- •Басқарманың міндеттері
- •Басқарманың қызметі
- •5.Басқарма өз құзыреті көлемінде, өзіне жүктелген міндеттеріне сай, төмендегі қызметтерін атқарады;
- •Басқарманың құқықтары
- •6.Басқарманың құқықтары бар;
- •Бөлімнің қызметі
- •5.Бөлім өз құзыреті көлемінде, өзіне жүктелген міндеттеріне сай, төмендегі қызметтерін атқарады;
- •Іі. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының қызметі,мақсаты ,еңбекті ұйымдастыру тәртібі
- •Басқарманың құқығы
- •Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы өз құзыры шегінде құқылы:
- •Басқармадағы кедендік рәсімдерді бақылау бөлімінің функциясы
- •Басқармадағы кедендік рәсімдерді бақылау бөлімі өз құзыры шегінде, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, келесідей функцияларды жүзеге асырады:
- •Ііі.Кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасындағы өндірістік тәжірибе барысында атқарған іс шаралар
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Басқарманың құқықтары
6.Басқарманың құқықтары бар;
-оперативтік-іздестіру шараларын жүзеге асыруға, кеден ісі аумағында қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық іс өндірісі бойынша анықтама жүргізуге;
-ҚР-ның кедендік және құқық қорғау органдарының қызметтік ғимараттарына, құқық бұзған адамдарды немесе ҚР заңнамалы актілерінің талаптарына сай, қылмыс жасаған сезікті адамды ұстап,алып келуге, сонымен қатар, тауарлар мен автокөлік құралдарын ұстап, оларды уақытша сақтау қоймаларына өткізуге;
-Департамент басшылығымен келісе отырып, Департаменттің ақпарат қорынан мәліметтер көруге құқылы;
-ҚР-ның заңнамалы актілеріне сай, фактілер мен оқиға болған жерге құжат толтыруға, бейне және аудио жазба,кино, сурет түсірілімдерін жасауға
-оперативтік-іздестіру шараларын жүзеге асырушы органдарға құпия түрде көмек көрсетуге рұқсатын берген адамдармен, ақылы немесе ақысыз түрде ынтымақтастық жасауға;
-оперативтік-іздестіру қызметінің міндеттерін шешетін ақпараттық жүйе мен оперативтік есепті құрып, оны қолдануға;
-конспирациялық мекемелерді құрып, бұл мақсатта, лауазымды адамдарға шифрланған құжаттарды қолдануға, оперативтік-іздестіру қызметімен айналысатын бөлімшелер,мекемелер,органдардың автокөлік құралдарының ведомствалық жатымдылығын, сонымен қатар, осы органдармен ынтымақтастық жасасқан адамдарды құпия түрде қолдануға
-оперативтік-іздестіру қызметімен айналысатын қызметкерді немесе жеке басына байланысты белгілі мәліметтерді құпия түрде сақтау арқылы, ынтымақтастық білдірген адамды қылмыстық топтарға ендіру;
-алдамшы қылмыстық іс-әрекетті білдіретін мінез-құлық үлгісін қолдануға;
-ҚР-ның аймағына қылмыстық жолмен алынып келген,алып кетуге дайындаған тауарлар мен заттардың және басқада материалдық құндылықтарға оперативтік бақылауды жүзеге асыруға;
-ҚР ҚІЖК-нің талаптарына сай, қылмыстық істерді қозғауға, сонымен қатар, кеден органдарының құзырына жататын істер бойынша анықтама ісін жүргізуге;
-қылмыстық процесте қолдану үшін, оперативтік-іздестіру шараларының қорытындыларын беруге;
-Басқарманың міндетіне жүктелген қызметті атқару үшін, лауазымды адамдар мен азаматтардан, меншік нысаны мен кімге бағынышты екеніне қарамастан, коммерциялық, коммерциялық емес мекемелер мен мемлекеттік органдардан құжаттарды, мәліметтер мен басқада материалдарды өтеусіз алдыруға құқылы;
-меншік нысанына қарамастан, мекеменің басшылары мен басқада лауазымды адамдарынан, сонымен қатар, жеке тұлғалардан бұзылған кеден заңнамаларын жоюға талап қойып, оның орындалуына бақылау жүргізуге;
-Департаменттің құрылымды бөлімшелерінен, Басқарманың міндеттерін орындауға бағытталған қызметіне сай, кез-келген ақпаратты берулерін талап етуге;
-хаттамалар толтырып, іс қозғап, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде істерді қарап, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңнамаларға сәйкес басқада шаралар қолдануға;
-өзінің құзыры көлемінде, кедендіс іс аумағында, ҚР-ның құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен, шет елдердің кедендік және басқада құзыретті органдарымен, халықаралық мекемелермен өз-ара біріккен іс-әрекеттер жүргізуге;
-Қазақстан Республикасы мен шет ел мемлекеттерінде кеден заңнамаларының қолдану тәжірибесіне талдау жасап, жинақтап қорытуға;
-Департамент бөлімшелерінің қатысуымен, тергеліп жатқан қылмыстық іс көлемінде, тексеріліп жатқан өндіріс материалы бойынша, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары жөнінде тексеріс тағайындауға, сонымен қатар, Департаменттің басқада бөлімшелері тарапынан, сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары жөнінде жүргізіліп жатқан тексеріске қатысуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау Комитетінің Алматы қаласы бойынша КБД-ні ұйымдасқан қылмыс және экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөліміні қызметі мен ұйымдастыруының біркелкі талабын Ережеде анықтайды. Бөлім, Департамент басқармасының құрылымды бөлімшесі болып саналады.
Кеден Бақылау Департаментінің Ұйымдасқан қылмыс және экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімі өзінің қызметін, Қазақстан Республикасының заңдары мен ата Заңы, ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқада нормативті құқықтық актілері мен Ережеге сүйене отырып атқарады.
Бөлім міндеттері болып саналатыны;
-ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сай, кедендік іс аумағында экономикалық қылмыстармен күресу;
-кеден ісі аумағында ұйымдасқан қылмысқа қарсы бағытталған жұмысты ұйымдастыру;
-өзінің құзыреті көлемінде, ҚР-ның экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін, сонымен қатар, азаматтардың заңды мүдесі мен бостандығын, құқығын, денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз ету;
-ҚР-ның кедендік органдарына жүктелген, ҚР-ның кедендік және басқада заңнамалар тәртібін сақтауды қамтамасыз етудің орындалуын бақылауға алу;
-ҚР-ның кедендік саясатын жүргізуге қатысу;
-ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінің орындалуын, сонымен қатар, өзінің құзыреті көлемінде, шет мемлекеттің кеден, басқада құзыретті органдары мен халықаралық мекемелерімен, кедендік іс аумағында экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бағытында ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
