
- •Алматы, 2014 ж
- •2. Мақсаты: 1 – 8 тақырыптар бойынша меңгерген білімін тексеру
- •5) Студенттердің өзіндік даму мен өзіндік жетілу мүмкіншілігін анықтау
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Ұсынылған әдебиеттер
- •Тест түріндегі тапсырмалар:
- •Патологияны қандай себептермен байланыстырады
- •7. 3 Құқықтық дағдыны қалыптастыру
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАҚ |
Хирургиялық стоматология кафедрасы
Пәні - Стоматологиядағы жансыздандыру
Мамандығы: 5В130200 «Стоматология»
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Тақырып № 9 Тақырып Аралық бақылау № 1.
Академиялық сағат көлемі – 2 академиялық сағат
КУРС 3
Семестр – 6,7
Алматы, 2014 ж
Құрастырған: асс. Стабаева Г.С.
Кафедра отырысныда талқыланды
Хаттама № « » 2014 ж
Бекітілген
Кафедра жетекшісі
м.ғ.д., Мирзакулова У.Р.
№ 9 тақырып Аралық бақылау № 1
2. Мақсаты: 1 – 8 тақырыптар бойынша меңгерген білімін тексеру
а) когнитивті дағдының қалыптасқанын анықтау
Хирургиялық стоматологиялық науқасты тексеру алгоритіміне;
Стоматологиялық науқастарды тексерудің негізгі әдістерін;
Стоматологиялық науқастарды тексерудің қосымша әдістерін;
Стоматологиялық науқастарды тексерудің арнайы әдістерін;
Жергілікті жансыздандырғыш заттардың клинико- фармакологиялық әсерін;
Жоғарғы және төменгі жақсүйектеріндегі жергілікті жансыздануды анатомиялық тұрғыдан негіздеудге;
Төменгі жақсүйегінде жүргізілетін жергілікті жансыздандыруға көрсеткіштерін анықтау;
Төменгі жақсүйегінде жүргізілетін жергілікті жансыздандыруға қарсы көрсеткіштерін анықтау;
Төменгі жақсүйегінде жүргізілетін инфильтрациялық жансыздандырулар түрлеріне;
Төменгі жақсүйегінде жүргізілетін өткізгіш жансыздандырулар түрлеріне
Жоғарғы жақсүйегінде жүргізілетін жергілікті жансыздандыруға көрсеткіштеріне;
Жоғарғы жақсүйегінде жүргізілетін жергілікті жансыздандыруға қарсы көрсеткіштеріне;
Жоғарғы жақсүйегінде жүргізілетін инфильтрациялық жансыздандырулар түрлеріне;
Жоғарғы жақсүйегінде жүргізілетін өткізгіш жансыздандырулар түрлеріне;
Жергілікті жансыздандыру жүргізу кезінде болатын жалпы асқынуларды нақтамалау;
Жергілікті жансыздандыру жүргізу кезінде болатын жергілікті асқынуларды нақтамалау;
Жергілікті жансыздандыру жүргізген кезде дамитын жергілікті және жалпы асқынулардың алдын алу;
Жергілікті жансыздандыру жүргізу кезінде және кейін дамитын жергілікті асқынуларды емдеу;
премедикацияда қолданылатын препараттардың клиникалық-фармакологиялық сипаттамасын оқу
жалпы жансыздандыру жүргізуге арналған препараттардың клиника-фармакологиялық сипаттамасын оқу.
ауыз қуысында және бет әлпетінде жүргізілетін операциялардың көрсеткіштері.
ауыз қуысында және бет әлпетінде жүргізілетін операциялардың қарсы көрсеткіштері.
жалпы жансызандыру түрлері
стоматологияда жүргізілетін жалпы жансыздандырудың ерекшеліктері
б) операционды дағдының қалыптасқанын анықтау
науқастың шағымын анықтау және дәлелдеу;
анамнез жинау;
қарап тексерудің нәтижесін салыстыра анықтау;
аймақтық лимфа түйіндерініің жағдайын сипап тексеру және салыстыру;
тік,көлденең, салыстырмалы тіс перкуссиясы және қорытындысын салыстыра анықтау;
қосымша тексеру тәсілдерінің нәтижесін оқып үйрену;
есеп –бақылау құжаттарын толтыру мен сақтау ерекшеліктері.
хирургиялық стоматологиялық саладағы науқасқа жансыздандыру жүргізу хаттамасына;
төменгі жақсүйегінде жергілікті жансыздандыру жүргізу кезінде асептика және антисептика
ережелерін сақтау.
төменгі сүйекгінде ауыз құыс сыртынан өткізгіштік жансыздандыруды жасап көрсету
жоғарғы жақ сүйекгінде ауыз құыс сыртынан өткізгіштік жансыздандыруды жасап көрсету
орталықтан жансыздандыру тәсілін жасап көрсету
Жергілікті жансыздандырудан кейін дамыған асқынуда бірінші көмек көрсете білу
в) коммуникативті дағдыны ң қалыптасқанын анықтау
- жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу: «Вербальды және вербальды емес қимылдар», «шағымдарды анықтап түсіндіру», « ауру анамнезі», «өмір анамнезі», « аймақтық лимфа түйіндерінің пальпациясы», «тік,көлденең, салыстырмалы тіс перкуссиясы », «Рентген зерттеулерінің нәтижесін оқып үйрену»
г) құқықтық дағдының қалыптасқанын анықтау
- дәрігер стоматологтың есеп-бақылау құжаттарын жүргізу және сақтау ережелері.