Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ССАТ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.59 Mб
Скачать

Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш

ГАЦ-КР құрамдарды тарқату бағдарламасын автоматты жүзеге асыру үшін, оның орындалуын шын мәнінде бақылап, нәтижесін бастаға шығару үшін арналған. ГАЦ-КР жүйесі қамтамасыз етеді:

  1. жүйенің басты айырмашылығы – сұрыптаушы дөңестің басты аймағының кешенді бақылануы, нормаланған телімнің бостығының тарқату аймағында вагондарының өтуін фиксациялауды бақылау, ұзын негізді вагонның өтуін және қууын (нагон) немесе ұсақталудың (дұрыс емес тарқатудың) бар болуын бақылау;

  2. ағытпалардың сырғуы процессінде сұрыптаушы дөңестің тарату аймағының бұрмаларын автоматты басқару;

  3. тарату аймағында ағытпеалардың қозғаласын қадағалау және бұл кезде әр ағытпаның адресін трансляциялау;

  4. тарату аймағындағы ағытпалардың нөмірі, вагондардың нақты саны және берілген маршрутты туралы ақпараттың сақталуын;

  5. вагондар нқмірі, саны немсе берілген маршруты туралы, мәліметтерді, ал тарқату бағдарламасының бұзылуы кезінде ағытпа маршрутының бұзылуы кезінде ағытпа маршрутының нақты орындалуы туралы мәліметтердің баспаға шығарылуын;

  6. басқару пультінің және электромеханик пультінің индикациялау құрылғысын опреативті (жедел) ақпараттың берілуін;

  7. ағыту үшін сәулелік нұсқағышқа екі ағытпадағы вагондар саны туралы ақпараттың берілуін.

ГАЦ-КР бағдарламалық, автоматты, маршрутты және қолды режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ГАЦ-КР сұрыптаушы дөңестің негізгі аймақтарына сәйкес келетін жеке-жеке функционалдық топтар мен түйіндерден құрастырылған. Жүйенің топтары мен түйіндерінде басқарушы және бақылаушы функциялар біріктірілген:

  1. дөңес шың телімінде тарқатуды басқарудың орнатылған режимінің жүзеге асырылуын;

  2. басты бұрма аймағында бұрманың кешенді бақылануы мен басқарылуын;

  3. дөңестің еңіс бөлігінің тарату аймағында маршруттардың орындалуын қадағалауды, трансляциялауды, жүзеге асыруды және бақылауды;

  4. берілген бағдарламаның, соңғы таратқыш бұрма аймағында және подгорочный жолдар аймағында тарқатудың нақты орындалғанын тіркейді.

ГАЦ-КР жүйесі – оны құрамдарды параллель тарқату кезінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда тапсырманы қалыптастырғыштың, тіркегіштің және еске сақтау құрылғысының екі комплектін қолданады және де басқару пультінің қосымша басты пультінің қосымша басты секциясы орнатылады.

ГАЦ-КР жүйесінде келесілерді қамтамасыз ететін негізгі релесін блоктарда қолданады:

НГ – ағытпа маршруты және ондағы вагондар саны туралы ақпараттың қабылдануы мен сақталуы және де орындалу барысында жинағышта ақпараттың автоматты түрде алға жылжуын; жинағыштың қалыптастырғышы, тіркегіші және баспа жинақтағышын құру үшін пайдаланады;

БП1 – еске сақтау құрылғысының ячейкасының бостығын бақылау, ағытпа туралы ақпарат бір бөлігін сақтау (ағытпа нөмірі) естне сақтау құрылғысының ячейкасындағы ақпаратты жазуға және сөндіруге арналған командаларды қабылдау және жүзеге асыру; есте сақтау құрылғысын және баспа жинақтағышын құру үшін пайдаланылады;

БП2 – ағытпа туралы ақпараттың бір бөлігін жазу және сақтау (маршруттық тапсырма, вагондар саны); есте сақтау құрылғысын және баспа жинақтағышын құру үшін пайдаланады;

ТГ1 – дөңестің түсу бөлігінің сәйкес аймағына сәйкес жағдайды фиксациялау (ағытпаны қадағалау); берілген жағдайға сәйкес маршруттағы кезекті бұрманы бұруға арналған команданы және ағытпа адресінің кодын алға жылжыту және фиксациялау, актив аймақ блогы режимінде пайдаланылады;

