Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әділбек.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.8 Кб
Скачать

Ііі.Кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасындағы өндірістік тәжірибе барысында атқарған іс шаралар

Басқарманың құрылымына мынадай құрылымдық бөлімшелер кіретін болғандықтан осы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімі;

бөлінетін радиоактивтік материалдарды бақылау және техникалық құралдарды кедендік бақылау бөлімі;кедендік рәсімдерді бақылау бөлімі;

алдын-ала операцияларды және кедендік алып жүруді бақылау бөлімдерінде болып олардың қызметімен таныстым,кызметкерлерімен танысып,еңбекті сақтау ережелерін оқып үйрендім.Жалпы іс тәжірибем Басқармадағы кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінде өтті.Онда кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіби біліктілік талаптарын сақтауына, Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кеден заңдылықтары талаптарының сәйкестігін сақтауына бақылауды ұйымдастыруға қатыстым.

Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кеден заңдылықтары талаптарына сәйкес кеден ісі саласында қызмет атқаратын тұлғаларға сәйкестік қорытындыларын берудің нысандарымен танысып оларды рәсімдеуді жүргіздім.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бір жіктемелік кодты көрсете отырып белгіленген уақыт аралығында өткізілетін, жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды декларациялауға рұқсатнамалар беру және оларды қайтарып алу шараларына қатыстым.

Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының кедендік заңдылықтарына сәйкес уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймасы, өз тауарларын сақтау қоймасы және бажсыз сауда дүкендерінің иелерін тізілімге енгізу;

Зияткерлік меншік иелерінің тізіліміне және Кеден одағына мүше мемлекеттердің Бірыңғай кеден тізіліміне енгізілген, сонымен қатар мұндай  Зияткерлік меншік нысандары кіретін тауарларды кеден амалдарына орналастырумен байланысты кеден амалдарын жүргізуде тауарларды шығаруды тоқтату бойынша жұмыстар жүргізуде бірқатар шаралар жүргіздім.

Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден амалдарын жүргізу мен кедендік бақылау жасауға құзыретті кеден бекеттерінің (оның ішінде энергетикалық, акциздік), өткізу-бақылау пункттерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орындарға бардым. Қазақстан Республикасының және Кеден одағының кеден шекараларынан жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған ақша және ақша құралдарын, тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде, шетелдік жекелелеген азаматтардың тауар өткізуіне және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кеден заңдылықтарының қолданылуына бақылауды жүзеге асыру;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жоғары тұрған кеден органына есептік ақпараттарды жинау, шолу және ұсыну;

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірлескен қызметті жүзеге асыруларға қатыстым

Кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің құзырына кіретін басқа да функцияларды атқардым.