
- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
Бұрмалы электр жетектерін басқару үшін релелік орталықтандырудағы бұрмамен басқару сұлбаларын қолданады. Олар жауапты сұлбалар болып табылады және де қауіпті ақау бермеу керек. Сондықтан да олардың құрылысы бойынша кез-келген ақау кезінде бұрманың ауысуын немесе оның орналасуы туралы жалған бақылаудың алынуын жоққа шығарады.
Бұрмамен басқару сұлбасы жылжымалы құрам астындағы бұрманың ауысу мүмкіндігін және өзімен-өзі бұрманың ауысуын болдырмайды, егер де бұрмалы секцияға ауысу кезінде жылжымалы бірлік кіргенде бұрманың ауысуының аяқталуын; тек қана бос бұрмалы телім кезінде бұрманың ауысу мүмкіндігі орнатылған маршрутта тұйықталған бұрма ауысу мүмкіндігінің жоғы.
Бұрмамен басқару сұлбасы үш тізбектен тұрады: басқарушы, жұмыс және бақылау.
Басқарушы тізбегі бақару пультінен бұрмалы электр жетегінің іске қосу аспаптарын қосып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды тексеру үшін арналған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттар: бұрмалы телімнің бостығы, «жау» маршрутындағы бұрманың тұыйықталуының жоқ болуы.
Жұмыс тізбегі бұрмалы электр жетегінің қозғалтқышын қоректену көзіне қосу үшін, бұрманы бір күйден екінші күйге ауыстыру үшін арналған.
Бақылау тізбегі бұрмалы жетектің (бұрманың) плюстік, минустық және аралық күйлерін үздіксіз бақылау үшін қызмет етеді.
Екі сымды сұлбада келесі релелер мен кнопкалар қолданылған (10.1-сурет):
НПС – кернеуі 220 В (РП, РМ) сызықты сым батареяларына қосылу үшін арналған нейтралды іске қосылу бұрмалық реле. Ауысу кезінде жұмыс тоғының өтуін бақылайды.
ППС – жұмыс тізбегінің сызықты сымдарындағы тоқ бағытын өзгертетін полярлы іске қосылу бұрмалық реле.
Р – полярлы типті реверсиленетін реле, автоауыстырып қосқыштың түйіспелері арқылы бұрмалы электр қозғалтқыштың орамдарын сызықта сымдарға қосылуын жүзеге асырады.
ОК, ПК мен МК – бұрмалы жетектің үш күйін (екі шеткі және аралық) бақылау үшін арналған жалпы бақылау, плюстік және минустық бақылау релесі.
ВЗ – бұрмалы телімнің шеткі күйлерін бақылайтын реле (бұрма взрезінің жоғын бақылау). Ол күзет бұрмалары мен габаритті емес түйіспелерінің күйін тексеру үшін маршруттарды орнату мен ажырату сұлбаларында қолданылады;
10.1-cурет. Бұрмалы электр қозғалтқышын басқарудың екі сымды сұлбасы
З – тұйықтаушы реле (сұлбада бұл реленің түйіспесі бар), бұл бұрманың орнатылған маршруты кезіндегі іске қосылу релесін (өшіру) айырып тастау үшін арналған.
СП – бұрмалы-жолдық реле (сұлбада бұл реленің түйіспесі бар), жылжымалы құрам бар кезіндегі бұрма ауысуының мүмкіндігін жоққа шығарады.
СП-ЭО басқару пультінен (7 телім) бұрманың жеке басқарылуы үшін бұрмалық коммутатор;
ПУ, МУ – плюстік және минустық басқарушы релелер маршруттың басталуы мен соңының кнопкаларын баса отырып ЭО басқару пультінен бұрмалардың маршрутты (топтың) ауысуы кезіндегі берілген бұрмамен басқару үшін арналған (2 телім).
Д, СМУ, МИ – деорталықтандыратын, бұрмалы басқарушы және шектеуші релелер, маневрлік колонкадан жергілікті басқаруға берілген бұрманы бақылау үшін арналған (3 телім)
ВК – көмекші қосымша кнопка (пломбаланған), бұрмалы оқшауланған тізбектің РТ-нің қоректенуі үзілгенде бұрманы ауыстыру үшін басқару пультінде орнатылады.
