Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әділбек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.8 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Әлеуметік қызмет және бизнес» факультеті

«Саясаттану және құқық» кафедрасы

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде өткізген өндірістік іс-тәжірибесі туралы

ЕСЕБІ

«5В030400 Кеден ісі»

мамандығы бойынша

4-курс студенті, 414-топ,

қаз. бөлімі

Абдисалихов .Ә

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң

өндірістік тәжірибе жетекшісі

аға оқытушы Нуранова .Р.К

«___»________________2012ж.

Кәсіпорынның өндірістік тәжірибе жетекшісі

КББ бастығы Смагулов А.

«___»________________2012ж.

Алматы, 2012ж.

Жоспар

Кіріспе..........................................................................................................3

І. Алматы қаласының Кедендік бақылау департаентің құрылуы, қызметі құрылымдық болімшелері---------------------------------------------------------4-11

ІІ. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасының қызметі,мақсаты еңбекті ұйымдастыру тәртібі------------------------------------------------------------- 12-21

ІІІ. Кедендік бақылауды ұйымдастыру Басқармасында өткен өндірістік тәжірибе барысында атқарған іс шаралар -----------------------------------21-23

Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------24-25

Қолданылған әдебиет тізімі---------------------------------------------------------26

Қосымшалар

Кіріспе

Еліміздің әлемнің барлық мемлекеттерімен қарым қатынас жасап отырған бүгінгі жағдайында және Қазақстан, Ресей және Беларусь Республикаларының Кеден одағын құрылуына байланысты кедендік бақылауды жетілдіру және нығайту экономикамыз үшін, әсіресе ұлтттық қауіпсіздікті сақтауда өте өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Нарықтық қатынастардың кең етек жаюы жағдайында, сыртқы экономикалық қызмет қоғам мен жекелеген адамдардың өмірінен елеулі орын алып, сыртқы экономикалық қызметтер арқылы мемлекеттің ел экономикасының өсіп дамуына белсенді де қарқынды түрде ықпалын тигізіп отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің биылғы ел халқына Жолдауында «...ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ», деп атап өткен болатын[1].

Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Заңда қарастырылған жағдайдан басқа Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлык тауарлар мен көлік кұралдары кеден бақылауына жатады. Кеден бақылауы кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеру және т.б. белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі. Соңғы кездегі статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізге келетін тауарлардың 20-30 пайызы контрабандалық жолмен ел аумағына енеді екен [2]. Бұл мәлімет кедендік бақылауды одан әрі жетілдіре түсу қажеттілігін көрсетеді.

Кеден бақылауы анықталған кеден бақылау аймағында, кедендік рәсімдеу немесе кеден органдары орналасқан жерлерде және кеден органы бекіткен баска орналасу үшін рұқсат беруді қарастырады, ол үшін кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналастыруға тиіс аумаққа және ғимаратқа кез-келген тұлғаның келуі үшін алдын-ала кеден органына хабарлама, қажетті құжаттар талап етіледі немесе бақылау жүктелген кеден органының қызметі жүзеге асырылады.

3

І. Алматы қаласының Кедендік бақылау департаентің құрылуы, қызметі құрылымдық болімшелері

1979 жылдан бастап Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Сыртқы сауда министрлігінің Бас кедендік басқармасының Ташкент кеденінің Алматы кеден бекеті жұмыс істеді. КСРО Сыртқы сауда министрлігінің Бас кедендік басқармасының Ташкент кеденінің Алматы кеден бекетінің бастығы Харькин Иван Кузьмич болды. Кеден органдарында 1964 жылдан 1983 жылға дейін қызмет атқарды. Қазіргі уақытта құрметті демалыста.

1982 жылы сыртқы экономикалық қызметті белсендірумен байланысты көптеген кәсіпорындар экспортқа шығаруға қаражат тапты, Алматы бекетін Ташкент кеденінен бөлу және КСРО Сыртқы сауда министрлігінің Бас кедендік басқармасына тікелей бағынатын орган құру қажеттігі толып жетілді. Солай Алматы кедені КСРО Сыртқы сауда министрлігінің Бас кедендік басқармасына бағынатын дербес бөлімше ретінде Ташкент кеденінен бөлінді.

Бір жылдан кейін Алматы кеден бекеті Алматы қаласы Бейбітшілік көшесі, 75 үйде тұрған Алматы кедені болып қайта құрылды. 1988 жылы Алматы кедені Қазақ Республикалық кедені болып қайта құрылды.

Егемендік алумен Қазақстан Республикасы Президентінің 12.12.1991 ж. № 539 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Кеден комитеті құрылды.

12.11.1992 ж. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің құрылымына және оның құрылымдық бөлімшелеріне өзгерістер енгізу туралы» 12.11.1992 ж №963 Жарлығына сәйкес Кеден комитеті ҚР Қаржы министрлігіне бағындырылды. 1993 жылғы тамыздан бастап Бас кеден басқармасының бастығы-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып Қапсұлтанов Амангелді Қапсұлтанұлы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 01.04.1995 ж. №2160 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды.

1995 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитетінің төрағасы болып Дербісов Еркешбай Жайлаубайұлы тағайындалды, Кеден комитетін 1995 жылғы сәуірден бастап 1996 жылғы қыркүйекке дейін басшылық етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 14.01.1997 ж. №3329 Жарлығымен ҚР Кеден комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті болып қайта құрылды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.06.1997 ж. № 932 қаулысымен Қазақстан Републикасы кеден органдарының айыру белгісі мен айыру туы бекітілді.

10.10.1997 ж. ҚР Президентінің №3655 Жарлығымен функциясы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беріле отырып ҚР МКК қысқартылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті құрылды. ҚР Президентінің 12.10.1998 ж. № 4114 Жарлығымн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігі құрылды және мүлікті және істерді басқару бойынша Кеден комитетінің функциясы мен өкілеттігі құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігіне беріліе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қайта құрылды.