ТГ2 – дөңестің төмен түсу бөлігінің сәйкес аймағындағы жағдайды фиксациялау (ағытпаларды қадағалау); нақты жағдайға сәйкес ағытпа адресінің кодын фиксациялау және алғы жылжыту және де адрес кодын шифрдан шығару (адрестік дешифратор) және есте сақтау құрылғысынан бұрманы ауыстыруға арналған бұйрықты алу; бұрманы ауыстыру үшін пайдаланылады; актив аймақ блогы және адрестік дешифратор ретінде пайдаланылады;

ТГ3 – ағытпа маршрутындағы соңғы бұрманы басқаруға арналған бұйрықты және адрес кодын қабылдау, бұрманы ауыстыруға арналған бұйрықты беру (шығарып), маршруттағы соңғы бұрманың оқшауланған теліміне ағытпаның түсуін фиксациялау; есте сақтау құрылғысының жады блогына ақпаратты оқуға және одан кейінгі сөндіруге арналған. Бұйрықта беру; актив аймақ блогы ретінде пайдаланылады;

БИ – екілі кодалы ақпеаратты ондыққа түрлендіреді; ағытпаның жүру маршрутын және ондағы вагондар санының индикациясын қосу үшін және де салыстыру құрылғыларын құру үшін пайдаланылады;

СЧТ – счетсик кірісіне түсетін екілік кодадағы импульстерді санау, ағытпа нөмірін және ондағы вагондар саны санау үшін салыстыру және баспаны тарату құрылғысында пайдаланылады.

Жүйенің негізгі жұмыс режимі болып ГПЗУВ дөңестік бағдарламалық-тапсырушы құрылғысынан ақпаратты пайдаланатын автоматты режим табылады. Жүйеде ағытпаның қозғалу жолы бойынша бұрмалардың жағдайымен маршрут берілетін подстрелочный кода қабылданған. Мысалы, 10011 маршруттық тапсырмасы ағытпаның бес бұрма бойынша жүретінін, олардың 1, 4, 5-сі плюс жағдайында (1) 2 және 3 – минус (0) жағдайда болуы қажет. Ағытпадағы вагондар санын екілікті-ондық кодамен кодалайды.

УКГЗ құрылғысы кез-келген вагондардың, соның ішінде ұзын негізді вагондардың өткен кезінде және аз уақытты шунт жоғалу кезінде басты бұрма телмінің бостығы мен бос еместігінің сенімді бақылануы үшін; ағытпалардағы вагондардың нақты санын санау үшін; ағытпаның құрамнан ажырау моментін фиксациялау үшін; басты бұрмада ағытпалар қууын бақылау үшін арналғын.

Ағытпалар өтуінің датчигі ретінде ДП50-80 педальдарын қолданады. Оларды біріккен және бөлек жұмыс аймағын құрайтындай етіп әр-түрлі рельстерде орнатылады. Бақылау аймағының есептік нүктелері ПО, П1-П3 педальдарімен құрылады. П1 және П2 арасында lк =2,8 м бақылау телімін бөлініп алынады. Бұл вагонның кез-келген арбасының көршілес осьтері арасындағы максималды қашықтықтан үлкен, бірақ вагонның ең кіші негізінен кіші. ПО және П2 арасындағы ұзындығы 5,6 м нормаланған телімді l0 ағытпаның құрамнан ажырату моментін бақылау үшін пайдаланады. Нормаланған телімнің ұзындығын біріктірілген вагондардың шеткі осьтерінің арасындағы максималды мүмкін таңдайды. П3 және П4 педальдарын бұрма үшкірлерінің тамырында орналастырылады.

Әр-бір бақылау нүктесінің педалін қозғалыс бағытын және импульстердің қалыптасуын анықтайтын ОНД құрылғысымен және СЧ0, СЧ1-СЧ3 счетчиктерімен байланыстырылады.

Нормаланған телімдердің бостығын бақылау СС0-2; СС1-2; СС1-3 салыстыру сұлбаларымен жүзеге асырады. Бұл сұлбалар көмегімен телімге кіретні және шығатын вагондар осьтерінің саны салыстырлады. Ағытпа өткеннен кейінгі саналған импульстер саны тең кезде барлық салыстыру сұлбалары нөлдік жағдайда болады. Бұл бақылау аймғының бостығын фиксациялайды.

