- •1 Тарау
- •2Тарау балалар емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру
- •Қабылдау бөлімінің жұмысы
- •Балалар ауруханасының емдік бөлімдерінің тізімі.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есеп
- •3 Тарау.
- •Балалар ауруханасындағы санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •4Тарау.
- •Мейірбике бұл процедураларды орындағанда:
- •Төсек орын гигиенасы
- •Халі ауыр сырқаттың киімдерін ауыстыру
- •Төсекжараның алдын алу
- •Төсекжараны емдеу
- •Пациентке нәжіс қабылдағыш беру
- •Ауыз қуысының күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •5 Тарау.
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •6 Тарау.
- •Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.
- •7 Тарау.
- •Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
- •Баланың өсіп-дамуындағы басты антропометриялық көрсеткіштердің өзгеруі
- •8 Тарау.
- •Бас сүйегінің және мидың бұзылыстары.
- •Жұлынның және омыртқа дамуларының ақаулары.
- •Сезім мүшелерінің дамуы.
- •Баланың санасы мен қимылының дамуы.
- •Ерте жастағы ауру балаларды тәрбиелеудің негізгі принциптері
- •1 Ай мен 7 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі
- •Уқалау элементтері.
- •Ауамен шынықтыру
- •Тесттер
- •9 Тарау.
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо – физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп күтімін ұйымдастыру
- •Тері және тері асты май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Ерте жастағы балаларды тамақтандыру
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •10 Тарау.
- •Сүйек -бұлшықет жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •11 Тарау.
- •Тыныстау мүшелерінің аурулары бар балаларды,
- •Балалардың тыныстау мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тыныстау жүйесі екіге:
- •Бала өмірінің алғашқы жылында кеуде қуысы тыныс алу жағдайында тұрғандай болады. Оның себебі қабырғаның горизонтальды, омыртқаға тік бұрыш жасап орналасуымен байланысты. Балалардың тыныс жиілігі
- •Тыныс алу жүйесінің ауруы бар баланың күтімі
- •Пульмонология бөлімшесі мейірбикесінің жұмысы Пульмонология бөлімшесіндегі мейірбикелердің міндеттері:
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •12 Тарау.
- •Жүрек зақымданудың басты синдромдары.
- •Қан айналым жүйесінің аурулары бар балаларды,
- •Қан айналым мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Балалардың пульс жиілігі
- •Ревматизм
- •Қан айналымы мүшелерінің аурулары кезінде баланы күту
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •13 Тарау.
- •Асқорыту жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күту және бақылау
- •Асқазан-ішек трактісі ауруларының негізгі белгілері
- •Асқорыту органдарының ауруларында балаларды күту
- •Гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикенің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •14 Тарау.
- •Зәр түзу және зәр бөлу жүйесінің аурулары бар балаларды, афе-н ескере отырып, күтужәне бақылау
- •Нефрология бөлімшесіндегі мейірбикенің жұмысы
- •Бақылау сұрақтары
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •15 Тарау.
- •Қан ауруымен ауыратын балаларды, афе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Қанның анатомо-физиологиялық ерекшеліктері
- •Бала қанының қалыпты көрсеткіштері
- •Қан ауруының негізгі симптомдары
- •Гемоглобиннің деңгейі (ауырлығына қарай)
- •Қан аурулары кезіндегі баланың күтімі
- •Гематология бөлімшесінің мейірбикесінің жұмысы
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер
- •16 Тарау.
- •Ішкі сөл бездерінің ауруларымен ауыратын балалардыңафе-н ескере отырып күту және бақылау
- •Балаларда эндокрин жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшелігі
- •Ішкі сөл бөлу бездері зақымданған ауру балалардың күтімі
- •Тесттер
- •Ситуациялық есептер:
- •17 Тарау.
- •18 Тарау.
- •19 Тарау.
- •Әдебиеттер
7 Тарау.
БАЛАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ӨСІП ДАМУЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.Физикалық өсу дегеніміздегі антрополықтар, спорттық медицина мамандары организмнің ішкіқорын анықтайтын морфофункциональдық қасиеттер комплексі дейді.
