- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
Баланың санасы мен қимылының дамуы.
Баланың санасының, қимылының дамуы орталық жүйке жүйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Бала организмнің сыртқы ортамен өзара қарым-катынасын реттеуші, солардың ішіндегі бірінші дәрежелі мәндісі-тәрбиелеу болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің анатомиялық құрылысын және олардың жұмыс істеуін салыстырып бағалайды. Тууы кезінде антефилогенетикалық жоғарырақ дамығаны сопақша мимен, ми діңгегі болады. Салыстырмалы түрде жетілгені мидың қыртыс асты құрылымы болып табылады. Жас сәбидің үлкен миының жарты шарының жұмыс жасауы өте төмен болады. Ми қыртысы толық жетілмегендіктен бұдан кейін жатқан құрылымдар бақылаусыз, өз беттерінше, өздеріне қолайлы зандармен жұмыс жасайды. Баланың қозғалыс қимылын реттеуші паллидум больгп табылады. Нәрестелерде болатын туа біткен шартсыз рефлекторлық әрекеттер қыртыс асты орталықтарымен бақыланады.
Нәрестелер санасының дамуын, олардың анализаторлық қызметінің жағдайы бойынша тексереді.Үш айдан асқан баланың психикалық дамуын тексеру баламен қарым-қатынас жасау негізінде жүргізіледі.
Нәрестенің еттері сіреспелі, қозғалысы атетоз тәрізді ретсіз болады. Нәресте барлық уақытта да қозғалыста болады, тіпті ұйқы уақытында да. Бала туылғанда туа біткен шартсыз рефлекстермен туылады. Онда сору мен жүтыну, есінеу жақсы кескінділген. Бұдан басқа, бала туылған алғашқы күннен бастап төмендегі рефлекстер табылады:
1.Ауыз шетіне тақау жерден бетін қаққылағанда, ернінің түртуюі.
2.Бабинскийдің рефлексі – табанныңішкі қырының терісін тітір-кендіргенде үлкен саусағының сыртқа, қалғандарының табанға қарай жиырылуы.
3.Моро рефлексі- бала жатқан стол үстін 15-20 см. биіктікпен басының екі жағынан ұрғылағанда, қолын жайып, саусақтарын жазып, қайтадан орнына келтіреді (құшақтаған тәрізді).(5- сурет)
5-ші сурет. Моро рефлексі.
4.Аршавскийдің өкше рефлексі- баланың өкше сүйегін жеңіл басып қараған кезде, оңда жылау гримасының пайда болуы (жетілмеген нәрестелерде байқалмайды).
5.Перес рефлексі - омыртқа жотасының бойымен құйымшақтан мойынға қарай үлкен саусақпен сыдырқанда, нәресте денесінің жазылуы немесе шалқаюы, жылауы немесе кейбір кезде кіші дәретін жіберіп қоюы.(6- сурет).
6-шы сурет. Перес рефлексі.
6.Галант рефлексі (өмірінің 5-7 күнінен табылады),арқаның терісін омыртқа жотасының маңайларынан сипалағанда артына қарай ашылған доға тәрізді иілуі.
7. Бауэр бойынша бауырлап жылжу рефлексі, етпетінен жатқан баланың табанына алақанды тірегенде, ол рефлекторлы түрде аяғымен итеріп алға қарай жылжуы. (7-сурет)
7-ші сурет. Бауэр рефлексі.
8.Керниг рефлексі - бір жақ жамбас - сан және тізебуындарын бүгіп, сосын тізе буынын қайтадан жазуға тырысу.
9.Ұстау рефлексі. Бұл рефлекс нәрестенің алақанына зерттеуші саусағын немесе басқа зат салса бала оны шап беріп ұстап жібермейді. Кейде осы жағдайда нәрестені көтеруге де болады (Робинсон рефлексі). Осындай рефлексті табанынан тітіркендіріп аяғының ІІ-ІІІ саусақтарының бүтілуі арқылы да тексеруге болады. Баланың 2-4 айлығында жоғалады. (8- сурет)
8-ші сурет. Ұстау рефлексі.