Салыстыру сұлбаларының нөлдік күйі кезінде И4 және И5 тура келудің логикалық элементтері арқылы сәйкесінше КР ағытуды бақылау релесі және КС бұрмалық аймақ бостығын бақылау релесі қосылған.

ДВ ұзын негізді вагондар релесі және СВ физикалы вагондарды санау релесі қалыпты ағытылған.

Қозғалыс бағыты релесі қозғалыс ағыту жүрісі бойынша болған кезде қосылады, кері бағытта – сөнеді.

Ұзын негізді ағытпасының бірінші осьтерінің ПО педаліне түсуімен СЧ0 счетчигі толады, СЧ1 счетчигі нөльдік жағдайда қалады. Бұнымен счетчиктерде жазылған сандардың теңдңгң бұзылады. СС0-2 салыстыру сұлбасының шығысында келіспеушілік сигналы пайда болып, оның әсерінен И4, КР↓ элементі жабылады және бұнымен l0 телімінің бос еместігі бақыланады.

Ұзын негізді ағытпаның бірінші арбасының осьтерінің П1-П3 педальдарының асытмен өтуі СЧ1 және СЧ2, СЧ1 және СЧ3 және де СС1-2 және СС1-3 салыстыру сұлбаларының арасында да счетчиктер күйінің келісімсіздігіне әкеліп соғады.

Бұл сұлбалардың шығысында келісімсіздік сигналдары пайда болады. Бұнымен И5 элементі жабылады және КС релесі сөнуімен lк және lз телімдерінің бос еместігі фиксацияланады.

СЧ4-тің көмегімен ағытпаның әр-бір арбасының осьтерінің санын қосу және алу жүргізіледі.

Бұл счетчикті шығыс сигналының әсерімен И3 элементі арқылы СВ релесі, И6 элементі арқылы ДВ релесі қозады. КС, КР релелері токсыз. Екінші арбаның l0 және lк телімдерімен толық өтуінен кейін СС0-1, СС1-2 сәйкестік сұлбалары, және де СЧ4 нөльдік күйге келеді.

И4 элементі арқылы КР іске қосылады. Бұл вагондар арасында ағытпаның бар екендігі туралы сигнал береді. КС релесі тек екінші арба П3, П4 үстімен өткеннен кейін және СС1-2 мен СС1-3 және де СЧ4 сұлбаларының нөлдік күйі кезінде токқа тұрады. КС↑ кезінде басты бұрма телімінің босағаны фиксацияланады.

УКГЗ жұмыс тәртібі жай базалы вагонның қозғалысы кезінде жоғарыда айтылғанадай. КР, КС, СВ және НД релелерінің түйіспелері арқылы УКГЗ құрылғыларының жұмысының дұрыстығын бақылау үшін электромеханиктің пультінде шамдар қосалады.

25.1-cурет. ГАЦ-КР жүйесінің құрылымдық сұлбасы

Екі жүйе қолданылады: АРС-ЦНИИ, АРС-ГТСС№ Бұл жүйелерде қамтамасыз етіледі:

  1. бұрмалар мен тежегіш позицияларда қажет интервалды сақтау үшін интервалды тежеуді;

  2. дөңестің еңіс бөлігінде қууларды (нагондарды) болдырмауды;

  3. дөңес асты (подгорочных) жолдарында соқтығысудың қауіпсіз жылдамдығы кезінде ағытпалардың талап етілетін жүріс алыстығына жету үшін дәлдеп тежеуді.

АРС-ЦНИИ жүйесінде ІТП, ІІТП, ІІІТП тежегіш позицияларда жылдамдықты реттеу барысында бұл позициялар баяулатқыштарынан ағытпалардың шығу жылдамдығы анықталады. Бұл жылдамдықтар тежеу процесін автоматты басқару арқылы жүзеге асырылады.

АРС жүйесі келесілерді орындайды: баяулатқыштардан ағытпалардың шығу жылдамдығын есептеу үшін олардың жүрістік қасиеттерін өлшеу, ағытпалардың жүру маршруты бойынша алынған ақпаратты трансляциялауды, баяулатқыштарды автоматты басқару жолымен ағытпалардың берілген шығу жылдамдығын жүзеге асыруды, радиолокациялық жылдамдық өлшегіштерді пайдаланып баяулатқыштағы нақты жылдамдықты бақылау.

