Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АССЖДТ лекциялар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638.3 Кб
Скачать

2.2 Сурет - сп-6 взрезсіз бұрмалы электрожетек

Электроқозғалтқыш валының айналуы редуктор арқылы электрлі жетектің басты валына 6 беріледі. Басты валдың айналуы кезінде шиберлі шестерня өзінің тістері мен шибер тістерін итереді, жұмысты тартым арқылы бұрма үшкірі айналып, бұрма ауысады.

Бұрманың ауысқан жағдайын автоқосқыш 10 бақылайды. Негізгі конструкциясында және оның жұмысында СП-3 жетектің автоқосқышты аналогтылығы жатады. Бірақ, СП-6 жетек жылтқышының 7 электроэнергиясын минималды жұмсайтын автоқосқыш түйіспелерінің күюін жақсартады (жылтқыш ретінде эмальданған сымды резистор ПЭВ-25-56 қолданылады). Пластмассалық түйіспелердің және пышықты колодкалардың механикалық тұрақтылығын күшейту үшін және пышақты түйіспесі бар колодкалар және бақылаушы түйіспелі колодкалардың және жұмысты автоқосқыштар қызметтік мерзімін көтеру үшін амортизациялы прокладкалар қойылады.

СП-6 электрожетек бұрмасында взрев болған жағдайда сенімді бақылау алу үшін қосу блогының бақылау тізбегін қосатын түйіспелі герконды реле қосылады. Бақылау сызғышында герконның жұмыс жасауы үшін магнит орнатылады. Бұрманың толық ауысуы кезінде бақылау сызғышындағы магнит магнитті өріс әрекетімен түйіспелерді тұйықтап, бұрылған бұрма жағдайында бақылау тізбегін құрады. Бұрманың взрезі кезінде бақылау сызғышы күштеп орналастырылады, сонымен бірге магнитте орналасып герконды реле түйіспесін ажыратады. Бақылау тізбегінде бұрма взрезі фрикцияланады.

СПВ элекрожетегі взрезді жетек типіне жатады (2.3-сурет). Оның конструкциясы бұрманың взрезі кезіндегі жетектің сынуын болдырмайды, үшкірдің бөлек жүрісін қамтамасыз етеді. Редуктор арқылы электроқозғалтқыштың айналуы басты валға беріледі (2-7 шестерден тұрады). Шестерня 5 фрикцияланған муфтаны ұсынады. Шестерня 7 басты валға еркін орнатылған және взрезді сцепление жұдырықшаға сүйенген барабанды 8 айналдырады. Барабан ішінде пружиналы негіз ендірілген, ол басты валға қатты нығыздалған. Негіз екі роликті ползуннан тұрады.

2.3 Сурет - спв типті бұрмалы жетек

Взрезді сцепление барабан өзімен бірге басты валды айналдырады және бұрма үшкіріне қосатын 11, 12 жұмысты сызғышын және тартымын қозғалтады, сөйтіп бұрманы ауыстырады.

Үшкірлердің дұрыс ауысуын автоқосқыш жұдырықшаларымен қосылған бақылау сызғыштарымен тексереді. Ішкі тұйықтаушы жабыстырылған үшкір тұйықталуын орындайды.

Бұрманың минус жағдайына ауысуы жабыстырылған үшкір сызғышын 11 қозғалтады. Жүріс барысында жабыстырылған үшкір сызғышы 12 орнында қалады, одан кейін ажырау орындалады. Әрі қарай жүріс сызғыш 11 наклеп, П1 сызғыш 12 наклеп П2 итереді. Одан әрі екі сызғыш бірге қозғалады да шестерня 10 сызғыш тістері 12 сцепление болады. Бұрма ауысып болған соң сызғыш 11 тоқтап шестерня 9 тісімен тұйықталады. Сызғыш 12 әрі қарай қозғала береді. Наклептер 13,2 мм арақашықтыққа бөлінеді.

Дәріс 10. Бағдаршамдар мен маршруттық көрсеткіштердің кабельдік желілері.