Баланын өсуініңбасты заңдылықтары
1. Өсу-даму процессінің көрсеткіші.Баланыңөсуі дәрігер үшін оның дұрыс дамуының бірден-бір индикаторы, мониторинг құралы. Өсуі тежелген баланыңәдетте бас миының, бұлшық еттерінің жүрек еттерінің және басқа да ағзаларының дамып-жетілуі баяулайды.
2. Жасына қарай өсудің баяулауы.Ең жоғарғы өсу қарқыны құрсақ ішіндегі және постнатальды кезеңдерде (1 айлық және 1 жасқа жақындаған уақыттарда) байқалады.
3.Өсу жылдамдығының бірқалыпты еместігі. Бұған баланың жасы 2-3 апталығындағы өсуі мен препубертатты (11-12 жастан соң) кезендегі өсу жатады. Кейбір балаларда тез өсу 5-тен 8 жасқа дейінгі аралықта болуы мүмкін. Осындай тез өсу бала организіміндегі тіндер мен ағзаларда қатар жүріп отырады. Дегенмен бас миы мен бас сүйегі, лимфоидты тіндер, ішкі және сыртқы жыныс мүшелері баланың бойымен синхронды өспейді.
4. Өсудің краникаудальды градиенті, ол дегеніміз, баланың туылғаннан кейінгі денесінің дистальды сегменттернің жоғарғы немесе проксималъды сегменттерден анақұрылым жылдам өсуі. Дамудың постнатальды кезеңінде -аяқ тізеден тез, тізе саннан тез өседі. Бәрінен жөй өсетін мойын мен бас (тамырынан өсетін тал тәрізді). Өсу градиенттерінің осылай сақталуы бүкіл организмнің пропорциялы өсіп-дамуының негізін құрайды. Жыныстың жетілу кезеңінде ғана, дене аяқ-қолдан тезірек өседі.
5. Өсу бағытының ауысып отыруы. Әрбір сүйек пен қаңқа ұзынынан өсуі мен көлденең өсуі ауысып отырады.
6. Өсуқарқынының жынысқа байланыстылығы. Негізінен ұл балалардағы өсіп-даму тез, тек екінші созылу кезеңі қыздарда ертерек басталады да, ұлдарды қуып жетіп озып кетуі мүмкін. Әйтседе қаңқаның жетілуі қыздарда 2-3 жастан соң жылдамырақ жүреді, мінеки осы зандылық қыздардың өмір бойы биологиялық, жалпы физиологиялық дамудың ұлдардан 2-3 жыл бұрынырақ болып отыратынын дәлелдейді.
7. Өсу ассиметриясы. Солақай мен оңқайлардағы қол қимылдарының өсіп-дамуы, бүкіл ағзалардың да солай қарай бейімделіп дамуына әсерін тигізеді.
Өсу заңдылықтарын қорыта келгенде, негізінен екі басты биологиялық феноменді байқаймыз, олар: гендердің көбеюі(гиперплазия), тіндердің өсуі (гипертрофия). Осы екі зандылықтардың қатынастары бірдей емес. Құрсақ ішінде тіндердің бөлініп көбеюі геометриялық үдемемен жүреді. Туылғаннан кейін постнатальдықөсу көбіне тіндердің гипертрофиясы есебінен болады.
Қаңқалардың ұзындығы сүйектің эпифизарлы шеміршегіндегі "өсу зонасы" арқылы дамиды.
Балалардың өсуін анықтайтын себептер генетикалық, орталық және қиын жіктелетін болып бөлінеді.
Генетикалық факторлар. Өсуді реттейтін 100-ден аса себептер бар. Тұқым қуалаушылық себептер сәбидің дамуына 2 жастан бастап ықпалын тигізеді. 2 жастан 9 жасқа дейін әсерін тидіретін генді бірінші жанұялық гендік себептерге жатқызса, 13 пен 18 жастағы аралықтарға әсер ететін екінші жанұялық гендік факторлар. Гендер баланың бойына көбіне сыртқы ортаға және тәрбиеге байланысты әсерін тигізеді. Өсудің басты қоздырғышы эндокринді-гуморальдық заттар. Оның ішінде белоктары мен өсуді көтеретін рецепторлары, әсіресе өсу гормондары.
Құрсақтағы өсудің басты факторлары жатырдағы қан айналымы мен плацентарлық перфузия. Бала дүниеге келгеннен кейінгіөсу факторлары -инсулин, гипофиздің соматотропты гормоны (СТГ), қалқанша без гормоны және осы гормондарға "жолаушы "факторлар(-1, -2, -3).
