Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ №8 каз. ран.детство-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.8 Кб
Скачать

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма (7): Айжан М., 3айлық , дүниеге келген кездегі салмағы 3000г, бойы 49см, Апгар шкаласы бойынша 8 балл, бірден айқайлады, емшекке дүниеге келгеннен 2 сағаттан кейін бірден емді, казіргі кезде жасанды тамақтанады. Бірінші жүктілік, анасы 18 жаста, толық емес жанұя, темекі шеккен,10 сыныпты ғана бітірген.Баланың әкесі жоқ. Жалпы баланы атасы мен әжесі қарайды.1,5 жаста аралас тамақтануға көшкен кезде бетінің қызаруы, молочница, гнейс, нәжістің бұзылуы байқалды.

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1

Сіздің алғашқы диагнозыңыз?

Атопиялық дерматит

2

Денсаулық тобын анықтап, негіздеңіз

II-Б денсаулық тобы, күрделі анамнез болғандықтан (жүктілік кезінде темекі шегу), жасанды тамақтандыру, атопиялық дерматит, әлеуметтікжағдайы нашар.

3

Баланы тамактандыру бойынша нұсқаулар

Гипоаллергендік қоспа № 1 , көкөністік қосымша тамақтандыруды 1 ай ерте (5 айда) бастау.

4

Баланы емдеу бойынша нұсқаулар

Антигистаминді дәрілер (зиртек, зодак, фенистил)

Эубиотики (бифиформ-беби, энтерожермина, линекс)

5

Осы баланы бақылау бойынша кеңес беріңіз

Педиатр айына 1 рет, аллерголок кеңесі. Жеке мамандарға жылына 1реттен көрінеді.

«Астана медициналық университеті» ақ

1 балалар аурулар кафедрасы

Іс әрекет алгоритмі

8 ОСКЭ станциясы

Ерте жастағы балалардың диспансеризациясы

Тапсырма(8): 7 күндік нәрестеге алғашқы дәрігерлік патронаж жасалды. Қыз бала сау анадан, бірінші жүктіліктен, жүктіліктің бірінші жартысы токсикозбен өткен (16 аптаға дейін жүрек айну), ІІ-ІІІ триместрде ТТА п.б. 38 апталық жүктіліктен дене салмағымен 2960 грамм, бойы 49 см дүниеге келген. Қарау кезінде: бала ширақ, айғайы қатты, эмоционалды, дене қызуы қалыпты, емшекті белсенді емеді. Терісі таза, беті және денесі аздап сарғайған. Кіндік жарасы құрғақ, қабыну үрдісі жоқ, кіндік тамырлары пальпацияланбайды. Үлкен еңбегі 1,56х2 см. Тамыр соғысы 146 рет минутына. Жүрек тондары анық, ритмді. Тыныс алу жиілігі минутына 42 рет. Өкпесінде тыныс алу біркелкі, сырылдар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Он жақ қабырға астынан бауыр 1,5 см шығынқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Физиологиялық шығарымдары қалыпты. Үлкен жыныс еріндері кіші жыныс еріндерін толығымен жабады. Нәресте рефлексі шақырылады. Бұлшықет тонусы қалыпты. Басында шашты жабын бар.

Кезеңдері:

Іс әрекеттердің реттілігі

1

Денсаулық және қауіп-қатер тобын анықтау

II-А денсаулық тобы. Кауіп тобы трофикалық өзгерісімен бірге.

2

Баланы қарау бойынша ұсыныстар

Педиатрға айына 1рет көрінуі тиіс. ЖҚА 3 айда 1 рет (анемия көрістерді бақылау).ЖЗА – айына 1рет.

3

Фондық патологиялардың алдын алу бойынша нұсқаулар

Мешелдің алдын алу ( вит Д - 500 МЕ өмірінің алғашқы 14- 21 күндерінен бастап),анемияның алдын алу ( құрамында темірі бар препараттар 2 мг/кг алғашқы3айында белгілері білінеді.).

4

Баланы тамақтандыру бойынша нұсқаулар

Емшек сүтін қажет етуіне байланысты, гипоаллергенді тамақтандыру енгізу.

5

Вакцинацияға қарсы көрсету бар ма?

Қарсы көрсету жоқ.