Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции ССАТ-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.59 Mб
Скачать

1-дәріс

Бекеттік автоматика және телемеханика жүйелері. Электрлік орталықтандыру жүйелерінің топтастырылуы

Поездардың қажетті өткізгіш қасиетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін темір жол желілері жеке пункттермен шектеледі. Жеке пункттер жолдық дамусыз (сигнализацияның жеке құралдары ретіндегі автоматты локомотивті сигнализация кезіндегі автоблокировканың өтпе бағдаршамдары, жол бекеттері, «Блок-телім шекарасы» көрсеткіштері), және жолдық дамумен болуы мүмкін. Соңғысы зерттелетін пәннің шегіндегі қарастыру объектісі болып табылады. Поездар қозғалысын басқаруды автоматтандыру үшін қауіпсіздіктің қажет деңгейін қамтамасыз ету үшін электрлік орталықтандыру жүйесі жобаланады және құрылады.

Жолдық дамуы бар жеке пункттерге жатады:

- разъездер – темір жолдардың біржолды телімдерінде поездардың озуы және қиылысуы үшін жолдық дамуы бар жеке пункттер;

- басып озу пункттері – темір жолдардың екіжолды телімдерде қажет болған жағдайда бір басты жолдан екіншісіне ауысу және поездардың басып озуы үшін жолдық дамуы бар жеке пункттер;

- бекеттер – поездардың басып озуы мен қиылысумен қоса, оларды қабылдау және жөнелту, жолаушыларды түсіру, отырғызу және оларға қызмет көрсету, жүктерді түсіру, жүктеу және жіберу қызметтерін атқаратын жеке пункттер, яғни темір жол көлігінің клиентурамен байланысы. Бекеттердегі сәйкес жолдық даму кезінде поездардың құрылуы, қайта құрылуы, локомотив пен вагондарды жөндеу және қызмет көрсету жүргізіледі.

Бекеттер (1.1-сурет) тағайындалуы және жұмыс сипаты (аралық, аймақтық, сұрыптау, жүк, жолаушы, техникалық) бойынша, келу жолдарының саны (біржолды желідегі бекеттер, екіжолды және түйіндік – екіден көп магистарльді бағытының қабысуы бар) бойынша; орындалатын жұмыс көлемі бойынша (үлкен жұмыс көлемі бар және техникалық қамсыздануының жоғары деңгейі бар бекеттер, I, II, III, IV және V класс бекеттері), парктердің орналасуы бойынша (көлденең, бойлық, жартылай бойлық және тізбектей орналасқан), телімдерде қолданылатын тартым түрі бойынша (автономды және тұрақты немесе айнымалы ток электр тартым, әртүрлі электр тартымы бар телімдердің қабысу орнында тартқыштардың қиылысу бекеті орналасады), локомотивтерге (негізгі депомен, локомотивтердің айналыс пункттері бар және локомотивті бригадаларды ауысымы бар) және вагондарға (вагон депосы бар, вагон жөндеу пункті бар) қызмет көрсету үшін жүргізілетін операцияларға байланысты жіктеледі.

Бекет жұмысын регламенттейтін негізгі құжаттарға бекеттің техникалық құралдарын қолдану ретін орнататын, поездардың қауіпсіз және бөгетсіз қабылдануын және жіберілуін қамтамасыз ететін, сонымен қатар қауіпсіздік техникасын орындау мен бекет ішінде қауіпсіз қозғалуды қамтамасыз ететін бекеттің технологиялық процесі (СТП) және техника-жарлықшы акт (ТЖА) жатады.

1.1-сурет. Бекеттердiң топтастырылуы

Жеке пункттердегі темір жол жолдары екі топқа жіктеледі: бекеттік және арнайы тағайындалған.

Бекеттік жолдарға бекет шекарасындағы жолдар жатады – басты (аралықтардың жалғасы болып табылатын), қабылдау-жөнелту (поездарды қабылдау және жөнелтуге арналған), сұрыптау (сұрыптау үшін, поездарды құру және жинау үшін), тарту (вагондар тобы немесе толық құрамдардың орнын ауыстыру үшін), жүктеу-түсіру (жүктеу немес түсіру процесі кезінде поездарды қою үшін), көрмелік (құрамға қосу үшін тазалау, түсіру немесе жүктеу процесі кезінде вагондарды қою үшін), деполық (локомотивті және вагондық шаруашылық үшін), біріктіруші, сонымен қатар басқа да жолдар. Ірі бекеттерде біртекті операцияларды орындауға арналған жолдарды парктерге біріктіреді.

Арнайы тағайындалған жолдарға сақтандырғыш (қозғалмалы құрамның поездардың жүру маршрутына шығуын ескертетін) және ұстаушы (поезд немесе оның бөлігін басқаруын жоғалтқан бекет алдында тоқтау үшін), сонымен қатар мекеме, карьер немесе қоймаларға әкелетін жолдар жатады.

