
- •2.1 Сурет - сп-3 типті бұрмалы электрлік жетек
- •2.2 Сурет - сп-6 взрезсіз бұрмалы электрожетек
- •2.3 Сурет - спв типті бұрмалы жетек
- •3.1 Сурет - Үш мәнді сигнализация
- •3.2 Сурет - Ескертуші, кіру және шығу бағдаршамдар сигнализация
- •3.3 Сурет - Бекеттегі көлбеу бұрма ауысуының сигнализациясы
- •3.4 Сурет - Төртмәнді сигнализация
- •1 Сурет - Рельс тізбегінің құрылымдық сұлбасы
- •1Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •1 Сурет – спг-3 бұрмалы электржетекпен басқару сұлбасы
- •2 Сурет – Конденсаторлар панелінің сұлбасы
- •3 Сурет – Бұрамлы электр жетектерінің іске қосылу тізбектерінің сұлбалары
- •4 Сурет – Бір тарқату жолы бар дөңестік ауқымның сұлбасы
- •5 Сурет – Дөңестік бұрмаларды тұйықтау сұлбасы
3.1 Сурет - Үш мәнді сигнализация
Жылдамдықтың екі деңгейі тік жолдағы ауытқуы бар бұрма ауысуымен пойыз қозғалысын ұйымдастыру кемшілігі болады. Крестовина маркасы 1/9, 1/11 бұрма ауысуы бүйір жолға қозғалыс жылдамдығы ν1=40 км/сағ кем емес (Р65 рельсті крестовина 1/11 - 50 км/сағ көп емес). Крестовина маркасы 1/18, 1/22 бұрма ауысуы бүйір жолға қозғалыс жылдамдығы ν3=80 км/сағ және ν4=120 км/сағ сәйкес жылдамдықта орындайды. Пойыздың ауытқу жылдамдығы ν2=60 км/сағ, қазіргі кезде қолданылмайды, бірақта бұл жылдамдық ОСЖД сигнализация жүйесінде есептеледі.
Қазақстан темір жолы торабында пайдаланылатын бағдаршам сигнализациясының негізгі принциптері: қызыл от қозғалушы бірлікті бағдаршамда тоқталуын талап етеді; сары және жасыл от бағдаршамның кезектігін рұқсат етеді; бір үздіксіз жанатын немесе жанып-өшетін от берілген бағдаршамды максимал жылдамдықпен өтуіне рұқсат береді; үздіксіз жасыл от келесі бағдаршамды максимал жылдамдықпен өтуін ескертеді, жанып-өшуші жасыл от - ν3 және ν4 жылдамдықпен өтуін, жанып өшуші сары - төмен жылдамдықпен ν1 , ал үздіксіз сары келесі бағдаршамда тоқтауын көрсетеді.
Екі оттың жануы, астыңғысы сары от - берілген бағдаршамды төмен жылдамдықпен ν1 өтуіне рұқсат береді. Екі отқа жасыл жолақты қоссақ ν3 жылдамдығымен екі жасыл жолақты қоссақ - ν4 жылдамдықпен өтуін көрсетеді. Бұл жағдайдағы бағдаршамның үстіңгі оты келесі бағдаршамының өту жылдамдығын көрсетеді: үздіксіз сары от тоқтау қажеттігін ескертеді, жанып-өшуші сары - жылдамдықтың ν1 мәніне төмендеуін, бір жасыл жолақта жанып-өшуші жасыл - ν3 мәніне, екі жасыл жолақта - ν4 дейін төмендеуін білдіреді.
Көк от маневрлік жұмыстарға тыйым салады. Маневрлік қозғалысты тоқтату кезінде, сонымен қатар маневрлік бағдаршамда сигнал көрсеткішінің көрінуін жақсарту үшін қызыл от қойылады. Сондай-ақ оттың үздіксіз жануы маневр жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді. Кіріс, маршрутты және шығыс бағдаршамдарындағы жанып өшуші ай түстес ақ бөгеулік пайда болған жағдайда тоқтауға дайындығын және берілген бағдаршамды 20 км/сағ жылдамдықпен рұқсат беретін шақырушы сигнал болып табылады.
Бағдаршам сигнализациясында қолданылған мысалды қарастырамыз. 3.2 суретте жүру бағыты тақ үш мәнді блокировкалы телімдегі бұрма ауысуының маркасы 1/9 және 1/11 айналып өту (обгонный) пунктің сигнализациялануы көрсетілген. Ескертуші бағдаршамдағы 1 (3.2, а-сурет) сары от кіру бағдаршамдағы Н қызыл оттың және ай түстес ақ сигналының жанып-өшу көрсеткішінде жанады. Бағдаршам 1 пойыз максимал жылдамдықпен жүре алады, өйткені блок-учаскенің ұзындығы кіріс сигнал Н алдында тоқтауына жетеді.
Бағдаршам 1 жанып-өшуші сары от (3.2, б, в-сурет) кіру сигнал Н ашық екенін көрсетеді, бірақ оны ν1 = 40 км/сағ жылдамдықпен өтуіне рұқсат береді. Бұл жағдай пойызды бүйір жолға 3П қабылдау кезінде немесе басты жолға ІП вариантты маршрутты қабылдауында орындалады. Бұл кезде кіру Н бағдаршамда екі сары от жанады. Жоғарғы оттың үздіксіз жануы шығу бағдаршам (Н1 немесе Н3) жабық екенін ескертеді, ал жанып-өшуші от бұл бағдаршамның ашылуын көрсетеді.
Ескертуші бағдаршамдағы 1 жасыл от кіру Н сигналын максималды жылдамдықта жүруін көрсетеді, ол пойызды басты жолға ІП бұрмалардағы ауытқуынсыз қабылдайды. Кіру Н бағдаршам шығу НІ бағдаршам қызыл отында бір жоғарғы үздіксіз сары отпен көрсетіледі. Егер шығу бағдаршамында НІ вариантты маршрутта пойызды жөнелту қарастырылса, онда кіру бағдаршамында Н жоғары жанып-өшуші сары от жанады, ол кезде шығу бағдаршамдағы жылдамдық ν1=40 км/сағ аспауы керек. Бұл жағдайда шығу бағдаршам НІ екі сары отпен көрсетіледі, егер автоблокировканың бір блок-учаскесі бос болса жоғарғы көрсеткіш үздіксіз жанады, ал екі және одан да көп блок-учаске бос болса жанып-өшу сигнализациясы алынады.