Т.ж. көлігіндегі маневрлік жұмыстарды және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру кезінде арнайы дабылдық құрылғылар көмегімен оптикалық арналар бойынша ақпаратты белгілі жүйеде тарату үшін қолданылады, олар оптикалық ақпаратты көріну алыстығын, тану тездігін және қабылдау қарапайымдылығын қамтамасыз етеді.

Дабылды аспаптар белгілі жол телімін қоршайды, қозғалыстың рұқсат етуші жылдамдығы туралы ақпаратты, алдында жатқан блок-телімнің жағдайыр, бекеттегі маршрут ретін және т.б машинистке береді. Тұрақты дабыл ретінде бағдаршамдар пайдаланылады.

Бағдаршам сигналдары жеткілікті ара-қашықтықта қабылдануы тиіс, күндіз де түнде де атмосфераның қолайсыз райында да қабылданады.

Берілетін ақпаратты кодалау үшін қазіргі жүйелерде оптикалық сигнализацияда бірнеше өзгешелік физикалық көрсеткіштер қолданылады: түсі, жану режимі, бағдаршамдарының саны және шамдардың өзара орналасуы. Теміржол сигнализациясында 3 негізгі (қызыл, сары, жасыл) және 2 көмекші ( ақ және көк) түс қолданылады.

Берілетін ақпараттың көлемін көбейту үшін бағдаршам шамдарының 2 режим жануы қолданылады: үздіксіз және жанып-өшу. Бір уақытта жанушы шамдардың саны екіден көп болмауы керек. Бірақ, соңғы кездері көлікте 3 шамнан тұратын сигналдар қолдануда, сонымен, қатар бір немесе екі жасыл сызығы түрі де қолданылады.

Бағдаршамды сигнализация базасында "Сигнализацияның жалпы жылдамдық жүйесі" құрылды. Бұл жүйеде әр бағдаршамның сигнализация көрсеткішіне максималды рұқсат етуші жылдамдық сай келеді, онымен берілген және келесі бағдаршам осін басып өтүге болады. Көп қадамды сигнализацияда рұқсат етүші көрсеткіш реализациясы үшін үзіліссіз режимде жанатын сары және жасыл түс қана емес, сонымен қатар осы түстердің жанып-өшу режимінде, жанып-өшу жиілігі 1 мин-та 40-60 және 100-120 жанып-өшу енгізілген. Жолаушылар пойыздары үшін максималды жылдамдық 120-160 км/сағ, жүкті пойыз үшін 90-100 км/сағ. Крестовина маркасы 1/9, 1/11 бұрма бойынша бекеттегі бүйір жолға қабылдау кезіндегі және аралықтағы сары сигнал жылдамдығын 40-50 км/сағ шекте азайту керек. Крестовина маркасы 1/18, 1/22 бұрма ауысуындағы қозғалыс кезінде жылдамдықты 80 және 120 км/сағ сай азайтылады.

Темір жолдарда қолданылатын сигналдар. Сигналдар көрінетін және естілетін (дыбысты) болып бөлінеді. Көрінетін сигналдар түсімен, пішінімен, жағдайымен және сигнал көрсеткіш санымен (бағдаршамдар, семафорлар, дискілер, щиттер, фонарлар, факел свечалар, сигналды нұсқағыштар және сигналды көрсеткіштерімен) бейнеленеді.

Естілетін сигналдар сандарымен және әр түрлі дыбыстар сәйкестігімен (локомотивтер ысқырығы, қолды ысқырықтар, үрмелі рожки, сереналар, қондырғы гудоктары, бекеттегі қоңыраулар және питардалар) бейнеленеді.

Көрінетін сигналдарды пайдалану уақытына қарай күндізгі, түңгі және тәулік бойлық деп бөледі.

Бағдаршамдар тағайындалу бойынша кірісті - бекетті қосалқы аралық жағынан қоршайды, олар бекеттегі пойыздар қозғалысын рұқсат ету үшін және тыйым салу үшін қызмет етеді; шығыс - пойыздың бекеттен аралыққа жөнелтуіне рұқсат етуші немесе тыйым салушы; өтпелі - пойыз қозғалысының бір блок-учаскесінен басқасына өтуіне рұқсат етуші немесе тыйым салушы; маршрутты - пойыз қозғалысының бір темір жол районынан басқасына өтуіне рұқсат береді немесе тыйым салады; қалқалау - бір деңгейдегі темір жолдың жанасу орнын қоршау үшін арналған; маневрлік, қалқалаушы, қайталағыш, локомотивті, төбешікті, ескертуші.