Осы жоғарыда аталған рефлекстер физиологиялық рефлекстер. Олар мидың толық жетілмегеніне байланысты уақытша болады да бірте-бірте жойылады. Сәбидің 1 айлық жасында көз қозғалысы үйлеседі, нистагм азаяды. Ол жарқыл заттарға тоқтата алады, естуге көңіл аудара бастайды. Еттер тонусы біршама жоғары, қолдары денелеріне жақын тартылып, жұдырықтанып тұрады. Аяқтарының бүгілгені аздап жайыла бастайды. Етпетінен жатып басын бір-екі секундқа көтереді, тітіркендіргішке белсенділікпен жауап береді. Оның ұйқысы тәулігіне 20 сағат шамасында.
Сәбидің 2 айлық жасында белсенді қимылдау көлемі артады, тік қалыпта басын ұстай алады, бірақ өлі де бостау болады. Көз қарасы жақсы тіктеп 900 шамасындағы қозғалатын заттың соңынан қарай алады. Балаға мейірімділікпен қарағанда күледі, уілдейді, дауыстар шығара бастайды. Бауырлап жылжу және қолдың тоникалық рефлекстері жойылады.
Сәбидің 3 айлық жасында иық буындарында қозғалыс көлемі көбейеді, тік қалыпта басын ұстайды. Етпетімен жатып кеудесін көтереді. Баланың қозғалыс қимылдары айқындалған болады. Арқасынан бір жағына қарай аударыла алады. Кейде анасынтаныпкүледі. Ащыны, тәттіні, дәмсізді жақсы ажырата біледі. Баланың 3 айлығында ми қыртысының әсері өсуіне байланысты, шартсыз рефлекстер жоғала бастайды. Ұстай алу, тоникалық Моро рефлекстері әлсірей бастайды.
Сәбидің 4 айлығында физиологиялық рефлекторлық гипертония жоғалады.Қол саусақтарын жазып, ойыншыққа ұмтылады, оған жабысып аузына апарады. Дыбысқа басын бұрады. Тамақты сезгенде қуанады. Күледі, күлімсірейді, қатты дыбыстар шығарады, үнді дыбыстарды анық айтады.
Сәби 5-6 айлығыңда көмекпен отыра алады, кейбір кезде өз бетінше де отыруы мүмкін. Шалқасынан етпетіне қарай аударылады. Етпетінен жатқанда жазылған қолдарына сүйене алады, кеудесін, басын көтереді. Өз бетімен ойыншықты алып, ойнайды. Таныс дыбыстарды таныс емес дауыстардан айыра алады. Үнсіз дыбыстар шығарады, кейбір буындарды да («ба», «па», «ма», «ля») шығарады.Моро рефлексі жойылады.
Сәби 7-8 айлығында өз бетінше де, шалқасынан жатқан қалпынан да отыра алады, көмектескенде аяғынан тұрады, сүйеніп бірнеше уақыттай тұрады. Төрт аяқтап еңбектеуге тырысады. Бала ата-анасына, таныс адамдарға қолын созады, шапалақ қағады, маңайындағы сағат сыртылына құлақ асады. Ата-анасын жақсы таниды. Жаңа зат пайда болғанда көңіл аударады.
Сөздегі буындарды бір-біріне қоса бастайды.Тіреу рефлексі жойылады.
9-10 айлығында сәби еңбектейді, кедергілерден ұстап тұрады. Бір колынан ұстап көмектсскенде, сүйегенде түрады. Бір жерге ойыншықтарын жинайды.«па-па», «ма-ма», «та-те» басқа да буындарды айта алады. Үлкендермен қоштасады, қолын бұлғайды.
11-12 айлығында сәби өз бетінше тұрады, бір қолынан демесе жүреді. Өз бетінше қадамдар жасайды, бірақ жүруі әлі де тұрақсыз, жиі құлайды. Көптеген заттардың атын біледі, музыка тындайды, жеке шуларды, дыбыстарды, жағымсыз иістерді айыра алады. Өз бетінше кеседен іше алады. Сору рефлексі әлсірейді, «қой», «болмайды» сөздерінің мәнін біледі.
