Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ССАТ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.59 Mб
Скачать

Орталық тәуелділікті және орталық қорек көзі бар релелік орталықтандырудың жинақтаушы топ сұлбалары

БМРО-ның толық сұлбасын жасау үшiн жинақтаушы топтың блоктарын өз ара төрт электрлiк тiзбекпен қосады.

Әр бiр тiзбек өз алдына жеке сұлба, оларды бекеттiң жоспары бойынша құрастырады және тағайындалуына сәйкес оған параллельдi немесе бiр iздi етiп релелердi қосады:

- тбатырмалық релелер НКН, КН;

- автоматты батырмалық релелер АКН;

- басқарушы бұрмалы релелер ПУ және МУ;

- сәйкестiк сұлбасы.

Жинақтаушы топтың сұлбалары төменгi класс релелерiн қолдануымен құрастырылады.

Бағыт релесiнiң сұлбасы. Жұмыс барысында жинақтаушы топтың релелерi маршруттың категориясын және бағытын белгiлейтiн бағыт релелерi жүзеге асырады.

Бағыт релесi әдетте тоқсыз болады және ВНМ, ВЧМ сымдары бойынша – маневрлiк, ВН, ВЧ сымдары бойынша – пойыздық бағыт реле орнатылып жатқан маршруттың бiрiншi түймесiнiң түймелi релесiнiң түйіспесі тұйықталғанда тоқ астында болады.

НН блогында келесi бағыт релелерi орнатылған:

П – қабылдау, ВН сымына қосылған, сол арқылы кiру бағдаршамының НКН түймелi релесiнiң үстiңгi түйiспесi арқылы қорек алады;

О – жөнелту, ВЧ сымына қосылып шығу бағдаршамының НКН түймелi түйiспесi арқылы қорек алып жөнелту маршрутының басын анықтайды;

ПМ – маневрлiк бойынша қабылдау, ВПМ қосымша реленiң түйiспесi арқылы қосылған және маневрлiк бойынша қабылдау маршрутының басын анықтайтын бағдаршамдардың КН релесiнiң түйiспелерi арқылы ВНМ сымы бойынша қоректенедi.

ОМ – маневрлiк бойынша жөнелту, ВОМ қосымша релесiнiң түйiспесi арқылы қосылады және ПМ релесi сияқты маневрлiк бойынша жөнелту маршрутының басын анықтайтын бағдаршамдардың маневрлiк маршруттардың басын орнатады.

Негiзгi вариант бойынша маршруттың жалған қалыптасуын және вариантты маршрутын жинақтаған кезде АКН релесi жұмыс жасауын болғызбау үшiн ВПМ, ВОМ релелерiн қолданады.

Маршрутты жинақтау релесiн қоректендiру үшiн бағыт релесiнiң түйiспелерi бағыт шиналарына қосылады.

Орындалуы бойынша нұсқаулар. Бекеттiң берiлген алқымы үшiн бағыт релесiнiң сұлбасын құрастыру және оның жұмысын қысқаша мәлiметтеу.

Батырмалы реле сұлбасы. БМРО-да маршруттарды орнату үшiн екi позициялы аз көлемдi бiр түйiспелi түймелер пайдаланылады.

Пойыздықтан басқа маневрлiк қозғалысты атқаратын шығу және маршруттық бағдаршамдар үшiн екi түйме орнатылады – пойыздық және маневрлiк, кiру және маневрлiк бағдаршамдар үшiн – бiр-бiр түймеден.

Кезкелген сигналды түйменi басқан кезде НКН(КН) түймелi релесi тоқ астында болады және соған сай бағыт релесiде, ол өзiнiң астыңғы түйiспесi арқылы қалған үш бағыт релесiн және де басқа да қозғалыстардың және қарама‑қарсы бағыттағы сигналдардың түймелi релесiн қоректен ашыратады, сол арқылы бiр уақытта бiр ғана бағыт релесi тоқ астында болуын қамтамасыз ете алады.

Маршрут басталатын бағдаршамның блогында шиналардың бiрiнде (Н, Ч, ЧМ, НМ) қорек пайда болған жағдайда, қарама‑қарсы қайталайтын реле жұмыс iстей бастайды: НПМ блогында пойыздық маршрут кезiнде ортақ қарама-қарсы қайталайтын реле ОП, сонан соң пойыздық қарама-қарсы қайталайтын ПП, ал маневрлiк маршрутта – маневрлiк сигналдар блогында НМI, НМIIАП, НМIIП бiр ғана ОП релесi және де маневрлiк қарама-қарсы қайталайтын МП релесi жұмыс жасайды.

Маршруттың соңын соңғы қосымша релемен анықтайды: НПМ блогында ВК пойыздықпен, НПМ, НМI, НМIIАП және НМIIП блоктарында ВКМ маневрлiкпен.

ПУ және МУ бұрмалы басқарушы релелер тоқ астында болғаннан кейiн түймелi релелер тоқсыз болады.

Түймелi релелердiң сұлбасы жинақтаушы топтың толық сұлбасының бiрiншi тiзбегiн (iшегiн) құрайды.

Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн түймелi, қарама-қарсы қайталайтын және қосымша релелердiң сұлбасын құрастыру қажет және де маршрутты тапсырғанда және жойғанда олардың жұмысын қысқаша жазу керек.

Автоматты батырмалы реле АКН сұлбасы. Вариантты түйме блоктарында және пойыздық пен маневрлiк маршруттарды автоматты жинақтау трассасында орналасқан аралық маневрлiк бағдаршамдардың НМI мен НМIIАП блогында АКН релесi орнатылады. АКН релесiнiң сұлбасы барлық маршрут үшiн бекет жоспары бойынша құрастырылады.