Ағытпалар жылдамдығы вагондық баяулатқыштарымен жасақталған тежегіш позицияларда реттеледі. Дөңестерде 3 тежегіш позиция (ТП) бар:

1 – басты бұрманың алдында;

2 – (групповая) – шоғырлық бұрмалар алдында;

3 – (парктік) - әр бір сұрыптаушы жолдық басында.

Ағытпаларды үшінші ТП-дан дәлденген шығу жылдамдығын АРС екі жүйесінде де бірдей есептейді.

Бірақ бірінші және екінші ТП-да ағытпалардың шығу жылдамдығын анықтау екі жүйеде әр түрлі есептеледі. Бұл олардың айырмашылығы.

АРС-ЦНИИ-де ІТП басты бұрмаларда және ІІТП өзінде ағытпалар арасындағы қажетті интервалдарды қамтамасыз етеді. Ағытпалардың ІТП-дан шығу жылдамдығы ағытпалардың жүріс қасиеттеріне байланысты немесе олардың салмақтық категорияларының эквивалентті мәндері; дөңестік еңіс бөлігінің профилі; тежегіш құралдардың қуаты арқылы анықталады.

ІІТП дәлдік және интервалды реттеу функцияларын атқарады. ІІТП позициясынан шығу жылдамдығы интервалды жылдамдықты есептікпен салыстыру арқылы таңдалады және логикалық сұлба оптималды (оңтайлы) жылдамдықты таңдайды.

АРС-ГТСС-те ІТП және ІІТП интервалды болып табылады. Бірінші ТП ағытпалардың ІІТП-ға бірдей жылдамдықпен жақындауды қамтамасыз етеді. ІІТП-дан шығу жылдамдығы барлық ағытпалар ІІІТП-ға бірдей жылдамдықпен жақындайтындай етіп беріледі.

Жылдамдықтар салмақтық категориялар бойынша есептеледі.

АРС жүйесінде дөңес асты жолдарының бостық дәрежесін анықтау үшін КЗП құрылғылары қолданылған.

Жолдардың толуын бақылау әр-бір дөңес асты жолының шекарасында, онда қосқа бақылау телімдерін бөлу арқылы немесе индуктивті датчиктермен бөліп түйіспесіз РТ-гін қолданып орындайды.

Бақыланатын дөңесасты жолының шегінде үздіксіз түйіспесіз РТ жасалған. Қоректік соңда 1000 Гц тональдік жиілікті генератор қосылған. Бақыланатын жолдық соңында РТ-гі ажыратылған. Жолдың 420 м ұзақтығында бір рельстен әр-қайсының ұзындығы 30 м 12 бақыланатын телім бөлінген. Оларға электронды жолдық релелер (ЭП) қосылған. РТ-не генераторлардан 6А дейінгі ток келеді. Оның әсерінен бақыланатын телімдердің рельс жіпшелерінде кернеу түсуі болады. Бір рельске қосылған ЭП көмегімен жолдың екі көршілес бақылау телімдеріндегі кернеудің салыстырылуы жүргізіледі және олардың бос немесе бос емес күйі анықталады.

Әр-бір жолдың бостығы орамдары бақылау телімдерінің жолдық релелерінің түйіспелері арқылы тізбектеі қосылған өлшеуіш трансформаторлардан тұратын ИТ бақылау магистралі көмегімен тексеріледі.

Жолдың бос кезінде барлық П релесі ток астында және олардың үстіңгі түйіспелері арқылы бақылау магистралі толығымен тұйықталған.

ИТ трансформаторының екіншілік орамдарынан алынатын шығыс кернеу қосылады және ВТ шығыс трансформатор арқылы бақылау құрылғыларына КЗП беріледі. Толық шығыс кернеуі бос дөңесасты жолының ұзындығына пропорционал.

Телім бос емес кезде П релесінің үстіңгі түйіспелерімен берілген телімнің ИТ↓-сы сөнеді, ал астыңғы түйіспесімен бос телімдердің ИТ трансформаторлары ағытылады. ВТ трансформаторының орамынан алынатын кернеу төмендейді және жолдың бос телімдерінің санына пропорционал болады.