1-1 жас 6 айлығы аралықтарында балада жүру жетіледі, қимыл үйлесімділігі жақсарады. Алғашқыда 3-6 метр содан соң 10 метр жүреді. Жүгіре алады. Кішкене көпшікке шығады, кедергілерден төрт аяқтап өте алады. Ойыншықтарды біріне-бірін қояды. Ата-анасының көрсеткендерін, нұсқауларын түсінеді, оларды тындайды. Сөздік қоры шамамен 30-40.
1,5 жастан -2 жасқа дейін баланың бұрынғы білетіндері жетіліп, басқа жаңалары пайда болады. Заттардың көлемдерін, бейнесін шамалай алады. Еденнен 15-20см. көтерілген заттың бетімен (ені 15-20 см) жүре алады. Үлкендердің көмегімен киімдерін шеше бастайды (бас және аяқ-киімін). Түнгі ұйқысында кіші дәретін сезіп ояна алады. Үлкендердің сұрақтарына жауап бере алады. Сөздерді құрай бастайды. (мама, бер т.б.), "бұл не" деген сұрақтар қоя бастайды. Екінші жылының аяғында 300-дей сөз айтады.
3 жасында мидың қозғалыс - қимыл қабықтары жетіледі. Сондықтан баланың ойындары күрделенеді, еденнен горизантальды 20-25 см. көтерілген арқаннан немесе таяқшадан аттай алады. Өз бетінше киіне алады. Тағамды ұқыпты жейді. Шама-шарқынша қол-ауыз сүрткіштерді қолданады. Негізгі төрт түсті айтады. Бірнеше сөздерден құралған сөйлемдер айтады. (3 сөзден жоғары).
Бала 4-5 жасында ұзын фразаларды және монологтарды айтады. Бұл тіл дамуының соңғы фазалары.
Мектеп алдындағы жаста баланың санасы жетіледі. Баланы басқа балалармен араласу, бірлесіп ойнау қызықтырады. Оқибастайды, тіпті жаза бастайды. 7-8 жасында баланың сапасы бұдан да жоғары жетіледі. Баланың жеке бейнесі қалыптасады.
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің дұрыс дамуына, бала денесінің зат алмасуының жақсаруына және өсуінің ең бір зор ықпал тигізетінұйқы. Баланыңұйқысы неғұрлым шала болса оның денсаулығы, тамаққа деген тәбеті соғұрлым төмен. Сондықтан өсіп келе жатқан организмгеұйқыны дұрыс ұйымдастыру өте қажет. Жаңа туған жас баланың ұйқысы жарты фазалық. Күнмен түннің олар үшін еш айырмашылығы жоқ. Тек 1 жастан асқанда ғана баланың түнгі ұйқысы басым болады. Жасы жетілген сайын ұйқы азаяды. Бірінші, күңдізгі ұйқы сирейді. Бір жарым жасқа келген бала күндіз небары 2-2,5 сағат ұйықтауы мүмкін. Ал 3,5-4 жастан асқан балаларды күндіз ұйықтату өте қиынға соғады.
Баланың жүйке жүйесін тексеру тәсілдері: баланың жүйке жүйесінің жағдайын бағалау қоршаған ортаның реакциясын, ес-түсін, сана-сезімін анықтау,оның нервті-психикалық дамуының жасына сәйкестігін тексеруі бойынша жүргізіледі.Өмірінің екінші-үшінші жылдарында жүйке-психикалық жетілуін, басқа мінез-құлқын және көңіл-күйін де бақылаған дұрыс. Мінез-құлық көрсеткіштерін келесі белгілері бойынша бағаланады:көңіл-күйі, ұйқысы, тамаққа тәбеті, сергектік күйі, жеке ерекшеліктері. Көңіл-күйдің көрсеткіштері:
1. Сергектік, қуаныштылық
2. Бірқалыптылық
3. Тітіркенгіштік, ашуланғыштық
4. Ынжықтық
5. Сезімнің тұрақсыздығы.