Орталық факторлардың ең бастысы — тамақтанудың дефициті амино қышқылдарының, минералдарының жетімсіздігін тудырады. Тамақтану бұзылса баланың жыныстық дамуы кешірек дамығанмен, баланың бойы өз құрдастарынан қалыспайды, ал ылғида аштық тамақтану дисбалансында өскен балалар аласа бойлы болып, "балалық" диспропорциясымен өседі. Жасы бір апталық баланың ашығуы оның туылғандағы зақымдалған бас миының пролиферациясын тежеуге, өсуін тоқтатуға мидың «тінділігі» мен массасын азайтуға, функциясын төмендетуге соқтырып, өмір бойына өсу, даму, ойлау процессеріне теріс әсер етуі мүмкін. Осы жағдайлар жасөспірім кезеңінде ашығуға ұшырағандарда да байқалуы мүмкін.
Тамақтың құрамының ішінде өсу үшін А витаминінің, цинктің, йодтың маңыздары зор. Қозғалыс белсенділігі өсу себептерінің арасындағы бастысының бірі (волейбол, баскетбол).Көп жүгіріп қозғалған балаларда кейде витамин Д, кальций, фосфор дефициттері де байқалмайды. Ал, вертикальды түрде көтерген жүктер баланың өсуін тоқтатады. Сондықтан дәрігерлердің баланың режимін бақылауы қажет. Үйқы өсудің маңызды бөлігі.Бала ұйықтаған кезде ғана өсуді күшейтетін басты метаболикалық, тіндік процесстер жүреді.
Баланың эмоциональдық жағдайы да өсуте әсер етеді.Депрессия, психикалық шиеленістер мен жарақаттар өсуді тежейді.Бала үшін кейбір, қиын жағдайлар (баланың бірінші рет бала бақшаға, мектепке баруы) бірнеше аптаға өсуді тоқтатады. Алжанұядағы ұрыс-жанжалдар мектептегі қиындықтар, бала бойының біраз қысқалығына соқтырады.Баланың жетіліп жатқан ортасындағы қолайсыз жағдайлар олардың нейроэндокриндік, әсіресе симпатико-адреналин жүйесінің өсуі мен дамуының бәсеңдеуіне әкеледі.
Орталық факторларға тағы да жедел және созылмалы аурулар, әр түрлі климато-географиялық жағдайлар жатады. Ыстық климаттың өсуді тежеп, дамуды жеделдететіні дәлелденген. Көктемде өсу жылдамдаса, күзбен қыста өсу баяулайды.
Классификацияланбаған себептер тобына жүктілік пен туылған баланың реттік саны, туылу уақыттары нәрестенің туылғаңдағы массасы, әке-шешесінің жастары, туылу сезоны жатады.Балалардың денесінің өсуін бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштер: дене салмағы, ұзындығы, кеуде қуысының шеңбері,бас шеңбері.
Бала денесінің салмағы (массасы). Айына жетіп туылған баланың орташа салмағы 3200-3400 гр.Ер балалар қыз балалардан 120-125 гр. ауырлау туылады. Туылғаннан соң 3-5 күн аралығында баланың салмағы 150-300 гр. кемиді. Бұл жағдайды салмақтың физиологиялық кемуі деп санайды.Себебі ол барлық жаңадан туылған балаларда кездеседі.Бала туылған уақыттан 10 күннен кейін, оның салмағы алғашқы салмағына қайтадан жетеді. Салмағы үлкен балалардың физиологиялық кемуі 300 граммнан көбірек төмеңдеуі мүмкін.Баланың салмағының кебірек түсуіне баланың денсаулығы, қоршаған ортаның ыстығы немесе ылғалдығы әсер етуі ықтимал.
Баланың дене салмағы алғашқы қалпына келгеннен соң тез өсе бастайды. Бала неғұрлым жас болса, оның дене салмағының артуы соғұрлым жоғары болады. Өмірінің алғашқы айында бала салмағына орташа есеппен 600 гр. қосады. 2-ші және 3-ші айлығында 800 гр-нан, келесі әрбір айларына алдыңғы айлармен салыстырғанда 50 гр-ға кеміп қосылады.(2-ші кесте).
