Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 рубежка 3 курс СТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.55 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

*I-вариант

1 есеп

Науқас 20 жаста жергілікті анестезия арқылы, өңештегі балық сүйегін алу үшін эзофагоскопия жасалды. II физиологиялық тарылуда өңеш қабырғасын зақымдай орналасқан бөгде дене. Бөгде дене алынды, науқасқа көп мөлшерде антибиотикотерапия тағайындалды. Ауруханада жатқанда дене қызуы жоғарылаған, науқас 10 күннен кейін қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылған. Сол күні науқас автобус ішінде ауыздан профузды қан кетуден бірден қайтыс болған.

Патологиялық жағдайдың даму механизмі қандай?

А. Көмей ісігі.

Б. Посттравматикалық эзофагит.

В. Трахеяның зақымдануы, трахеотомия

Г. Жұтқыншақтың зақымдануы.

Д. Аорта жарақаты.

2 есеп

Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 24 жаста. Шағымы: шайнау кезінде құлағының қатты ауырсынуына. Ауырғанына екі күн. Отоскопияда: сыртқы есту жолының кіреберісінде конус тәрізді пішінді ісіну бар, тері жамылғысы қызарған. Дабыл жарғағы сұр, ерекше белгісі айқын. С.С. 6 метр

А. Жедел ортаңғы отит

Б. Сыртқы құлақтың фурункулы

В. Отгематома

Г. Құлақ қалқанының хондроперихонриті

Д. Созылмалы іріңді оң жақты мезотимпанит.Лабиринтит

3 есеп

Болжам диагноз?

Созылмалы іріңді мезоэтитимпанитпен ауыратын 9 жасар бала бас ауруға, шүйде аймағында ауырсынуға, құсу, лоқсу, жүрісінің бұзылуына шағымданады.

Обьективті: жалпы жағдайы –ауыр. Дене температурасы 38,4С, пульсі 52рет/мин, ырғақты. Адиадохокинез. Саусақ-мұрын сынамасын орындамайды. Сол жаққа ірі екпіділікте көлденең нистагм. Сол жақ сыртқы есту жолында кілегейлі- іріңді бөлініс. Дабыл қуысы гиперемияланған, артқы жоғары бөліктері бұзылған. Аттикте холестеатома. Емізікше өсінді аймағы өзгеріссіз, пальпацияда ауырсынусыз. Рентгенограммада Шюллер-Майер бойынша самай сүйекте – аттиктің жоғары қабырғаларының деструкциясы. Көз түбі: тамырлары қанталаған, тегіс емес. Люмбальды пункцияда: жұлын-ми сұйықтығы қысыммен ағады, түсі мөлдір. Клеткалық элементтер- 15/3.

А)созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома. Менингит

Б)созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома. Мишық абсцессі

В)мастоидит

Г)лабиринтит

Д)созылмалы іріңді мезотимпанит. Мишық абсцессі

4 есеп

Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас А., 25 жаста, басының қатты ауруына, бас айналуына, жалпы әлсіздік, тәбетінің болмауы, құсу, жүрісінің бұзылуына, оң жақ құлақтан ірің ағуына, естуінің төмендеуіне шағымданады. 3 жасында қызылшамен ауырған. Содан кейін құлағынан үнемі ірің ағатын болған. Шамамен 1 ай бұрын салқын тигеннен кейін температурасы жоғарылап, қатты бас ауруы пайда болып, жалпы әлсіздік және оң жақ құлақтан ірің ағуы күшейген. Амбулаторлы ем алған. Құлағына бор спиртін тамызған, тетрациклинмен сульфадимезин таблеткаларын қабылдаған. 5-7 күн бұрын жалпы жағдайы күрт нашарлаған.

Объективті: Тері жамылғыс бозғылт, тежелген. Басы артқа қарай шалқайған, Керниг, Брудзинский симптомдары оң мәнді. Ромберг сынамасында оң жаққа құлайды. Оң жақта горизонтальды ірі ауқымдағы нистагм. Саусақты-саусақ және саусақ-мұрын сынамасында оң қолының оң жаққа қарай ауытқиды. Оңға қарай флангалық жүрісті орындай алмайды. Ададохокенез - оң жақ қол қалыс.

Отоскопия: Оң жақ есту жолында жағымсыз иісті, қан аралас көп мөлшерде іріңді бөлініс. Дабыл жарғағының жоғарғы-артқы квадратында перфорация. Аттикте қанталаған грануляция және ақ түсті қабыршақты масса, жұлын сұйықтығы инеден жиі тамшымен ағады: мөлдір, белок ++, цитоз қалыпты. Көру нервісінің емізікшесінде іркіліс.

А) Созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома.Ми абсцессі.

Б) Созылмалы іріңді эпитимпанит. Мишық абсцессі.

В) Мастоидит. Холестеатома.

Г) Лабиринтит.

Д) Созылмалы іріңді эпимезотимпанит. Холестеатома. Лабиринтит.

5 есеп

Науқасқа жедел дамыған көмей ангинасы себебімен төменгі трахеостомия жасалды. Кеңірдекке канюля енгізілген соң жарақар жиегі тігілді. Операциядан 3 сағаттан кейін кезекші дәрігер жедел түрде палатаға шақырылды, науқаста мойын мен кеуденің аймағындағы жұмсақ тіндер көлемі ұлғайған. Осы аймаққа пальпация жасалғанда крепитация анықталды.

Асқыну қандай? Процесстің таралуын анықтау мақсатында қосымша қандай тексеру тағайындау қажет? Дәрігерге жедел түрде не істеу керек?

А) көмейдің ісінуі, коникотомия;

Б) ларингоспазм, қуаттандыратын терапия;

В) бронхоспазм, анолептикалық препарат;

Г) тері астылық эмфизема, мойын және кеуде сарайының рентгенографиясы, жартылай жіптерін алу;

Д) коникотомия, мұрын-асқазан зонды;

Н БҚММУ 703-13-12. Пән бойынша білімді, біліктіліктер мен дағдыларды қорытынды бағалау үшін бақылау-өлшеу құралдары. Бірінші басылым.

Ф ЗКГМУ 703-13-12. Контрольно-измерительные средства для итоговой оценки знаний, умений и навыков по дисциплине. Издание третье.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]