Баланың санасы мен қимылының дамьш, жетілуінің дәрежелерін өз уақытында бағалау қалыпты ауытқуларды тауып, оларды реттеу мақсатымен дер кезінде қажетті шараларды жүргізуге жағдай жасайды.
Студенттер арнаулы тексеруді неврологая курсында өтеді. Жалпы педиатриялық практикада жиі кездесетін менингиальдық және гипертензиялық синдромдар тексеріледі. Менингиальдық белгі желке еттерінің сіреспелігімен, Брудзинский және Керниг белгілерімен айқындалады.
Желке еттерінің сіреспелігі — науқастың басын кеудесіне игенде, желке аймағының ауыратындығын, сіресетінін байқайды. Мойын еттерінің рефлекторлық кернеуінен бүгілу мүмкіндігі болмай сіреседі.
Брудзинскийдің рефлексі:а) жоғарғы түрі-аурудың аяғын созып, шалқасынан жатқан баланың басын енжар бүккеп кезде, төменгі жағыңдағы жамбас, сан және тізе буындарында рефлекторлық бүгілуді байқауға болады. б) төменгі турі- аурудың бір аяғын жамбас, сан және тізе буыннан енжар (пассивті) күштен бүгу кезінде, екінші аяғының буындарында бүгілу пайда болады.в) қасаға (ловковый) рефлексі - қасаға аймағын басқанда жамбас, сан және тізе буындарында рефлекторлық бүгілу пайда болады. Гипертензиялық синдром менингизммен (желке етінің сіреспесі, Брудзинскийдің жоғарғы рефлексі), құсумен, емшектегі балалардың еңбегінің деңгейінен жоғарылап көтерілуімен сипатталады.
Баланыңпсихикасының бұзылуының айқындалуының бірі болып олигофрения саналады. Олигофренияның 3 дәрежесі болады:
1. Дебильдік (жарыместік)
2. Имбецильдік (ақымақтық)
3. Нақұрыстық (идиотия)
1.Дебльдік (жарытестік)- олигофренияның жеңіл түрі. Бұндай балалар тұрмыстағы жәй сұрақтарды зорға ұғынады. Жаман оқиды. Тілгетүсінеді, қысқа фазаларды айтады. Бұлар агрессивті болады. Олар күтім мен бақылауды қажет етеді.
2. Имбецильдік (ақымақтық) -олигофренияның орта түрі. Бұндай балаларда ойлау үстірт(примитивті) болады.Сөздік қоры көп емес.
3. Нақұрыстық - олигофренияның ауыр түрі. Бұндай балаларда парездер, параличтер, сезімталдықтың бұзылыстары байқалады.
Тыныштықсыз бен сомноленттің болуы.Тынышсыздық кезеңдері уақытша тынышталумен,әлсіздікпен және ұйқышылдықпен алмасып отырады.
Сомноленттік. Балада әлсіздік, ұйқышылдық, ұйқы жоқтықпен ауысып отырады. Қатты жылаудың орнына бала әлсіз жылайды, анасын танымайды. Терінің сезімталдығы және сіңірлік рефлекстер баяу. Көргенде, бала жаялыққа орағанда сезбейді.
Ступор- қойылған сұрақтарға жәй, кешігіп, көңілсіз, бірақ дұрыс жауап беретін жағдай. Есеңгіреп қатты қозғалғанда ғана есін жинайды, кейде қимылды тынышсыздық пен стенозды қозғалыстар болады.Рефлекстер баяу.Ауыртқанда реакциясы анық, бірақ көпке созылмайды.
Сопор- ауру сұраққаәртүрлі жауап береді, сандырақтайды, атын айтқанда қатты дауысқа жауап бермей, жәй еркелеткен дауысқа реакция береді. Терең "ұйқы" есеңгірсу. Баланы ояту мүмкін емес. Сіңірлік рефлекстерді болдыру қиын және олар тұрақсыз. Ауыртқаңдағы (инъекцияда) реакция қарашықтың және көз қабығы (роговица) рефлекстері сақталған.
