Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Балалық шақтың кезеңдері және оларға сипаттама.

Бала организмі барлық уақытта белгілі бір заңдылықтармен үздіксіз кезектесе отырып жүретін дамып жетілу және өсу барысында болады. Бала туған кезінен ересектік шаққа дейін белгілі жас кезеңдерінен өтеді.

Бала өмірінің әртүрлі кезендеріне сәйкес белгілі анатомиядық және физиологиялық ерекшіліктері бар. Осыған орай балалар дәрігері өз ісінде олардың жасына сай ерекшеліктерін ескергені дұрыс, себебі әр жас топтарындағы балалардың ауруларының өзіндік ерекшіліктері, өзіне тән ағымы болады.

Баланың даму шағын бөлетін көптеген жіктеулер бар. Қазіргі кезде бала өмірін кезеңдерге бөлудің жалпы жіктеулерің ішіндедәрігерлік жұмыс үшін ең қолайлысы Н.П. Гундобин ұсынған жіктеу болып саналады, осы жіктеу бойынша бала организмі дамуы кезеңдерінің төмендегі желісі ұсынылады.

А.Кұрсақтағы даму (антенатальды) сатысы екі кезеңге бөлінеді:

1.Ұрықтық даму фазасы(эмбриогенез) 2-ші- 3-ші ай.

2. Плацентарлық даму фазасы (фетогенез) 3 айдан туылғанға дейін.

Б. Құрсақтан тыс даму (постнатальдық) бірнеше кезеңнен өтеді:1

1. Нәрестелік (неонатальдық) кезең(4 аптаға дейін).

2. Бөбектік немесе еметін кезең (4аптадан 12айға дейін).

3. Мектеп алдындағыға дейінгі немесе сәбилік кезең (1-ден 3 жасқа дейін).

4. Мектепке дейінгі немесе бүлдіршіндік кезең (3-тен 6 жасқа дейін).

5. Кіші мектеп жасы немесе жеткіншектік (пубертаттық) кезең (12-ден 17-18 жасқа дейін).

А. Құрсақтағы даму, ұрықтанғаннан бала туғанға дейін орта есеппен 270күнге, бірақ жәйөмірде 280күн (10ай) соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап есептелінеді. Бала жүктіліктің 37 апталығына дейін туылса, туылу уақытынан ерте туылған, ал 40аптадан кейінгі туғандарды туылу уақытынан кеш туылған деп саналады.

Қазіргі уақытта ұрықтық дамуды (эмбриогенез) бірнеше кезеңшелерге бөледі: Кезеңдер арасындағы шектерді дәл жүргізу едәуір қиын. Бұл жіктеулер жобалап жасалынған. Бірақ бұларды балалардың физиологиялық жөне патологиялық жағдайларын білу үшін,сонымен қатар тәжірибелік емдеу, алдын-алу (профилактикалық) шараларын жүргізуде қолданғанға қолайлы.

1.Герминальды кезеңше ұрық жасушаларының кезінен бастап жатырдың кілегейлі қабатына сіңген (имплантация) уақытына дейін, бластоцидтың пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңнің ұзақтығы -1апта.

2.Имплантация кезеңшесініңұзақтығы 40сағатқа жуық (2 тәулікке) созылады. Кейде бұл екі кезеңше бірігіп кетеді. Бұл кезеңдердің медико-биологиялық маңызы үлкен. Бұл кезде ұрықтандырған ұрық жасушаларының 50-70пайызы дамымайды. Тератогендік әсерлер, аталған кезеңдерде ұрықтың дұрыс жетілуіне көп зиян келтіреді. Олар ең бірінші хромосомдық ауытқуларға (аберрация) және гендердің өзгеруіне (мутация) алып келеді. Хромосомдық ауытқулар мен гендердің өзгеруіне болашақ нәресте ағзаларының өсіп жетілмеуі (аплазия) немесе нашар дамуы (гипоплазия) туындайды.

