Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lek №4 АК саясаты(косымша).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.62 Кб
Скачать

2.5.Ақпараттық қауіпсіздік қақтығыстарын басқару

Ақпараттық қауіпсіздік туралы және оның әлсіздігі туралы хабарлама

Оқиғалар және ақпараттық қауіпсіздік қатерінің пайда болуы туралы хабарлама бойынша нысанды рәсімдер іске асырылуы тиіс. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы мәлімет сәйкес арналар арқылы басқаруы қаншалықты мүмкін болса, соншалықты тез болуы тиіс. Қақтығысқа және қауіпсіздік жүйесін жұмылдыруға елеу рәсімімен бірге пайдаланылатын ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы хабарламаның нысанды рәсімі іске асырылуы тиіс, онда ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы еп қылған хабарламаны алғаннан кейін іс-қимылы сипатталған:

  • кері байланыстың сәйкес үдерістері ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы кім хабарлағанға кепіл болса, қалай проблема шешілгеннен кейін нәтижесі туралы хабарланатын болады;

  • ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы болған жағдайда еп қылғанды, барлық қажетті іс-қимылды олар туралы еске сақтағанды кім хабарласа, оған хабарлағаны және көмектескені бойынша қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары бойынша нысандар;

  • ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы жағдайында дұрыс мінез-құлқы, мысалға,

    •   барлық маңызды бөлшектерін дереу белгілеу (мысалға, сәйкесіздікті немесе бұзу түріндегіні, жөнсіз жұмыстың пайда болуын, экрандағы хабарламаны, оғаш жұмыстың тәртібіндегіні);

    • өз бастамаң бойынша ешқандай іс-қимылды еп қылмауың тиіс, бірақ байланыс бөлімшесіне дереу хабарлау;

  • қауіпсіздікті бұзатын қызметкерлермен, келісім шарт жасайтын агентпен немесе үшінші тараптың пайдаланушыларымен жолыққан кезде – белгіленген нысанды тәртіптік үдеріске сілтеме.

Жоғарғы тәуекелдер жағдайында мәжбүрленудің іс-қимылы туралы хабарлауды пайдалану қажеттігі тууы мүмкін, мәжбүрленуде тұрған адам үшін осынадай проблемаларды бар екенінін көрсете алады. Мәжбүрленуде тұрған туралы хабарлауға елеу рәсімдері жоғарғы тәуекелдерімен барабар жағдайымен болуы тиіс, ондайға мынадай хабарлау көрсетеді. Болуы мүмкін ақпараттық қауіпсіздіктегі оқиғалар мен қақтығыстар:

  • қызметтерді, құралдарды немесе жұмыс істеуін жоғалту;

  • жүйенің дұрыс емес жұмыс жасауы немесе артық жүктелуі;

  • адамдық қателер;

  • ережелерді немесе нұсқаманы сақтамау;

  • физикалық қауіпсіздікті сақтамау;

  • бақылау жүргізілмейтін жүйенің өзгеруі;

  • бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе аппараттық құралдардың істен шығуы;

  • қол жеткізудің бұзылуы;

  • ақпараттық жүйенің істен шығуы және қызметтерді берудің тоқтатылуы;

  • арам ниетті бағдарламалық код;

  • қызметтерді беруде бас тарту;

  • өндірістік дерктердің толық еместігіне немесе дәлдік еместігіне байланысты болатын қателер;

  • құпиялығының және тұтастығының бұзылуы;

  • ақпараттық жүйелерді дұрыс емес пайдаланылуы.

3.Қауіпсіздіктің ұлттық саясаттағы негізгі бағыттары

3.1. Саяси-құқықтық салада:

 Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретінде саяси және құқықтық салаларда өзінің ұлттық саясатының мынадай негізгі бағыттарын жүзеге асырады.Еліміздің барлық азаматтары мойындаған, негізінде өздерінің ортақ қазақ мемлекеттігіне қатыстылығын терең сезінетін ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру.Ел азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшілдік санасын қалыптастыру үшін «тарихи ақтаңдақтарға», әсіресе Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер мен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін зорлап депортациялау, ұлт-азаттық қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси және заңдық баға беру, ортақ тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттік мұражайлар мен ескерткіштер ашу.Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан арылу жұмыстарын пәрменділікпен жүргізу.Мемлекетіміздің негізін қалаған, ұлтымыздың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен  тарихи тұлғалардың аттарын мәңгілік қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткіштер мен атауларды өзгерту.Мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық күрес жүргізу.Елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн реформалау, оларды мемлекет басшысына тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн орнықтыру.Елдегі этносаралық қатынастарды реттейтін заңнамаларды осы тұжырымдамаға сәйкестендіру.Елді мекендер мен жердің тарихи атауларын қайтару жұмысының тиянақты жүргізілуі үшін ономастика салаларында кешенді республикалық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, оны мемлекеттің ұлттық мүддесі тұрғысынан республикалық деңгейде шешу.Қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның ішінде саяси партиялардың рөлін арттыру, оларды этносаралық және дінаралық мәселелерді шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкілдерімен тығыз жұмыс жасау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]