Баланың жалпы жағдайының ауырлығы, әртурлі дәрежедегі сана-сезімнің бұзылуы менингоэнцефалитте, іш сүзетінде, нейротоксикозда және басқа ауруларда байқалады. Сана-сезімі анық, сомнолентті, ступорозды (тек күші тітіркендіргішке реакциясы) болады. Аурудың сана-сезіміжоғалса комадеп атайды. Команың 3 дәрежесі болады:
І. дәрежелі (жеңіл кома)- аурудың сана-сезімі жәнеерікті қозғалысы болмайды. Көздің қасаң қабағының рефлексі мен корднеальдық рефлекстері сақталады.
ІІ. дәрежелі-аурудың сана-сезімі, рефлекстері болмайды, бірақ көз карашығының жарықка болмашы рефлексі сақталады. Тыныс аду ритмінің (ырғағының) бұзылуы байқалады.
ІІІ. дәрежелі (ауыр кома)- аурудың барлық рефлекстері болмайды, цианоз, гипотермия, қан айналуының және тыныс алуының бұзылыстары байқалады.
Менингококқтық менингитке тән "жатудың" аз өзгешіліктері бар: бала жанымен, аяғымен бүгіп артына қарай шалкая жатады. Өмірінің алғашқы жылында баланы тексеру кезінде физиологиялық рефлекстерінің жағдайларын анықтау қажет. Қозғалыс әрекетін және мүмкіндігін, тіл мен психикалық дамуын тексеріп, бағалау керек.
Ситуациялық есептер.
1-ші есеп.
5 күндік нәресте, 4 300 гр массасымен туылған. Толғақ кезіндегі асқыныстар: сусыз кезең ұзақ (28 сағат), әлсіз толғақ. Босану кезінде вакуум-экстрактор қолданылған. Көргенде: нәресте әлсіз, ыңқылдайды, басы apтқа "қайырылған", аяқ-қолдары жазылыңқы жұдырығы түйілген. Көзі кен ашық, бір нүктеге қадалған. Дауысы бәсең. Анда-санда клонико-тоникалық тырысулар бар. Жұлындық су-геморрагиялы.
Сұрақтар:
1. Бала анамнезіндегі қандай жағымсыз сәттерге дәрігер-педиатр көңіл бөлуі керек.
2. Баланың жалпы жағдайын бағалаңыз.
3. Ликвордағы қан кездейсоқ па, немесе мимен, ми қабаттарына құйылған қаннан пайда болған ба?
Жауаптары:
1. Ұзақ сусыз кезең, нәресте ірі, босанудың әлсіздігі, вакуум экстракторды қолдану.
2.Өте ауыр.
3. Ликвордағы кездейсоқ қан жарты сағаттан кейін анық 2-3 қабатқа ажырайды. Ми мен ми қабаттарына қан құйылғаннан шыққан геморрагиялы ликвор қабаттарға бөлінгенде де, өзінің қызыл-қошқыл түсін сақтайды.
2-ші есеп.
10 айлық сәби аурухананың қабылдау бөліміне дене қызуына, тырысуға, құсқанға шағымданып жеткізілді. Объективті: сәби мазасыз дене қызуы 38,9С. Желке бұлшық еті катты (ригидность), үлкен енбегі толған және қолға серпімді. Брудзинский симптомы оң, терісінде гиперстезия, тырысу жоқ, брадикардия.
Сұрақтар:
1.Осы симптомдар қайсы ауруға тән?
2. Дұрыс диагнозқоюға тағы да қандай зерттеулер қажет?
Жауаптар:
1. Менингитке тән.
2. Люмбальды пункция жасап ликворын зерттеу (флораларға себу, микроскопия, биохимиялық құрамы) қанның, дәреттіңжалпы анамнездері, тамағынан флораларға сүртінді алу.
