
- •Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы
- •Электрлік орталықтандырудың жауапты тізбектерін құру принциптері. Типтік шешімдердің негізгі альбомдары
- •Бұрмалы жетектер
- •Бекеттік бағдаршамдар. Бекеттік бағдаршамдарды басқару сұлбасы. Сигнализация
- •Басқару және бақылау аппараттары
- •Төртсымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Екісымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Бессымды бұрмалы электр жетекті басқару сұлбасы
- •Дөңестік бұрмалы жетекті басқару сұлбасы
- •Бұрмалы электржетектерді басқару әдістері
- •Бекеттің блокты-түймелі жоспары. Бмро жүйесінің негізгі атқарушы және жинақтаушы блоктары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары
- •Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
- •Бмро-бн жүйесінің ерекшеліктері
- •Сұрыптау дөңестерін механикаландыру және автоматтандыру жүйелерінің жалпы сипаттамасы
- •22.1 Сурет – Сұрыптаушы дөңестерде құрамдарды тарқату
- •Дөңестік рельс тізбектері
- •23.1 Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •23.2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •Блокты дөңестік автоматты орталықтандыру
- •Құрамдарды жіберу жылдамдығын автоматты реттеу (жар) жүйесі. Жолдардың толуын бақылау құрылғысы. Жылдамдықты радиолокационды өлшеуіш
- •Вагондық баяулатқыш
- •Пневматикалық пошта. Негізгі техникалық сипаттамалары
- •Электрлік орталықтандыру постары
- •29.1 Сурет – Электрлік орталықтандыру постында құрал-жабдықтарды орналастыру жоспары
- •Микропроцессорлық құрылғылар базасындағы перспективті эо жүйелері
- •Әдебиет
Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың атқарушы топ сұлбалары
Атқарушы топтың блоктары өзара сегiз тiзбекпен (iшекпен) жалғанады, сол арқылы орталықтандырудың келесi сұлбалары құралады:
1 тізбек – бақылаушы-секциялы КС релесiнiң сұлбасы;
2, 3 тізбектер – пойыздық С және маневрлiк МС бағдаршамдарының сигналдық релелерiнiң сұлбалары;
3, 4, 5 тізбектер – 1M және 2M маршруттық релелердiң сұлбасы, 5-шi iшек қосымша желiлiк-сигналдық ЛС релесiн және шығу бағдаршамының рұқсат ететiн отын таңдау үшiн арналған ЗС релесiн қосу үшiн қолданылады;
тізбек – ажырату Р релесiнiң сұлбасы;
7, 8 тізбектер – орнатылған маршруттарда жолдардың жағдайы таблода бақылайтын сұлбалары.
Бақылаушы-секциялы КС релесiнiң сұлбасы. КС релесiнiң сұлбасын бекеттiң жоспары бойынша құрастырады, ол пойыздық пен маневрлiк маршруттар үшiн ортақ болып табылады және атқарушы топтың толық сұлбасының бiрiншi iшегiн құрайды. КС релесiн келесi блоктарда орнатылады:
- маршрутқа кiретiн жолдық пен бұрмалы секцияларды таңдау және бақылау үшiн УП және СП блоктары;
- тура қарама-қарсы маршрутты болдырмайтын жою (болдырмау) релесiн сөндiру үшiн әр бiр жолға екi П блогынан;
- сигналдық реленiң тiзбегiнде маршруттың толығымен дұрыс орнатылуын толық бақылау және орнатылған маршруттар бойынша басталған қозғалысты белгiлеу үшiн – МI, МII, МIII, ВД блоктары.
Осыдан басқа да әр бiр бекеттiң кiре берiсiнде бос монтаждау стативiнде жалпы бақылаушы-секциялы ОКС релесi орнатылады.
КС релесiнiң тiзбегiнде жүргiзiлетiн бақылаулар: маршрутқа кiретiн жолдық және бұрмалы (П, СП) секциялардың бостығы; бұрмалардың жайы (ПК, МК); габаритсiздiк телiмдердiң, қарауылданатын бұрмалардың, бұрманың қиылуының (ВЗ) болмауы; қарама‑қарсы алқымнан қабылдап-жөнелту жолына қарсы маршруттың орнатылуының болмауы, маршруттың жойылуының болмауы (Р).
Өзiнiң алқымында, сонымен қатар бұрманың жайы бойынша сай келетiн маневрлiк қарсы маршруттарды болдырмау үшiн әр түрлi категориялы және бағыттағы маршруттардың Н және КМ релелерiнiң бiр уақытта жұмыс жасай алмайтын мүмкiндiгi арқылы жасалады.
КС релесi жұмыс жасай бастаған кезде келесi жұмыстар жасалады:
- өзiнiң секциясының 1M және 2M маршруттық релелерiн өшiредi, сол арқылы орнатылған маршрутта олардың тұйықталуы жасалады;
- қарама-қарсы алқымдардың ЧИ немесе НИ релесiн сөндiредi, сол арқылы қарсы маршруттың болмауын қадағалайды;
- сигналдық С реленiң жұмыс iстеу тiзбегiн тұйықтайды.
КС сұлбасына қоректену полюстерiн қосқан кезде есте сақтау қажет, барлық кезде маршруттың бас жағына П полюсiн, ал соңына – М полюсiн қосады. Атқарушы топтағы мұндай шара жинақтаушы топтағы бағыт релесiмен бiрге қарама‑қарсы және жолай қарсы маршруттарды тапсыру мүмкiндiгiн сенiмдi етiп болдырмайды.
