады.Олар қабыршақ, гиперпигментация, депигментация, қабық, ойық жара, эрозия, тыртық, атрофия.
Біріншілік элементтер серозды, геморрагиялық немесе томпақ іріңдік сұйықтарымен толтырылған қуысты (торсылдықша, торсылдақ, іріңдік), қуыссыз (дақ, папула, түйін, күлдіреу,томпақ) болып ажыратылады.
1.Дақ(macula) -қабынудан пайда болып, көлеміне қарай бөлінеді:
а) көлемі 1-2 мм дақтар -розеоларды майда бөртпелер; б) көлемі 5-10 мм орта дақтар ; в) көлемі 10-20 мм - үлкен дақтарды эритема деп атайды.
2.Қабынбағаннан, қан кетуден пайда болатын қанталаған дақ-петехия көптеген ауруларда байқалады.
3. Қан тамырларының аномалиясы-телеангиоэктазия және пигменті жоқ дақтар да (витилиго) байкалады.
4.Тері бетінен жоғары көтеріліп тұратын қабынудан пайда болған бөртпелер (папула) олардың көлемі бірнеше см-ге дейіп болады. Олар 2-3 см-ден қызамық, геморрагиялық васкулит ауруларында байқалады.
5.Томпақ (Ниberculum) дм-10 мм, дермадағы қабыну. Теріден биік, өзінен кейін тыртық жара қалдырады (туберкулез бен лепрада кездеседі).
6. Түйін (nodas) тері үстіндегі немесе ішіндегі пайда болған құрылым, үлкендігі 10 мм жәнеодан үлкен, кейін жаралануы немесе тыртықтануы мүмкін.Ірі көгісті-қызыл, басқанда ауыратын түйіндерді түйіндік эритема дейді, қабынусыз түйіндер тері ісіқтерінде пайда болады (фиброма. Липома).
7. Күлдіреу (urtica). Көлемі 20мм және одан үлкен күлдіреулер қабынудан пайда болып, терініңбүртікше қабығынан шығады, өзінен кейін із қалдырады.Күлдіреулер аллерго-дерматозда кездеседі.
8.Теріден жоғары, ішінде сары суы бар бөртпе(vesicula)үзіндігі 1-5 мм, оныңішінде ірің болуы мүмкіи (pustula), балалар терісінде жиі кездеседі.
9.Эпидермистің қабыршақтан мүйізгекті қабатының пластикаларының жиналуын - қабыршақтану (sqanra) дейді. Онің көлемі 1-5 мм. Ол балаларда псориазда кездеседі. Қабаты майда, кебек, жанырақ тәрізді қабыршақтар болады. Түріне қарап, сары, сұрғылт деп бөледі.
10.Жараның ауызы кепкенде қабық (crusta) пайда болады, ол сары немесе қоңыр түсті болуы мүмкін.
11.Жара (ulcus)-терідегі терең ойық.
12.Тыртық (cicatrix)- терідегі ойықты толтыратын ірі талшықты дәнекер тін.
Тері ауруларын анықтайтын тәсілдің бірі терідегі өзгерістердің қай уақытта болуын сұрау (анамнез). Анамнез жинағанда бұл құбылыстардың көлемін, түсін, орнын және олардан қандай жағдайдан кейін пайда болғанын білу қажет. Сипалау (пальпация) тәсілі балаларға ыңғайлы болуы тиіс. Сол үшін дәрігердің қолы жылы, жұмсақ, таза болып дәрігер баланың терісін сипай отырып көргенде әңгімемен оның көңілін бөлген дұрыс. Сипау арқылы терінің ылғалдығын, ыстығын, қалыңдығын және серпінділігін байқайды.
Терідегі қан тамырларының жағдайын білу үшін бірнеше белгілер (симптом) қолданылады. Кончаловский-Румбель-Лееде белгісін тексеру үшін иықтың ортасына "бұрау"салады. Бұл жағдайда "бұраудың"күшінің орташа болғаны жөн. Тамырдағы қанның ағысы зақымдалғанда ғана белгі түседі. Егер шыңтақтың айналасының терісі қанталаса қан тамырларының қызметінін ақауы бар деп есептеледі.