Сигналдық оттардың түрлі-түстілігі түсті линза және светосүзгіш көмегімен жеткізіледі. Түс және светофильтрдің өткізу коэффициенті қатан нормаланады және сәйкес эталондармен салыстыру жолымен тексеріледі.

Бағдаршамдар пойыз қозғалысының бір жағында оң жағынан орнатылады, олар түнде жақсы көрінуі үшін және күндіз аз ысуы үшін аллюминді сырмен бояйды.

Жедел сигнализация кезінде бағдаршам көрсеткіші бұйрықтың екі түрін тарату мүмкіндігін қамтамасыз етеді: негізгі - берілген бағдаршамдағы пойыз жылдамдығы және ескертуші - келесі бағдаршамдағы жылдамдық.

Жауапты сигнал "ТОҚТА" үшін қызыл түс қолданылады, өйткені ол қарапайым фонда көзге өте өткір, қатты және жәй жарықтану кезінде көзге көрінеді.

Өзінің тағайындалуы бойынша тыйым салушы сигналдар: абсолютты- тыйым салушы көрсеткіште ешқандай шарттарды рұқсат етпейді; абсолютты-рұқсат етүші - тыйым салушы көрсеткіште пойызды тоқтатады, бірақ 2 минут біткен соң 20 км/сағ жылдамдықта қозғалысқа рұқсат береді; шартты-рұқсат етүші - бір категориялы пойызды тыйым салушы көрсеткіште тоқтатады, ал басқа категориялы пойызға қозғалысты рұқсат береді.

Сигналдар үшін, сонымен қатар көк түс те қолданылады. Ол адам көзіне жақсы қабылданады, бірақ аспан фонында нашар контрасті. Сонымен қатар, көк светосүзгіштердің өту коэффициенті төмен. Сондықтан көк түс маневрлік және шартты-рұқсат етуші сигналдар үшін қолданылады.

Ай түстес ақ шамды шақырушы сигнал ретінде және маневрлік бағдаршамдарда маневрлік қозғалыстарды рұқсат ету үшін пайдаланады.

Қажетті жағдайларда шақырушы, шартты-рұқсат етуші сигналдар, маршрутты көрсеткіштер және жарықтандырушы жолақтар қолданылады.

Шақырушы сигналдар кіріс, шығыс және маршрутты бағдаршамдарда бір мәнді бағдаршам түрінде ай түстес ақ жанып-өшүші отында пойыз қозғалысын қызыл немесе сөнген оттарда жүруге рұқсат береді және келесі бағдаршамға дейін 20 км/сағ жылдамдықта жүруін белгілейді, кез-келген бөгеу пайда болған кезінде тоқтауға дайындығын белгілейді.

Блок учаскесінде қоршаушы бағдаршамдар тежегіш жолда талап ететін ұзындықта екі бағыттама түріндегі ақ түсті жарықтағыш көрсеткішімен толықтырылады, ал есекртуші бағдаршамдарға - бір бағыттамалы көрсеткішпен толықтырылады.

Кез-келген түсініксіз сигнал тоқтау деген сигнал ретінде қабылдануы керек.

ПТЕ ережесі бойынша кіріс, өтпелі, қалқалаушы бағдаршамдардың тура телімдерде көзге көріну ұзақтығы 1000 м кем емес, басты жолдардағы кіріс және маршрутты бағдаршамдар - 400 м кем емес, бүйір жолдардағы шығыс және маршрутты бағдаршамдар, сонымен қатар маневрлік бағдаршамдар - 200 м кем емес.

Бағдаршам габарит шартты бойынша жол аралық ені: 5200 мм-темірбетон немесе металды діңгекті бағдаршамдар; 5040 мм - метал діңгекті бағдаршамдар; 4500 мм - екілік ергежейлі бағдаршамдар; 4200 мм- бірлікергежейлі бағдаршам.

