Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері

Бала тәрбиесінде мейірбике белсенді жұмыс атқарады. Тәрбие шараларынсыз ауру балаларды емдеу немесе олардың күтімін ұйымдастыру мүмкін емес.Баланың дұрыс күтімі денсаулығын мықтап қана қоймайды, сонымен қатар физикалық және психикалық дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Тәрбиелік жұмыс жүргізу, баламен сұқбаттасу тәжірибесін және тәрбие мен үйретудің негізгі принциптерімен таныс болуды талап етеді. Тәрбиелік жұмыстың ауқымы көбіне баланың орналасқан жеріне (яғни аурухана, балалар үйі, бала–бақша) байланысты. Мекемелер эстетикалық көркемделген, серуендеуге арналған аймағы бар, ойыншықтармен қамтамасыз етілуі тиісті.

Тәрбиенің мақсаты-баланы өмірге және еңбекке баулу.

Физикалық тәрбие-балалардың дер кезінде дұрыс қимыл-әрекетінің дамуына, денсаулығын күшейтуге және жасына сай физикалық дамуына жетілдіруге негізделген. Ол үшін көптеген тәсілдер қолданылады:

• гимнастика;

• уқалау;

• шынықтыру.

Әлеуметтік тәрбие жеке адамның көпшілікке қатынасын қалыптастырады. Ой-өрісін тәрбиелеу, балаларда табиғаттың құбылыстарына және өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырады, баланың ой-өрісін дамытады (көңіл бөлуін, өрісін, ойлану, сөйлеу, есте сақтау тәрізді қабілеттерді дамыту).

Баланың ой-өрісінің дамуында ересектермен әрдайым сұқбаттасуының маңызы өте зор. Бала оған аударылған көңілді, сөзді естуі қажет, әйтпесе ана тілін меңгеруде үлкен жетістіктерге жетуі өте қиынға түседі.

Ауруханадағы жағдай-дені сау бала тәрбиесіндегі негізгі мәселе болып саналады. Бала күтімі мен тәрбиесінде медициналық қызметкерлердің міндеттерін теңдей етіп атқару қарым-қатынаста жаңа белгілердің болуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда тәрбиелеу балалармен ынтымақтас болғанда ғана мүмкін болады. Ынтымақтық осы жағдайды түсінгенде ғана болады. Баламен қарым-қатынаста дұрыс түсінушілік болған жағдайда, сезіммен араласу мүмкіндігі туады. Бала мұндай жағдайда ата-ананың абыройын, мойындайды, силайды және тыңдауға бейім болады.

Бір мен бір жарым жасында бала ізденгіш болып келеді, ол заттарды ұқыпты зерттей бастайды. Бала ойыншықтармен ойнайды, оларды жерге тастайды, қарап көреді. Бұл кезде баланың жерге құлағаны, сол кезде, қандай дыбыс шығаратыны және т.б. көптеген нәрселер өте маңызды. Оның барлығын ересектер әлде қашан ұмытқан, ал бала үшін әрбір кішкентай өзі ашқан жаңалық ерекше және қызық. Сондықтан тәрбие жұмысын баланың жасына сай таңдау керек. Ауруханада кезекшілікке (балалар үйінде, бала бақшасында) мейірбикелер түрлі ойын ұйымдастыруға, тәрбиелік әңгімелесуге ерекше көңіл аударуы тиісті. Әр жасқа сай ойыншықтар бар. 12 айға дейінгі балалар үшін ойындар: ойыншықтар көрсету, доппен ойнау, «алақай», «көз жұмбақ». 2 жасқа дейінгі балалар үшін: сурет көрсету, құрылыс саймандары сияқты ойындар ойнату олардың тілін дамытады және қимыл кординациясын дұрыстайды. 2-3 жастағы балалармен әңгімелесуге, кітап оқуға, санауға болады. Көңіл аудару қабілетін күшейту, майда саусақ бұлшық еттерін дамыту, заттарды ажырата білу және ойыншықтардың көлемімен келбетін ғана емес түр-түсін анықтау мақсатымен ойындар өткізіледі. 5 жасқа дейін есептеу ойындары, сурет салу, билеу, ән салу, жапсыру ойындарын өткізген жөн.

Тәрбие - ол күрделі, жан-жақты процесс. Тәрбие жұмысын өткізгенде негізгі концепцияларды ұстаған жөн.

• материалды айтып түсіндіргенде қарапайымнан бастап күрделіге қарай ауысу, жеңілден-ауырға;

• зат жөнінде нақты мәлімет оның абстракты белгісін орағытып отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын көпшіліктің өз бетінше өмірінің белгісі тәрізді. Баланың өмірлік тәжірибесі көп емес, сондықтан олар ойын арқылы қолынан не келерін және ересектердің оларға не үйреткенін көрсетеді. Ойын элементтері гигиеналық үрдіс үшін де қажет. Оларды тамақтану кезінде, дәрет кезінде, ұйықтаудың алдында қолданған жөн. Ойын үйренудің негізі болуға тиісті. Ойын кезінде бала өз бетінше сурет салады, пластелинмен илейді, аппиляцияларды кесіп жапсырады, құрастырады, ән салады, әңгіме және еретегілер құрастырады.

«Ойынсыз бала-кептірілген гүл» (В.А.Сухомлинский). Тәрбие элементтерін дұрыс уақытымен бөлу, жүйке жүйесінің бұзылысынан сақтайды. Күн тәртібін қадағалау бала тәрбиесінің негізі болып келеді.

Күн тәртібі–уақытты дұрыс пайдалану және тамақтану мен дем алуды бір бірімен ұштастыру.