Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.

Омыртқаның кистозды ажырауы омыртқаның жарық дорбасының қабырғалары тері мен жұмсақ ми қабатынан тұрады. Оның ішінде жұлындық сары су болады.

Толық рахисхиз –омырқаныңми қабаты жұмсақ тіндерінің дефектісімен қоса тесік болып бітеді. Бұл кезде жұлын ақау орыннан ашық көрініп жатады.

Омыртқаның жасырын тесігі. Омыртқа дефектісі ет пен терімен жабылған. Сыртында гипертрихоз,ангиом, липом, пигментті дақ, терінің төмеңдеуі байқалады. Симптомдары жоқ. Ондай жағдайда диагноз кездейсоққойылады.

Сезім мүшелерінің дамуы.

Терінің сезімталдығы.Терініңсезімталдығы инсуляцияланған рецептормен қабылданса, ауыру-жарақаттар терідегі соңғы нервтермен қабылданады.

3-ші кесте.

Жұлын сұйықтығы (ликвордың) әр жастағы ерекшеліктері.

Көркеткіштер

Баланың жасы

14 күн

3 ай

6 ай

1 жас

1

Түрі мен сұйықтығы

жиі ксантрох, мөлдір

түссіз, мөлдір

түссіз, мөлдір

түссіз, мөлдір

2

Белок г/л

0,4-0,8

0,2-0,5

0,18-0,36

0,16-0,24

3

Цитоз (мкл)

3/3-30/3

3/3-25/3

3/3-20/3

3/3-10/3

4

Жасушалар (клеткалар) түрі

Лимфоцит

Лимфоцит

Лимфоцит

Лимфоцит

5

Панди тексермесі

+++

+

+

-

6

Қант м/моль

1,7-3,9

2,2-3,9

2,2-4,4

2,2-4,4

Көру. Нәрестенің көзі салыстырмалы үлкен. Рефракцияның өзгеруі көздің өсуіне және бұлшық етінің өзгеруіне байланысты. Нәрестенің бірінші сағатымен күнінде алыстан көргіштік (гиперметропия) 7,0 диоптрияға дейін жетеді.Сосын өсе келе дұрысталып 9 бен 12 жаста эметропия болады. Нәрестеге аздаған фотофобия тән, сондықтан көзі жұмулы, қарашығы кішірейген, корнеальды рефлексі жақсы, нистагм, жас бездерінде фүнкция жоқ. Осылардың бәрі бірте-бірте реттеліп, 4 жаста көру жітілігі 1,0. Бала бастапқы оқуға дайын.

Нәрестенің көз-жас бездері салыстырмалы түрде кіші. Безді көпіршіктері нашар дамыған және шығару түтікшелері тар болады. Көз жасының бөлінуі (жылаған кезде) балалар өмірінің екінші айында байқалады. Көз жасының болмауы ми орталығының толық жетілмегендігіне байланысты.

Ерте жастағы балаларда көз-жас-мұрын арнасы салыстырмалы түрде кең және қысқа, сыртқы тесігі қабақ бұрышына тақау орналасқан, қақпақтары толық жетілмеген. Осыған байланысты мұрыннан көз қашпығына инфекцияның түсуі оңай. Бұл балаларды коньюктивитке бір табан жақындатып тұрады. Салыстырмалы түрде нәрестелерде көз шарасы кең, бірақ көз шарасының тереңдігі үлкен емес, оның түрі үшбұрышты пирамиданы еске түсіреді. Нәрестелер мен сәбилердегі (емшектегі балалар) көз шарасы құрылысының бұл ерекшеліктері оны құрайтын бас сүйектерінің толық жетілмегеніне байланысты. Балалар өмірінің бірінші күнінен бастап көреді. Бірақ көз құрылысының гистологиялық ерекшеліктерінен сәбиде анық көру мүмкіндігі болмайды. Нәрестелерде көз қозғалысы біршама үйлесімсіз, сондықтан алғашқы алты-он аптада қитар көзділік байқалады. Көздің еріксіз жыпылықтауы да болады.

Есту мүшесі. Үлкендердікіне қарағанда нәрестелердің құлақ қалқаны салыстырмалы түрде кең және үлкен. Ені 3 см, ұзындығы -3,5 см. Құлақ қалқанының шеміршегі жұмсақ, тері жамылғысы нәзік және жұқа,құлақ қалқанының ең жылдам өсуі өмір сүруінің алғашқы 3 жылынан бастап, 15-20 жасқа дейін созылады. Нәрестенің сыртқы дыбыс өткізгіштік тесігі бүтіндей шеміршекті және өте тар болып келеді. Туылған кезінде дыбыс өткізгіш тесігі казеозды сұйықтықпен толы болады. Нәрестенің дабыл жарғағының көлемі дәл үлкендердікіндей-9х8 мм2. Нәрестелердің дабыл жарғағының сыртқы эпидермис және ішкі кілегейлі қабаттары салыстырмалы қалың. Дабыл жарғағы горизантальды орналасады. Ол сыртқы дыбыс өткізу тесігінің жоғарғы қабырғасының тікелей жалғасы болып табылады. Ортаңғы есту кеңістігі және құлақ сүйекшелерінің көлемі үлкендердікінің көлеміне жақындау болып келеді.

Қүлақ қуысының үстіңгі қабырғасы жұқа сүйек пластинкасынан құралған. Төменгі қабырғасының кейбір жерлерінде сүйек дәнекер тканьмен орналасқан. Евстахи түтігі салыстырмалы түрде кең және қысқа. Фарингеальды тесігінің ернеуі нашар көрінеді. Евстахия түтігі горизантальды орналасқан және оның жұтқыншақ тесігі қатты таңдай қуысында жатыр.Нәрестелерде оның ұзындығы 19-20 мм. Нәрестелерде есту қабілеттері бар, бірақ ол біршама төмен.

Дәм мен иіс сезімі.Дәм баданасы құрсақтың соңғы айларыңда пайда болғандықтан шала туылған бала ащы суды, сүтті жақсы айырады. Дәм рецепторлары тілдің тұтас үстінде, ерінде,таңдайында, ұртында орналасқан. Үлкендерге қарағанда нәресте дәмді жақсы сезінеді.

Иіс сезу рецепторлары құрсақта жақсы дамыған, туылғаннан бастап олардың дамуы бастауыш мектепке дейін иіс сезу анализаторлары дами береді, демек ми қабығының дамуына тікелей байланысты.