Бекеттегі жол осьтері арасындағы қашықтық поездардың бөгетсіз қозғалысын, қозғалмалы құраммен жұмыс істейтін қызмет көрсетуші қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін, жол арасында платформа орналастыру мүмкіндігін, ББОБ алаңдық технологиялық құрылғыны, байланыс желісі мен басқа құралдарды қамтамасыз ету керек.

Бекеттік жолдардың толық, құрылыс және пайдалы ұзындығы болады (1.2-сурет). Бекеттік жолдың толық ұзындығы (LПП,) деп осы жолға әкелетін бұрмалардың ұштарының арасындағы қашықтықты айтады. Жолдың құрылыс ұзындығы (LПС,) – ол осы жолда орналасқан бұрманың жалпы ұзындығын алып тастағандағы толық ұзындықтың бір бөлігі. Бекеттік жолдың пайдалы ұзындығы (LПН, LПЧ,) деп көршілес жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзбай соның шегінде қозғалмалы құрам тоқтай алатын толық ұзындықтың бір бөлігі. Электрлік орталықтандыру кезінде пайдалы ұзындық шекарасы болып осы жолдың бағдаршамдары мен изоляциялық түйіспелер табылады. Бұл кезде бірдей жолдың пайдалы ұзындығы әртүрлі бола алады, ол қозғалыс бағытына байланысты болады.

1.2-сурет. Қабылдап-жөнелту жолдарының ұзындықтары

Қозғалмалы құрамның бекеттің бір жолынан екіншісіне ауысу үшін арнай құралдар қолданылады: бұрмалар, олар жолдарды бір-бірінің арасында біріктіреді, сонымен қатар қиылысулар. Бұрмаларды ауыстыруды автоматтандыру үшін және олардың орналасуының сенімді бақылануын алу үшін бұрмалы электр жетектері қолданылады.

Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі үшін бекеттік жолдар жекеленген секцияларға жіктеледі, олардың шегінде рельс тізбектері ұйымдастырылады – қозғалмалы бірліктердің орналасу орны туралы сенімді ақпарат беретін оперативті датчик.

Бекеттердегі поездардың қозғалысын басқару командалары машинисттерге бағдаршам – түсті комбинациялар түрінде кодталған ақпаратты беретін сигналды құрылғылар арқылы беріледі.

Бұрмалар бойынша поездар қозғалысы кезінде соқтығысу мүмкіндігін болдырмау үшін өлшемдерінің талабын ескере отырып, олардың бос болуын тексереді. Мысалы, бағыттауыштың таралу орнында тоқтаған, түзу жолмен қозғалмалы бірліктің қауіпсіз өтуі үшін шектік тіреуден (ШТ) аспау керек (1.3а-сурет), ол оқшаулауғыш түйіспелердің 3500мм қашықтықта орналасса ғана мүмкін. Осы талапты қанағаттандыратын түйіспелер габаритті деп аталады. Ал габарит талаптарын орындау мүмкін емес кезінде кіші габаритті оқшаулағыш түйіспелер орналастырылады. Оның мысалы ретінде бұрмалық көшенің 1, 3, 5, 7 бұрмаларын алуға болады.

Габаритті емес түйістерге аралық жолдар арасында жұп съездер құратын 2, 6 және 4, 6 бұрмалар арасындағы түйіспелер жатады. Мысалы, 4-ші бұрма оң жағдайда орналасқан деп есептейік. Онда 6П жолы бойынша маршрутқа кездейсоқ шықпас үшін 6-шы бұрманы ауыстырады және оң жағдайда бекітеді. Егер де 4-ші бұрманы бүйір жолмен қозғалыс үшін орнатса, сол бағытта 6-шы бұрма орналастырылады. Сондықтан бұрма съездер қосарланған (бірге ауыстырылады). Осындай бұрмалар арасындағы оқшаулағыш түйіспелер шартты түрде габаритті деп саналады және сұлбаларда габаитті емес болып белгіленбейді.

1.3-сурет. Габаритті және габаритсіз оқшаулағыш түйіспелер

Орнатылған маршрутта қозғалысы болмайтын бұрмалар, бірақ олардың орналасуынан қауіпсіздік тәуелді болатын бұрмалар күзетуші деп аталады. Қарастырылып отырған мысалда 2-ші бұрма теріс жағдайда орналасқан 4/6 съездке қатысты күзетуші болып саналады. Оны теріс жағдайға ауыстыру немесе жабу съезд бойынша қозғалысты қауіпсіз етеді.

Екінші (2) бұрманың теріс жағдай бойынша қозғалыс кезінде 4/6 съезді әрқашан теріс жағдайға ауыстыруға болмайды, себебі 4-ші бұрманың оң жағдайы бойынша қозғалысқа кедергі жасайды. Сондықтан бұл жағдайда 2-ші бұрманың теріс жағдайы бойынша маршрут 6СП габаритті емес секцияның бос болуына байланысты бақылау арқылы орнатылады.

