Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ №8 каз. ран.детство-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.8 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (9). Сәби 1 айлық. Тунде ұйқысы бұзылуына,қатты айқай және мазаызданғанына анасы шағымданады. Емшекті тез алады, 250 мл/күніне су ішеді. Жүктілік кезінде ешқандай патологиялық ауытқулар болмаған. Анасының жағдайына байланысты табиғи жолмен босанбаған. Туылған кездегі дене салмағы 3800 г, ұзындығы 52 см. Анасы уақытымен баласын тамақтандырады, тәулігіне 5 рет, түнгі уақытта 8 сағат үзіліс. Лактация қалыпты. Нәжіс тәулігіне 1-2рет қоймалжың ботқа сияқты.

Қарау кезінде: дене салмағы – 4200, бойы 54 см., терісі таза қызғылт,ауыз қуысында ақ дақтар көрінеді. Кіндігі таза құрғақ,тамырлары пальпацияланбайды. Тері асты май қабаты көкірегінде және іш аймағында азайған. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгеріс жоқ; неврологи­ялық статус — өзгеріссіз

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

Анасында гипогалактия. Балада ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік даму қаупі бар.

2

Денсаулық тобын анықтап, негіздеңіз

IІ А (дене салмағы тапшылығы 5% )

3

Баланы бақылау бойынша нұсқаулар

Педиатр қарауы айына 2 рет. Бақылаулық салмағын өлшеу. Гастроэнтеролог кеңесі. ЖҚА, ЖЗА, копрограмма, дисбактериозға нәжіс.

4

Гипогалактияны жою бойынша нұсқаулар

Анасына көп сұйықтық беру, жиі емізу, сүт бездерінің массажы, Апилак күніне 3-4 рет, 1 таблеткадан тіл астына, лактацияны арттыру үшін шай, Лактомил, Амалтея қоспалары.

5

Баланы тамақтандыру бойынша нұсқаулар

Сұрауы бойынша тамақтандыру, түнгі үзіліс жасамай жиі емізу.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма10. Сәби 3 айлық. Жасанды тамақтандырады. Шағымы мазасыздық,ұйқысының бұзылысы. Туылған кездегі салмағы 3400, бойы 50 см. карау кезінде мазасыз, дауысы катты. Салмағы 4900. Бойы 58. Тері жамылғысы таза бозарған.тері тургоры төмендегентері асты май қабаты санында ішінде көкірегінде азайған. Пуэрильді тыныс, өкпе арқылы таралады, жүрек тоны анық ритмді. Іші жұмсақ, пальпацияланады, ауырмайды.

Кезеңдері.

Іс әрекеттің реттілігі

1

Болжам диагноз

БЭН (ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік). Гипотрофия 1 дәрежесі.

2

Денсаулық тобы

II-Б тобы

3

Баланы бақылау бойынша нұсқаулар

Педиатр –айына 2 рет дене салмағы калпына келгенше, содан соң айына 1рет. Жеке мамандарға айына 1 рет. ЖҚА- кварталға 1 рет, ЖЗА– жылына 1 рет , жылына 1 рет нәжістегі гельмент жұмыртқаларына, копрограмма, нәжістегі дисбактериозды анықтау.

4

Емдеу және тамақтандыру бойынша нұсқаулар

Адаптациялық қоспа, алғашқы қосымша тамақты ботқа түрінде енгізу, ферменттер (креон), эубиотиктер.

5

Тіркеуден алып тастау критерийлері

1 жаста салмағы мен бойы қалыпқа келген жағдайда