Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ССАТ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.59 Mб
Скачать

Вагондық баяулатқыш

Дөңестік вагондық баяулатқыштардың құрылысы мен жұмысы.

Дөңестен ағытпалардың сырғу жылдамдығын тежегіш құрылғылар-вагондық баяулатқыштар көмегімен реттейді.

Тежеу әдісі бойынша баяулатқыштар келесідегідей болып бөлінеді:

  1. тістеуікті-басқышты, оларда тежеу баяулатқыштың тежегіштік шиналарымен ағытпа доңғалақтары бандаждарының арасындағы үйкеліс есебінен орындалады ( тежеу дәрежесі баяулатқыш шиналарының доңғалаққа басу күшіне тәуелді);

  2. тістеуікті-салмақтық, оларда тежеу дәрежесі баяулатқышпен өтіп жатқан ағытпа салмағымен анықталады;

  3. тістеуікті-басқыщты көтергіш, тежеу дәрежесі шиналардың рельс басы деңгейінен көтерілуінің ұлғаюымен анықталады;

  4. электромагнитті тежегіштер , оларда тежеу ағытпа доңғалақтары күшті электрлік өрісте өтуі кезіндегі электромагниттік күштер есебінен орындалады. Болашағы зор болып табылады.

Т-50 тістеуікті-басқышты дөңестік вагондық баяулатқыш. Т-50 баяулатқыш басқыштық принците жұмыс істейді. Күштік қысым пневматикалық приводтан тежегіштік шиналар арқылы ағытпа доңғалағының бандажына беріледі. Тежегіштің 2 жағдайы бар – тежеуден шыққан және тежелген. Тежеуден шыққан күйде, тежегіштік цилиндрде сығылған ауа жоқ кезде, тежегіштік арқалықтар бір-бірінен 172 мм қашықтықта орналасқан және вагон доңғалағы олардың арасымен оңай өтеді. Тежелген күйге баяулатқыш тежегіштік цилиндрдың сығылған ауамен толтырылуы арқылы келеді. Тежегіштік арқалықтар 118мм қашықтыққа жақындайды, тежегіш шиналардың жоғарғы қыры рельс басы деңгейінен 83 мм –ге көтеріледі. Вагон доңғалағы баяулатқышқа кірген кезде арқалықтар бандаж еніне (130 мм) дейін ажырайды және вагонның тежеледі.

Тежелу күші тежегіш цилиндрдегі сығылған ауаның қысымына тәуелді. Қысым дәрежесі 4 тежеу сатыларының біріне сәйкес орнатылады.. Баяулатқыштың сәйкесінше тежелу сатысы қолмен басқару кезінде оператормен, автоматтыда- АРС құрылғыларымен орнатылады.

Баяулатқыш тежегіш цилиндрлерден сығылған ауаның шығарылуы нәтижесінде оттормаживатся етіледі. Тежегіш арқалықтар 172 мм қашықтаққа ажырайды.. Олардың жоғарғы қырлары рельс басы деңгейінен 74 мм-ге жоғары орналасады.Баяулатқыш тежегіштік жүйелі механизмді 2 тежегіштік цилиндрлармен жабдықталған секцияларға бөлінеді.

Т-50 баяулатқышты ұзындығы 133325 мм болатын 6 секциядан тұратын бесзвенолы және ұзындғы 15600 мм 7 секциядан тұратын алтызвенолы етіп шығарады.

КВ-72 тістеуікті-салмақтық дөңестік вагондық баяулатқыш. КВ-72 салмақтық принциппен жұмыс істейді, күштік қысым вагон солмағына пропорционал өседі.

27.1-cурет. Т-50 типті вагондық баяулатқыш

КВ-72 баяулатқышның негізгі құрылғылары болып келесілер табылады:

1) пневматикалық цилиндрліі және иінді жүйелі секциялар;

2) тіреуіштік және тежегіштік болкалар монтаждалған көтергіш рамалар, және де балкаларды теңестіру үшін, раманы орнына отырғызған кезде аммортизациялау және тежегіш шиналардың жағдайын рельс басының деңгейіне қатысты реттеу үшін қызмет ететін қосымша механизмдер.

Қозғалмалы құрам доңғалақ жаны беттерінің тежегіштік балкалардың шиналарының арасында қысылуымен тежеледі. Бұл кезде доңғалақ тіреуіштік балканың шинасының тірек бетімен рельстен ажырап сырғанайды.

Баяулатқыш тежегіштік цилиндрлерге сығылған ауаның енгізілуі жолымен жұмыс жағдайына келтіріледі.

Баяулатқыш Т-50 баяулатқышы үшін пайдаланылатын сұлба бойынша бақарылады. Баяулатқыштың тежегіштік құрылғылары жолдың екі жіпшесінде де орнатылады. Олардың құрылысы бірдей және бір-бірінен тәуелсіз жұмыс жасайды.

КВ-5-72 ең кеңінен таралған баяулатқыш болып табылады.Оның рель бойынша салмағы 13,475 м. Рельпен және брустармен қоса есептегендегі салмағы-36800 кг.

27.2-cурет. КВ-72 типті вагондық баяулатқыш

КНП-5-73 тістеуікті-басқышты көтергіш баяулатқыш. Баяулатқыштардың тежелу күші шиналардың рель басы деңгейінен көтерілу биітігі көтерілген сайын жоғарлайды.Бірақ габариттік шарттар бойынша көтерілу биіктігі шектелген-бұл кемшілік.

Баяулатқыш екі жүйеден тұрады – тежегіштік және көтергіш. Жолдың екі жіпшесіндегі тежегіштік құрылғылар бірдей және бір-біріне тәуелсіз әрекет етеді.

27.3-cурет. КНП-5-73 типті вагондық баяулатқыш

Вагондық баяулатқыш келесі дағдайларда болуы мүмкін:

  1. отторможенное (тежегіш жүйе төменгі жағдайда). Баяулатқыш арқылы вагондық жне локомативтік парктің барлық габариттік қозғалмалы құрамы өткізілуі мүмкін;

  2. отторможенное (тежегіш жүйе жоғарғы жағдайда). Вагондық баяулатқыш арқылы барлық габаритті жүк және жолаушылар вагондары тежелусіз өткізілуі мүмкін.Барлық түрдегі локомотивтердің өткізілуіне тиым салынған;

  3. тежелген ( тежегіш жүйе-жоғарда). Баяулатқыш арқылы барлық габаритті жүк және жолаушылар вагондарын тежелумен өткізуге болады, барлық түрдегі локомотивтердің өткізілуіне тиым салынған.

Вагондық ағытпалардың тежелуі кезінде Барлық түрдегі локомотивтердің өткізілуіне тиым салынатын тежегіш жүйесінің жұмыс жағдайы болып-жоғарғы табылады. Бұл кезде тежегіштік қуат тежегіштік шиналардың рель басының жоғарының деңгейінен биігірек орналасуы есебінен көбееді.

Вагондарды төменгі жағдайда тежеуге рұқсат етілмеіді, өйткені жеңіл және толықжүкті емес вагондардың выжиманиесі мүмкін

Баяулатқыштың ұзындығы – 13475 мм рельстер мен брустарды есептегендегі салмағы – 39400 кг

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Вагондық баяулатқыштардың атқаратын қызметі қандай?

2. Вагондық баяулатқыштардың қандай түрлері бар?

3. Вагондық баяулатқыштарды қалай басқарады?

4. Дөңесте баяулатқыштар қайда және қалай орнатылады?

28- дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]