ЭО жүйесіндегі негізгі түсінік маршрут болып табылады, оны орнату, тұйықтау және ашу. Маршрут деп қозғалмалы құрамның жүруіне дайындалған бекеттің жолдық дамуының бір бөлігін айтады. Маршруттың созылымдығы бағдаршамдармен, жол немесе бекеттің шекараларымен шектеледі. Маршруттар поездық және маневрлік болып бөлінеді, соның ішінде поездық маршруттар ішінде қабылдау, жөнелту және беру маршруттары болып бөлінеді. Маршруттың басы – ашық бағдаршам болып табылады, ол бойынша қозғалыс басталады, ал соңы – бекет ерешелігі және маршрут категориясына байланысты аралық немесе бекеттің жолдық дамуының элементі болып табылады. Мысалы, қабылдау және жөнелту поездық маршрутының соңы қабылдау-жөнелту жолы болады, жөнелту маршруты – жартылай автоматтыблокировка кезіндегі аралық немесе автоблокировка кезіндегі жоюдың бірінші жолы.

Маршрутты дайындау деп поезд жүру үшін бекеттің жолдық дамуының бөлігін дайындауды айтады. Ол үшін қажет: белгіленген маршруттың трассасы бойынша жекеленген секцияларды қозғалмалы құрамнан босатып, жүріс және қорғаушы бұрмаларды сәйкес күйге орналастырып, олардың үшкірлерін жауып, поездар қозғалысының қауіпсіздік шарттары орындалатынын тексеріп сигналды ашу керек.

Поездардың қауіпсіз қозғалысы үшін бұрмалардың орнатылған маршрутқа ауысу мүмкіндігін болдырмау керек, яғни тұйықтаушы реленің контактілерімен бұрмалы электржетектерін басқару сұлбаларында басқарушы тізбектерді өшіру арқылы орындалатын маршруттағы бұрмалардың тұйықталуын орныдау керек. Сонымен қатар орнатылған маршрут шегінде басқа қозғалмалы бірліктердің шығу мүмкіндігін болдырмау керек. Бұл әрекет қарсы маршруттарды жою деп аталады және бағдаршамдар арасындағы өзара тәуелділікпен орындалады, және де қорғаушы бұрмаларды жабу мен қауіпсіз жағдайға ауыстырумен байланысты.

Қарсы маршруттардың жалпы және ерекше жағдалары болады. Жалпы жағдайға жатады:

- бақыланатын бұрмалардың орналасуы бойынша сәйкес келмейтін маршруттар;

- бірдей жолға қабылданатын қарама-қарсы маршруттар;

- бірдей жолдағы қабылданатын және қозғалатын (бұрылатын) қарама-қарсы маршруттар;

- телім ұзындығына тәуелсіз, бекеттегі жолдың бұрмалары жоқ телімге қарама-қарсы қозғалатын маршруты;

- жалпы бақыланатын бұрмалардың күйі бойынша сәйкес бекеттің алқымындағы маршруттар:

- маневрлік маршруты бар жолшылай-поездық.

Ерекше жағдайларға жатады:

- бұрмалардың орналасуымен сәйкес келетін маршруттар және жергілікті басқару;

- қарама-қарсы жолдағы бұрмалардың жергілікті басқаруы бар жолға қабылдау маршруты;

- жергілікті басқаруы бар кез-келген қарама-қарсы маршруты бар екі ақ түстің жануы бойынша бос жолға қозғалмалы маршруттар.

Бекеттің жолдық дамуы әртүрлі жолмен жолдық дамудың екі элементтері арасында қозғалуға мүмкіндік береді. Негізгі маршрут деп қозғалыс жылдамдығы үлкен және қарсы маршруттар саны аз, бекет бойынша қозғалмалы құрамның жүруінің ең қысқа жолын айтады. Нұсқалық маршруттың басы мен соңы болады, ол негізгімен сәйкес келеді, бірақ негізгіден бұрмалардың жағдайымен ерекшеленеді.

Бекеттің ары қарайға дұрыс жұмысы үшін маршрут бойынша поездың өтуінен кейін оны тұйықтау керек. Маршрутты тұйықтау поезд маршрут бойынша өтуін бақылаудан соң автоматты түрде жүргізіледі.

Бекет бойынша кезекшінің дұрыс емес әрекетін түзету үшін қолданылмайтын маршруттарды жою режимі қарастырылады. Бұл кезде сигнал жабылады, ал маршруттың трассасы бойынша тұйықталу поездың жағдайына байланысты уақыт күтімінен алынады.

ЭО құрылғыларының ақаулары поезд жүруі кезінде тұйықталуға әкеледі, ол кезде маршруттардың жасанды тұйықталмау қолданылады.

Бекеттің сұлбалық жоспары. Бекеттің сұлбалық жоспары бекеттің бағдаршамдары, бұрмалары, жолдары, оқшаулағыш түйіспелерімен мен басқа да объекттердің ірі емес бір сызықты бейнесі түрінде көрсетіледі, және де олардың өзара орналасуы мен жол ұзындығындағы пропорциялардың сақталуын көрсетеді, ол электрлік орталықтандыруды жобалаудың негізгі құжаты болып табылады. Бекеттің сұлбалық жоспарын жасау үшін бастапқы деректер болып жобалық мекеменің зерттеу материалдары, масштабты жоспары, бекеттің бейнесі және сұлбалық жоспары табылады.