Бұрманы ауыстырған кезде, мысалы, минустік күйге. СК бұрмалы коммутаторды айналдырады, нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды тексеруі бар НПС пен ППС релелерден тұратын басқарушы тізбек тұйықталады. Басқару органдарының жағынан қозу орамының аз уақытта қоректі қамтамасыз ету үшін НПС релесі бірінші іске қосылады (П – СК – МИ – ППС – Д – НПС – З – СП – М), ал ППС релесі – екінші болып қосылады (П – СК – МИ – НПС – ППС – З – СП – М).
ППС релесінің түйіспелері ауысқаннан кейін НПС релесінің қозу орамы қорек көзінен ажырайды, бірақ та өзекшенің мыс гильзасы мен сыйымдылығы 500 мкФ конденсаторы тудыратын якордің түсуіне бояулатуына байланысты үстіңгі түйіспелері ажырамайды. Бұл баяулату Р реверсиленетін релесі үшін қажетті (РП – ППС – НПС – Л1 – Р – Л2 – НПС – ППС – НПС – РМ), жұмыс тізбегінің тұйықталуы және ток (1-3) орамы бойынша (РП – ППС – НПС – Л1 – Р – 41 – 42 – АП – МСП – БК – Л2 – НПС – ППС – НПС – РМ) НПС релесінің якорьін ұстап тұруына жеткілікті қозғалтқыш орамдарындағы тоқ көбеюі үшін қажетті.
Бұрма ауысуының соңында электр қозғалтқыштың жұмыс тізбегі автоауыстырып қосқыштың жұмыс түйіспелерімен (41-42 АП) ажырайды да, ПС релесі үстіңгі түйіспелерін ажыратады. Егер бұрма шеткі күйге жетпесе, мысалы үшкір мен рамды рельс арасына бөтен зат түсіп қалғанда, онда 41-42 АП түйіспесі ажыратылмай, электроқозғалтқыш фрикцияға жұмыс істейді. Бұрманы бастапқы күйге қайтару үшін бұрмалы коммутатор айналу керек. Бұл кезде ППС релесі түйіспелерін ауыстырып сызықты сымдағы жұмыс кернеуінің полярлығы өзгереді. Реверсивтік реле іске қосылады және ауысу уақыттан да тұйықталған 11-12 АП түйіспелері арқылы электр қозғалтқыштың қозу орамының басқасы қорек алады, бұл электр жетектің реверсилеуіне алып келеді.
НПС релесінің үстіңгі түйіспелерімен ОК бақылау релесі сызықты сымдарға қосылады, бұл барлық бақылау релелердің бұрма ауысуының басталмауына дейін қосылмауын қамтамасыз етіп, бұрма ауысқаннан кейін ғана олардың қосылуын қамтамасыз етуі. ОК релесі кернеуі 170 В айнымалы тоқты түзетілген винтильдің тұрақты құрамдасынан жұмыс істейді, ол ауыстырып қосқыштың бақылау түйіспелері (21-22, 23-24 АП плюстік күйі үшін және 31-32, 33-34 АП минустік күйі үшін) арқылы өтетін тізбек бойынша өтеді.
СКТ оқшаулағыш трансформаторы арқылы бақылау тізбегі қорек алады, оны екінші орамына С конденсаторы және R3 қорғау резисторы қосылған. С конденсаторы ішкі кедергісі аз СКТ трансформатордың орамдары арқылы тұрақты құрамдасының тұйықталуын болдырмайды, осының есебінен бір периодты түзетілуінің ПӘК (КПД) артады. ОК релесінің орамдарындағы тоқтың бағыты электр жетектің автоауыстырып қосқышты түйіспелерінің күйіне байланысты болады. Олар бұрманың күйіне байланысты вентильдің бақылау тізбек сұлбасына қосылуын өзгертеді.