3.Эмбриональдық кезеңше 5-6аптаға созылады. Бұл кезеншеде ұрықтың қоректенуі сарыуыз қапшығынан болады. Осы кезеңшенің маңызды ерекшелігі болып болашақ баланың ішкі мүшелерінің барлығының дерліктей құралып шыға бастауының пайда болуы (органогенез) болып табылады. Сондықтаңдәл осы кезде тератогендік факторлардың (экзогендік және эндогендік) әсерлері ауыр анатомиялық және диспластикалық ақаулардың дамуына ұшыратады.Жүктіліктің үшінші және жетінші апталық аралығындағы мерзімі, ұрықтың даму кезеңнің ең қауіпті кезеңі болып саналынады.

4. Неофетальды немесе эмбриофетальды кезеңше 2 аптаға созылады. Бұл кезеңшеде баланың жолдасы (плацента) қалыптасады. Бала жолдасының қалыптасуы,оның ішкі мүшелерінің,тек орталық жүйке жүйесімен эндокриндік жүйеден басқа көтшілігінің құралып, аяқталуы мерзіміне тура келеді. Бұл кезеңшенің де маңызды мәні бар, бала жолдасының дұрыс қалыптасуы, плацентарлық қан айналымының қалыпты болуы ұрықтың ары қарай қарқынды өсуіне ықпал етеді.

5. Фетальды (фетогенез) кезеңше. Оның ұзақтығы 9 аптадан туылғанға дейін созылады. Бұл кезең, ұрықтың дамуын гемотрофтық қоректенуқамтамасыз етілуімен сипатталады. Фетогенезді де ерте және кеш деп екі кезеңшеге бөлген орынды.

1.Ерте фетальды кезеңше (9 аптадан 28-ші аптаның аяғына дейін)

2.Кеш фетальды кезеңше (28-ші аптадан кейін басталып ананың шақалақты босануы басталар алдына дейін немесе суы кеткенге дейін созылады).

Ерте фетальды кезеңшс ұрық мүшелерінің қарқынды өсуімен және тінінін айқындалуымен сипатталады. Әдетте бұл кезде қолайсыз жағдайлар ағзалардың ақауларының қалыптасуына әсер етпейді, бірақ олардың өсіп-дамуына бөгет жасайды және ағзалардың гипоплазиясына немесе тілдердің кері дамуына ұшыратуы мүмкін.Осы кезеңшеде пайда болатын ұрықтағыөзгерістер жиынтығы жалпы терминмен ерте фетопатия деп аталынады.

Кеш фетальдық кезеңше жүктіліктің 28-ші аптасынан басталып толғақ алдына дейін созылады. Бұл кезеңшеде ұрықтың зақымдануына, мүшелердің дұрыс қалыптасуына және тіндердің айқындалуына әсер ете алмайды, бірақ та жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатып, аз салмақтағы немесе жетілмеген шақалақ туылуына әкеліп соқтырады.

Жүктілік сақталған жағдайда ұрыққа қорек жетіспеушілігі (құрсақішілік гипотрофия) немесе жалпы жетілмеу, былайша айтқанда нәрестеде дене ұзындығымен салмақ жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Осы кезеңшедегі зақымдаушы инфекцияның ерекшілігі, сол қоздырғышқа тән морфологиялық және клиникалық белгілері бар аурулардың пайда болуы. Кеш фетальдық қезеңше көптеген коректік заттардың ұрық тәнінде жиналуын қамтамасыз етеді, өйткені ана сүтімен балаға қажетті қоректер жеткілікті мөлшерде бармайды. Сондықтан, балала жинақталған кальций тұздары, темір, мыс, витамин сәбилік немесе еметін кезеңдерде бірнеше айлар бойында қоректену тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Жүктіліктің соңғы 10-12 апталығында, тіршілікке маңызды ағзалардың жетілуі мен қорғану қабілеті жоғары дәрежеге жетеді. Анасынан бала жолдасы арқылы берілген иммуноглобулиндер бала иммунитетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Жүктіліктің соңғы аптасында өкпенің қалыпты жұмысын және тыныс алу мен ас қорыту жолдарының эпителиальдық қорғанысын қамтамасыз ететін сурфактанттын жетілуі жүзеге асады. Сондықтан, бала сәл дәрежеде шала туылған болса да, бейімделу мүмкіндіктеріне айтарлықтай нұқсан келтірілген болып есептеледі.

