Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі

Жасы

Түнгі ұйқы (сағ)

Күндізгі ұйқы (сағ)

Сергектік

Тамақтану саны

1 ай

21

-

3

6-7

6 ай

11

8

4

6-7

9 ай

11

6

7

5-6

1 жас

11

4-5

8,5

4-5

1,5

11

3,5

9,5

4

2жас

11

3

10

4

3 жас

11

2,5

10,5

4

4-6 жас

11

2

12

4

7 жас

10

1,5

12,5

4

Уқалау

Балалардың бірінші айларында уқалаудың екі түрін жасайды: сипалау және ысқылау.

Сипалау – алақанмен және саусақтардың сыртқы жағымен теріні жеңіл қимылдар жүргізу.

Ысқылау – қол саусақтарымен интенсивті сипалау.

Уқалау элементтері.

Ересек балаларға уқалауды бес әдіспен жүргізеді: сипалау, ысқылау, тарту, қолдың қырымен жеңіл ұру, вибрация.

Гимнастика. Ерте жастағы балаларға гимнастиканы ересектер жасайды. 4-6 айға дейінгі балаларда барлық жаттығулар пасивті қимылдармен, кейін активтіге ауысады. 1 жасқа дейінгі жаттығулар жиыны:

• омыртқаны жазу

• ішпен еңбектеу

• жүзгіш қалпы

• бокс

• төске қолды айқастыру

• бүйірінен ішке аунау

• аяқтарды бүгіп-жазу

• жатып-тұру

• қолдарын айналдыру қимылдары

• ішпен жатып тұру

• отыру

• үшаяқпен жүру

1-2 жастағы балаларда дене тәрбиесін гимнастикалық сабақтармен жүргізеді. Дене тәрбиесінің ұзақтығы 2 жасқа дейінгі балаларға 10-15 минут, 3 жасқа дейінгілерде 15-20 минут. Гимнастикалық жаттығулар жүргізуде келесі негізгі принциптерді сақтау керек:

• барлық бұлшықеттер қатысуы керек;

• жаттығумен демалуды кезектестіру;

• негізгі жағдайды кезектестіру.

Шынықтыру – сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына жүйелі табиғи факторларымен әсер етіп, ағзаның жоғары қарсылығын күшейту шаралары.

Табиғи факторлар өте маңызды: ауа, су, күн сәулесі.

Ауамен шынықтыру

Ауа ванналары, тыныштық жағдайда немесе қимылдармен жүргізіледі. Ерте жастағы балаларға 2-3 апталық жасынан қолдануға болады. Ауа температурасы 220С болуы керек. Бірінші баланы 1-2 минутқа күніне 2-3 рет шешіндіреді, сонан соң 15 минутқа дейін ұзартады.

Сумен шынықтыру, жуындыру, сүрту, жалпы және жергілікті су құюмен жүргізіледі. Сүрту 6 айдан асқан балаларға жүргізіледі. Алғаш құрғақ сүртуден бастайды, кейін ылғалдыға ауыстырады. Сүртудің кезеңдері: қолдар – саусақтан иыққа қарай, аяқтар – табаннан жамбасқа қарай, төс, іш, арқа. Сүртіп болған соң денені қызарғанша ысқылау қажет. Су температурасы алғаш 33-350С, кейінгі үш күнде 1-20С төмендетеді. 28-300С дейін 1 жасқа дейінгі балаларға, 25-260С 3-6 жас аралығындағы балаларға, мектеп жасындағыларға 16-280С дейін төмендетуге болады.

Су құю 1-1,5 жастан бастап, құмырадан 33-350С температурадағы суды құяды, сонан соң 27-280С судың температурасын төмендетеміз. Бірінші арқасын, сонан соң төс, іш, ең соңында сол және оң иыққа су құямыз. Процедурадан соң құрғатып сүртеміз.

Күн сәулесімен шынықтыруды абайлап жасау керек. Ағза қызып кетуі мүмкін. Емшек жасындағы балаларда тек дене бөлігі күн сәулесін алу керек. 1 жастан асқан балаларда таңертеңгі 9-1100 дейінгі уақытта бұл процедуралар жүргізілуі керек. Күн ваннасының ұзақтығы 10-20 минут. Баланың басына ақ қалпақ кигізілуі керек.