- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
Сұрыптаушы бекеттерде құрамдарды өңдеумен бір уақытта жүктік құжаттарды комплеттациялайды. Оларды жіберу үшін пневматикалық почтаны қолданады. Локомотивтік бригадалар келіп жатқан поездардың жүктік құжаттары бар пакеттерді қабылдау паркінің алқымдарында орналасқан қабыодау бункерлеріне жібереді. Одан әрі құжаттарыды біріктірілген техникалық кеңсеге (ОТК) жібереді. Онда құжаттарды тексереді, сұрыптайды және жинайды. Құралған құрамға арналған құжаттарды жөнелту паркіне жібереді және поезд машинистіне береді. Пневматикалық почта құрылғыларын бекет жұмысының технологиялық ескере отырып орналастырады. Бір жақты сұрыптаушы бекетте поездар қабылдау пакіне екі бағыт бойынша келеді. Сондықтын құжатарды қабылдауға арналған бункерлер пактің екі алқымында да бар және онда пневмопочта пункттері орналасқан. Олар дөңестік постта орналасқан біріктірілген техникалық кеңсемен құбырлар арқылы байланысқан. Поездар екі бағыт бойынша жөнелтілетіндіктен ПВ №1 және №2 құжаттарды беру пункттері жөнелту паркінің екі алқымында да орналасады. ПВ №2 пунктінде орналасқан құжаттардың ауысып кетуін болдырмау үшін №2 пунктте құбыр трассасының тармақталған жерінде қашықтықтан басқарылатын электржетектетен ауыстырылатын пневмопочта бұрмасы қолданылуы мүмкін. Бұрманың сенімсіз жұмысы жне оған қызмет көрсету қажеттігі оның өте сирек қолданылуына әкеліп соқты. Пневмопочтаны құрған кездеекі, үш немесе төрт агрегатты ауа үрлегіш ВД типтік проектері жүктік құжаттарды бір пункттен үштен көп емес басқа пунктке жіберуге мүмкіндік береді.
Екі жақты бекетте әр-бір сұрыптаушы жүйеде өзінің ОТК-сы және пневматикалық почта желісі жне де әр-түрлі жүйелердің ОТК-ның арасындағы желісі бар. Парктері комбинациялы орналасқан бекет 13.1,в сретінде көрсетілген пневматикалық желісіне ие болуы мүмкін.
Пневмопочта құрамына келесі құрылғылар кіреді: СПО-150-72 қабылдап – жөнелту бекеті; ЩК-150-72 бақылау щиті; почтаның келуі немесе жіберілуі туралы белгіні алу қажет кезде , бекеттің қабылдап-жөнелту панеліне қосымша пайдаланылады; 0,03 МПа қысым жасайтын РГН-1200 немесе 1А24-30-2А типті ауа үрлегіштер; ауа үрлегіштерді басқару щиттары; пластмасса немесе металдан жасалатын ұзындығы 265 мм (кішкене) және 480 м (үлкендері) және диаметрі 99 мм пневмопочта оқтары ; тұрып қалған оқтарды ұрып шығару үшін пайдаланылатын роликті подшипникті итергіш-оқ.
Пневмопочта бекеті беттік болаттан жасалған тік бұрышты құрылымды болады. Оның алдыңғы жағында екі есік, манометр және түймелері мен сигналдық шамдары бар щиток орналасқан. Жоғарғы есік винттік тұтқамен геометриялық жабылатын оқтың қабылдау және жіберу (жөнелту) камерасына апарады. Серіппелі запорлы төменгі есік төрт запастық окты сақтауға арналған камераны жабады.
28.1-сурет. Станса сұлбалары және пневматикалық поштаның желістері
27.2-сурет. Жүктік құрамдарды жіберу үшін пневмопочта құрылымдық сұлбасы
Атмосфералық ауа ауаүрлегішке сеткалық сүзгіш және шуыл басқыш ГШ арқылы беріледі. Сығылған ауа үрлегіштен кері клапан арқылы ЭПК электропневматикалық клапанға түседі ЭПК ЭС селенойдының қозған күйінде ауаның атмосфераға шығуына жол бермейді. АУА а қабылдап -жөнелту бекетіне түседі және оқты Б бекетіне қарай жүргізеді. Оқ айдаған ауа ағыны селенойды токсыз қалған Б бекетінің ЭПК-сыв арқылы атмосфераға шығарылады.