Құрсақтағы шақалақтың азды-көпті жетілу дәрежесі жүктіліктің қалай өткеніне байланысты. Жүктілік кезінде анасында созылмалы және жедел инфекциялар, интоксикациялар, кәсіби зиянды әсерлер болса, олар ұрық жағдайына зақым-зиянын тигізеді.Баланың анасының денсаулық жағдайларын, жүктіліктің ағымын мұқият тексеріп қарап, алдын-алу шараларын жүргізіп, жүкті әйелдер үшін ең жақсы жағдайлар жасалуы керек. Бала мен ана денсаулығын қорғау,антенатальдық алдын-алу, негізгі қажетті шаралар болып табылады.

Кеш фетальдық кезеңше интранатальдық этапына ауысады. Ол этап ретті толғақ болған уақыттан, кіндікті кескен мезгілге дейін есептеледі (2-4-тен 15-18 сағатқа дсйін).

Қазір барлық тератогенді факторларды 3 топқа белуге болады:

І.Экзогендік:

а) инфекциялық (вирустық) - қызамық, грипп, энтеро вирустар, вирусты гепатит, цитомегалия, герцесті инфекция;

б)токсиндік иондалушы радиация,цитостатиктер,стероидтар үлкен дозадағы салицилаттар, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық улы заттар әсіресе сынап, қорғасын, кадмий және т.б., металдар, шаруашылық улары(пестицидтер, нербицидтер, әсіресе ДДТ);

в) нутритивті-дефицитті;

г) токсикалық фактор мен ауқат дефициттігінің қосындылары.

ІІ.Генетикалық:

Доминантты немесе рецесивті типті даму ақауларын болдыратын мутантты гендер (мыс, жанұяда қайталанатын жырық ерін, полисиндактилия). Хромосомдық абберациялар (60 пайызы іш тастаумен бітсе, қалғандары Дауна ауруымен туылады).

ІІІ. Экзогендік пен генетикалық факторлардың қосындысы

Кіндікті кесіп болған соң Б.құрсақтан тыс даму,яғни балалық шақтыңөзіне меншікті даму сатысы басталады.

1.Балалық шақтың даму сатысы нәрестелік немесе неонатальдық кезеңнен басталады. Кіндігін кесіп болған мезеттен бастан өмірінің алғашқы айының соңына дейін, демек 3-4 аптаға созылады.2 Оның өзі екі кезеңшелерге бөлінеді:

Ерте нәрестелік(неонатальдық) немесе шақалақтық кезеңше кіндігін кесіп болған мезеттен бастап өмірінің жетінші күнінің соңына дейін созылады.

Кеш нәрестелік (неонатальдық) кезеңше -өмірінің 8-ші күнінен бастап 28-ші күніне (1 айға созылады) дейін.

Нәресте туыла сала олардың жағдайларын Апгар көрсеткіші бойынша бағалайды(1-ші кесте).

