- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
Басқару және бақылау аппараттары
Басқару және бақылау аппараттарына пульттар (пульт-табло), пульт-манипуляторлар, шығару таблолары, пульт-стативтер, маршруттарды жасанды ажырату үшін арналған барырмалары бар шкафтар және маневрлік колонкалар жатады. Электрлік орталықтандыру жүйесімен жабдықталған Қазақстанның темір жол желісіндегі бекеттерде үш түрге жіктелетін пульттар, пульт-манипуляторлар және шығару таблолары қолданылады, яғни оларға тұтас беттік панельі және 24 В кернеулі коммутаторлық шамы бар желобкового типті басқару және бақылау аппараттары, 24 В кернеулі коммутаторлық шамдар қолданылған блокты элементтер (мозайкалық блоктар) және индикация үшін жарық диодтарынан тұратын субблоктар қолданылған блокты элементтер жатады.
Бірінші топтағы басқару аппараттарына электрлік орталықтандырудың ПМ-ЭЦ типті пульт-манипуляторлары және ТВ-ЭЦ типті шығару таблолары, релелік және маршрутты-релелік орталықтандыру пульттары, УП-1 және УП-2 типті бірыңғайлы пульттер, маршруттар секцияларын жасанды ажырату үшін арналған барырмалары бар шкафтар, ПСРБ-2 және РПБ типті релелік жартылай автоматтандырылған блокировка пульт-стативтері, маневрлік колонкалар жатады.
Екінші топтағы басқару аппараттарына ППНБ типті мозаикалық блоктардан тұратын таблосы бар пульттер және ТВБ типті блокты шығару таблолары жатады.
Басқару аппартының үшінші тобына ППНБМ типті жарық диодтарынан тұратын субблоктары бар пульт-таблолар, ПН-640 және ПН-1120 типті жарық диодтарынан тұратын субблоктары бар пульттар, жарық диодтары бар субблоктар қолданылған блокты шығару таблолары жатады.
Басқару және бақылау аппараттарында индикация үшін жарық диодтарын қолдану электр энергия шығынын азайтуға, индикация элементтерінің жұмыс мерзімін ұзартуға және басқару аппараттарына техникалық күтім көрсету жұмыстарының көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.
УП типті бірыңғайлы пульттер. 6.1-суретте УП-1 және УП-2 типтердегі пульттердің сыртқы көрінісі бейнеленген. Мұндай басқару аппараттары электрлік орталықтандыру жүйесімен жабдықталған аралық бекеттерде қолданылады және пульт таблосында жолдар мен бұрмалы секциялардың бос немесе бос еместігін, бұрмалардың жағдайын және бекеттік бағдаршамдардың белгілерін бақылаумен қабылдау және жөнелту маршруттарына кіретін бұрмалар мен бағдаршамдарды жеке басқаруға мүмкіндік береді. Бұл типтегі басқару пульттері автоматты блокировкамен жабдықталған темір жол телімдерінде орналасқан бұрмалары қолмен басқарылатын бекеттерде де қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда олар сигналдық орталықтандырғыштар қызметін атқарып, бағдаршамдар мен бұрмалардың өзара тәуелділігін қамтамасыз ете отырып, тек қана бағдаршамдарды басқару үшін пайдаланылады. УП-1 және УП-2 типтердегі пульттерде нүктелік индикация қолданылады (бұрмалық секциялар мен қабылдап-жөнелту жолдарының бос еместігі сәйкес оқшауланған телімге сәйкес келетін бір шамның қосылуымен бақыланады). Пульттің беттік панельінің жоғарғы бөлігінде металл жолақтар (шильдиктер) түрінде орындалған бекеттің мнемосұлбасы орналасады, ал төменгі бөлігінде басқару батырмалары мен индикаторлық шамдар орналасады. Бекет сұлбасында бұрмалар мен бекеттік жолдардың нумерациясы, оқшауланған телімдердің шекаралары және бекетке жуықтау атаулары көрсетіледі. Бағдаршамдарың орналасуы олардың қайталағыштарын кескіндеумен белгіленеді.
6.1-сурет. УП типті пульт
Бірмезгілде жанатын шамдардың, әсіресе бекет кезекшісінің көзін шалдықтыратын қызыл түстің санын қысқарту үшін шығу бағдаршамдарының қайталағыштары тек қана жасыл түсті шамдарға, ал маневрлік бағдаршамдар – осы бағдаршамдары ашу кезінде жанатын ақ түсті шамдарға ие. Кіру бағдаршамының жағдайы туралы анық ақпарат алу үшін оның қайталағышында үш бақылау шамдары қолданылады: кіру бағдаршамының жабық күйінде жанатын қызыл шам, кіру бағдаршамында кез-келген рұқсат етуші түс пайда болған кезде жанатын жасыл шам және шақырушы сигналдың қосылуын бақылайтын ақ түсті шам. Бекет сұлбасының оқшауланған секциялары мен жолдарында бір ақ шамнан орнатылады, яғни бұл шамдар сәйкес телімдер бос болмаған кезде жанады. Бекеттің әрбір жуықтауында екі жақындау (алыстау) телімдерінің жағдайы бақыланады. Әрбір жақындау (алыстау) теліміне қызыл және ақ түстегі екі бақылау шамдары орнатылады. Пойыздың жақындау теліміне түскендігін бақылау үшін қысқа уақытқа қосылатын «Приближение» деп аталатын қоңырауы бар қосымша дыбыстық сигнализацияны пайдаланады.