Сұлбалық жоспарды жобалау бекет жұмысын регламенттеуші негізгі құжатқа сәйкес жүргізіледі – ТПС және ТРА. Бұл кезде нормативті құжат талаптарын қолдануға болады: магистральді көліктің темір жол құрылғыларына қойылатын мемлекеттік стандарттар, ПТЭ [В], ИСИ [А], ИДП [С], Ресейдің МПС темір жол өткелінің эксплуатациясы бойынша нұсқаулар [D], федералды темір жол көлігінде телемеханика мен автоматика құрылғыларының технологиялық жобалауының нормасы [Е], қосымшалары бар [G] бағдаршам сигнализациясын қолдану бойынша басқарушы талаптар (РУ-30-80) [F].

Сұлбалық жоспар негізінде электрлік орталықтандыруға эксплутациялық-техникалық талаптарды анықтайды, сонымен қатар оның құрылысы бойынша жұмыс көлемі мен қажет қаржыландыруды анықтайды.

Бір жіпті жоспарында бейнеленеді:

- бекеттің жолдық дамуы – суретте бір жіпті темір жол жолдары, орталықтанған және орталықтанбаған рельс түрлері мен крестовина маркасы көрсетілген, лақтырушы үшкір, тежеу тіректері, бекетке келу тәсілдері мен жолдардың қабысуы және тағы басқа;

- бұрмалы электржетектері, бақылау бұрмалы құлыптар;

- оқшаулағыш түйіспе, оқшауланған және оқшауланбаған бекеттік жолдар, бұрмалы және бұрмасыз жолдық телімдер;

- көрсетілген конструкциясы бойынша бағдаршамдар (ергежейлі, діңгекті, консольді) және әртүрлі түстердің жануы;

- релелі және батареялық жәшіктер;

- бекет шегіндегі жаяу өту жолдары мен өткелдер, сонымен қатар бекеттік құрылғыларды аралықпен байланыстыру;

- маневрлік бағаналары, буткалар, посттар мен жергілікті басқаруы бар төбелер;

- қызметтік-техникалық ғимараттарды орналастыру орындары (жолаушылар орны, электрлік, дөңестік және маневрлік орталықтандыру, көліктік модульдер, техникалық қызмет көрсету пункттері, сонымен қатар басқа құрылыстар);

- жолаушылар мен жүк платформалары, жасанды құрылыстар (көпірлер, жол көрсеткіштер және т.б.), олар құрылғыларды жөндеу мен кабельдік жұмыстарға әсер етеді;

- автоблокировканың жоғары вольтті желілері және қоректендіруші трансформаторлар мен ажыратқыштардың орналасқан орнында бойлық электрмен қамтамасыз ету желілері;

- электрифицирленген жолдар, тартқыш бекеттер, максимал тогы көрсетілген қоректендіруші желілердің қосылу орындары, ауа аралықтары және контактілі желінің бейтарап орналасуы;

- БОБ кабельдердің негізгі трассасы;

- алаңдық объекттерді электрлік орталықтандыру постының осьінен ординатасы.

Бір жіпті жоспарды құру бекеттің жолдық таралуын (1.4-сурет) шартты белгілермен сызбаға тізбектей салу, оны жекеленген секцияларға бөлу, жол мен бұрмаларды нөмірлеу, бағдаршам орналасқан орындарды анықтау, БОБ құрылғыларының ординаталарын есептеу болып табылады.

Жолдық дамуын жоспарға салған соң, бекетті жекеленген секцияларға жіктейді, оны келесі ретпен орындау керек:

- бекетті аралықтан ажырататын ЖС орнатылады;

- бекеттің басты және қабылдау-жөнелту жолдарының рельс тізбектері

1.4-сурет. Бекеттің біржіпті жоспарындағы шартты белгілер

белгіленеді;

- қозғалыстар жасауға ыңғайлы жол телімін және кіру бағдаршамы артындағы бұрмасыз телімді белгілейтін ЖС енгізеді;

- орталықтанбаған аймақты бөлетін ЖК орнатады (жүк аулалары, депо, келу жолдары мен тупиктер), бұл кезде тарту бекеттерінің, өрт және қалпына келтіру поездарының тұру жолдары сонымен қатар класстық вагондардың жолдық таралуы орталықтандыру объектісі болып табылады;

- кіру жолдарынан орталықтандыру аймағынының кірісінде құрамның келуін бақылайтын қысқа рельс тізбегі (25м) болады;

- жеке рельс тізбегінде бұрмалық көшенің бұрмаларыныі әрбіреуі белгіленеді;

- бір уақыттағы параллель қозғалысты қамтамасыз ететін ЖС орнатылады (съезді бұрмалардың арасында, параллель орналасқан съездерде және т.б.);

- бұрмалар санына таратылған рельс тізбектер талдалынады (үш бірліктік немесе екі қиылысатын бұрмалар) және секция орталығының бар болуы анықталады; қажет болған жағдайда қосымша ЖК (жекеленген секциялар) орнатылады, бұл кезде негізгі жол бойынша оқшаулағыш түйіспелер саны минимал болу керек.