Бала туғаннан соң өмірінің алғашқы минутында негізгі 5 белгілері анықталады: жүрек соғуының жиілігі, тыныс алу қозғалысы, бұлшық ет ширығуы, рефлекторлық тітіркенісі және терісінің түсі. Осы 5 белгілердің сан көрсеткіштерінің жинақталуынан бағалау шығады: 6-дан төмен көрсеткіште-ауыр. 6-7 көрсеткішінде -қанағаттанарлық, 8-10 балл көрсеткішінде нәрестенің жағдайы жақсы ретінде бағаланады. Мысалы, нәрестенің жүрек соғу жиілігі минутына 120 болса (бағалау 2 балл). Тыныс алу қозғалысы – бірқалыпсыз(І); аяқ-қолдары сәл бүгілген (I); мұрнын жыбырлатқанда оның бет-аузын тыжырайтуы(І); терісінің түсі — денесі қызғылт, аяқ-қолдары көкшіл(І). Апгар шкаласы бойынша жалпы сан көрсеткіштерінің жиынтығы 6 балл, демек нәрестеніңжағдайы қанағаттанарлық. 5 минуттан соң нәрестенін жағдайы Апгар көрсеткіші бойынша қайта бағаланады.

1-ші кесте

АПГАРКӨРСЕТКІШІ.

Белгілері

Балл бойынша бағалау

0

1

2

1

Жүрек соғуының жиілігі

жоқ

баяу(минутына100-ден томен)

минутына 100-ден жоғары

2

Тыныс алу қозғалысы

жоқ

Сирек, бірқалыпсыз

Жақсы, бірқалыпты және жылауы анық

3

Бұлшық ет ширығуы

әлсіз

аяқ-қолдары сәл ғана бүгілген

Белсенді қозғалады

4

Рефлекторлық тітіркендіру (тыныс мүшесін жалқыаяқтан тазартқанда мұрын катетеріне беретін реакциясы және табанын тітіркендіргендегі рефлексі)

жоқ

Бет-аузын тыжырайтуы

Түшкіру мен жөтелу

5

Терісінің түсі

Боз немесе көкшіл

Денесі қызғылт, аяқ-қолдары көгілдір

Барлығы қызғылт

Ерте неонатальдық кезеңше.Бұл кезеңше баланың құрсақтан тыс тіршілік етуіне бейімделуі үшін ең жауапты кезеңше. Құрсақішілік өмірден, құрсақ сыртындағы тіршілікке өту кезендегі бәрінен де маңызды өзгерістер өкпемен тыныс алудың басталуы, құрсақішілік қан айналымының жабылып (ботальдық артериальдық өзекше және сопақ тесікше) кіші қан айналым шеңберінің жұмыс істеуі, өкпе бас миындағы тамырларда қан ағымының артуы, сондай-ақ энергетикалық алмасу мен жылу реттеудіңөзгеруі болып табылады. Осы кезден бастап баланың ауызбен қоректенуі басталады.Бұл кезеңшенің ең басты өзгешелігідеп барлық жүйелер мен мүшелердің, әсіресе орталық жүйке жүйесінің жетілмегендігін есептеу керек. Осының салдарынан оның сыртқы жағдайларға бейімделуі жеткіліксіз екендігі білінеді.

Осы кезеңшенің ерекшіліктеріне бірқатар физиологиялық өзгерістерді келтіруге болады. Бұл жағдайлар паталогиямен шектесіп тұрады, яғни жайсыз жағдайларда ауруларға айналуы мүмкін. Жиірек кездесетін физиологиялық жағдайлар:

1.Нәрестенің терісі дымқыл майлы затпен жабылған. Оның түсі қалыпты жағдайда сұрлау, ақ. Егерде ол сары, сарғыш-жасыл немесе кірлі —сүр түсті болса, онда бұл құрсақішінік бұзылыстың болғанын айғақтайды. Дымқыл майды алғашқы екі күнде тазаламайды, өйткені ол денені салқындаудан, теріні зақымданудан қорғайды.

2.Айы-күні жетіп туған балалардың мұрынының ұшының және танауының терісінің деңгейінен сәл көтеріңкі тұратын сарғыш ақ нүктешелерді көруге болады.Олар ұрықтың құрсақішілік дамының соңғы айларында май бездерінің артық бөлінулерінен пайда болады. Алғашқы бір-екі аптаның ішінде эпидермистің түлеуі кезінде май бездері өзекшелерінің ауызы ашылғанда кетеді.

