- •1. Күшейткіштердің негізгі парамерлеріне сипаттама
- •1.2 Күшейткіштердің түрлері
- •1.3 Біртактылы а классы режиміндегі қуат күшейткіші
- •2.Операциялық күшейткіштің қасиеттері
- •2.1. Мультивибраторлар. Операциялық күшейткіштегі симметриялық мультивибратолар
- •2.2 Операциялық күшейткіштің симметриялық мультивибраторы
- •3. Қазіргі замандық оптикалық күшейткіш
- •3.1 Күшейткіштің көпірлік схемасы
- •3.2 Жағайландыру сүзгісі
- •3.3 Көбейткішті күшейткіштер
2.Операциялық күшейткіштің қасиеттері
1-суретте операциялық күшейткіштің сұлба түріндегі көрінісі берілді. Оның кіріс каскады дифференциалдық күшейткіш түрінде орындалады. Сондықтан операциялық күшейткіште екі кірісі болады. Төменгі жиілік облысында шығыс кернеуі Ua кіріс кернеулердің айырымы да сол фазасында орналасады:
UD = UP – UN .
2.1 – сурет. Операциялық күшейткіштің сұлбалық түрі.
р – кіріс инвертирлемейтін деп аталады және операциялық күшейткіште «плюс» таңбасымен белгіленеді. N – кіріс инвертті және сұлбада «минус» таңбасымен белгіленеді.
Операциялық күшейткіштің теріс және кері кіріс сигналдарымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін екі полярлы қоректену кернеуін қолдану керек. Ол үшін 1 – суретте көрсетілгендей операциялық күшеткіштің сәйкесті сыртқы клеммаларына қосылатын екі тұрақты кернеуді орнату қажет. Көбінесе интегралды орнындауындағы стандартты операциялық күшейткіштер ±15В қоректену кернеуінде жұмыс істейді. Принципиалды сұлбалар құрылғыларда тек қана олардың кіріс және шығыс клеммаларын көрсетеді.
Іс
жүзінде идеалды операциялық күшейткіштер
болмайды. Операциялық күшейткіштің
қайсысы болмасын идеалға жақын
екенін
анықтау үшін күшейткіштің техникалық
сипаттамалары беріледі.
Операциялық күшейткіштің дифференциалды күшейту коэффициенті
(1.1)
104 ÷ 105 шектерінде жатқан соңғы өлшемі. Ол өзіндік күшейту коэффициенті деп те аталады, басқа сөзбен айтқанда кері байланыс жоқ кезіндегі күшеюі.
UP –дан шығыс кернеу күшеюінің типтік тәуелділігі көрсетілген. Uамин < Uа < Uамакс диапазонында ол UD-дан дерлік сызықты тәуелді. Осы шығыс кернеуінің диапазоны күшейту облысы деп аталады. Қанығу облысында Uа –ның сәйкесті өсуінен UD-ның өсуі өзгермейді. Күшею облысының шектері Uамин және Uамакс сәйкесті оң және кері кернеуінің қоректенуінен 3В-қа жуық кешігеді. Операциялық күшейткіштің ±15В жұмысы кезінде шығыс кернеуі бойынша типтік облыс диапазоны ±12В-ты құрайды.
Идеалды операциялық күшейткіштің беріліс сипаттамасы нольдік нүктеден өту керек. Бірақ та көрсетілгендей, реалды операциялық күшейткіштер үшін бұл сипаттама кішкене жылжыған, ол штрих сызығымен көрсетіледі. Сонымен шығыс кернеуді нольге келтіру үшін операциялық күшейткіштің кірісіне кернеудің кейбір әртүрлілігін берк керек. Омы кернеудің әртүрлілігі нольдің жылжымалы кернеуі Uо деп аталады. Ол көбінесе бірнеше милливольт құрайды және көптеген жағдайда еакерілмейді. Кейде осы өлшеммен елемеуге болмаған кезде, оны нольге дейін апаруға болады. Сондықтан көптеген интегралды операциялық күшейткіштерде арнайы клеммалар қарастырылған.
Кіріс кернеудің әртүрлілік функциясы ретіндегі операциялық күшейткіштің кіріс кернеуі. Нольдік нүкте кернеуінің компенсациясыз түсірілген пунктирмен көрсетілген сипаттама.
Нольдік жылжу кернеуін алып тастағаннан кейін тек қана оның уақытқа, температураға, кернеуге тәуелді өзгерістері қалады:
Құраушы ∂U0/∂Ub номиналды мәнінен нольдік нүктенің жылжу өлшеміне қоректену кернеуінің ауытқу әсерімен сипатталады, әдетте 10 – 100мкВ/В құрайды. Сондықтан дрейдті құрастырушыны минимизациялау қажет болса, онда қоректену кернеуін бірнеше милливольтқа дейін нақты түрде қамтамасыз ету керек.
