Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі

Балалардың өсуін зерттеуде антропометрия тесілдерін көп қолданады. Антропометрия адам денесінің өлшеу тәсілі. Антропометрия тәсілдерімен дене бөліктерінің, ағзаларының бір-біріне қатынастарын, дұрыс қалыптасуларын және ауытқуларын бақылайды.

Антропометриялық текссерулердің әдістері. Ең бірінші баланың денесінің ұзындығы тексеріледі. Бала 2 жасқа толғанғадейін оның бойын жатқан күйінде өлшейді (арнайы әдейі жасалған бой өлшегішпен). Ол өлшегіштің қыр жағында сантиметрлік көрсеткіші бар. Баланың басы мен аяғын тірейтін тіреушітері болады. Баланы өлшеуіштің үстіне жатқызғанда көздің астынан өтетін сызық құлақ тесігінің үстімен өтуі қажет. Тіреуіштің біреуі жылжымалы. Жылжымалы тіреуіпшен жылжымайтын тіреуіштің аралығы баланың бойына сәйкес келеді. (1-ші сурет)

І-ші сурет. Жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу.

Ересек балалардың бойын вертикальды жылжымалы отырғышы бар өлшегішпен өлшейді. Оның шкаласында екі өлшегіш бар: бойды және корпусты өлшейтін. Өлшеу үшін баланы жалаң аяқ, арқасын өлшегішке беріп тұрғызады. Денесі түзу, қолдары бос, тізелері түзу, аяқтары тығыз қосылған. Басын көздің төменгі жиегімен есту тесігінің жоғарғы жиегі бір горизонтальды сызықпен өтетіндей жағдайда ұстайды. Өлшенуші, шкалаға үш нүктесімен тиіп тұру керек: жауырынаралық жота құйымшақ, өкшелер.Өлшегіштің жылжымалы планкасын, бастын жоғарғы нүктесіне тигізедіде баланы өлшегіштен шығарып,көрсеткіштерді тексереді.

Баланың отырғандағы бойын өлшеу үшін оны бойөлшегіштің табуреткасына арқасын тікейтіп, құйымшағын, жауырын-аралығы мен желкесін тигізіп отырғызады, аяғы түзу, тізесі тік бұрышты бүгілген. Бойын өлшегенде бірден басының биіктігін (жоғарғы және иск асты нүктелері), дененің ортасын (тұрғандағы ұзындығының жартысын бала денесіне түсіру), және т.б. өлшеуге болады. Баланың салмағы арнаулы таразымен өлшенеді.

Баланың массасын 25 кг салмаққа дейін арнайы балалартаразысында 10 грамға дейінгі дәлдікпен өлшейді (2-ші сурет). Баланың өлшенген салмағынан оның жаялықтарының, киімдерінің салмағын бөлек өлшеп шығарып тастайды. Бала отыра алатын болса, оны таразы табағының кең жақ бөлігіне отырғызып анықтайды. Өлшеуші бір қолымен баланы демеп, екінші қолымен таразының тасын жылжытып баланың салмағына туралайды. Сонан соң таразыны бастапқы қалпына келтіріп, баланы түсіреді, көрсеткіштерін жазады, бағалайды.

2-ші сурет. Ерте жастағы баланың салмағын анықтау.

Бас шеңбері мен кеуде шеңбері сантиметрлік таспамен өлшейді. Бас шеңберін анықтау үшін таспаны бастын шүйдесінің үстінен (баланың басының арт жағында) және қастың үстімен жүргізеді. Өлшеуді оң жақ шекеден бастайды.( 3-ші сурет)

3-ші сурет. Бас шеңберін өлшеу.

Кеуде шеңберін анықтау үшін үш рет өлшем жасайды. Бірінші өлшем бала жәй отырған кезде. Екінші рет қатты дем шығарғанда, таспаны баланың жауырынының астынан салады да (баланың артжағында), баланың алдыңғы жағындағы сүт без аймағының ортасымен кетеді. (4-шісурет)

4-ші сурет. Кеуде шеңберін өлшеу.

Өсудің тоқтауын болжау.1.Әке-шешесі бойларының орта есептегі қосындысы.

2 . 18-19 жаста балалардың бой ұзындықтары:

3.Таннер формуласымен, 3 жастағы баланыңбойұзындығы есепке алынады:

а)ұлдардың болатын соңғы, бой ұзындығы= 1,27x3 жастағы ұзындық+54,9см.

б) қыздардың болатын соңғы ұзындығы =1,27х3 жастағы ұзындық+42,3см.

4. S.M.Gorn және С.G.Rоһmаn кестесі бойынша қай жаста болса да, баланың бойын әке-шешесінің жарты бойымен анықтауға болады.