З.Нәресте терісінің қызаруы, эритемасы немесе терінің физиологиялык қатары. Ол қоршаған ортаның жаңа жағдайларына шақалақ терісінің тітіркенуі салдарынан туындайды. Терінің қызаруы бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін байқалады.Содан соң алақан мен табанда майда сирек қабыршақтанулар пайда болады. Нәресте өмірінің алғашқы сағаттары мен күндерінде терінің эритемасы болса оны анықтау қажет. Өкпе ателектазында, құрсақішілік токсемияда, бас сүйегі ішіне қаң құйылғанда жаңа туылған шақалақта терінің эритемасы болмайды.

4.Физиологиялық саргаю шақалақ туылған соң оның өмірінің 2-3 күнінен бастап көріне бастайды. Ол нәрестелердің 60-70 пайызында аңғарылады. Физиологиялық сарғаюда теріде, ауыз қуысының кілегейлі қабығында және көздің ақ қабығында сарғаюлар пайда болады. Нәжісінің түсі қалыпты, несебінің құрамында ет пигменттері болмайды. Ішкі ағзалар жағынан ешқандай қалыптан ауытқулар байқалмайды. Физиологиялық сарғаю 10-12 күнге дейін созылады.

5.Физиологиялық мастит- құрсақішілік кезенде ұрыққа анасынан өткен экстрогендік гормондардың септік - себебінен сүт бездерінің ісінуі. Сүт бездерінің ісінуі әдетте сәбидің екі жақ, емшегінде болады. Мастит бала туылған соң өмірінің 3-4 күндерінде пайда болады.Кейде сүт безінің ісінуі болар-болмас, ал кейбір жағдайларда олардың көлемі қара өрік көлеміне жақын.Ісінген бездер жылжымалы ал олардың үстіндегі тері жамылғысы әрдайым қалыпты түсті. Сүт безінің ұшынан уызсияқты сұйықтықтың бөлінуі мүмкін. Бездің зақымдалу, инфекциялану және іріңдеу қаупіне байланысты оларды сығуға болмайды. Анасының гормондарынан сәбидің ағзалары тазара бастағанда сүт бездерінің де ісінуі өзінен өзі қайта бастайды.

6.Катаральды вульвовагинит кейбір қыз нәрестелерде байқалады. Вульвовагинит нәрестеге анасының фолликулярлық гормондарының әсерінен пайда болады. Нәресте туылғанан соң алғашқы күндері жатырдың және оның мойын бездерінен, жыныс қуысынан жалпақ эпителилі кілегейлі қоймалжың сұйықтық немесе қанды сұйықтық бөлініп шығады. Жас нәрестенің жыныс мүшелерінің жалпы домбығуы байқалады. Анасының гормондары әсерінен пайда болатын қалыпты құбылысқа ұл балалар енінің домбығуын да жатқызуға болады. Бұл құбылыстардың бәрі шақалақтың өмірінің 5-7 күндері байқалып бір-екі күңге ғана созылады.

7 .Физиологиялық салмақ жоғалту барлық нәрестелердебайқалады. Салмақты жоғалту 3 пайызғадейін болады. Жаңа туылған нәрестенің денесінің ең жоғары дәрежеде салмақ жоғалтуы өмірінің 3-4-ші күндерінде білінеді. Нәрестелердің басым көпшілігінің салмақтарының қайта қалпына келуі өмірінің 10-шы күніне қарай біліне бастайды. Ауаның құрғақтығы, ыстығы, салқындауы және басқа жағдайлар баланың салмақ жоғалтуын көбейтеді.