Вентильге тізбектей кедергісі 1000 Ом резистор қосылған, ол вентильдің бұзылуын, бұрмалы электр жетектің іске қосылуының бастапқы кезеңіндегі жұмыс батареясының қысқа тұйықталуын болдырмайды. Бұдан басқа, бұл кезеңде кедергісі 1000 Ом резисторы вентиль арқылы НПС іске қосылу релесінің ұзақ уақытқа блоктауын болдырмайды, егер реверсилік реле жұмыс істемей, оны жұмыс батареясынан ажыратпаған жағдайда. Ал бұл жағдайда кедергісі 1000 Ом резисторы НПС релесінің ұстап тұру орамында тоқты 0,24-0,2 А дейін азайтады. Нәтижесінде соңғысы якорді жібереді.
Жауапты сұлбаларда ПК мен МК бақылау релелері орнатылған, олардың тізбегіндегі ОК бақылау және ППС іске қосылу реле түйіспелерінің күйінің сәйкестігін тексеру нәтижесінде ОК релесінің полярлы жәшігінің іске қосылмауы кезінде жалған бақылаудан сақтау жүзеге асырылады. Бірақ та бұл қорған тиімді болады, егер НПС релесі бірінші іске қосылса, ал ППС релесі – екінші. Басқаша болған жағдайда кезекші бұрманы ауыстырып, ОК релесінің полярлы якорінің дұрыс істемегенінен оның орналасуын бақыламай, бұрманы бастапқы күйге қайтару үшін бұрмалы кнопканы басады, және ППС релесі, полярлы якорін ауыстыра отырып, ОК релесі ажырамай тұрғанда тізбекті ерте тұйықтайды. НПС релесінің нейтралды жүйесі бұл уақытта апатты күйге келіп, қысқа уақытқа емес, ұзаққа созылған жалған бақылау пайда болуы мүмкін.
Р релесіне тізбектей қосылған кедергісі 12 кОм резистор Р релесінің бұрманың іске қосылу сәтінде жүктемелі болуын болдырмайды. R3 резисторы бұрманың аралық күйде болғанда және ажыратылған іске қосылу релелері кезінде пайда болатын өтпелі үрдістердің тоқтарымен бақылау тізбегінің қысқа тұйықталу тоғын шектейді. Диод ППС релесінің орамдары арқылы сыйымдылығы 500 мкФ конденсатордың разрядын алдын-ала болдырмайды.
Аппаратура мен кабельді экономдау үшін сұлба бұрманың тізбектей (кезектес) ауысуына рұқсат етеді. Бұл кезде бірдей сызықты сымда екі бұрма үшін де қолданылады. Іске қосылу релелері қосылғаннан кейін орталық постқа және оң жақын бұрма ауысады, оған реверсиленген реле орнатылады, ал оның ауысуы аяқталғаннан кейін автоауыстырып қосқыштың бақылау түйіспелері арқылы екінші болып электр қозғалтқыштың тізбегі тұйықталады.
Бұрмалардың ауысу қызметін жүзеге асыратын жүйе бөлігінің құрылымын қарастырамыз (10.2-сурет).
10.2-сурет. Бұрмалардың ауысу қызметін жүзеге асыратын жүйе бөлігінің құрылымдық сұлбасы
Телебасқару қызметі орындалды деп саналады, егер бұрмалық коммутатор командасы бойынша бұрма бір жағдайдан келесі жағдайға ауысып, бекітілсе.
Бұрмалы жетекті басқару сұлбасы істен шыққан кезде электр қозғалтқыш валын курбель көмегімен айналдыра отырып, бұрманы бұруға болады. Бұл, батырманы басқаннан әлдеқайда қиын, бірақ бұрмалы жетекті басқару сұлбасымен электрқозғалтқышты толығымен алмастыруға болады. Олай болса, бұрмалы жетекті басқару сұлбасы бұрмалық электр қозғалтқышты басқаратын телебасқару жүйесінің тәуелсіз өздік бөлігі екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл жүйенің орындайтын негізгі мәселесі ЭО постында орналасқан қорек көзіне электржетек қозғалтқышын қосу болып табылады. Бұл қызмет электрқозғалтқыштың жұмыс тізбегін тұйықтау сұлбасы деп аталады.