Келесі деңгейде поездық және маневрлік бағдаршамдарды орналастыру орындалады, оны былай жүргізеді:

- оқшаулағыш түспелері бар бекет шекарасында кіру бағдаршамдары орнатылады;

- дұрыс емес жолмен қозғалып келе жатқан поезды қабылдау үшін екі жолдық желілер негізгімен бірге қосымша сигналдар орнатылады, өлшемін қамтамасыз ете алмаған жағдайда олар сол жағына орналастырылады, жаңа жобалауда мұндай бағдаршамдар құрылымы бойынша діңгекті болып дайындалады;

- қабылдау-жөнелту пунктінен олардың мамандануы ескеріле отырып, шығу бағдаршамдары орналастырылады; бірнеше жол үшін топтық шығу бағдаршамы орналастырылады, ондай бағдаршамдар жол жөнелту нөмірінің маршрутты көрсеткішімен толықтырылады, содан поездар жіберіледі;

- бекетте бұрмалық телім алдында бірнеше қабылдау-жөнелту пункті болса, онда маршрутты бағдаршамдар орналастырылады.

Маневрлік бағдаршамдарды орналастыру:

- арнайыландырылған қабылдау-жөнелту жолдарынан;

- орталықтанбаған аймақтан бекетке шығу үшін;

- қабылдау-жөнелту жолына әкелетін бұрмаларды қоршау;

- бекет алқымындағы барлық бұрмасыз телімдер;

- бекет алқымында маневрлік қозғалыс кезінде қайта жүру болмас үшін.

Содан кейін бұрмалар нөмірленеді және жол мен бағдаршамдарға атау беріледі [H].

Бекеттің басындағы тақ бұрмалар аралықтан ЭО постының осьінің бағытында тақ сандармен нөмірленеді (1, 3, 5,...). Мұнда бұрма аралық және кіру бұрмалары үздіксіз нөмірлену керек (мысалы, 7, 9, 11, немесе 13/15, 17/19). Бұрмалар нөмірлері СЭП орналастырылатын жақтан жол осьінен көрсетеді. СЭП кең жол аралығы жағынан немесе алаң жағынан орналастырады, өлшемі мен жөндеу ыңғайлылығы, қызмет көрсету және пневмо үрлеу, кабельдің жалғануы ескеріледі. Жұп бұрмалар осыған ұқсас нөмірленеді.

Жекеленген жолдар П литері жалғанып, реттік нөмірмен жоспарда белгіленеді. Негізгі жолдар рим сандарымен белгіленеді (IП, IIП, IIIП): тақ бағыт бойынша – тақ, жұп бағыт бойынша – жұп санмен, қабылдау-жөнелту жолдар араб сандарымен белгіленеді, онда негізгі жолдың нөмірінен кейінгі саннан басталады; бұл кезде жұп поездарды қабылдауға арналған жолдар жұп санмен (4П, 6П, 8П), ал тақ поездарды қабылдауға арналған жолдар – тақ сандармен белгіленеді (3П, 5П, 7П). Аралық бекеттерде, сонымен қатар тақ және жұп поездарды қабылдау үшін қабылдау-жөнелту жолдарының саны аз бекеттерде бұл жолдар жолаушылар ғимаратынан алаң жаққа қарай негізгі жолдың нөмірінен кейінгі реттік санмен нөмірленіп отырады (3П, 4П, 5П, 6П, 7П) жекеленбеген жолдарда П әрпі болмайды. Жол нөмірі мен оның мамандандырылуы сұлбалық жоспарда беріледі.

Бекет басындағы бқрмасызсыз телім атаулары осы телімде орналасқан бұрмалар нөмірінен тұрады, олар мәні аз саннан бастап, қисық сызық арқылы жазылады; атауына П әрпі жалғанады (мысалы, 5/17П, 4/14П).

Кіру бағдаршамдарынан кейінгі телім мен қозғалыстық бағдаршам алдындағы хабарлау телімдері бағдаршамы атауына П әрпін жалғау арқылы құрылады (мысалы, ЧП, М12П).

Бекеттік бағдаршамдардың белгіленуі поезд қозғалысының бағытымен сәйкес алынады. Кіру сигналдары үлкен әріптермен белгіленеді Н – тақ бағыттағы поездардың қозғалысын реттеуші бағдаршам, Ч – жұп бағыттағы. Бір бағыттағы бекетке бірнеше кіру әдісі болса (яғни бірнеше кіру бағдаршамы болса), онда бағдаршамның Н (Ч) литеріне осы бағытта поездардың келетін ең жақын теліміне бекеттің атауының бірінші әрпі жалғанады (мысалы, ЧК, НВ). Қосымша кіру бағдаршамдары Д әрпін жалғау арқылы құрылады (НД, ЧД).

