Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 рубежка 3 курс СТ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.55 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

8-вариант

1 есеп

Науқас 37 жаста, өңеш тыртықты тарылуымен зардап шегеді. Тамақтану кезінде абайсыз жеміс сүйекшесін жұтып қойған. Төс аймағы ауырып, тағамның өтуі қиындаған, дене қызуы 38 градусқа дейін жоғарылады. Жалпы анестезиямен бөгде дене алынды. Келесі күні бақылау рентгенографиясын жасағанда, контрасты заттың өңештің қапталына шекарасынан шыққаны аңықталған.

Диагноз қандай? Дәрігерлік тактика қалай болмақ?

А. Көмейдің бөгде денесі. Бронхоскопия жасау арқылы бөгде денені алу. Көмейдің ісінуі.

Б. Өңештің тыртықты тарылуы. Өңештің бөгде денесі. Өңеш перфорациясы. Медиастенотомия, антибиотикотерапия, парентеральді тамақтану.

В. Трахеяның зақымдануы, трахеотомия.

Г. Жұтқыншақтың зақымдануы. Мұрын – жұтқыншақ зонды.

Д. Көмейдің зақымдануы, коникотомия.

2 есеп

Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 20 жаста ұшақпен ұшқудан соң оң жақ құлағы бітеліп, шу және самайға, төбеге, тіске берілетін қатты ауырсыну пайда болған.Отоскопияда дабыл жарғағы гиперемияланған, томпайып беткейі сыртқы есту жолына қарай ығысқан, жарық конусы жойылған. Естудің төмендеуі дыбыс өткізгіш қызметі бұзылыс түрінде.

А)жедел ортаңғы отит

Б)сыртқы құлақ щиқаны

В)отгематома

Г)құлақ қалқаныныңңхондроперихондриті

Д)оң жақты созылмалы іріңді мезотимпанит

3 есеп

Болжам диагноз қандай?

Науқас 53 жасата кенеттен басынын айналуына (заттардың, солға қарай шыркөбелек айналуы), жүрек айну, құсу, сол құлақтағы шуылға, тепе-теңдіктің бұзылысына шағымдауы. Ұстама өздігінен басталған. Ауырғанына 3 жыл, ауруын етеккірі тоқтауынан байланыстырады.

Лор мүшелерінде ауытқулар байқалмаған. вестибуляр функциясын тексеру кезінде сол жағында спонтанды көлденең айналу нистагмының ІІІ дәрежесі анықталады. Барани сынамасы кезінде екі қолы оңға қарай ауытқиды. Сол жақта СС 1,5м қашықтықта естиді, оң жақта 5м.

А) созылмалы іріңді эпитимпанит

Б)созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома

В)Меньер ауруы

Г)Лабиринтит

Д)созылмалы іріңді мезотимпанит

4 есеп

Көмей рагінің IV сатысымен ауыратын 65 жастағы науқасқа көмейдің созылмалы таралуы себепті кеңірдектің үшінші және төртінші сақинасы көлденең кесіліп трахеостом түтігі қойылды. Келесі күні науқас жөтеліп, ал трахеостомнан аз мөлшерде сұйық тамақ бөлінісі аңықталды.

Трахеостома жасалу барысында қандай қате жіберілген? Қандай әрекет жасау керек?

А) өңеш жарақаты, мұрын-асқазан зонды, көп мөлшерде антибиотикотерапия

Б) бронх жарақаты, коникотомия, мұрын-асқазан зонды;

В) жұтқыншақ жарақаты, мұрын-асқазан зонды, антибиотикотерапия;

Г) көкірек пердесінің жарақаты, мұрын-асқазан зонды, антибиотикотерапия;

Д) трахеобронхиальды жыланкөз, торокотомия, антибиотикотерапия;

5 есеп

Қандай диагноз қоюға болады?

10 айлық бала В., анасының айтуы бойынша 3апта бұрын ортаңғы құлақтың жедел iрiңдi ауруымен ауырған.

Амбулаторлы емделген. Анасы оң жақ құлағына және мұрынына дәрі тамызған, ұнтақталған сульфадимезин таблеткасын берген. Нәрестенiң жағдайы кешегi күнге дейiн қанағаттанарлық болған. Бұдан 2 күн бұрын кешке қарай температурасы 37,5°-қа көтерiлiп, iрiң ағу күшейiп, тәбетi жоғалған, ұйқысы нашарлап, басын қозғай берген, ауру құлағына қолын апарады. Дене температурасы 38°.

Объективтi қарағанда: Оң жақ құлақ атқы аймағы ісінген, емiзiкше өсiндi тұсында жұмсақ тканьдер қызарған, iсiнген, құлақ түйiнiн басқанда ауырады.

Отоскопия: Оң жақ есту жолында жағымсыз иiстi көп мөлшерде iрiңдi бөлiнiс, артқы қабырғасының төмен түсуiнен есту жолы тарылған. Дабыл жарғағы қызарған, ісінген, ерекше белгілері ажыратылмайды.

А) созылмалы іріңді эпитимпанит

Б) созылмалы іріңді мезотимпанит

В) ішкі есту жолының фурункулы

Г) жедел ортаңғы отит

Д) жедел іріңді ортаңғы отит. Антрит.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]