Баланың 4-4 1/2 айлығында дене салмағы екі еселенеді де бір жасында үш еселенеді.
2-ші кесте
Өмірінің бірінші жылындағы дене салмағының қоспасы.
Жасы (аймен) |
Дене салмағына ай сайынғы қоспасы (гр-мен) |
Өткен айлардың барлық қоспалары (гр-мен) |
Жасы (аймен) |
Дене салмағының ай сайынғы (гр-мен) |
Өткен айлардың барлық қоспалары (гр-мен) |
1 |
600 |
600 |
7 |
600 |
4900 |
2 |
800 |
1400 |
8 |
550 |
5450 |
3 |
800 |
2200 |
9 |
500 |
5950 |
4 |
750 |
2950 |
10 |
450 |
6400 |
5 |
700 |
3650 |
11 |
400 |
6800 |
6 |
650 |
4300 |
12 |
350 |
7150 |
Баланың 4-4 1/2 айлығында дене салмағы екі еселенеді де бір жасында үш еселенеді.
Бір жасынан кейін дене салмағы ақырындап көбейеді.Екінші жылында баланың дене салмағы 2,5-3,5 кг-ға, үшінші жылында 1,5-2 кг-ға артады. Келесі жылдарында (10 жасқа дейін) жасына қарай салмақ шамалы артып, қосу қарқыны бір денгейде дерліктей сақталады. Жыныстық жетілу кезеңінде және жыныстық жетілу кезеңінің басталар алдында салмақ қосу күшті байқалады, жыныс жетіліп болған соң салмақ қосуы едәуір төмеңдейді.
1 жастан 10 жасқа дейінгібаланың салмағын анықтау үшін қолданылатын тұжырым (формула):
Тс=10,5кг. + 2 х n;
Мұндағы п- баланың жасы, ал 10,5кг. орташа есеппен берілген 1 жасқа толған баланың денесінің салмағы, 2-орташа жылдық салмақ қоспасы, Тс -тиісті салмағы.
10 жасынан кейін салмағын есептеу үшін келесі тұжырымды қолданған қолайлы:
30кг. (10 жасар бала салмагы) +4кг. (n-10),
мұнда n-бала жасының саны, ал 4 кг. 10 жастан кейінгі жыл сайын қоспасы. Баланың дене салмағын дәлірек анықтау үшін қосымша центильдер кестесін ұсынамыз. (тіркемені қараңыз).
Баланың туылғаннан кейінгі ұзындығының дамуы. Ай-күніне жетіп, туылған сау баланың денесіменұзындығы орташа 50 см. қалыптысы 46-56 см. аралығы. Бірінші 3аймерзімінде баланыңұзындығы әр ай сайын 3 см. өссе, 1-ші 3 айда 9 см. қосады,ал екінші 3 айда әр ай сайын 2,5 см. өссе- 7,5 см.қосады, алүшінші 3 айда әр айда ай сайын 2 см.қосылады. Төртінші 3 айда ай сайын1 см-ден артыққосылмайды. Сонда барлық 12 айда баланың бойы 25 см-ге өседі. Баланың ұзындығы 4 жасында туылғандағы ұзындығына қарағаңда екі есеұлғаяды, ягни 4 жасар баланың орта есеппен алғандағы ұзындығы 100 см. болса, 12 жастағы баланыңұзындығы 150 см.
Бір жастан асқан 4-ке дейінгі баланың ұзындығын төмендегі тұжырыммен есептеуге болады:
Тү =100 см. –8(4 - n);
мұнда Тү - тиісті ұзындық; n- баланың жасы; 4-тен асқан баланыңұзындығына төмендегі тұжырым сәйкес: Тү -100+6(n-4), ұзындықты да дұрыс анықтау үшін центильдік кестелердіқосымша беріп отырмыз.(тіркемені қараңыз).
Баланың бас аумағының (шеңберінің) дамуы. Баланың жаңатуғандағы бас шеңбері 34-36 см. болады. Содан кейін әр ай сайын және әр жылда ол өсіп, дамып отырады. Тек 5 жылдан кейін оныңөсу қарқыны баяулайды. Бас шеңберінің мөлшерін анықтауғатөмендегі тұжырымдар ынғайлы.