Шығу бағдаршамдарын белгілеу кезінде қозғалыс бағытының литеріне Н (Ч) жолдың нөміріне араб саны жалғанады (соның ішінде жол араб санымен белгіленген кезде де). Маршрутты бағдаршамдар М литерін жалғау арқылы белгіленеді (мысалы, ЧМ3А, НМ4). Маневрлік бағдаршамдар М литеріне бағдаршамның реттік нөмірін жалғау арқылы белгіленеді, сонымен қатар бекеттің жұп алқымында жұп сандар, ал тақ алқымында тақ сандар қолданылады, маневрлік бағдаршамдар аралықтан қабылдау-жөнелту жолына дейін нөмірленеді.

Мысал ретінде 1.5-суретте тақ алқым көрсетілген, ал 1.6-суретте бағдаршам мен оқшаулағыш түйіспелердің шартты орналасуы бар аралық бекеттің бірінің жұп алқымы көрсетілген.

1.5-сурет. Бекеттің тақ алқымының сұлбалық жоспары

1.6-сурет. Бекеттің жұп алқымының сұлбалық жоспары

Сұлбалық жоспарда ординатты анықтау. Бекеттің сұлбалық жоспарын салудың келесі деңгейі бейнеленген объекттердің ординатасын анықтау болып табылады – жолаушылар ғимараты немесе ЭО постының осьімен сәйкестендірілген бекет осьінен объектке дейінгі қашықтық.

Бағдаршамдар мен бұрмалық жетектердің үшкірінің соңының ординатасы сызбаның жоғарғы бөлігінде кестеде көрсетіледі; габаритті емес ЖС ординатасы, бағдаршаммен бірге орналаспаған ЖС, платформа шекарасы объекттің жанында жақшада көрсетіледі.

Қайтадан жобаланатын бекеттер үшін ординаталарын есептеуді жолаушылар ғимаратының жанында орналасқан қабылдап-жөнелту жолаушылар жолынан бастау керек. Жартылай бойлық типті аймақтық бекет үшін жолаушылар ғимаратының осьінен қабылдап-жөнелту жолаушылар жолы бар шығу бағдаршамдарының біріне дейінгі бастапқы қашықтықты 280-300м деп алу керек (жолаушылар платформасының ұзындығы 400м болған кезде). Көлденең және бойлық типті бекеттер үшін бұл қашықтық қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығының жартысына тең. Ары қарай бағдаршам мен бұрмалар ординатасы олардың өзара орналасуына сәйкес анықталады. Келесі бекет басына ауысу жүк поездар үшін ең қысқа қабылдап-жөнелту жолы арқылы орындалады, оның пайдалы ұзындығы сәйкес нормаға тең болу керек – 850, 1050, 1250, 1700, 2100 м.

Аралық бекеттер үшін осы әдістеме қолданылады, бірақ кей кезде қысқа қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығын ескере отырып есептеу жүргізу керек.

Бұрмалық ауысулар түрін таңдау кезінде ПТЭ талаптарын қолдану керек:

- жолаушылар қозғалысы бар жолдарда бұрмалардың 1/11 крестовина маркасы болу керек. Түзу жол бойынша ғана жүретін бұрмалардың ауысулары да 1/9 крестовина болу керек;

- қабылдап-жөнелту жолымен қозғалыс кезінде жүк поездары ғана ауытқитын ауысулар 1/9 кристовинасынан тұру керек, ал симметриялық – 1/6-дан тұру керек;

- жылдамдықты қозғалыс телімінде және тежеусіз өткізу кезінде бүйір жол бойынша поездардың ауытқуы үшін 1/11, 1/18, 1/22 бұрмалық ауысулар қолданылу керек.

Крестовина маркасын таңдағаннан кейін бұрмалық ауысулар ведмоствасы құрылу керек.

Бұрмалардың есептелген ординаталары мен сигналдық ординаталары сәйкес ордината кестесінде элементке қарама-қарсы көрсетіледі. Онда бекет осьінде нөлдік ордината көрсетіледі, ал қалған барлық ордината жазбалары объекттің нақты орналасуын ескере отырып тізбекпен өсу керек.

1.5, 1.6-суретте бағдаршам мен бұрмалардың ординатасын есептеу мысалы көрсетілген. 1.5-суретте қарастырылып отырған бекет үшін бұрмалық ауысу ведмоствасын құру мысалы көрсетілген.

ЭО алаңдық құрылғыларын бір жіпті жоспардағы темір жол телімінің километражына байланыстыру үшін ЭО постының ось пикетажы, негізгі жолдан кіру және шығу бағдаршамдар, өткел мен жаяу жүргінші жолдары, сонымен қатар ірі жасанды құрылыстар. көпір, жол өткізгіш және тағы басқалары көрсетіледі (1.5, 1.6-сурет).