Үстіміздегі айтқан мақсатпен екі қолдың бас және сұқ саусақтарымен кеуденің терісін, тері асты май қабатына жеткізіп «шымшиды», ал егер «шымшылаған» жер қанталап кетсе, онда қан тамырларында ақау бар. Егер төстің үстін әжептеуір күшпен перкуссия балғасымен қаққанда тері қанталаса, тамырлардың қабаттарында қабыну немесе басқа да өзгерістер болғаны. Дермографизмді жоғарыдан төмен қарай, оң қолдың сұқ саусағының ұшымен немесе балғашаның сабымен көкірек терісінен немесе іштен сызықтар жүргізеді: Сәлден кейін терінің механикалық тітіркендіргенжерінде ақ (ак дермографизм)немесе қызыл белдеу (қызыл дермографизм) пайда болады. Дермографизмнің қызыл, ақтығын, пайда болу немесежоғалу жылдамдығын, көлемін (жайылған, жайлмаған) бағалайды.
Тері ылғалдығының көбеюі мен тершеңдігі мешел ауруында,гипертиреозда, вегатативтік невроздарда жиі кездеседі, кейбір жұқпалы аурулардың бастапқы кезінде байқалады. Мысалы, безгекте, сүзекте қызу басыла келе, құйылып тер төгілсе, керісінше, ылғалдықтын азаюы гиповитаминозға, гипотиреозға, эксикоз бен токсикозға әкелуі мүмкін. Терінің тығыздығының азаюы мен серіппелігінің төмендеуі көбіне гипотрофияда, гиповитаминозда байқалады. Бала кейбір жедел жұқпалы аурулармен (менингит, энцефалит, полиемиелит) ауырған уақытта, олардың терісінің сезгіштігі қозып кетеді (гиперестезия).
Шаш пен тырнақтың өзгерулері тамақтану бұзылғанда, ауырғаңда екіншілік немесе дистрофиялық процесстерге байланысты. Бұл өзгерістер таз ауруларына тән.
Тері асты май қабатын тексергенде оның қалыңдығына көңіл болу керек. Тері асты май қабатының қалындығын сипау арқылы анықтайды. Теріден гөрі оны тереңіректен тексереді. Тері асты май қабатын анықтағанда баланың денесінің бір емес бірнеше жерін қарап көреді. Ең бірінші кіндіктің тұсын, сонан соң кеуденің маңын, төстің жағаларын, арқада жауырынның астын, санның, аяқ-жіліктерінің тұсын, ең артында бетті зерттейді. Ең дұрысы, тері асты май қабатының қалындығын калипермен анықтау. Тері асты май қабатының жұмсақтығына немесе қаттылығына көңіл аударады.
4-ші кесте
Тамақ тапшылығындағы шаштар мен тырнақтардың өзгерулері.
Белгілер |
Ол белгілерді туғызатын себептер – дефициттер |
Шаштар Түссіз,байрақ симптомы спиральды бұйраланған, түзелген, диффузиялы не ошақты түсулер. |
Белок, биотин, витамин А.С. |
Денедегі түктердінтүсуі немесе қайта шығуы. |
Калориялық тапшылық. |
Тырнақтар: Қасық тәрізді (койлонихий) Сыңғыш, бұдыр, сызылталған «Сағат шынысы» тәрізді тырнақ |
Хром, темір Белок, факторлар комплексі Темір |
Тері асты май қабаты бірер жагдайларда ісінсе, кейбір ауруларда қатаюы мүмкін. Мысалы: склеремада тері асты май қабаты қатты болады, басқанда із қалмайды. Склеремада тері асты май қабаты ісінеді, көлемі ұлғаяды, басқан жерде кішнкене ойықша қалады. Тері асты май қабатын зерттей отырып, ісіктің бар-жоғына көңіл аударылады. Ісік болса, ол қанша жерге жайылғанын анғару қажет. Денеге кең жайылған ісік көбіне бүйрек, жүрек ақауларына байланысты болады.
Обструктивті апноэ- семіз адамдарда болатын жағдай, соңғы 10-15 жылда зерттелді. Обструктивті апноэ түнгі ұйқыда, кейде күндізгі ұйқыда қорылдау болып кездеседі.Ұйқы кезінде жоғары тыныс мүшелерінің бұлшық еттері босап, өтетін ауаның турбулентті қозғалысы қорылды болдырады. Сезімдіктің орталығы -орталық нерв жүйесі екендігі белгілі. Сондықтан семіздік сыртқа білінбесе де, кебір май клеткалары тыныс жолдарына жақын орналасады да обструкцияның болуына ықпалын тигізеді. Түнгі ұйқының бөлінуі, бала интеллектысының дамуын тежейді.