Келесіде нольдің жылжу кернеуі нольге тең және компенсацияланған деп есептеледі. Сонда (1.1) формуласы келесі түрде болады:
Ua = AD UD = AD (UP - UN )
Солай тұра операциялық күшейткіштің шығыс кернеуі, динамикалық диапазоны шектерінде, кіріс кернеулердің әртүрлілігіне пропорционал болады.
Егер Р және N кірістеріне бірдей кернеу UGl берілсе, онда Uв нольдік мәнін өзгертпейді. (1.2) формуласы бойынша шығыс кернеу Uа сәйкесінше нольге тең болуы керек. Бірақ реалды дифференциалдық күшейткіштерге ол толық сәйкес келмейді, басқаша айтқанда синфазды сигналдың күшейту коэффициенті:
АGl = ΔUа /Δ UGl
нольге міндетті түрде емес болуы мүмкін. Кіріс синфазалық сигналдың кейбір үлкен дерлік мәндерінде тез өседі. Қолданылған шығыс кернеудің диапазоны синфазалық сигналдың әлсіреу облысы деп аталады. Оның шектері қоректену кернеуінің оң және кері деңгейінен сәйкесінше 2В – қа кем. Операциялық күшейткіштің идеалды еместігі синфазалық сигналдың әлсіреу коэффициенті деп аталатын параметрімен сипатталады G = АD / АGl . Оның типтік мәндері 104 ÷ 105 құрайды. Дифференциалды сигналдың күшейту коэффициенті анықтама бойынша әрқашан да оң болады. Оны бірақ та синфазалық сигналдың күшейту коэффициенті АGl туралы айтуға болмайды. Ол оң да, теріс те мәлдерін қабылдай алады.
Синфазалық сигналдың күшейту коэффициенті түсінігін қолданғанда, дифференциалдық сигналдың күшейту коэффициентін дербес туынды арқылы дұрыс анықтау қажет:
AD ‗ ∂Ua
∂UD UGl =const
Бола тұра шығыс кернеу үшін толық түрдегі формула пайда болады:
ΔUa ‗ ∂Ua ΔUD + ∂Ua ΔUGl , (1.3)
∂UD UGl ∂UGl UD
немесе
ΔUa = AD ΔUD + AGl ΔUGl ,
Осы қатынастардан синфазалық сигналдың әлсіреу коэффициентін тиімді анықталуы шығады. ΔUa =0 –да :
G ‗ AD ‗ - ΔUGl
AGl ΔUD Ua =const
Күшейткіштің шығысындағы синфазалық сигналдың күшеюін компенсациялау үшін күшейткіштің кірісіне дифференциалдық кіріс кернеудің ΔUD қандай мәнін беру керек екендігін синфазалық сигналдың әлсіреу коэффициенті көрсетеді. (1.3) формуласындағы жылжымалы кернеуін былай жазуға болады:
Ua = AD (UD – UО) + AGlUGl ,
Синфазалық кіріс сигналдың функциясы ретіндегі операциялық күшейткіштің шығыс кренуі.
немесе Ua = AD [(UD – UО) + 1/2 UGl ] (1.4)
мұндағы U0 → 0 және UGl → 0 қатынасы (1.1) формуласының түрін алады. UD – ға қатысты теңдеудің шешімі:
UD = U0 + (Ua /AD) – (UGl/G ) (1.5)
Идеалды операциялық күшейткіш үшін U0 = 0, AD → ∞ және G → ∞. Ол теорияда шығыс кернеудің Ua соңғы әр мәнін алу үшін UD шектеусіз кіші кернеуін қою керек.
Универсалды қолдануға арналған операциялық күшейткіштің тұрақтылығы жағынан бірінші ретті төменгі фильтр сияқты жиілікті сипаттамасы болу керек. Сонымен қатар бұл талап жиілікке кем дегенде |AD|=1 дейін орындалуы қажет. Осы талаптарды орындау үшін операциялық күшейткіштің сұлбасында жиіліктің өте төмен кесуі бар төменгі жиілікті фильтр болуы қажет.
Комплексті жазбада осындай күшейтудің дифференциалды күшейту коэффициенті келесі формуламен көрсетіледі:
A D = A D / 1+j(f/fgA) (1.6)
Мұнда A D - A D-ның төменгі жиіліктегі шекті мәні. fgA жиіліктен жоғары 3дБ деңгейіндегі жіберу сырығының шектеріне сәйкес AD күшейту коэффициентінің модулі жиілікке қайта пропорционал. Осындайда осы жиілікті диапазонында қатынасы орындалады:
|AD|f = AD fgA = fT . (1.7)
fT жиілігінде дифференциалды күшейту коэффициентінің модулі |AD|=1 (1.7) формуладан көрінгендей, fT жиілігі күшейту коэффициенті туындысының түзулік кеңдігіне тең.
