Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
балалар ауруларының пропедевтикасы және балалар...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.41 Mб
Скачать

Тесттер

1.Емханадағы мейірбикенің міндеттеріне жатпайды:

а) алдын–алу шаралары

б) туғанға дейінгі патронаж

в) нәрестенің патронажы

г) ауруды қабылдау кезінде дәрігерге көмектесу

д) дәрі тағайындау

2.Балалар емханадасында келесі есеп формасы толтырылмайды, біреуінен басқасы:

а) баланың даму тарихы

б) баланың ауру тарихы

в) жедел хабарлама

г) егуге арналған карта

д) диспансерлік бақылау картасы

3.Балалар емханадасында келесі орындау шарасы жүргізілмейді:

а) туғанға дейінгі патронаж

б) нәрестенің патронажы

в) 1 жасқа дейінгі балалар патронажы

г) туберкулез ауруын емдеу

д) егуге арналған карта

4.Аурухана мейірбикесінің жұмысына жатпайды:

а) қайта түскен ауруларды қабылдау

б) емдеуші дәрігер немесе кезекші дәрігердің ауруларды аралауына қатысу

в) тамақ дайындау

г) түрлі тексерулерге ауруды дайындау

д) дәрігердің тағайындалған дәрілерін тарату

5.Мейірбике келесі манипуляцияны орындамайды:

а) тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, тамыр ішіне дәрі енгізу

б) дәрі дәрмек тарату

в) қыша, банка, пластыр қою

г) операция жасау

д) құлаққа, мұрынға, көзге дәрі тамызу

6.Ауруханадағы негізгі құжат:

а) статистика талоны

б) аурудың ауруханадағы медициналық картасы

в) алдын ала егу картасы

г) еңбекке жарамсыздық қағазы

д) диспансерлік бақылауға арналған картасы

7.Кіші мейірбикенің атқаратын міндетіне жатады, біреуінен басқасы?

а) ауыр жағдайдағы ауруды тамақтандыру

б) емдік шараларды жүргізу

в) ата-аналары әкелген тамақты қадағалау

г) мекемені жуып-шаю

д) балаларды серуенге алып шығу

8.Ауру тарихында мейірбике белгілемейді:

а) аурудың түскен мерзімі

б) шағымы

в) дене қызуын, бойын салмағын

г) нәжісіне сипаттам

д) қай күні шомылатынын және төсек ауыстыратынын.

Ситуациялық есептер

Есеп№1. Әйелдерге кеңес беру мекемесінен жүкті әйел жайында мәлімет келіп түсті. Әйелдің жасы 23. Жүктіліктің 20 аптасы.

Сұрақ. Емхана мейірбикесінің іс-әрекеті қандай?

Есеп№2. Мейірбикеге баланың анасы сүтінің жетіспейтіндігін айтып шағымданды, баласының мазасызданатынын айтты. Баланың жасы 7 ай.

Сұрақ. Мейірбикенің іс-әрекеті қандай?

Есеп №3. Балалар бөлімшесіне ауру келіп түсті.

Сұрақ. Ауру тарихында мейірбике нені белгілейді?

Есеп №4. Әйелдер босанатын үйден балалар емханасына нәрестенің дүниеге келуі жайында мәлімет түсті.

Сұрақ. Нәрестенің патронажын жүргізгенде мейірбике қандай шаралар орындауы қажет?

6 Тарау.

БАЛАНЫҢ ЖАСТАРЫ,ПЕДИАТРИЯДАҒЫ ЖАС КЕЗЕҢДЕРІ

Барлық уақытта балалық шақ 0-ден 14-ке дейін болып есептеліп келді. 1999 жылы бұл жағдай қайта қарастырылып, заңдандырылды, атап айтқанда балалар құқығые қорғайтын Халықаралық Конвенция (Женева) бойынша балалық 0-ден18-іе дейінгі жас. Бұнын өзі өте жауапты, ойланатын жас аралықтары. Ол жасқа жасөспірім кезеңі де енеді.

1977жылы Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық қорғау ұжымындағы (БДҰ) Экспортта комитетінің шешімінше жасөспірім кезеңі 10-нан 20 жас аралығымен шектеледі. Мұнда жасөспірім кезеңі тағы да кіші екі кезеңге

бөлінеді: біріншісі 10-нан 15-ке дейін; ол пубертатты кезең (жыныстық дамудың интенсивті кезі), екіншісі 16-дан 20 жасқа дейінгі аралық, ол - әлеуметтік жетилу кезеңі.Бұл жылдары қыздар мен бозбалалар өздерінің жыныстық сезімінің жетілуін меңгеріп, таңдаған мамандығын толығымен немесе жартылай игере алады.

Онтогенез этаптары үшке бөлінеді: дайындық, ұрықтың дамулары және постнатальды немесе "балалық шақтың" өзі.

Дайындық этапы- ұрықтану-генеологиялық тұқымынан, ата-бабаларынан бастап,жүктілікке дейінгілердің денсаулықтарын, биологиялық жағдайларын қамтиды.

Ұрықтану этапы-морфогенез, әртүрлі жүйелердің органогенезі, ағзалардың құрылысымен түрінің өзгеріп, интенсивті жіктелу процесстерін қамтиды.

Постнатальдыэтап-"балалық шақ" кезеңінің өзі әрбір ағза мен жүйелердің- дамып, функцияларының жетіліп, жеке және бірігіп роль атқара отырып жанұяда, қоғамда өмір сүре алатын қасиетімен сипатталады.