Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 рубежка 3 курс СТ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.55 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

3 – вариант

1. Сыртқы құлақ жолының алдыңғы қабырғасы қандай құрылыммен шектеледі:

А. бас сүйектің алдыңғы ми шұңқыры;

Б. құлақ маңы безі;

В. төменгі жақ сүйегінің буыны;

Г. мойынтұрық венасы буылтығы;

Д. сыртқы күре тамыр.

2. Горизонтальды жарты шеңбер каналы, горизонтальды жазықтықта бұрыш жасайды:

А. 30º

Б. 60º

В. 45º

Г. 90º

Д. 120º

3. Дабыл жарғағынын қай бөлігіне парацентез жасайды:

А. алдынғы-жоғарғы;

Б. артқы-жоғарғы;

В. алдынғы-төменгі;

Г. артқы-төменгі;

Д. тартылған бөлігі (керілген).

4. Құлақтың қандай ауруы бассүйек ішілік асқынуға әкеледі:

А. жедел және созылмалы ортаңғы іріңді отиттер;

Б. жедел және созылмалы ортаңғы іріңді отиттер, лабиринтит, мастоидит;

В. жедел және созылмалы ортаңғы іріңді отиттер, лабиринтит, мастоидит, құлақ шиқаны;

Г. жедел және созылмалы ортаңғы іріңді отиттер, лабиринтит, мастоидит, антрит;

Д. отосклероз, жедел және созылмалы ортаңғы іріңді отиттер, лабиринтит, құлақтағы шиқан.

5. Көрсетілгендердің ішінен өнештің бөгде денесі бар, науқасқа диагноз қоюға керекті әрекеттерді атаңыз:

А. эозофагоскопия;

Б. анамнез, контрасты өнеш рентгеноскопиясы, эзофагоскопия;

В. кеуде қуысының рентгенографиясын түсіру;

Г. өңешті буждау (сүнгілеу);

Д. пальпация, ауру анамнезі.

6. Созылмалы іріңді ортанғы отиттегі асқынулар:

A. мастоидит;

Б. лабиринтит;

В. мастоидит, лабиринтит, бас ішілік асқынулар, сепсис, бет нервасының парезі;

Г. сыртқы құлақ жолының сыздауығы;

Д. отосклероз.

7. Төменде келтірілген белгілер қайсысы оңқай адамдардың мидың самай бөлігіндегі абсцессіне тән емес:

А. гемианолепсия;

Б. сенсорлы афазия;

В. моторлық афазия;

Г. амнестикалық афазия;

Д. эйфория.

8. Сыртқы есту жолының жоғарғы қабырғасымен шекаралас:

А. ортаңғы ми ойығымен;

Б. беттік өсінді;

В. төбе сүйегімен;

Г. алдыңғы бас сүйек ойығы;

Д. ортаңғы және төменгі бас сүйек ойығымен.

9. Мұрын және мұрынның қосалқы қуыстарының қатерлі ісіктерін жоғарғы тыныс жолдарының қатерлі ісіктерімен салыстырғанда қай орынды алады:

А. 1;

Б. соңғы;

В. 2;

Г. 4;

Д. 5.

10. Кохлеарлы невритте патологиялық процесс орналасады:

А. котиев мүшесінде, спиральды ганглияда, есту нервасының бағанасында;

Б. котиев мүшесінде, эндо-және перилимфада;

В. котиев мүшесінде;

Г. есту жолында;

Д. құлақ қалқанында.

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

4 – вариант

1. Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы шекаралас:

А. ортанғы бас сүйек ойығы;

Б. артқы бас сүйек ойығы;

В. ішкі ұйкы артериясы;

Г. мойынтұрық венасының буылтығы;

Д. құлақ маңы безі.

2. Жарты шеңбер каналының ампуласының рецепторлық аппараты қайда орналасқан:

А. негізгі мембрана;

Б. айдаршық;

В. Рейснев мембранасы;

Г. есту дағы;

Д. жабынды мембрана.

3. Созылмалы іріңді эпитимпаниттің клиникалық белгілері қандай патологиялық процестермен ерекшеленеді:

А. грануляция мен полипті өскіндер, кариес, холестеатомдық түзілістер;

Б. грануляция мен полипті өскіндер, дабыл жарғағы қозғалысының бұзылуы;

В. холестеатомдық түзілістер, полиптер, дабыл жарғағы қозғалысының бұзылуы;

Г. грануляция мен полипті өскіндер, холестеатомдық түзілістер, евстахи түтігінің өткізгіштігінң бұзылуы;

Д. грануляция, полип кариес, холестеатомдық түзілістер, евстахи түтігінің өткізгіштігінң бұзылуы.

4. Бас сүйек ішілік асқынудың қай түріне мыңа симптомдар тән: дене температураның жоғарлауы және төмендеуі, Гризенгер симптомы, тахикардия, паренхиматозды мүшелердің абсцессі.

А. диффузды іріңді менингит;

Б. артқы бас сүйегі ойығының субдуралды абсцессі;

В. мишық абсцессі;

Г. қиғаш синус тромбозы;

Д. сигма тәрізді синус тромбозы.

5. Трахеяның бөгде денесіне тән белгілері:

А. тербеліс симптомы;

Б. аталектаз;

В. өкпе эмфиземасы;

Г. шулы дем алыс;

Д. қан жұғындысы бар жөтел.

6. Біріншілік мастоидиттің себебі:

А. дабыл қысының іріңді қабынуы;

Б. емізікше өсіндінің жарақаты;

В. сепсис, дабыл қысының іріңді қабынуы;

Г. скарлатина, дабыл қысының іріңді қабынуы;

Д. туберкулез, дабыл қысының іріңді қабынуы.

7. Мұрындағы жиі қан ағу болатын орын:

А. Кисельбах зонасы;

Б. мұрының қосалқы қуыстары;

В. мұрын қуысының сыртқы қабырғасы;

Г. желбезек сүйегінен;

Д. профузды қан кету.

8. Құлақ қалқанының терісі шеміршек тысымен тығыз жармасады қай беткейінде:

А. артқы;

Б. сыртқы;

В. жоғарғы;

Г. төменгі;

Д. бүйір.

9. Мұрыннан қан кетудің басты себептері:

А. гипертония, қан және қан жасаушы мүшелердің аурулары, бауыр аурулары, грипп, физикалық күш түсіру, организмнің қызуы, бауыр аурулары;

Б. гипотония, жүрек ақаулары, қоршаған ортаның ластануы;

В. дененің тоңазуы, эндокринді бездердің ауруы;

Г. ринит;

Д. гайморит.

10. Іштен болған кереңдіктің негізгі себебі:

А. ұрықтың жатыр ішілік интоксикациясы және жарақаты;

Б. туысқандық неке және ата-аналардың маскүнемдігі, іштен болған мерез, тұқым қуалаушылық аурулар;

В. туған кездегі жарақат;

Г. шылым шегу;

Д. алкоголь.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]