Пневмопочтоның электірләік бөлігінің жұмысын құжаттарды қабылдап-жіберу пунктінен (ППВ) ОТК-ға жіберу мысалында қарастырайық. Оператор құбырдың бостығына көз жеткізеді (қабылдау шамидары ЛП және ЛП1 өшкен ), қабылдап –жөнепту бекетінің есігін ашады және оқты құбырға салады. Есік толық (тығыз) жабылғаннан кейін ДК басылатын түйіспе тұйықталады. Егер бірінші ауаүрлегіш жұмыс істемесе, онда оператор КНШ немесе КН2П түймесін басады ППВ-да 2 релесі (КН2П басылса-4 релесі), ал ОТК-да 1 релесі іске қосылады. Осы сәттен бастап ОТК-дан оқты жіберуге мүмкін болмайды. Ол туралы ЛП және ЛП1 қызыл шамдары белгі береді.
27.3-сурет. Жүктік құжаттарды жіберуге арналған пневматикалық почта сұлбасы
ППВ-да 2 релесі 1П қасқыш релені қосады. Оның түйіспелерімен 1-ші ауа үрлегіштің және ЭПК-ның ПО мен ПО1 жөнелтудің жасыл шамдарының тізбектері тұықталады. Соңғысы құбырды атмосферадан бөледі, ал бұл өз кезегінде магистралдағы ауа қысымының жоғарлауын және оқтың қозғалысын тудырады.
В релесінің қосылуға баяулау уақыты оқтың тағайындалған бекетке дейінгі қозғалысы ұзақтығынан 15 с артық алынады. В релесінің түйіспесінің ажырауы 2,1 релелерінің токсыз қалуына әкеліп соғады және сұлба бастапқы қалпына келеді.
Желілік сымдар зақымдалған жағдайда почта ауысуы телефонмен алдын ала келісімді. Қажет етеді. Бұл жағдайда құбыр бостығын (ол туралы манометр көрсетулері арқылы білуге болады) оператор фиксациялайды және «шунт» деген жазуы бар түймені басады (КНА). Оқты салғаннан кейін және есікжабылған соң КНШ түймесін басу қажет (КН2П). Бұл құрылғылардың жоғарда көрсетілген тәртіп бойынша істеуін туғызады. КНВ түймесін пневмопочтаны жедел сөндіру үшін пайдаланады.
Пневмопочта екі пункті арасындағы максималды қашықтық, пластмастан жасалған оқтарды пайдаланған кезде- 4,0 км, және металл оқты пайдаланған кезде-3,5 км құрайды. Металл оқтың қозғалыс жылдамдығы -6,0 м/с, ал пластмас оқтыкі-8,5 м/с.
Сенімсіз ауаүрлегіштерге техникалық қызмет көрсету қажеттілігі кейбір бекеттерде пневмопочта үшін компрессорлық қондырғылардан келетін сығылған ауаны пайдаланудың себебі болды. Бұл кезде РДКУ2 редукторы көмегімен ауа қысымын 0,8 МПа-дан 0,04 МПа – ға дейін төмендетеді. Оның шығысынан төменгі қысымды ауа МВ-300 ауа жинағышқа барады. (оның шығысынан ЭПК 67 клапаны арқылы пневмопочта бекетіне баратын төмнегі қысымды ауа МВ-300 ауа жинағышқа барады). Қысым реттегіш қысым 0,05 МПа-ға жеткен кезде түйіспелерін ажыратады, ауаның берілуі тоқтатын ЭПК селенойдын қосады. Онымен редуктор бұзылған жағдайда жоғары қысымды ауаның қабылдап –жөнелту бекетіне түсуі болдырылмайды. Пневмопочтаның екінші жартысын сығылған ауамен қамтамасыз ету үшін құбыр қажет. Ол үшін бұрманы үрлеу желісін немесе ауаүрлегіш қолдануға болады. Пневмопочтаны басқару сұлбасы қарастырылған сұлбамен бірдей.
Баяулатқыштарды сығылған ауамен және электрэнергиясымен қамтамасыз ету құрылғылары.