Бағдаршамдардың оптикалық жүйесі линзалық және прожекторлы болып бөлінеді.

Линзалық бағдаршамдарда әрбір 40 күн сайын қызыл от жаңаланып отырады, алынған шам сары от шамына қойылады, ал соңғысы - жасыл оттың орнына.

Маневрлік сигналдарда көк оттың шамы екі айда бір рет ауыстырылады. Шақырушы сигнал шамдары, кіріс бағдаршамдағы сары от және шартты-рұқсат етуші сигналда көк от алты айда бір рет ауыстырылады. Сигналдардың көрінуі он күнде бір рет тексеріледі.

Жасыл түстің сигнал жолағы кіріс және маршруттық бағдаршамда орнатылады. Ол пойыздың бүйір жолға қабылдануы кезінде крестовина маркасы 1/18, 1/22 бұрмаға қосылады. Сигналдық жолақта 15 және 25 Вт қуатты шамдары қолданылады. Жолақтың көріну алыстығы - 500 м кем емес.

Ақ түсті жарық нұсқағыш өтпелі және кіріс бағдаршамының діңгегінде орналасады. Нұсқағыштар бірлікті және екілікті болады. Бірлік нұсқағыш қысқа блок-учаскеде қоршауыш бағдаршамда, ал екілікті - алдындағы бағдаршамда орнатылады. Көріну көрсеткіші 200 м ара-қашықтықта қамтамасыз етіледі.

Маршрутты нұсқағыш кіріс және шығыс бағдаршамның діңгегінде қондырылады және қозғалыс бағыттың санды және әріпті көрсеткіш алуға пайдаланады.

Санды және әріпті маршрутты нұсқағышта 42 жарықты ұяшық бар, оны пойыз қозғалысының бағытын және қабылдау жолын көрсету үшін қажетті (ақ түсті линзалар), топты шығыс бағдаршамды орнату кезіндегі жөнелту жолын көрсету үшін (жасыл түсті линза).

Нұсқағыштың негізгі бөліктері болып есігі бар металды пісірмелі корпус, ол діңгекке гарнитурмен бекітіледі және кернеуі 220 В электрлі шам қуаты 25 немесе 40 Вт жарықты ұяшықтан тұрады.

Темір жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тәсілі болып сигналды құрылғыларды пайдалану болып табылады, яғни ол машинистке жылжымалы бірлік туралы бұйрықтарды беру үшін пайдаланады. Бастапқы сигналды құрылғы бекеттің жолдың қоршалған телімінде қозғалысқа рұқсат береді немесе тыйым салады.

Пойыз жылдамдығының өсуіне қарай қауіпсіздік шарттарының орындалуын машинист үшін бақылау мүмкін емес. Сондықтан да жедел сигнализация қолданылады, әр сигналды көрсеткіш екі бұйрықпен беріледі: негізгі (берілген сигналдағы жылдамдық) және ескертуші (келесі сигналдағы қозғалыс жылдамдығы).

Сигналды көрсеткіштің жалпы саны реализацияланатын пойыздардың жылдамдық санымен анықталады. Қарапайым жағдайда екі жылдамдықты пайдалану тиымды: максималды және нольді (аялдама), пойыздардың аралық және бекеттің басты жолында ауытқусыз жүріп өтуге жеткілікті.

Екі жылдамдықта пойыздың жабық бағдаршамда 1 (3.1 сурет) аялдауы туралы бұйрықты және ол туралы машинистке алдындағы бағдаршамға 2 беруі қажет. Мұндай ақпаратты алған машинист бағдаршам 1 қажетті аялдаманы қамтамасыз етеді. Сондықтан бағдаршам 3, 3 және 2 сигналдарының максималдықта жүруі туралы бұйрықтарды бере алады. Екі жылдамдықта да үш сигналдық көрсеткіш бар: жасыл от, максималды жылдамдықпен берілген және келесі бағдаршамға дейін жүруін көрсетеді; сары от, берілген бағдаршамды өтуін ескертіп, келесі бағдаршамда аялдауын көрсетеді; қызыл от, берілген бағдаршамда тоқтау бұйрығын көрсетеді.