Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АССЖДТ лекциялар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.3 Кб
Скачать

1 Сурет – спг-3 бұрмалы электржетекпен басқару сұлбасы

ППС полярлы іске қосылу релесінің түйіспесімен ауыстырылатын екі сақтағышының бар болуы электрқозғалтқыштың фрикцияға жұмысы кезінде біреуінің күйіп кеткен жағдайда бұрманы бастапқы күйге алып келуге мүмкіндік береді. Бұл кезде ағытпа «бөтен» жолға барады.

Бұрма ауысуының кепілі үшін қозғалтқышты электрлі энергиясымен сенімді қамтамасыз ету маңызды.

Сұрыптау дөңестердің сенімді электрмен қамсыздандырылуы (екі тәуелсіз фидер, кернеуі 380В және автоматты қосылатын дизель-генератор) аккумулятордың орнына ПК1-1 конденсаторлар панелін қолдануға мүмкіндік береді (14.2 сурет). Есептеу мен тәжірибелер көрсеткендей, сиымдылығы 3600мкФ конденсаторлары барлық электрмен қамсыздандыру көздері сөнгенге дейін үшкірлердің қозғалысын бастаған үш бұрманың ауысуынан аяқталуына жеткілікті.

Конденсаторлардың қоректенуі ОВ негізгі түзеткіштен жүзеге асырылады, ал оның сөнуі кезінде К1 релесін бақылайтын – РВ резервті түзеткіштен жүзеге асырылады. VD7 диоды екі түзеткіштің сөну уақытында РВ түзеткіші арқылы конденсаторлардың разрядын болдырмайды, ал VD8 диоды бұрмалы электржетектерді қоректендіру тізбегіндегі R1, R2 зарядты резисторын шунттайды. В ауыстырып қосқышын техника қауіпсіздігінің талаптары бойынша жөндеу жұмыстары кезінде разряд күйіне орнатады.

2 Сурет – Конденсаторлар панелінің сұлбасы

Бұрманың ауысуы түзеткіштің және конденсатордың тек біреуінде кернеу бар болғанда басталады, олар НКП, КПТ және ОКПТ релелерін қамтамасыз етеді (14.3 сурет). Олар көрсетілген шарттарда бұрмалы жетектердің іске қосу тізбектерінің қорек көздерін қосады (ГПСТ және ГМСТ полюстері).

3 Сурет – Бұрамлы электр жетектерінің іске қосылу тізбектерінің сұлбалары

Бұрмалардың автоматты ауысуы кезінде қозғалтқыштың фрикцияға жұмысын және ағытпаның үшкірге кіруіне дейін бұрманы бастапқы күйге қайтару өз уақытында байқау операторға қиынға түседі. Ағытпаның рельстен шығуын болдырмау үшін АВ релесінің көмегімен бұрманың автоматты түрде бастапқы күйге келтірілуі ескерілген (14.1-суретті қара). Бұл реле өз түйіспесі және бұрма күйін бақылайтын релелердің біреуінің (ПК және МК) түйіспесі арқылы қорек алады. Автоматты режимде бұрмасы рукоятқа ортаңғы күйде болады және де АВ түйіспелері арқылы П1С-ПЗС сұрыптау релелердің қайталағыштарының көмегімен бұрманы ауыстыру командалары жіберіледі.

Екі бұрмалы бақылау релелері 1,4 с-тан көп уақытқа сөнген жағдайда, АВ релесі якорді түсіріп, бұрма бастапқы күйге қайтып келеді. Егер де АВ қосылуына дейін бұрмалы телім ағытпамен босамаса, онда НПС пен ППС іске қосылу релелердің тізбектері 31 СП бұрмалы жолдық реленің түйіспесімен ажыратылған және бұрманың автоматты қайтуы мүмкін емес. АВ релесін сөндіру мүмкін емес; өйткені ол жолдық реленің астыңғы түйіспесі арқылы қорек алады.

Бос бұрмалы телім мен өзінің ГАЦ блогында маршруттың тапсырмасы жоқ кезде бұрманың күйін бақылағаннан кейін АВ релесі якорін қайта тартады.

Берілген бұрманың ГАЦ блогына маршруттық тапсырыстың келуі және З релесінің сөнуі ағытпаның келесі бұрманы басқан сәтінде болады, ал сұрытпау релелердің сөнуі мен З релесінің қосылуы – берілген бұрманың оқшауланған телімдегі ағытпаның болмауы кезінде. Сондықтан ағытпа алдындағы бұрмадан келесіге дейін қозғалғанда және соңғысының телімін басқанша алдында сөндірілген АВ релесі тоқсыз қалып, бұрманың бастапқы күйге қайтарылуы туралы бұйрық жібереді. АВ релесі ағытпа бұрманы босатқанда ғана іске қосылуы мүмкін. Осылайша әрбір ағытпа үшін бұрманың қайтарылуына бір реттік бұйрық беріледі.

АВ релесінің якорін түсіру ағытпаның «жау» жолына бағытталуына алып келетіндіктен, АВ релесінің қоректену тізбегінің кездейсоқ ақау жағдайын болдырмау керек. Бұл мәселе бұрмалы жетектің іске қосылу сұлбаларын қоректендіру сұлбаларында шешілер (14.3 суретті қара). Бұл жүйенің қоректендірілуі бұзылғанда, мысалы сақтандырғыш күйіп қалса, АВ релесін қоректендіретін ГПАВ полюсінен кернеу алынады, КПТ релесінің сөндірілуі нәтижесінде ГПСТ және ГМСТ полюстерінде кернеу сөндіріледі. Бұрмаларды ауыстыру мүмкін емес болып қалады.

Қоректену қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін, ГПАВ полюсіне кернеу беріледі ал ГПСТ мен ГМСТ полюстерінде ол 1 с кейін пайда болады, бұл ОКПТ якорінің түсуіне баяулатылуын қамтамасыз етеді. Бұл барлық АВ реле якорлерінің тартылуын іске қосылу релелердің қоректі алуына дейін кепіл береді.

Құрамдар тарқатылғанда немесе маневр кезінде бұл сұлбалар қажетті күйге келіп, бағдаршамдар ашылғанда тұйықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]