1. Баланың 1 жасқа толғанға дейінгі бас шеңбері: 6 айға толған баланың басынын аумағы 43см. болады да, ал әрбір жетпейтін (6 айға) айға 1,5 см. кем есептелінеді, ал әрбір келесі айға 0,5 қосылып отырады. Мысалы 4 айлық баланың тиісті шеңбері – 43см.(-6-4)х1,5см.-43-2x1,5-40см-ге тең, ал 7 айлық баланың тиісті шеңбері-43+0,5(7-6)-43+0,5-43,5см-ге тең.
2. Екі жастан жоғары жастағы балаларға: 5 жасқа толған баланың басының аумағы 50 см-ге тең. Әрбір жетпеген жасқа 1см. алып тасталады да, 5 жастан кейін әрбір асқан жылына 0,6см. қосылады. Мысалы, 3 жасар баланың тиісті бас шенбері — 50см.-1х(5-3)-50-2-48см., ал 8 жасар баланың тиісті бас щеңбері - 50-0,6х(8-6)-50+0,6х2-51,2 см-ге тең.
Бас шеңберінің де ең дәл белгілері қосымша центильмен берілді (қосымшаны қараңыз).
Баланың кеуде шеңберінің дамуы. Бала туған әдетте кеудесінің шеңбері 32-34см-ге тең. Кеуде шеңбері мен бас шеңбері оның 4 айлығында теңеседі. Кеудесінің тиісті шеңберін шығару үшін төмендегі тұжырым қолданылады:
1. Бір жасқа дейінгі балаларда: 6 айлық баланың кеудесінің шеңбері 45 см-ге тең. Әрбір жетпейтін айға 2 см. шегеріледі, ал 6 айдан кейінгі әрбір айға0,5 см. Қосылады. (тіркемені қараңыз).
Педиатрлардың күнделікті тәжірибесінде баланың денесінің өзара қатынасын (пропорциясын) тексеріп тұрған жөн.Мысалы: баланың бойының тіке тұрып өлшенген ұзындығымен, отырғанда өлшенген ұзындығының өзара қатынасын өлшеу кең қолданылады. Көптеген индекстерді қолдану арқылы баланың дене құрылысының үйлесімдік дәрежесі биологиялық жасы туралы мәліметтерді анықтауға болады. Сол индекстердің біреуі Эрисман индексі. Олкеуде шеңберімен дененің жартылай ұзындығының айырмасы. 1 жасқа дейінгі балада ол 25см-ден 10 см-ге дейін; 2-3 жасқа —9-дан 6 см-ге дейін, ал 15 жасқа —1-3см-ге дейін. Бұл индекс баланың кеудесінің өсуін және толықтығын сипаттайды. Чулицкийдің индексі – иықтың 3 шеңберінің көлемі+сан шеңбері+балтыр шеңбері-дене ұзындығы.Бала жасқа толғанға дейін ғана өлшенеді. Жасқа толмаған баланың индексі 25-20 см-ге дейін; 2-3 жасқа 20; 6-7 жасқа 15-10 см. Бұл индекс баланың толықтығын білдіреді.
Конституция типтері. В.Г.Штефко мен А.Д.Островский астеноидты, торакальды, етті және дигестивті — деп бөледі:
Астеноидты тип жұқа, нәзік сүйекпен, бұлшық ет пен май қабатының әлсіз дамуымен, эпигастральды бұрыштың үшкірлігімен, баланың ішінің кіріңкі немесе түзу болуымен, кеудесінің жалпақтығымен, жотаның еңкіштігімен сипатталады.
Торакальды типке май қабаты мен бұлшық еттері дұрыс бола тұра сүнектің әлсіздігі тән. Жотасы түзу, кеудесі цилиндрлі, іші мен эпигатастральды бұрышы түзу, аяқтары қалыпты.
Етті тип, ет пен суйектің жақсы дамығандығымен, майдың қалыпты немесе қалыңдығымен, көкірегі цилиндрлі, жотасы мен эпигастр бұрышы түзулігімен ерекшеленеді.
Дигестивті типке жалпақ жота, конусты көкірек доғал бұрышты эпигастрия, шығыңқы іш, Х-тәрізді аяқ, жақсы дамыған сүйек-бұлшық ет тән. Негізінен конституция типін бойы өсіп-жетіліп тоқтаған жаста анықтаған жөн.
