- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
Дөңес алдындағы алқымның ең соңғы бұрмалы жетегінің шеткі бақанасынан дөңестің шыңына дейін жылжыту жол телемінің ұзындығы, әдетте, 150 м-ге тең. Дөңесті қайта жасау барысында бұл ұзындық 80 м дейін қысқаруы мүмкін.
Дөңесті алқымдарда көбінесе симметриялық 1/6 маркалы бұрмалы ауыспалар, ал кейбір жағдайларда – 1/9 қолданылады. Айқаспалы бұрмалы ауыспалар дөңесті алқымдарда қолдануға ұсынылмайды.
Дөңес алқымының барлық бұрмалы ауыспалары оқшауланады.
Дөңес
алқымының барлық бұрмалары үшін бұрма
алдындағы телімнің
пу
ұзындығы 6 м-ге тең болып алынған.
1/6 маркалы бұрмалар үшін бұрмалы оқшауланған телімнің толық ұзындығы – 11,38 м.
Баяулатқыштар, салмақтараздағыш, үдеуді өлшегіштер үшін оқшауланған телімнің ұзындығы 11,5 м-ден кем болмауы қажет.
ГАЦ-тің тапсырмасын беру үшін оқшауланған телімнің ұзындығы, әдетте, рельс звеносының ұзындығына сәйкес 12,5 м болып қабылданған, бірақта 4,5 м кем болмауы қажет.
Дөңестің еңіс бөлігінде оқшауланған телімнің максималды ұзындығы 16 м аспайтын ұзындықты құрайды. Мұндай телімдерді ерекше жағдайларда және жоғары жылдамдықтар аймағында қарастырады.
Қабылдау паркіне поездарды әр түрлі бағыттан қабылдайды. Сұрыптаушы парктердің жолдарында қайта жасақталған соң вагондар жиналады, ал солардан жаңа бағыттағы поездар жасақталады. Жөнелту паркінен жаңа поездар жаңа бағыттар бойынша жөнелтіледі.
Дөңестен құрамдардың қайта жасақталуын дөңес постысынан ГП парк бойынша кезекші ДСПГ жүргізеді, ол парктің дөңес жолдарына бара жатқан вагондардың маршруты көрсетілген натур қағазына сәйкес жұмыс жасайды. Құрамдардың тарқатылу қарқындылығы ағытпалардың жүріс қасиеттеріне байланысты, олар жақсы (ауыр жүктелген вагондар) және нашар (бос вагондар) сырғымаға (бегуны) бөлінеді
Дөңестің шыңын нашар сырғыларға есептейді, өйткені барлық кедергі күшін және қолайсыз климаттық жағдайлардың ескерілуімен, ол дөңестен сырғу барысында ең алыс және кедергісі бойынша қиын жолдың шеткі бақанасынан 100 м-ге шығуы қажет.
IТП – бірінші бөлу бұрмасына дейін дөңестің басты бөлігінің жылдамдық уклонында (интервалды тежеу);
IIТП – әр бір шоғырдың жолында бөлу бұрмасының алдында тежеу уклонында (интервалды және көздік тежеу). Соғылуы 1,5 м/с аспайтын қосымша ақпаратымен вагонды жолға ағытпаның жүрісін қамтамасыз ету үшін.
IIIТП – көздік тежеу үшін парктің әр бір жолына (тамырлы).
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Дөңестегі автоматика және телемеханика жүйелеріне қойылатын басты талаптар.
2. Сұрыптаушы стансаның құрылымы.
3. Сұрыптаушы дөңестердегі маршруттарды орнату ерекшеліктері.
23- дәріс
Дөңестік рельс тізбектері
Бұрмалардың ағытпа кезінде ауыстыруды болдырмау үшін және тарқату маршруты бойынша олардың қозғалысын қадағалау үшін тарату аймағында қысқа бұрманың немесе бұрма аралық РТ-тері пайдаланылады. Дөңестік РТ-теріне сенімділік пен тұрақты жұмыс бойынша қатал талаптар қойылады.
РТ-тері ағытпаның бір доңғалақ жұбы болғанда да жолдық телімнің бос еместігін сенімді тіркеу керек. РТ-тің тұрақты жұмысы кез-келген келеңсіз факторлар кезінде қамтамасыз етілуі керек: тоқ өткізбейтін пленкалардың рельс бастарын кірлетуі, бұл өтпелі кедергіні 0,5 Ом-ға дейін және одан да көп арттырады, ал бұл шунттың қысқа уақытқа жоғалтылуына алып келеді; балласт оқшаулау кедергісінің 3 Ом-ге дейін төмендеуі және т.б.
Бұл шарттарға ең төзімді болып жиілігі 50 жіне 25Гц қосымша магнитті педаль мен фотоэлектрлі құрылғылары бар айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған РТ-тері табылады.
50Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған РТ-тің сұлбасы. РТ-тегі магнитті педальмен толықтырылған. П1 педалі бұрма острягінен 4 м қашықтықта орнатылған, ал П2 педалі – 5,5-6 м қашықтықта орнатылған, (23.1, а-сурет).
РТ-те бір периодты түзеткіштің сұлбасы бойынша қосылған СП жолдық релесі бар. РТ-гі ПТ (ПТМ-А) жолдық трансформатордан қорек алады. ПТ трансформатордың біріншілік орам тізбегіне тогы 0,2 А кедергісі 400 Ом R1 және R2 резисторлары тізбектей қосылған, ал R1-ге СП бұрмалы жолдың релесі параллель қосылған. Сұлбада В кернеуді бақылайтын релесі қосылған, ол нормалды қоздырылған. В релесі сөнгенде бұрма ауысу мүмкіндігі жоққа шығарылады.
Педальдардың жұмысын педальды релелер мен олардың ақырын әрекетті ППСП1 (ППСП2) және ПППСП1 (ПППСП2) қайталағыштары тіркейді (23.1 сурет көрсетілмеген), олар БМП блогында орнатылған. Педальды релелердің қайталағыштарындағы түсіге бояулату уақыты 1,9-2,1 с құрайды. Бұл релелердің түйіспелері көп ПТ біріншілік орамына қосынды кедергісі 1,5 кОм екі резистор параллель қосылған.
ПБМ-56 түйіспесіз магнитті педаль (23.2 сурет) – бұл қорек көзі жоқ МД магнитоиндукционды точкалы жолдың датчик МД датчигінің тұрақты магниті және соған кигізілген орамдары болады. Датчикті рельс басынан 10 мм төмен колеяның ішінде рельсте орнатады да, ішкі рельске бекітеді. Педальдан сигналды қабылдауыш РЯ релелік ячейкада орнатылған.
Р (РП-7) полярлы реле қызмет етеді. Р релесінің түйіспесіне R резисторы мен С конденсатордан тұратын шоқ басушы күйлердің контуры қосылған.
Доңғалақ бандажы педальден өткенде тұрақты магниттің магнитті өрісі тағайындалуы мен бағыты бойынша өзгереді. Өсетін магнитті ағын тура полярлықты э.қ.к тудырады. Р релесі іске қосылып, БМП ячейкасында педальды реле қосылатын қалыпты түйіспені тұйықтайды.