Басқарманың міндеттері

4.Басқарманың міндеті болып саналатыны; Басқарма, Департаменттің құрылымды бөлімшесі болып, төмендегі бөлімшелерден тұрады;

-экономикалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімі

-әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы күрес бөлімі

-есірткі зат контрабандасына қарсы күрес бөлімі

-оперативтік-техникалық бөлімше

-талдау, бақылау бөлімшесі

- анықтау бөлімшесі

-ҚР-ның кедендік саясатын жүргізуге қатысу

-өзінің құзыреті көлемінде, ҚР-ның экономикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

-ҚР-ның кедендік органдарына жүктелген, ҚР-ның кедендік және басқада заңнамалар тәртібін сақтауды қамтамасыз етудің орындалуын бақылауға алу

-кеден ісі аумағындағы сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау

-ҚР-ның халықаралық міндеттемелерінің орындалуын, сонымен қатар, өзінің құзыреті көлемінде, шет мемлекеттің кеден, басқада құзыретті органдары мен халықаралық мекемелерімен, кедендік құқық бұзушылыққа қарсы күрес аумағында ынтымақтастықты қамтамасыз ету

-кедендік іс аумағында құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізу

-кеден ісі аумағында қылмыстарды тергеуді сапалы және уақытылы ұйымдастыру

-ҚР кеден органдары тарапынан заңнамаларды қолдану барысындағы нәтижелі тәжірибені қолдану,зерттеу, талдау

-кеден ісі аумағындағы қылмыстар мен құқық бұзушылық жөнінде талдау жүргізу

Басқарманың қызметі

5.Басқарма өз құзыреті көлемінде, өзіне жүктелген міндеттеріне сай, төмендегі қызметтерін атқарады;

-кеден ісі аумағында қылмыстарды анықтау,ескерту және жою мақсатында, оперативтік іздестіру қызметін жүргізу,ұйымдастыру, экономикалық контрабандаға қарсы күрес, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бұлтарту, контрабандалық жолмен есірткі заттарды, психотропты, прекурсорлар мен жарылғыш заттарды және кеден іс аумағында ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-әрекеттерді ұйымдастыру

-ҚР-ы мен басқада мемлекеттердің кеден органдарының кеден ісі аумағындағы, экономикалық контрабандаға қарсы, кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бұлтарту және тағы да басқа қылмыстарға қатысты нәтижелі тәжірибені қолдану,зерттеу, талдау

-Басқарманың құзырына жататын, ҚР-ның кеден органдарының лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері мен әрекетсіздігіне келтірілген шағымдарды объективті, уақытында қарауды қамтамасыз ету

-ҚР кеден органдарындағы кинология қызметінің дамуына бақылауды жүзеге асыру

-қызметтік іздестіру иттерін есепке алу, сақтау және қолдануға бақылау жүргізу

-басқарманың құзыретінде жататын сұрақтар бойынша, Департаменттің құрылымды бөлімшелерімен өз-ара біріккен іс-әрекеттерді қамтамасыз ету

-өз құзыреті көлемінде прокурордың, сот органдарының актілерінің орындалуын қадағалау

-қызметтік иттерді оқыту,дайындау және қайта даярлауға бақылау жасау

-Басқарманың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша, жеке және заңды тұлғалардың жүгіністерін қарау

-түскен материалдар бойынша, заңды процессуальдық шешімдер қабылдап, ҚР ҚІЖК-нің 182-189 бабтарының талаптарына сай, кеден органдарының құзыретіне жататын қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізуге

-өзінің құзыреті көлемінде, ҚР-ның құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен, шетел мемлекеттерінің кедендік және басқада құзыретті органдарымен, халықаралық мекемелермен кедендік қылмыстар мен құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселесі бойынша, өз-ара іс-әрекет жасау

-Департамент басшылығына ұсыныстар енгізіп, кеден органдары тарапынан заңсыз процессуальдық шешім қабылданған құжаттар бойынша, прокуратура органдарына талап, өтініштер дайындауға

-Департамент басшылығына, кеден органдарының лауазымды адамдары тарапынан, Басқарма құзыретінің көлемінде, заңнамалардың талаптарын бұзған фактілер бойынша, ұсыныстар енгізуге

-Басқарма құзыреті көлемінде, нормативті және құқықтық актілерді өңдеу және оған қатысуға

-бөлек оперативтік-іздестіру шараларын жүргізу барысында, оперативтік-техникалық құралдарды қамтамасыз ету

-байланыс жүйесінде оперативтік іздестіру

-арнайы техникалық құралдар, бейнеаудиотехника арқылы құпия түрде телефон, басқада байланыс құралдарынан әңгіме желісін тыңдап,жазып алып, сонымен қатар, телефон арқылы әңгіме желісі бойынша мәліметтер алуға

-техникалық байланыс каналдары арқылы ақпараттарды алуға

-компьютерлік жүйелер мен басқада техникалық құралдар арқылы ақпараттарды алуға

-қоршаған ортаға, жеке адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмейтін арнайы техникалық құралдарды (аудио-видео жазба, кино,сурет түсірілімі және тағы басқа техникалық құралдар) қолданып, бақылау жүргізуге

- тұрғын үй, басқада ғимараттар мен белгілі аймақтарға, автокөлік және басқада техникалық құралдарды зерттеу үшін, онда енуге

-контрабанданы ұйымдастыру, оның жылжу маршрутын, тығу тәсілі мен оны анықтауға бағытталған әдістемелік тәсілдерді өңдеу

-кеден ісі аумағындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтың жағдайы жөнінде талдау жүргізіп,оны өңдеу жатады.