Нәрестенің физиологиялық салмақ жоғалтуын жоғарылататып негізгі себептер:

1.Алғашқы күндері баланың тамаққа тоймауы;

2.Өкпе және тері арқылы судың көп бөлінуі;

3. Нәжіс және несеппен сұйықты жоғалту;

4. Қабылданған сұйықтықпен, бөлінген сұйықтықтың сәйкес келмеуі;

5. Кіндік қалдығының кебуінен біршама ылғалдың жоғалуы. Нәресте 10 пайыздан көп салмақ жоғалтқанында оның себебін анықтау керек. Ол әртүрлі дерттердің алғашқы белгілерінің бірі болуы мүмкін.

8.Бүйректің зәр қышқылды инфарктысы жаңа туылған нәрестелердің жартысында (50 пайызында) байқалады.Зәр қышқылды инфарктыда несеппен бірге зөр қышқылы тұздарының көп мөлшері бөлініп шығады. Несеп түсі буылдыр, алсалмағы көбірек жоғалғаңда несептің түсі қоңыр тартады. Несептегі зәр қышқылы тұздарының көп мөлшерін жаялықта қалатын қызғыш-қоңыр дақтар арқылы байқауға болады. Осының бәрі бүйректің зәр қышқылды инфарктының нәтижесінде ураттардың шығуымен байланысты. Бүйректің зәр қышқылды инфаркты нәрестенің организімінде белок алмасуы ерекшіліктерінің салдарынантуындайды. Осыларды ескере отырып ерте неонатальдық кезеңшеде балаларды инфекциядан қорғау үшін асептикалық жағдайларды, сонымен қатар қоршаған ортаның температурасын, дұрыс күтім мен табиғи қоректенуді (емізуді) қамтамасыз ету қажет.

Ерте неонатальдық кезеңшедегі дерттер құрсақішілік және туылу кезеңдеріндегі қалыпты жағдайлардың ауытқу салдарынан пайда болады. Осы кезеңшеде әртүрлі дамудың аномалиялары, фетопатия, тұқым қуалаушылық аурулар, сондай-ақ анасы мен ұрықтағы антиген сәйкестігінен нәрестелердің гемолитикалық ауруы (резус және АВО сәйкессіздігі бойынша) байқалады. Осы кезеңшеде туылғандағы зақымдалулардың, босанудағы асфиксиясының салдарынан, құрсақішілік және туылғандағы инфекцияланулардың және аспирация белгілерінің айқындалулары мүмкін. Өмірінің алғашқы күндері балада іріңді-септикалық аурулар, пиодермия, ішектер мен тыныс жолдарының ауыр бактериальды және вирусты аурулары жиі кездеседі. Нәрестелердің жиі инфекциялануы оларда секреторлық А-иммуноглобулиндердің жоқтығына және М-иммуноглобулиндердің класына жататын антиденелердің төмен болуына байланысты.

Кешфетальдық, интранатальдық және ерте неонатальдық кезеңшелерде біріктіріп жалпы атаумен перинатальдық кезең деп атайды (құрсақішілік дамуының 28-ші аптасынан құрсақтысылық өмірінің 7-ші күніне дейінгі аралық).

Кеш неонатальдық кезеңше (8-28 күн аралықтары). Оның ұзақтығы-21 күн. Дені сау нәрестс осы мерзімде үйінде болады да бөлімшелік дәрігер-педиатр мен медбикенің бақылауына беріледі. Сондай-ақ бұл кезеңшеде әр түрлі қолайсыз жағдайлар нәрестенің жетілуін оңай ауытқыта алады. Өйткені бала организімінің ауруларға қарсы тұруы төмен және ол құрсақтан тыс өмірге бейімделмеген. Кеш неонатальдық кезеңшеде құрсақішілік, интра-натальдық және ерте неонатальдық кезеңшелерде кездесетін патологияларға байланысты көптеген ауруларға жағдайлар табылады. Сондықтан осы кезеңшеде дәрігер мен медбикенің тұрақты бақылауы өте маңызды.

Бұл кезеңнің ерекше сипаты баланың анализаторларының жылдам дамуы, қозғалыс үйлесімділігінің дамуының басталуы, шартты рефлекстердің құралуы болып табылады.