ДИП индуктивті нүктілік датчиктер пайдаланылатын КЗП құрылғысы. Датчиктер бір-бірінен бақылау телімінің ұзындығына тең қашықтықта орналастырылған. Датчиктер жұмысы үшін өзара перемычка арқылы қосылған ені көршілес жолды қамтитын түйіспесіз Рт-гін құрады.

РТ бос кезде оның бойымен Т трансформаторынан (ПОБС-2) көршілес жолдардың сыртқы рельс жіпшелерімен және жолдарды қосатын перемычкалар арқылы ток жүреді. Ішкі рельс жіпшелерімен ток жүрмейді және датчиктерде ЭҚК (э.д.с.) пайда болмайды.

Сыртқы рельс жіпшелерімен токтың жүруі әр жолдың басында орнатылған КДИП бақылаушы датчиктерімен бақыланады. Бұл датчиктер арқылы электрлік тізбектің бүтіндігі бұзылған кезде ағытылатын және ақау туралы хабар беретін К бақылаушы релесі қосылған. Қандай да бір жолға вагон түскен кезде Т трансформаторынан келетін ток ішкі рельс жіпшесінен доңғалақ жұбы арқылы аға бастайды. Бұл ток әсерінен оның өту аймағындағы барлық датчиктерде ЭҚК индукцияланады. Пайда болған ЭҚК-тен У арқылы Р релесі іске қосылады. Телім бос кезде тіркеуші реле Р токсыз.

ИМ өлшеу магистралінің тізбегі барлық тізбектей қосылған резисторлар арқылы тұйықталған және ИМ шығысында бос жолдың ұзындығына пропорционал аз мәнді ток өтеді.

Жол толығымен бос емес жағдайда Р релесіндегі барлық датчиктер қозған күйде болады. ИМ шығысында толығымен бос емес жолға пропорционалды максималды ток болады. Жолдың босау барысында ішкі рельс желісімен токтың өту аймағы азаяды және датчиктердің бір қатары токсыз және Р релесі токсыз.

Егер К1 бақылаушы реле ағытылса, онда ИМ шығысынан толшық ток алынады. Ол ток вагондар жолға түскен кезде өзгермейді, ал бұл РТ-гі қорек тізбегінің ажырағанын көрсетеді.

Баяулатқыштағы ағытпаның нақты қозғалыс жылдамдығын өлшеу үшін радиолокационды жылдамдық өлшегішін қолданады. Жылдамдық өлшегішінің жұмысы Доплер эффектіне негізделген. Ол бойыгша қозғалыстағы ағытпасы бағытталған жоғарғы жиілікті сигнал және одан шағылған сигнал тербеліс жиілігін ағытпаның қозғалыс жылдамдығына пропорционал өзгертеді.

25.2-cурет. Дөңес асты жолдарының толуының бақылау құрылғысы (КЗП)

Жиілігі f0 үздіксіз сигнал Пр таратқышынан А1 қуыстық жүйеге беріледі және қозғалыстағы ағытпа бағытында шағылады. Вагон бетінен шағылған f= f1 жиілікті сигнал А2 антеннесымен қабылданады. Шағылған сигнал жиілігі ағытпаның нақты жылдамдығына пропорционал ∆ f шамаға өзгереді.

f1 жиілікті шағылған сигнал қабылданып ВК арқылы 1П түрлендіргішке түседі. Мұнда таратқыштан f0 сигналы да түседі.

25.3-cурет. Жылдамдықты радиолокационды өлшегіштің құрылымдық сұлбасы

Жүйеде доплерлік жиілік ∆ f кернеуі бөлініп алынады және У арқылы 2П-ға беріледі. Бұдан кейін 2П-да ағытпаның нақты жылдамдығына пропорционал кернеу түріндегі шығыс сигнал пайда болады.

Бұл υф-ке тең сигнал баяулатқышты басқару құрылғысына және СЦ сигналдық құрылғыға беріледі. СЦ-да υ3 және υф екі градация бар.

Бұл жолақтардың жануы бойынша бұл жылдамдықтар шамасы анықталады. Бірақ баяулатқыш растормаживаться етілетін олардың сәйкес келу моменті анықталады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. ГАЦ-КР жүйесінің атқаратын қызметі қандай?

2. Ағытпа жылдамдығы қалай реттеледі?

3. Дөңес асты жолдарының толуының бақылау құрылғысы не үшін қажет?

4. Дөңес асты жолдарының толуының бақылау құрылғысының қандай түрлері бар?

27- дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]