Бұрмалы жетексіз бұрманы бұруға болады, яғни бұрма үшкірлерін шибермен қосатын жұмыстық тартымдарды ажырату қажет. Олай болса, бұрмалы электржетек те телебасқару жүйесінің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі болып табылады.
Қажет сәтінде электрқозғалтқыш орамасын қорек көзіне қосу басқару жүйелерінің негізгі қызметтерінің біріне жатады. Ол қарапайым жағдайда электрқозғалтқышты қосу батырмасының рөлін орындайды. Бірақ, бұл жағдайда батырма қозғалтқыштан үлкен қашықтықта орналасқан.
Бұрмалық гарнитуралары бар электржетектің негізгі жұмыстық қызметтерінің біріне бұрма үшкірлерін бір жағдайдан келесі жағдайға ауыстыру оларды шеткі жағдайлардың бірінде тұйықтау жатады.
Қарапайым бұрмалық ауысу екі жолды қосу үшін және осы немесе басқа бағыттағы бүйр жолға ауысу кезінде қызмет атқарады.
Қарастырылып отырған жүйе, басқа кез-келген басқару жүйелері сияқты атқарушы құрылғыларды басқарушы командалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Әрбір басқару жүйесі өзінің жұмыстық қызметтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруы қажет. Бұл жағдайда, ол бұрманы бұру, бұрма үшкірлерін шеткі жағдайлардың бірінде тұйықтау.
Телебақылау қызметін жүзеге асыратын жүйе бөлігінің құрылымы келесі блок-сұлба түрінде көрсетуге болады (10.3-сурет).
10.3-сурет. Телебақылау қызметін жүзеге асыратын жүйе бөлігінің құрылымдық сұлбасы
Телебақылау қызметін жүзеге асыру келесі түрде ұйымдастырылған:
а) тұйықтауды бақылау тапсырмасын, сәйкесінше бұрма үшкірлерінің шеткі жағдайда болуын бақылау сызғыштары және бақылау тартымдары көмегімен бұрма үшкірімен байланысқан автоауыстырып-қосқыш орындайды;
б) басқару тізбегінің бақылау тізбегі автоауыстырып-қосқыштың бақылау түйіспелерінің жағдайы туралы ақпарат алады және сәйкес бақылаушы реленің қосылуын басқарады.
Электржетекті басқару сұлбасы автоауыстырып-қосқыштың бақылау түйіспелерінің жағдайын бақылайды. Автоауыстырып-қосқыштың бақылау түйіспелері тек қана бұрма үшкірлерінің ортаңғы жағдайда болған кезінде ғана емес, сонымен қатар бұрмалық гарнитураның немесе автоауыстырып-қосқыштың өзінің ақауы кезінде де ажыратылуы мүмкін.
Орталықтандырылған бұрманың жалпы блок сұлбасын келесі түрде бейнелеуге болады (10.4-сурет).
Орталықтандырылған бұрманың блок-сұлбасын қарастыра отыра, келесідей қорытындылар жасауға болады:
а) басқару сұлбасымен басқарылатын бұрмалы электржетекті бақылау және жұмыстық әсер объектісі болып бұрмалы ауысудың үшкірлері табылады. Бұрмалық ауысу тіке жолдан осы немесе басқа бағыттағы бүйір жлға ауысуы кезінде екі жолды қосу қызметін орындайды;
б) бұрмалы электржетек басқару сұлбасынан келетін команда бойынша бұрма үшкірлеріне жұмыстық әсерді жүзеге асырады, үшкірлердің шеткі жағдайында тұйықталуын және бұрмалық гарнитураның бүтіндігін бақылайды;
10.4-сурет. Орталықтандырылған бұрманың жалпы блок сұлбасы
в) бұрмалық электрқозғалтқышты басқару сұлбасы бұрмалық коммутатор командасы бойынша қозғалтқыш орамаларын қорек көзіне қосады және автоауыстырып-қосқыштың бақылау түйіспелерінің жағдайын бақылайды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Бұрмалы электрқозғалтқышты басқарудың екі сымды сұлбасының тағайындалуы.
2. Сұлбаның қорғаныш қасиеттері.
3. НПС релесіндегі баяулатудың қажеттілігі.
11-дәріс