Бекеттің басқару пультінің әрбір алқымына үш сигналдық барырмалар орнатылады: «Отправление» – шығу бағдаршамдарын ашу үшін; «Прием» – кіру бағдаршамын ашу үшін және «Пригласительный» – бұл батырманы басқан кезде кіру бағдаршамында шақырушы белгі қосылады. Қабылдау мен жөнелтудін сигналдық батрымалары үш позицияға ие, яғни қалыпты жағдайдан басу немесе тарту арқылы шығуы мүмкін. Бағдаршамдарды ашу сәйкес батырманы бағдаршам қайталағышында жасыл шамның қосылу сәтіне дейін басып тұру арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланылмаған маршруттың бағдаршамын жабу үшін батырма тартылады және бағдаршам қайталағышында жасыл шам сөнгенше ұстап тұрылады. Шақырушы белгілерді қосу батырмалары басу санын санайтын санауыштармен жабдықталады. Шақырушы белгінің барлық қосылу уақытында бекет кезекшісі бұл батырманы басылған жағдайда ұстап тұруы қажет.
Сигналдық батырмалардан төмен бұрмаларды бұру батырмалары мен бұрмалар жағдайының индикация шамдары орналасады. Бұрманың плюс жағдайын бақылау сәйкес батырмада жасыл шамның қосылуымен жүзеге асырылады. Бұрманың минус жағдайы сары шамның қосылуы арқылы бақыланады. Бұрма үшкірлері шеткі жағдайға ие болмаған немесе рамдық рельске нық жанаспаған кезде екі бақылау шамының ешқайсысы да қосылмайды және қосымша бұрма взрезінің қоңырауы қосылады. Қоңыраудың ұзақ жұмысы кезінде «Выключение звонка взреза» батырмасын басу арқылы ажыратуға мүмкіндік болады. Бұрмалы жетектің электрқозғалтқышын қосу үшін сәйкес бұрманың батырмасын қысқа уақытқа басу жеткілікті.
Басқару пульінің бет жағының төменгі бөлігінде келесі батырмалар орналасады:
- маршруттардың әрбір тобына арналған жасанды ажырату батырмалары (екі позициялы батырмалар). Әрбір батырманың астында маршруттар тұйықталған кезде үздіксіз жатантын, ал жасанды ажырату кезінде жанып-сөнетін ақ шам орналасады;
- ақаулар себебінен рельс тізбектерінің жалған бос еместігі кезінде бұрмаларды бұру үшін арналған пломбаланатын бұрмаларды аппаттық бұру батырмасы;
- бекеттік бағдаршамдардың жұмыс режимін таңдау үшін арналған кернеуді екі есе төмендету батырмасы;
- бұрмаларды жергілікті басқаруға беру және жергілікті басқару ауданындағы бұрма нөмірлерін санаумен маневрлерге рұқсат беру батырмасы. Батырмалар астына жергілікті басқару щитінен кілттің алынғандығын білдіретін шамдар орнатылған. Бұл батырмалар үш позицияға ие: бекет кезекшісі бұл батырманы баса отырып, маневрлерді жүзеге асыруға рұқсат береді, ал тарта отырып тыйым салады;
- бекет алқымын шақыру, бұл батырма маневлер жетекшісін, электромеханикті немесе басқа да қызметкерлерді шақыру үшін шығу бағдаршамының діңгегінде орналасқан шақырушы құрылғыны қосады;
- бекет шекарасында орналасқан автоблокировканың жоғары вольтті желісі ажыратқыштарын басқару батырмасы (тек қана электрленген телімдерде орнатылады): батырманың бірі – ажыратқышты ажырату үшін, екіншісі – қосу үшін. Құрылғының ажыратылғандығы қызыл шамның қосылуымен, ал ажыратылуы – ақ шамның қосылуымен бақыланады.
Қабылдау немесе жөнелту жолына маршрут бұрмаларының орнатылу дұрыстығын бақылау үшін бекеттің әрбір алқымындағы жолдарының шильдиктерінде сары және жасыл шамдар орнатылады. Пульттің жоғарғы бөлігінде айнымалы тоқ көзі ажыраған кезде, шығу бағдаршамдарының тыйым салушы белгілерінің шамдары күйіп кеткен кезде және басқа да ақаулар кезінде қосылатын «Неисправность» қызыл шамы орнатылады. Аралыққа шаруашылық вагондарын немесе итеруші локомотивтерді жөнелту үшін басқару пультіне локомотив машинистіне берілетін кілт-жезлдер орнатылады.
Желобковой индикациялы пульт-таблолар. Маневрлік жұмыстары маршрутталған ретпен жүргізілетін аралық бекеттерде бұрмаларды жеке басқарған кезде желобковой индикациялы пульт-табло түріндегі басқару аппараттары қолданылуы мүмкін (6.2-сурет). Пульт-табло жолдары екі шамнан тұқратын жарық ұяшықтары түрінде орындалған бекет сұлбасынан тұрады. Бір шам алдына қызыл түсті жарық сүзгісі орнатылған, ал екінші шам алдына ешқандай сүзгі орнатылмайды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Басқару аппараттарының атқаратын қызметі қандай?
2. Басқару аппараттарында қандай индикациялар пайда болады?
3. Басқару аппараттарының қандай түрлері бар?
4. Индикайияны алу үшін қандай шамдар пайдаланылады?
9-дәріс
