Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

8 Тарау.

ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ (ОЖЖ) ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ.БАЛАНЫҢ ПСИХИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Жаңа туған сәбидің жүйке жүйесінің кейбір бәліктері туылған күннен бастап жақсы жетілген болып есептелінеді.Ол ерсек адамдардың жүйке жүйесіне ұқсауы да мүмкін. Солай бола тұра балалардың ми құрылымдары туылғаннан бастап жетіле түседі. Сондықтанорталық жүйке жүйелерінің (ОЖЖ) морфологиялық және физиологиялық айырмашылықтары болады.

Жаңа туған сәбидің миы үлкен аумақтырақ келеді, салалары мен қатпарлары кейін пайда болады. Мидың маңдайлық бөлігінің көлемі үлкен кісінікімен салыстырғанда көп кіші, ал желкелік бөлігі керісінше үлкен. Мишық әлсіз дамыған, жұқа болады. Жаңа туылған сәбидің миының сұр заты ақ затынан нашар бөлінген, жүйке жасушалары негізінен ақ затында орналасқан.Ми бөліктерінің орналасу топографиясы, түрі, ми салаларының қатпарларының, соны-мен қатар көлемінің өзгеруіалғашқы бірінші жылда жүреді. Мидың жарты шарларының аумағы 10-11жасқа келгенде 1,2 есе, ми сайларының ұзындығы 2 есе, қабық көлемі3,5 есе үлкейеді.

Мидағы миелинизациялану процессі ұрықтық кезеңнің 4-ші айында басталғанымен бірқалыпты жүрмейді. Пирамидтық жолдардың миелин талшықтары 9 -шы айда ғана пайда болады. Миелинизация бала туылғаннан кейінгі 1-ші жылдың аяғында жылдамдау жүреді. Бұл процесс 3-5 жаста тоқтайды.

Жаңа туылған сәбидің миының қатты қабығы жұқа жәнс ми түбінің сүйектеріне жабысып тұрады. Оның жұмсақ және торлы қабықтары өте жұқа, ал кейбір ми қабықтарының астындағы кеңістіктері кішкене болады.

Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.

Экзенцефалия - төбе сүйектерінің (акрания) және жұмсақ тіңдердің жоқтығынан үлкен жарты шарлар түйін-түйін болып бүртиіп, жұмсақ ми қабаты астынан білініп тұрады.

Бас миының жарығы- мидың бас сүйегінен бүлтиып шығуы. Олар негізінен сүйектердің қосылған жігінен шығып тұрады. Жарықтың 2 түрі бар: менингоцеле-жарықтың құрамында қатты ми қабығымен бас терісі, ал ішінде жұлынның сары суы болуы, менингоэнцефалоцеле-жарық дорбасы бас миының бір бөлігіне шығады.

Микроцефалия- бас сүйегі мен мидың кіші көлемділігі: жасына қарағанда бас шеңберінің қалыптан 5 см. кемуі осы диагноздың критерииі болып есептеледі. Микроцефалияның жиі кездесетін симптомдары: бұлшық ет тонусының бұзылуы, спастикалықпарездер, тырысулар, психикалық кемістіктер.

Макроцефалия (мегалоцефалия) бастың көлемі мен миының көп үлкеюінен ми қаптарының және ми қабығы цито-архитектоникасыныңбұзылуы. Микроцефалия психикалық кемістікпен, кей кездерде тырысулармен ерекшеленеді.

Гидроцефалия- жұлын сары суының бас миыныңқарыншалар жүйсінде немесе субарахноидты кеңістігіңде артық жиналуынан ми атрофиясының пайда болуы. Сарысу ми қарыншаларында жиналғанда, гидроцефалияның ішкі, субарахноидтыкеңістігінде жиналғаңда гидроцефалияның сыртқы түрі деп аталынады.Екеуінде де бас көлемі үлкейіп, бас сүйегі ажырапжұқарады, еңбектері шығады, маңдайында кеңейген бас тамырлары көрініп тұрады.

Краниостеноз- бас тігістерінің уақытынан бұрын өсіп, бастың өсуін тежеуі, деформациялауы.

Скафоцефалия- сагитальды тігістің ерте жабылуы. Сондықтан бастың алды-артқы өлшемдері өсіп, көлденең азаяды. Бас еңбектері қысылыңқы келеді.

Акроцефалия- көлденең тігістердің ерте жабылуы.

Плагицефалия-короральдытігістердің біреуінің ерте жабылунан бастың бір жақты экзофтальды ассиметриялы болуы.

Тригоцефалия-маңдайдағымаңдай сүйектері тігісінің ерте жабылуынан бастың үшбұрышты формалы болуы.

Оксицефалия (мұнаралы бас)- сагитальды және коронарлы тігістердің ерте бітуінен, ылғи да бас ішінің қысымының жоғары болып тұруы. Оксицефалиямен бет деформациясының қосылуы (гипертелоризм, құс тұмсықты мұрын, микрогнатия, экзофтальм, қыли көз) тұқым қуалайтын ауру, краниоцефальды дизостаз немесе Крузон ауруының сиңдромы болып табылады.

Краниостеноз-бас сүйегі тігістерінің ерте, әртүрлі түрде бітуінен веналық қан айналымының бұзылып, бас қысымының көтеріліп, бас миы дамуының кешігуі.

Жұлын бойында екі жуандау жер болады- бірі мойын, екшшісі бел бөлігінде. Осы тұстардан көптеген қуатты түбірлер шығады. Олар қол мен аяктың шеттегі жүйелерін құрайды. Жұлын да ми сияқты 3 қабықпен оралған. Жаңа туылған сәбиде 3-ші бел омыртқаның төменгі жиегіне дейін жетеді, ал ересек кісінікі-екінші бел омыртқанын жоғарғы жиегінің тұсында орналасады. Жалпы балалар туылғанда жұлын миы бас миына қарағанда жетіліп туылады. Жұлынның сұйығы (ликвор) жаңа туылған балада көп мөлшерде болмайды, оның қысымы да өте аз. Жұлын сұйығының түсі сарғыштау келеді немесе сарғыш – жасыл болуы да мүмкін (3-кесте).Бұны физиологиялық ксантохромия деп атайды (қанға билирубиннің араласуына байланысты). Жаңа туған баланың жұлын сұйықтығын көбіне Панди реакциясымен анықтайды. Жас баланың жұлын сұйығының тағы бір ерекшелігі оның құрамындағы белоктың өте жоғары болатыны. Өт бояуларының, белоктың қанға көбірек сіңуі жас балалардың гемато-энцефалиялық кедергісінің (барьердің) әлсіздігіне байланысты.