
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАҚ |
Хирургиялық стоматология кафедрасы
Пәні – Стоматологиядағы жансыздандыру
Мамандығы: 5В130200 «Стоматология»
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
№ 6 тақырып. Жоғарғы және төменгі жаққа арналған өткізгіштік жансыздандырулардың ауыз сыртылық әдістері. Тістердің және жақтардың орталық жансыздандырылуы. Міскінмен жұмыс істеу.
Академиялық сабақтың көлемі - 3 академиялық сағат
КУРС 3
Семестр – 6,7
Алматы 2014 ж
Құрастырған ассистент Стабаева Г.С.
Кафедра отырысныда талқыланды
Хаттама № « » 2014ж
Бекітілген
Кафедра жетекшісі
м.ғ.д., Мирзакулова У.Р.
№ 6 тақырып. Жоғарғы және төменгі жаққа арналған өткізгіштік жансыздандырулардың ауыз сыртылық әдістері. Тістердің және жақтардың орталық жансыздандырылуы. Міскінмен жұмыс істеу.
2. Мақсаты.
а) Білімін қалыптастыру қажет:
Жоғарғы және төменгі жақсүйектерінде жүргізілетін ауызсыртылық өткізгіштік жансыздандыру жүргізудің көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштеріне;
Төменгі жақсүйегінде жүргізілетін ауызсыртылық өткізгіштік жансыздандырулардың әдістеріне;
Жоғарғы жақсүйегінде жүргізілетін ауызсыртылық өткізгіштік жансыздандырулардың әдістеріне;
Орталықтан жансыздандыру әдістерін жүргізудің көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштеріне
Орталықтан жансыздандыру жүргізудің әдістеріне;
б) Операционалды дағдыны қалыптастыру
- төменгі сүйекгінде ауыз құыс сыртынан өткізгіштік жансыздандыруды жасап көрсету
- жоғарғы жақ сүйекгінде ауыз құыс сыртынан өткізгіштік жансыздандыруды жасап көрсету
- орталықтан жансыздандыру тәсілін жасап көрсету
3. Оқыту тапсырмалары:
1. Сопақ тесік маңында жаныздандыру әдісіне үйрету.
2. Домалақ тесік маңында жансыздандыру әдісіне үйрету.
3. Жоғарғы жақсүйегінде жүргізілетін ауыз ішінен тыс жансыздандыру жүргізу әдісіне үйрету.
4. Төменгі жақсүйегінде жүргізілетін ауыз ішінен тыс жансыздандыру жүргізу әдісіне үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
Көзастылық жансыздандырудың ауыз сыртылық әдісін айтыңыз. Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздану аймағы.
Туберальды жансыздандырудың ауыз сыртылық әдісін айтыңыз. Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздану аймағы.
Күрек тістік жансыздандырудың ауыз сыртылық әдісін айтыңыз. Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздану аймағы.
Мандибулярлы жансыздандырудың ауыз сыртылық әдісін айтыңыз. Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздану аймағы.
Иек асты жансыздандыру дың ауыз сыртылық әдісін айтыңыз. Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздану аймағы.
Үшкіл нервтің 2-ші тармағын орталықтан жансыздандыру әдісін айтыңыз (бетсүйек асты- қанатша жолы ( СИ. Вайсблат)). Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансызданджыру аймағы.
Үшкіл нервтің 2-ші тармағын орталықтан жансыздандыру әдісін айтыңыз (орбитальды жол арқылы) Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздандыру аймағы.
Үшкіл нервтің 2-ші тармағын орталықтан жансыздандыру әдісін айтыңыз (таңдайлық жол арқылы) Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздандыру аймағы.
Үшкіл нервтің 3-ші тармағын орталықтан жансыздандыру әдісін айтыңыз (бетсүйек асты- қанатша жолы ( СИ. Вайсблат)). Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздандыру аймағы.
Берше-Дубов-Уваров бойынша жансыздандыру әдісін айтыңыз. Бул жансыздандыру не үшін қолданылады? Нысана көзі, ине шаншитын орын, жансыздану аймағы.
5. Оқыту және сабақ беру әдісі: ауызша сұрау, міскінде жұмыс істеу, тест түрінде тапсырыстарды шешу, кіші топтарда жұмыс істеу, жансыздандыру әдістерімен таныстарып, міскінде көрсету.