2.Бөбектік немесе еметін кезең. Балалардың бұл кезеңі физикалық және психикалық дамулардың жоғары жылдамдықта жүруімен сипатталады. Жас баланың өмірінің алғашқы жылының аяғыңда оның салмағы үш есеге кебейеді. Ал дене ұзындығы 50 пайызға артады. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі жетіліп, қолының үйлесімді қимылдары пайда болуы, отыруы, еңбектеуі,аяғын басып қаз-қаз тұруы, ал кейбір балаларда жүру, сөзге елеңдеп жақын адамдарды тану, жеке буындарды "ба", "па", "ма"т.б. айту мүмкіншіліктері пайда болады. Жыл аяғында алғашқы мағыналы сөздерді айта бастайды.

Бұл кезеңде бөбектер (2-3 айдан кейін) анасынан жолдас арқылы берілетін енжар (пассивный) иммунитетті жоғалтады. Олардың жеке иммунитетінің құралуы нашар. Сондықтан жиі ауырғыш болады. Осы кезеңдегі балаларда ішек-қарын жолдарыңың аурулары, рахит, спазмофилия, диатездер, қоректенудің және ас қорытудың созылмалы бұзылулары, тыныс жолдарының қабынулары жиі кездеседі. Үнемі үлкендермен сөйлесу арқылы қатысқандықтан емшек жасындағы баланың нерв-психикасы дамиды.

3.Мектеп жасына дейінгі сәбилік кезеңше. Бұл кезең баланың қозғалыс дағдысының тез жетілуімен, сөйлеу, мінез-құлық,бойының өсуінің жалғасуымен, сөздік қорының көбейіп сөйлей бастауымен сипатталады.Оларда 2-3 жаста көп сөз қорлары болады. Мектеп жасына дейінгі сәбилік кезеңде балалар өте қозғалғыш, білуге құмар болып келеді, қоршаған ортамен белсенді танысып отырады. Бұл кезеңде гигиеналық тәрбиеде жіберген қателіктердің орнын толтыру қиын, сол себепті күн тәртібіне (режимге) тәрбиелеу өте маңызды. Өйткені бұл кезенде балалар қоршаған орта әсеріне сезімтал келеді. Олар қызылша,көк жөтел, жел шешегі, сары ауру, дизентерия және т.б. аурулармен жиі ауырғыш келеді.

4.Мектепке дейінгі бүлдіршіндік кезеңше. Осы кезеңде бала организмі нығая түседі, нәзік дағдылары дами бастайды. Осы кезенде сүт тістері тұрақты тістеріне алмасады. Бұл жастағы балалар білуге құмар, тәжірибелері аз, ал бір нәрселерге қызықса соңы істеуге тырысады, үлкендердің бақылауларынан жиі шығып кететін болғандықтан, жиі жарақаттар алып тұрады.Бұл кезенде ең көбірек кездесетіні инфекциялық және аллергиялық аурулар (бронхиальды демікпе, инфекциялар т.б.). Осы жастағы өлімдердің басты себептері - жарақаттар.

5.Кіші мектеп жасы немесе балдырғандық кезеңше. Көптеген жүйелермен, мүшелердің жетілулері жалғасып, функциональдық толық дамуға жетеді. Қаңқа сүйектерінің дамуы аяқталады, ет жүйелері күшті дамып нығаяды. Бұл кезең тағы да ойланудың, жазудың және майда қозғалыс үйлесімділігінін қарқынды дамуларымен сипатталады. Сүт тістері тұрақты тістерге алмасады. Балалар үй ортасы немесе бала-бақшалық жағдайлардан мектеп өмірінің жағдайына көшеді, қажетті мектеп дағдыдарын меңгереді. Кіші мектеп жасындағы натологияларға негізінен жеделинфекциялар жатады, бірақ олар сирек байқалып, ағымдары біршама жеңіл өтеді.

