Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 рубежка 3 курс СТ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.55 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

8 – вариант

1. Құлақтың сүйектік және ауалық өткізгіштігінің камертонмен салыстырмалы зерттеуін қандай әдіс дейді:

А. Федеричи әдісі;

Б. Вебер әдісі;

В. Швабах әдісі;

Г. Рине әдісі;

Д. Желе әдісі.

2. Мастоидиттың құлақтық симптомы:

А. сыртқы есту жолының артқы жоғарғы қабырғасының төмендеуі;

Б. құлақ қалқанының салбырауы;

В. емізікше өскіндінің қызаруы, ісінуі;

Г. субпериостальды абсцесс;

Д. мойынның қисаюы, емізікше өскіндіні басқанда ауырсынуы.

3. Ортанғы құлақтағы қандай процесс шектелген лабиринтке әкеледі:

А. жедел іріңді ортанғы отит;

Б. созылмалы ірінді мезотимпанит;

В. созылмалы іріңді эпитимпанит;

Г. созылмалы сальпингоотит;

Д. созылмалы іріңді эпитимпанит, холестеотомамен бірге.

4. Созылмалы іріңді эпитимпанитте мидың самай бөлігінің абсцессіменасқынған кезде қандай оперативті ем қолданады:

А. жалпы қуыстық операция ортанғы бас сүйектің ойығын ашу;

Б. мастоидотомия ортаңғы ми ойығын ашу;

В. жалпы қуыстық операция;

Г. фронтотомия алдынғы бас сүйек ойығын ашу

Д. гайморотомия

5. Жұтқыншақтың жарақаты қандай негізгі екі топқа бөлінеді:

А. шектелген, жайылған;

Б. жабық, ашық;

В. жеке- дара (оқшауланған), біріккен;

Г. тіл асты сүйегінің астыңғы және жоғарғы жарақаты;

Д. жұтқыншақтың жабық ішкі және сыртқы жарақаты.

6. Кохлеарлы невритті қай ауруме екшеу диагностикасын жүргізуге болады?

А. отосклероз;

Б. адгезивті отит;

В. Меньер ауруы, жедел отит;

Г. созылмалы эпитимпанит;

Д. жедел іріңді отит.

7. Кеңірдектің бөгде денесінің белгілері:

А. тербеліс симптомы;

Б. ателектаз;

В. дауыстың қарлығуы, ұстамалы жөтел;

Г. перкуторлы қораптық дыбыс, көкірек пердесінің ауружаққа қарай ығысуы;

Д. перкуторлы қораптық дыбыс, зақымдалған жағында тыныс алудың әлсәреуі.

8. Дабыл жарғағы мынадай қабаттардан түзелген:

А. тері, фиброзды және клегей;

Б. тері және клегей;

В. фиброзды және клегей;

Г. клегей;

Д. бұпшық ет.

9. Диффузды мұрыннан қан кетуде қолданылады:

А. артқы тығын және алдыңғы тығын;

Б. клегей қабығын кристалмен немесе 20-50 процентті азот қышқылы күмісі ертіндісімен күйдіру, Гордеева сұйықтығы, үшхлорсірке немесе хром қышқылымен;

В. электрокаутермен күйдіру;

Г. қан құю;

Д. алдыңғы тығын.

10. Отосклероз жиі кездеседі:

А. ерлерде;

Б. әйелдерде;

В. екі жыныстада бірдей кездеседі;

Г. балаларда;

Д. ер балаларда.

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

9 – вариант

1. Бет нервісінің горизонталды иіндігі қайда орналасқан?

А. үңгіршеге кіреберіс;

Б. дөңгелекке терезе;

В. сопақ терезе үстінде;

Г. проманториум;

Д. горизонталды жарты шенбер каналы.

2. Мастоидит кезінде бөлініс түрлері:

А. кілегей іріңді, иіссіз;

Б. қаймақ тәрізді ірің, иіссіз;

В. қаймақ тәрізді ірің, жағымсыз иісті;

Г. қоймалжын іріңді қан аралас;

Д. қиқым тәрізді бөлініс.

3. Лабиринттерге тән жалпы, объективті клиникалық белгілері қандай:

А. басы айналу, нистагм;

Б. координациялық қимыл қызметінің бұзылуы;

В. нистагм, координациялық қимыл қызметінің бұзылуы;

Г. басы айналу, нистагм, координациялық қимыл қызметінің бұзылуы;

Д. нистагм, басы айналу,жүрегі айнауы, кұсу.

4. Менингиальді белгілер клиникалық белгілерінің қай тобына жатады:

А. жалпы қабыну белгілері;

Б. жалпы милық белгілер;

В. ошақтық (локальды) белгілер;

Г. жүйкелік өткізгіш жүйенің және қыртыс асты ядроларының шалдығу

белгілері.

Д. патологиялық рефлекске.

5. Мұрың қуысынын кейінгі бөлігі қанағанда оны тоқтатуға бағытталған әрекеттер қандай:

А. кейінгі тығындау;

Б. сыртқы ұйқы артериясын байлау;

В. ілгергі және кейінгі тығыздауды қосарлау;

Г. ішкі ұйқы артериясын байлау;

Д. ілгергі тығындау.

6. Меньер ауруындағы ерекше субъективті симпомдары:

А. бас айналу ұстамасы;

Б. тепе теңдіктің бұзылуы;

В. естудің төмендеуі;

Г. бір жақтылы бас ауру;

Д. бас айналу ұстамасы, тепе теңдіктің бұзылуы, лоқсу, құсу, естудің төмендеуі, құлақтың шулауы.

7. Ортаңғы құлақтан инфекция ішкі құлаққа өткенде қандай симптомдар пайда болады?

А. бас айналу, лоқсу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуы;

Б. құлақтың ауруы;

В. бас айналу;

Г. нистагм;

Д. тепе-теңдіктің бұзылуы.

8. Дабыл жарғағының беткейі шартты түрде мынадай бөліктерге бөлінеді:

А. үшке;

Б. екіге;

В. төртке;

Г. алтыға;

Д. жетіге.

9. Склероманың қоздырғышы:

А. Волковича-Фриша таяқшасы;

Б. кокктардың флорасы;

В. вирус;

Г. саңырауқұлақ;

Д. стафилококк.

10. Меньера ауруымен қай жұмысқа жіберілмейді:

А. химиялық заттармен жұмыс жасауға;

Б. жұмыс қозғалмалы механизммен байланысты болғанда, транспорт жүргізуге, жұмыс жоғарымен байланысты болғанда;

В. сібірдеге жұмыстарға;

Г. жұмысы сумен байланысты болса;

Д. жұмыс жоғарымен байланысты болса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]