Маршруттар, бұрмалар мен бағдаршамдардың өзара тәуелділігі. Бекеттің сұлбалық жоспары бойынша электрлік орталықтандырудың миропроцессорлық жүйелер мен релелік жүйелер эксплуатациясы мен жобалау үшін маршруттар мен бұрмалар, бағдаршамдардың өзара тәуелділігін анықтайтын кестелер құрылады:

- негізгі поездық маршруттар кестесі;

- нұсқалық поездық маршруттар кестесі;

- қозғалыстық маршруттар кестесі;

- жеке маршруттар;

- маршрутқа қатыспайтын, бірақ бақыланатын бұрмалар мен габаритті емес бұрмалар телімінің кестесі;

- тұйықтаудан шығаруды бәсеңдету немесе бастапқы жағдайға авто оралуы бар бұрмала кестесі;

- бағдаршамның сигналды көрсеткішінің өзара тәуелділік кестесі.

Бұрмаларды жергілікті басқару кезінде бұрмалардың екі еселенген басқару нұсқасы бар кесте құрылады, ал бекеттік өткел кезінде - өткелдік сигнализацияның жұмыс шартының кестесі құрылады. Қажет жағдайларда бұрыштық кіру кезінде қиылуларды болдырмас үшін бұрмалардың қосымша тұйықтау кестесі қолданылады.

Орталықтанған басқарудан алынып тасталынатын поездық және қозғалыстық маршруттар болған кезде оларды жеке тізімде көрсетеді (1.13-сурет). Көрсетілген мысалда арнай жолдарға қабылданатын маршруттар алынбайды. Бекеттің тақ алқымында 1/3 және 1/7 съезд бойынша маршруттар алынып тасталынады, олар бір уақытта теріс жағдайда болады.

Күзетуші бұрмалардың орналасуы мен габаритті емес бұрмалық секциялардың бос болуын бақылаудың сұлбалық сұрақтарын шешу үшін маршрутта бақыланатын, бірақ қатыспайтын бұрмалар мен габаритті емес жекеленген телімдер кестесі құрылады.

Бұрмалар 4 және 8 бір 4-8СП (сурет. 1.6) жекеленген секцияға кіреді. Съезд 2/4 теріс жағдайда орналасқан деп есептейік, егер маршрутты 6/8 съезді бойынша теріс күйге орнатса, онда оны тұйықтаған соң 2/4 съездін оң күйге ауыстыруға келмейді, ол параллель қозғалыстарды болдырмайды, мысалы, IIП және 4П жолында жұп қабылдау маршруттары. Сондықтан 6/8 съездтің теріс күйі бойынша маршрутты орнату кезінде 2/4 съездті оң күйге ауыстырады, ол ЭО сұлбасында тексерілу керек. Бұл және бұған ұқсас жағдайлар жоғарыдағы кестеге енгізіледі.

Сырғанаудың үздіксіз беті бар бұрмалар, сонымен қатар қабылдау маршрутындағы екінші және үшінші бұрмалар қабылдап-жөнелту жолдарына әкелетін рельс тізбегінде орналасады, оның тұйықталудан шығу баяулануы 15-20с болу керек, оны қолданғаннан кейін бастапқы жағдайға авто оралуы болады.

Соңғы жылдары Ресейде автоматика мен телемеханиканың темір жол құрылғылары мен автоматты жобалау жүйелері (АЖЖ) кең таралған. Ол арқылы жобалау процесін автоматтандыруға, жобалаушының еңбек өнімділігін арттыруға, жобалық құжатты құруға кететін шығын мен уақытты қысқартуға болады. Жобалау мекемелерінде маршруттар мен тәуелділіктер кестесін, бекеттің сұлбалық кестесін құруды автоматтандыратын АЖЖ енгізілген.

Бекеттің екі қылды жобасы. Бекеттің екі қылды жобасы (1.7-сурет) бекеттің сызбалық жобасы, бұрмалардың өзара тәуелділік кестесі, сигналдар маршруттар негізінде құрылады және бекетті рельс тізбектерімен жабдықтау бойынша негізгі құжат және орталықтандырудың алаңдық құрылғысын орналастыру бойынша негізгі құжат болып табылады.

Бекеттің екі қылды жобаларын белгілі бір тізбекте құрады, олар мүмкін қателерді болдырмайтын бір типті операциялардың даңгеймен орындалуын қамтамасыз етеді.

Бекеттің сызбалық жобасы негізінде екі сызықты бейнеде бекеттің ауданының жолдық дамуын сызуға болады, олар орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталады. Ірі бекеттер үшін сызбалы бірнеше парақта орындау керек – алқымы бойынша немесе парк бойынша.

Сызбада қызметтік – техникалық тапсырмалар, өткелдер, жаяу жүру жолдары, жасанды құрылыстар, жоғары вольтті сызықтар және ЭО постының осьінен олардың ординаталары көрсетілген басқа да инженерлік коммуникациялар көрсетіледі.