6.Жоғары мектеп жасы немесе жеткіншектік (пубертаттық кезең). Бұл кезең эндокриндік аппараттың: жыныс бездерінің, қалқанша безінің, гипофиздің едәуір қайта құрылуымен сипатталынады. Осының салдарынан балаларда бұл бездердің функциональдық тепе-теңдіктері бұзылып, эндокринопатиялар пайда болуы мүмкін. Жынысына және жеке басының ерекшеліктеріне байланысты балалардың жыныстық жетілу кезеңінің басталу мерзімі әрқалай болып келеді. Балалардың бұл жаста өсуі жылдам болады және интеллектуальдық бейнесі байқала бастайды. Қыздарда, ұлдарға қарағанда екінші жыныстық белігілерінің дамуы бір-бір жарым жыл бұрын басталады. Осы кезенде жүрек-қан тамырларының, жүйке жүйесінің қызметтік өзгерістері жиі кездеседі: "ювенильді" жүрек, "ювеняльді" гипертония, ал қыздарда дисциркуляторлық өзгерістер, акрационоз және естен танып қалу жағдайлары байқалады. Бұлар, біріншіден организмнің тез, жылдам өсуіне, дене ұзындығына жеке мүшелердің сәйкес келмеуіне, екіншіден вегатативті, эндокриндік жүйелердің тұрақсыздығынабайланысты.

15-ке дейінгі балаларға медициналық қызмет балалар емханасында көрсетіледі, ал 15-тен асқан балалар жасөспірімдер кабинетінде өткізіліп, сонда бақыланады. Мектептердегі медицина қызметкерлері 7-ден 17-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық қызмет көрсетеді.

Ситуациялық есептер.

1-ші есеп.

5 жасар қыз ауруханаға жедел жәрдем машинасымен жеткізілген. Шешесінің шағымы қызының есін жоғалтқаны, тынысының бұзылуы. Зардап біртіндеп дамиды, бала әлсіз, ұйқышыл, көп ішіп, көп зәр шығарады. Сонан соң бірнеше күннен кейін бала құсып, есінен танып қалды. Көргенде: тынысы шуылды, бұзылған жемістің иісі, терісі мен кілегей қабаттары құрғақ, сіңірлік рефлекстері жоқ, бұлшық еттің гипотониясы, көз қарашығының жарыққа реакциясы әлсіз, тахикардия, А/Қ төмен.

Сұрақтар:

1. Аурудың жағдайын бағалаңыз, негіздеңіз

2.Анамнезінен тағы да қандай мәліметтерді білгіңіз келеді?

Жауабы:

1.Жағдайы өте ауыр, өйткені қыз есінен танған, көз қарашығының жарыққа реакциясы әлсіз, сіңірлік рефлексі жоқ, бұлшық ет гипотониясы, А/Қ-ның төмендеуі.

2.Әке-шешесініңойынша аурудыңсебебі неде?Көп тәттілер жеп, диетасын бұзды ма? Жанұяда қандай созылмалы зардаптар бар?

2-ші есеп.

Анасы 2 айлық баласының 2 рет құсып, жиі ішінің өткеніне шағымданды.1-ақ күн ауру. Осыдан 3 күн бұрын баланы аралас тамақтандыруға ауыстырып, ана сүтімен қоса сұйытылмаған айран (кефир) 1 рет 5 пайыздық манка ботқасын берген. Жүктілікпен, туылу дұрыс өткен. Көргенде бала әлсіз, боз, терісі мен кілегей қабаттары құрғақ, ерні алқызыл, үлкен еңбегі түсінкі, өңі қашқан, анус айналасы қызарған.

Сұрақтар:

1. Анамнезінен қандай мәліметтер қажет, жобамен аурудың себептері?

2. Баланың жағдайын бағалаңыз?

Жауабы:

1.Іші ауырғандармен контактыда болды ма?Себептері кефир мен 5 пайыздық манна ботқасын жасы келмей ерте бергендіктен.

2.Баланың жағдайы ауыр.