Баланың дене дамуларының ауытқулары. Антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі баланың дене дамуының ауытқуларын анықтайды. Ен бірінші көңіл қоятын ауытқулар баланың салмағы мен ұзындығы баланың жасына сәйкес болмағанда байқалады. Бұл өзгерістер анық болу үшін баланың салмағын, ұзындығын, басымен кеудесінің шеңберін белгілі уақыттан асырмай өлшеп тұру қажет. Бір жасқа толмаған балаларды айына бір рет тексереді. Себебі, бір жасқа толмаған балалар салмағын әртүрлі себептердің әсерінен тез жоғалтып алуы мүмкін. Мысалы, баланың іші ауырса, құсса немесе дене қызуы көтерілсе дене салмағын бір тәуліктің ішінде-ақ 10-15 пайызға төмендетеді. Дене салмағының кемуі баланы дұрыс тамақтандыра алмаған жағдайда да байқалады. Жоғарыда бір ғана келтірілген тұжырымды қолданып санағанда баланың салмағы кем болуы мүмкін, сондықтан барлық өлшемдерді қолданған дұрыс.

Баланың денесінің дұрыс, немесе бұрыс дамуын байқау үшін барлық антропометриялық көрсеткіштерді бір мезетте тексереді. Көбіне бойының ұзындығы мен салмағын салыстырады.Баланың бойы өте қысқа немесе орташа, ұзын болуы мүмкін.Ең қысқа бойды медицинада «ергежейлік» (нанизм, субнанизм) деген атпен атаса, өте ұзын бойларды «алыптық» (гигантизм, субгигантизм) деп атайды Дене салмағы жетпеген кездерде "гипотрофия"деген ұғым қолданылады. Ал бір жастан асқан балалардың салмағы басым болса оны "семіздік "деп атайды.

Экзогендік әсерлерге әр түрлі климаттың жағдайы да жатады. Айталық, қыста балалар баяулау өссе, жазда жеделдеу өседі. Биік жерлерде баланың өсуі жедел болса, ыссы жерлерде өсуге тежеулік тууы мүмкін.

Антронометриялық көрсеткіштер қалыпты жағдайдан бірнеше есе асып кетуі мүмкін (гиганттық, алыптық). Ол көбінесе өсу гормондары жас кезінен бастап шамадан тыс бөлінгеннен соң дамудың қатты үдеуінен пайда болатын науқас. Өсу гормондарының ересек кезіңінде шамадан тыс бөліну себебінен дененің кейбір бөліктері алыптануы немесе шамадан тыс өсуі мүмкін,оны"акромегалия"дейді. Бұл жағдайда көбіне қол,аяқ, мұрын, бет сүйектері шамадан тыс үлкейіп кетеді.

"Ергежейлік" деп дене ұзындығы 130 см-ден аспаған ересек адамдарды атайды. Дене ұзындығының кемістігі жасына байланысты тиісті көрсеткіштермен салыстырғанда 20 пайыздан асса нанизм деп аталады. Нанизмнің бірнеше түрі болады:

1. Церебральды-гипофизарлық нанизм.

2.Гипотиреоидтық нанизм. Ол қалқанша безінің жұмысының төмендеуіне байланысты туындайтын жағдай. Жалпы, нанизмнің себептері өте көп: іште пайда болып туылған сүйек аурулары(остеогенез, хондродистрофия және т.б.), басқа даэндокриндік ауытқулар және қан айналымының бұзылуы немесе зат алмасуының ауытқуы.

Ситуациялық есептер.

1-ші есеп.

12 айлық қыздың ұзындығы 70 см, дене массасы 8 700 гр. Анасынан дұрыс 2-ші жүктіліктен, айы-күні жетіп туылған, туғандағы салмағы 3 400, бойы 50 см, Апгер шкаласымен бағалау 8-9балл, 3 айлығынан бастап 4-5 рет суықтан респиратор жолдарының қабынуымен ауырған.

Сұрақтар:

1.Физикалық дамуын бағалаңыз.

2.Физикалық даму ауытқуларының себебін көрсетіңіз.

Жауабы:

1. Физикалық дамуы төмен, гипостатура (салыстырмалы дене массасы, бой ұзындығына сәйкес)

2. Жеткіліксіз тамақтану және жиі респираторлы аурулар.

2-ші есеп.

10 айлық баланың қазіргі дене массасы 8 200гр, бойының ұзындығы 70 см. 3-ші жүктіліктен, 3-ші бала болып туылған. Шешесінде созылмалы анемия. Туылғандағы салмағы 3 200гр, ұзындығы 50 см. Апгар шкаласының бағасы 8-9 балл.Емшек сүтіне жарымағандықтан, анасы 6 айлығынан бастап қосымша сиыр сүтін берген, бірақ бала оны нашар ішеді, анда-санда іші кеуіп 2-3 реттен іші өтеді, нәжісінде патологаялық элементтер жоқ.

Сұрақтар:

1. Қажетті салмағы мен ұзындығын анықтаңыз.

2. Қандай синдром бар деп есептейсіз?

Жауабы:

1. Қажетті салмағы-9 800гр, бойының ұзындығы- 72 см.

2. Гипотрофияның ІІ-ші дәрежелі синдромы бар (массасының дефициті 16,2 пайыз)