Сигналдық реленiң сұлбасы. Сигналдық реленiң сұлбасын жасау, берiлген маршрут шегiнде орнатылған пойыздық және маневрлiк бағдаршамдардың көрсетулерiн басқаруға мүмкiндiк туғызуы қажет.
Сигналдық реленiң сұлбасында қабылдап-жөнелту жолдарының (П) бостығы, бұрмалардың жайы (ПК, МК), жүрiстi мен қарауылданатын бұрмалардың қиылуының (ВЗ) болмауы, габаритсiздiк телiмдердiң бостығы, маршрутта жасанды ажыратудың (РИ) болмауы, маршруттың секцияларын тұйықтау (маршруттық 1M, 2M релелердiң астыңғы түйiспелерiмен), орнатылған маршруттың дұрыстығы (сигналдық блокта орнатылған КС релесiнiң үстiңгi түйiспесiмен), тура қарама-қарсы маршруттардың болмауы (НИ релесiнiң астыңғы түйiспелерiмен), бiрiншi қашықтау телiмiнiң бостығы, басқару аппаратында кiлт-жезлдiң болуы, бiр жолды аралықта орнатылған қозғалыстың бағытының дұрыстығы бақыланады. Бұл курстық жобада атқарушы топтың толық сұлбасының екiншi тiзбегiн – сигналдық реленiң басты тiзбегiн, вагондарды алдыменен маневр жасаған кезде маневрлiк сигналдық реленi қоректендiретiн, қосымша – үшiншi тiзбектi және аралықтың сәйкес блок-телiмдерiнiң бостығын бақылайтын – бесiншi тiзбектi көрсету қажет.
Пойыздық маршруттардың сигналдық релесi жалпы сұлбаның екiншi тiзбегiне бастапқы реленiң түйiспесiмен қосылса, ал маневрлiк маршруттарда – бастапқы және соңғы маневрлiк релелердiң түйiспелерiмен жүзеге асады.
Сигналдық реленiң тiзбегiнде пойыздық маршруттарда маршруттың бас жағына М полюсi, соңына П полюсi берiледi; маневрлiк маршруттарда – маршруттың бас жағынан – П полюсi, ал соңғы жағынан – М полюсi. Қоректiң осылай қосылуы маневрлiк тiзбек бойынша пойыздық маршруттың орнатылуына жол бермейдi.
17.1-сурет. СП-69 блогының принципиалдық сұлбасы
17.2-сурет. УП-65 блогының принципиалдық сұлбасы
17.3-сурет. С блогының принципиалдық сұлбасы
17.4-сурет. П-62 блогының принципиалдық сұлбасы
17.5-сурет. МI блогының принципиалдық сұлбасы
17.6-сурет. МII блогының принципиалдық сұлбасы
17.7-сурет. МIII блогының принципиалдық сұлбасы
17.8-сурет. ВД-62 блогының принципиалдық сұлбасы
17.9-сурет. ВД-62 және BI блоктарның принципиалдық сұлбасы
17.10-сурет. BII блогының принципиалдық сұлбасы
17.11-сурет. BIII блогының принципиалдық сұлбасы
17.12-сурет. ПС-220М блогының принципиалдық сұлбасы
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. КС релесінің қызметі, пойыздық және маневрлік маршруттарда КС релесі тізбегін құру ерекшеліктері.
2. Сигналдық блоктардағы КС релесінің түсуге байулауы не үшін. Неліктен ВД блогында КС релесінде баяулау түсуге баяулау қарастырылмаған?
3. Бекеттің қарама-қарсы алқымында жолға қосылған бұрма жергілікті басқаруға берілген. Осы жолда маршрут орнату мүмкіндігін қалай болғызбайды?
4. Біржолды телімдегі бекеттегі КС сұлбасының ерекшелігі.
5. Қорек көзіне қосу әдісі бойынша КС және С релелері сұлбаларын қорғау қажеттігін көрсету қажет.
6. Бекетке бірнеше жақындау болған кездегі шығу бағдаршамының сигналдық реле сұлбасының ерекшеліктері.
7. Пойыздық маршруттарды орнату кезіндегі КС релесін блоктау тізбегіндегі С релесі түйіспесінің тағайындалуы.
8. Маршрут бойынша бірінші және екінші маршруттық релелердің қосылу әдістері.
9. Пойыз жақындаған кезде бұрма бақылауы жоғалған. Осы жағдайдың маршруттық реле жұмысына қалай әсер ететіндігін түсіндіріңіз.
10. УП блогындағы маршруттық реле тізбегіндегі КМ түйіспелерінің қызметі.
12. Маршруттағы бірінші секцияның маршруттық релелерін қосу ерекшеліктері.
12. Қандай мақсатта маневрлік маршруттың пайдаланылмаған секцияларын ажыратқан кезде маршрут алдындағы телім жағдайы тексеріледі?
13. ОТ тізбегіндегі конденсатордың ақаулығы сұлба жұмысына қалай әсер етеді?
14. Маршрутты жою процесінің реті қандай?
15. Тоқтаусыз өту маршруттарындағы ИП релелері сұлбасының қосылу ерекшелігі.
16. СОГ релесінің қызметі.
17. Р релесі тізбегіндегі жолдық реле түйіспесінің қызметі.
18. Бірмезгілде екі немесе одан көп маршруттарды жою мүмкіндігін анықтаңыз.
19- дәріс