Маршруттың шектерi бойынша автоматты жинақтау кезiнде маршруттың басы мен соңғы түймелерiн басу арқылы АКН тiзбегi ОП, МП, ВКМ, ВК релелердiң үстiңгi түйiспесiмен қосылады.

Орнатылатын маршруттың трассасы бойынша аралық бағдаршамның блогында олардың түймелерiн баспай‑ақ, АКН релесi өзiнiң түйiспелерiмен НКН және КН релелерiн қосады, НКН және КН релелердiң үстiңгi түйiспелерi арқылы аралық қосымша ВП релесi қосылады және толығымен маршрутта ПУ, МУ басқарушы релелердiң қоздыру тiзбегiн тұйықтайды.

АКН релесiн қосу тiзбегiнде тақ бағыт жағынан П полюсiн, ал жұп жағынан – МИ беру қабылданған.

АКН релесiн қосу тiзбегi автоматты жинақтау кезiнде ауытқулар бойынша бұрмалы айқаспалар арқылы бұрыштық түймелi УК релесi көмегiмен икемделедi. Бұл релелердi НСС блогында орнатады және диодты матрица түрiнде таңдау сұлбасы бар БДШ-нiң ортақ блогы арқылы қосады. УК релесi жұмыс жасай бастаған кезде оның үстiңгi түйiспесi арқылы бұрмалы айқаспалардың минустiк жайы бойынша, ал астыңғысымен – плюс бойынша маршрутты тапсыру тiзбегiн тұйықтау үшiн маршрутты жинақтау сұлбасындағы 2 және 3 тiзбегiнде УК релесiнiң түiспелерiн қосылады.

АКН релесiнiң сұлбасы жинақтаушы топтың жалпы сұлбасының екiншi тiзбегiн құрайды.

Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн АКН сұлбасын құрастыру қажет және оның жұмысын қысқаша мәлiметтеу керек.

Бұрмалы басқарушы плюстiк (ПУ) және минустiк (МУ) релелердiң сұлбасы. Бұрмаларды автоматты түрде ауыстыру үшiн НСО және НСС блоктарында орнатылатын плюстiк ПУ және минустiк МУ бұрмалы басқарушы релелер қызмет атқарады.

ПУ, МУ релелерi әдетте тоқсыз болады және ОП, МП, ВП, ВК және ВКМ релелерiнiң түйiспелерiмен қосылады. Әр бiр қарапайым маршрутта басқарушы релелердiң орамасы бiртiндеп қосылады. ПУ, МУ релелердiң түйiспелерiмен ПС блогында бұрманы ауыстыратын басқарушы тiзбек құралады.

ПУ, МУ релелердiң сұлбасы қарапайым маршрут шегiнде бекеттiң жоспары бойынша жинақтаушы блоктарды жалғауыменен құрастырылады және жинақтаушы топтың үшiншi iшегiн құрайды. ПУ, МУ релесiнiң сұлбасына қорек АКН релесiнiң сұлбасындағыдай етiлiп берiледi.

Орындалуы бойынша нұсқаулар. Берiлген маршрут үшiн ПУ және МУ релелерiнiң сұлбасын құрастыру қажет және оның жұмысын қысқаша мәлiметтеу керек.

Сәйкестiк сұлбасы. Сәйкестiк сұлбасын бекеттiң жоспары бойынша құрастырады және ол маршруттық жинақтаудың толық сұлбасының төртiншi тiзбегi болып табылады. Осы сұлбаның тiзбегiне бастапқы Н релесiн қосады, ол атқарушы топқа жатады және осы топтың тiзбегiнде әр бiр маршруттың басын анықтайды.

Сәйкестiк сұлбасы орнатылған мен орнатылатын маршруттардың сәйкестiгiн тексередi. Төртiншi тiзбекте бұны маршрутқа кiретiн әр бiр бұрманың ПУ, МУ басқарушы релелерi мен ПК, МК бақылаушы релелердiң сәйкестiк жағдайлары тексерiледi.

Пойыздық маршруттар үшiн бастапқы релелер ПП, ОП релелердiң үстiңгi түйiспесiмен тiзбектiң басында және ВК релесiмен тiзбектiң соңында сәйкестiк сұлбасына қосылады. Барлық кезде сұлбаға бас жағында – плюс, ал соңында – минус берiледi.

Соңғы КМ релесi маневрлiк маршруттың соңын анықтау үшiн ғана қарастырылады. Ортасында маршруттық бағдаршамдары бар алқымдар ғана ерекшеленеді. Осы бағдаршамдар үшiн бос монтаждау стативтiнде пойыздық соңғы КП релесi қарастырылады.

15.1-сурет. НСС блогының принципиалдық сұлбасы

15.2-сурет. НСОх2 блогының принципиалдық сұлбасы

15.3-сурет. НПМ блогының принципиалдық сұлбасы

15.4-сурет. НМI блогының принципиалдық сұлбасы

15.5-сурет. НМIIАП блогының принципиалдық сұлбасы

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Түйіспелік, автоматты түйіспелік, бұрмалық басқарушы релелердің қозу тізбектерін құру принциптері.

2. Орындалатын маршрутағы бұрмалардың жағдайының сәйкестігін тексеру тізбектерін құру принциптері.

3. Атқарушы топ элементтеріне жинақтаушы топ элементтерінің беретін сигналдары.

4. Бағыт релесін блоктау тізбегінің қызметі.

17, 18- дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]