Бұрмалық электр жетектерін орналастыру көрсетіледі жіне ЭО постының осьінен олардың ординатасы көрсетіледі.

Электр жетектерінің қондырғыларының жан жағы оларды орналастыру, қызмет көрсету ыңғайлылығы, кабельді орналастыру шарттары мен ауа өткізгішті пневмоүрлеу үшін жол аралық енін ескере отырып анықталады. Жетектің алаңдық жағынан орналасуы тиімдірек немесе кең жол аралық жағынан орналасу керек.

Одан кейін сызбаға поездық және маневрлік бағдаршамдар салынады және олардың ординаталары көрсетіледі. Бағдаршамдардың сәйкес сигналды алауына 2 санымен лампалардың қолданылатын резервтік (қосымша) жіптері белгіленеді. Сигналды трансформаторларды орналастыруға қажет бағдаршам діңгегіндегі трансформаторлар жәшігінің саны анықталады.

Бекеттік өткелдерде (жаяу жүру жолдары) өткел бағдарламаларды, шлагбаумдар, өткелді жабу құрылғылары, релелі және батареялық шкафтар салынады. Бағдаршамдардан (шлагбаумнан) жақын орналасқан рельске дейінгі қашықтық немесе автожолдық жүру бөлігінің ені көрсетіледі.

Сызбаға қалған релелік және батареялық шкафтар, сонымен қатар бұрмалардың электрлік қызу шкафтары мен олардың ординаталары белгіленеді. Релелік шкафтар үшін қосымша олардың атауы мен түрлері, ал батареялық шкафтар үшін – реттік нөмірі мен қыздырылатындар нөмірі көрсетіледі. Бұрманы екі еселенген басқару (жергілікті) болса, жобаға маневрлік бағаналар, төбелер және олардың атауы, ординаталары мен жолдан қашықтығы көрсетіледі.

Ары қарай сызбалық жобаға сәйкес рельс тізбектерін шектейтін оқшаулағыш түйіспелер салынады. Тармақталған РТ тармақталуларында РТ аспаптарын орналастыру қажеттілігі анықталады, электр жетегі бар болса, тартым тогының канализация сызбасы құрылады және дроссель – трансформаторларды, дроссель аралық және жол аралық электрлік тартымдық біріктіргіштерді орналастыру орны анықталады.

Кодталмайтын РТ үшін қоректендіруші және қабылдау соңдардың орналасуы, кабельді үнемдеу үшін, оқшаулағыш түйіспелерде бірдей атаумен аталатын аспаптардың орналасун қамтамасыз ету керек. Одан соң бұрмалық аударулар ішінде оқшаулағыш түйіспелер орналастырылады. Сызбаға бұрмалардың бұрмалық немесе электрлік тартымдық біріктіргіштер (қосқыштар) салынады.

Тональді РТ үшін жиіліктердің таралуы жүргізіледі. Содан соң РТ алаңдық аппаратурасындағы екі қылды жобада орналастырулар жүргізіледі: дроссель – трансформатор, жолдық жәшіктер, кабельді муфталар және тұрғылар. Бұл кезде аппаратураның бір жолдық жәшігінде түйіспеде орналасқан РТ – ң екі соңын орналастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Екі қылды жобада орналасқан барлық РТ аспаптарының атауы болуы керек. Жодық жәшіктер немесе кабельдік муфталар мен тұғырлар үшін РТ қоректендіруші және релелік соңының белгіленуі шартты белгіленулер арқылы орындалады, ал дроссель – трансформаторлар – « Т » немесе « Р » көмегімен белгіленеді. Тональді РТ үшін тасушы жиілік пен модуляция жиілігі көрсетіледі.

РТ берілген соңынан кодтаудың болуы « К » әріпімен белгіленеді, ол рельс колеясының ішінде орналасады. Тональді РТ үшін « КСС » және « ТҚБ » әріптерімен сәйкес түйіспелерде түйіспелердің қиылысуын бақылау құрылғысы ( ТҚБҚ ) немесе тармақталуда құрамның болуын бақылаудың болу – болмауы көрсетіледі.

Үзік сызықпен екі еселенген түйіспелік біріктіргіштері бар жолдар көрсетіледі.

Кабельдік жоба жасалған соң екі қылды жобаға салынады: кабельдердің магистральді трассалары, муфта түрі мен ординатасы көрсетілген тармақтау муфталары, жетектердің электрлік қыздырудың жолдық жәшіктері.

1.7-сурет. Бекеттің тақ алқымы үшін бекеттің екі жіпті жоспары

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Бекеттің бір жіпті жоспарында қандай элементтер көрсетіледі?

2. Бекеттің бір жіпті жоспарын құру қалай орындалады?

3. Бекеттің екі жіпті жоспары қалай құрылады?

4. Бекетте қандай тартым түрлері қолданылады?

5. Қандай РТ түрлері қолданылады?

2, 3-дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]