Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритмдеу жане багдарламалау негиздери 4 г.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.73 Mб
Скачать

Мұндай рекурренттік қатынас п- факториалды санының рекурсивтік есептеу алгоритмін шамалайды.

8 Дәріс тақырыбы: Қосалқы программа. Функция. Процедуралық тип.

Практикалық есептерге программа құрғанда үлкен программаның белгілі бір бөлігін әртүрлі мәндер бойынша бірнеше рет қайталанып пайдалануға тура келеді. Мұндай бір типтес программа бөлігін программаның әр бөлігінде қайталап жаза бермеу үшін оны жеке қосалқы программа ретінде бөліп жазған ыңғайлы. Жеке программа түрінде бөлек жазылған, қажет кезінде оған оралып, оны пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін қосалқы программа дейді. Қосалқы программаға автоматты түрде енуге және одан шығуға болады. Қосалқы программаны пайдалану төмендегідей мүмкіндіктер береді:

  1. негізгі программаның көлемі кішірейді;

  2. негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада пайдалануға болады;

  3. қосалқы программаға берілген жады ұяшықтарын ол орындалмай тұрғанда бос ұяшық ретінде пайдалануға болады;

  4. қосалқы программаны пайдалану құрылымдық программалауға мүмкіндік береді.

Паскаль тілінде алгоритмдік тіл тәрізді қосалқы программаның екі түрі пайдаланылады. Олар процедура (procedure) және функция (function). Бір программада бір немесе бірнеше процедура және функция пайдаланылуы мүмкін.

Паскаль тілінде процедуралар мен функциялар программаның басында айнымалылар белгіленіп болғаннан кейін жазылады. Негізгі және қосалқы программада бір айнымалы, мысалы, “К” қатар пайдаланылуы мүмкін, бірақ әр программада пайдаланылғанда К-ның физикалық мағынасы бірдей болуы шарт емес. Атау берілген операторлар тізбегін Паскаль тілінде процедура дейді. Яғни: әр қосалқы программаның (процедураның немесе функцияның) атау (аты) болуы керек, қосалқы программаға атау негізінде оралады.

Процедура. Кез келген процедура программаға ұқсас түрде жазылады. Олардың басы, бейнелеу және операторлар бөліктері болады. Процедураны параметрсіз де пайдалануға болады. Екі процедуралық программа схемасы төмендегідей болады.

Program P (input, output)

Ортақ берілгендерді бейнелеу бөлігі

Procedure P1;

Р1-ң процедураларын бейнелеу бөлігі

BEGIN

Р1-ң операторлар бөлігі

END;

Procedure P2;

Р2-ң процедураларын бейнелеу бөлігі

BEGIN

Р2-ң операторлар бөлігі

BEGIN

Негізгі программаның операторлар бөлігі

END.

Программаның орындалуы негізгі программаның операторларының орындалуынан басталады. Негізгі программада әрқашан процедураның орындалуы қажет болғанда ғана процедураға көшеді. Бұл жағдайда берілгендер негізгі программадан процедураға (енетін параметрлер) беріледі. Процедура орындалып болған соң оның нәтижесі (шығатын параметрлер), процедураға негізгі программадан қай жерден көшті, сол жерге береді. Одан соң негізгі программа орындала бастайды.

Негізгі программада хабарландырылған (бейнеленген) атау, негізгі және қосалқы программада да (процедуралар да, функцияларда да) пайдаланылады. Мұндай атаулар ортақ (глобальды) атаулар деп аталады. Қосалқы программада хабарланған атаулар тек сол қосалқы программада ғана пайдаланылады. Мұндай атауларды жергілікті (локальды) атаулар.

Функция. Басқа тілдер тәрізді Паскаль тілінде де функцияны арнайы программа ретінде жеке жазуға болады, сондықтан оны көмекші программа ретінде қарауға болады. Функция-программаның процедура – программаадн ерекшелігі мынада:

  1. функция бір ғана белгілі мән қабылдайды, функция – программадан алынатын нәтиже біреу;

  2. нәтиже функция аты арқылы алынады да, негізгі программада пайдаланылады.

Функция – программаның жазылу түрі:

Функция шынайы параметрлердің мәндері берілгеннен кейін өз аты арқылы шақырылады. Онымен қатар функцияны тікелей өрнектің ішінде шақыруға болады. Процедура мен функция айырмашылықтарын түсіну үшін екі санды қосу программасын процедура және функция түрінде жазайық.

1-мысал. Екі санның қосындысын табаық.

А) Program KR;

Var a:integer;

Procedure KOS (b,c:integer; Var k:integer);

Begin

K:=b+c;

End;

Begin

KOS (15,4,a);

Writeln(‘koc=’,a:2);

End.

B) Program KR;

Var a:integer;

Function KOS (b,c:integer):integer;

Begin

K:=b+c;

End;

Begin

KOS (15,4);

Writeln(‘koc=’,a:2);

End.

Екі программаның нәтижесі бірдей: экранда КОС=19 көрінеді. Сонымен бұл программаларды салыстырғаннан мынаны анықтадық:

  1. процедура мен функцияның ұқсастығы – олардың екеуінде де айнымалыларды, белгілерді, тұрақтыларды бейнелеу бөліктері болады;

  2. олардың бір-бірінен өзгешелігі процедура – Procedure ал функция Function қызмет сөздері пайдаланылады;

  3. процедурада нәтижесі (айнымалы) параметрінің типі процедура атауынан соң тұратын кіші жақша ішінде бейнеленсе, ал функцияда нәтиже үшін арнайы параметр алынбайды, нәтиже (функция мәні) функция атына меншіктеледі, сондықтан функция типі, аргументтер типтері бейнеленген жақша сыртында, қос нүте арқылы көрсетіледі. Мысалы,

Function f (a:real; Var b:real):real;

Function g (var a,b : integer):integer;

Function h(a:integer):char;

  1. негізгі программада функцияның мәнін тек функция атауы арқылы пайдаланылады.

X:=x+f(x,y); y:=sin (f(x)/3); немесе while f(x,y)<f(y,x) do x:=f(x,x); Функция мәні символдық бола алатын мүмкіндігін жоғарыдағы һ-функциясын көруге болады.