Сұрыптаушы дөңестерде ағытпаларды тежеу жауапкершілікті талап ететін процесс болып табылады. Оның бұзылы құрамдар тарқатылуының кідірісіне, вагондар мен жүктердің зақымдалуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл баяулатқыштарды сығылған ауамен қамтамасыз етуге жоғарлатылған талаптар қойылуын түсіндіреді. Жоғарғы сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті өнімділікті компрессорлар пайдаланылады. Олардың бірі резервті болып табылады. Ауа өткізуші желіні қажетті диаметрдегі берік құбырдан жасайды. Желіні сақиналап, ауаны салқындату , кептіру құрылғыларымен және қажетті көлемді ауажинақтағыштарымен толықтырады.
Есептеулер жоғарғы, ортаңғы және парктік тежегіш позициялары бар сұрыптаушы дөңес үшін кемінде әр-қайсысы 20 м^3/мин бос ауа беретін 3 компрессор қажет екенін көрсетеді.
Сұрыптаушы дөңестерде сығылуы екісатылы ккомпрессор қолданылады. Онда басында ауа бірінші саты цилиндірінде (5) анықталған қысымға дейін сығылады, одан кейін тоңазытқышта () ауа суытылады және екінші сатыда цилиндірде (12) ақтық қысымға дейін сығылады. Компрессордың шартты белглері оның негізгі парамерлерін сипаттайды.
1-рама; 2-электр қозғалтқыш;3-коленчатый вал; 4- шатун; 5,12- сығылудың бірінші жне екінші сатысының цилиндрлері; 6-поршневой палец; 7,13- сығылудың бірінші және екінші сатысының поршендері; 8,9- сорғыш және үрлегіш (толтырушы) клапандар; 10-аралық тоңазытқыш; 11-суытушы құбыр; 14-подшибник.
27.4-сурет. Екісатылы ауалық компрессор
ВПЗ-2019 УХЛ4 және ВП2-10/9 УХЛ4 компрессорларын – Краснодар зауыты, 302ВП-10/8, 305ВП-90/8 және 2ВМ4-24/9 комперессорларын –«Борец» москвалық зауыт поставляют.
Компрессорларды ауа ең көп шығындалатын пунктке мүмкіндігінше жақын орнатылатын арнайы ғимараттың (компрессорная) машиндік бөлмесінде(залында) орнатады. Компрессорлардың қосылуы және тоқтауы олардың біртекті жүктелуін қамтамасыз ететін арнайы бағдарлама бойынша автоматты жүзеге асырылады. Бұл кезде сығылған ауаның номиналды қысымы сенімді ұсталады және электр энергиясының экономиясына қол жеткізіледі.
Ауа өткізгіш желінің көлемі ауаның ең көп шығындалуы кезінде берілген қысымды ұстап тұру үшін жеткілікті болуы қажет. Бұл талап ауажинақтарды сыйымдылығы есептеулермен анықталатын желіге қосумен шешіледі. Басты ауажинағыштарды компрессорлық ғимарат жанында , ал сыйымдылықтары 300 немесе 400 л кішілерін – баяулатқыштар жанында орналастырады.
Тарату желісінің сығылған ауаның шығындалуына тәуелді есептік өлшемі бар және ол жердің бетінде немесе жер астында орналасуы мүмкін. Оның құрылымына температуралық компенсация және судан бөлу элементтерін қосады.
Сығылған ауаны компрессорлықтың жанында орналасқан ауа суытқышпен кептіреді. Ауа суытқыштың әрекет принципі компрессордан келетін ыстық ауаның және құбырлы суытқыштың сыртқы қабырғаларының температураларының айырмасын пайдылануға негізделген.
Дөңестік автоматика құрылғыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету 380 В кернеулі екі тәуелсіз фидерлерден, бірінші категориядан төмен емес қорек көздерінен жүзеге асырылады. Жоласты жолдарының саны 32 дейінгі сұрыптаушы дөңесті электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйесінің ориентировкалық қуаты 30 КВа*А құрайды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Пневматикалық поштаның қызметі қандай?
2. Пневматикалық поштадағы гильзалардың өлшемдері қандай?
3. Гильзалар қандай материалдан дайындалады?
4. Гильзалар қандай жылдамдықпен қозғалады?
5. Жүйедегі ауа қысымының шамасы қандай?
29- дәріс
