Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 рубежка 3 курс СТ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.55 Кб
Скачать

Стоматология факультетінің 3 курсы студенттері үшін іi аралық бақылауға арналған тесттің сұрақтары

1Вариант

№ 1 есеп

Науқас 31 жаста клиникаға мұрыннан қан кетумен жеткізілді, себебін мұрын жарақатымен байланыстырады. Есінен танбаған, лоқсу, құсу болмаған. Қарағанда: мұрын қыры орталық сызықта, жұмсақ ткандары инфильтрацияланған, басқанда қатты ауырсынады. Мұрын қуысында тампон, бірақ оған қарамастан мұрынның артқы бөлігінен қан кетуде. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің ығыспаған сынығы анықталады.

Диагноз қойыңыз? Дәрігердің тактикасы?

А. Мұрын сүйектерінің сынығы. Мұрыннан қан кету. Алдыңғы, артқы тампонада.

Гемастатикалық препараттар және антибиотиктер.

Б. Мұрын сүйектерінің ашық сынығы. Мұрыннан қан кету. Гемостатикалық губка.

В. Гемофилия. Мұрыннан қан кету. Антибиотикотерапия.

Г. Мұрыннан қан кету. Жартылай отырғызу. Салқын басу.

Д. Викарлы қан кету. Гемостатикалық препараттар.

2 есеп

Науқас 40 жаста төбелес кезінде көмей тұсынан, қатты заттық тиюінен жарақат алған. Келесі күні науқас ЛОР дәрігеріне қаралады. Науқаста инспираторлы ентігу, қозу, тахикардия анықталады. Қарағанда: көмей кіреберісінде дауыс санылауын жауып тұрған кілегей астылық гематома анықталды.

Диагноз қандай? Науқасқа қандай ем жүргіземіз?

А. Көмей бөгде денесі. Бөгде денені алу үшін бронхоскопия жасау. Көмей ісігі

Б. Жарақаттан кейінгі эзофагит. Ашығу, антибиотикотерапия. Парентеральды тамақтандыру

В. Трахеяның зақымдалуы. Трахеотомия

Г. Жұтқыншақ зақымдалуы. Мұрын-өңеш зонды

Д. Көмейдің жабық жарақаты, трахеостомия. Антибиотикотерапия. Десенсибелизациялық препараттар

3 есеп

Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 20 жаста оң құлағының,емізікше өсіндісінің қатты ауырсынуына,құлағынан көп мөлшерде іріңнің ағуына және естуінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 апта. Оң жақ құлақ қалқанының артындағы жұмсақ ткані ісінген, құлақ қалқаны алға қарай ығысқан. Құлақ арты қыртысы тегістелген. Емізікше өсіндісін пальпациялағанда барлық бөлігі ауырсынады. Есту жолының артқы жоғарғы бөлігі төмендеген. Дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрацияланған. Көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің, лүпілді рефлекс

А. Жедел ортаңғы отит

Б. Сыртқы құлақтың фурункулы

В. Оң жақты жедел ортаңғы отит.Мастоидит

Г. Құлақ қалқанының хондроперихонриті

Д. Созылмалы іріңді оң жақты мезотимпанит.Лабиринтит

4 есеп

Болжам диагноз?

Науқас 42 жаста басының сол жақ жартысының ауырсынуына, тәбетінің төмендеуіне, тамақ қабылдаумен байланысты емес ұстамалы құсыққа шағымданады. 10 жыл бойы сол құлағының ауруымен және естіудің төмендеуімен ауырады. Жарты жыл бұрын науқаста отит өршуі кезінде бас айналу, лоқсу және сол құлағының естуінің төмендеуінің құлдырауы байқалған.

Объективті: тері қабаты бозғылт, тілі беткейінде жамылғы. Пульсі 48рет/мин. Науқас селқос, тежелген, көрсетілген заттарды атай алмайды, айтылған сөзді түсінбейді, берілген тапсырманы орындамайды. Сөйлеуі бұзылған: көп сөйлейді, сөйлем құрастыра алмайды, кейбір сөздерді қате айтады. Шүйде бұлшықеттерінің әлсіз қатаюы, Бабинский сынамасы оң мәнді, оң жағында терең рефлекстердің белгілері аздап жоғарылаған. Отоскопияда: сол жақ есту жолында аз мөлшерде іріңді бөлініс. Іріңнен тазартқанда дабыл жарғағының артқы жоғарғы бөлігінен грануляция көрінеді. Дабыл жарғағының сақталған бөліктері әлсіз қызарған.

А)созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома. Менингит

Б)созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома. Мишық абсцессі

В)созылмалы іріңді эпитимпанит. Самай ми бөлігінің абсцессі.

Г)лабиринтит

Д)созылмалы іріңді мезотимпанит. Мишық абсцессі

5 есеп

Қандай диагноз қоюға болады?

Марат К., 12 жаста, бастың ауруына, бас айналуға, тепе-теңдігінің бұзылуына, жүрек айнуына, құсу, оң жақ құлақтан ірің ағуына, оң жақ құлақтың естімеуіне шағымданады. Оң жақ құлағынан ірің ағуы ерте жастан мазалайды. Бірнеше күн бұрын ірің ағу күшейіп, 2 күннен бері бас айналу, жүрек айну, құсу, тепе-теңдігінің бұзылуы пайда болып, зақымдалған құлағы мүлдем естімейді.

Объективті: Науқас оң жақ қырымен жатыр, көзі жұмулы. ІІІ дәрежелі сол жаққа спонтанды горизонтальды нистагм. Саусақ-саусақты және саусақ-мұрынды сынамасында екі қолы де оң жаққа ауытқиды. Ромберг қалпында оң жаққа қарай құлайды. Басын бұрған кезде құлау бағыты өзгереді. Тіке жүрісте – оң жаққа қарай ауытқидыы. Адиадохокенез жоқ.

Отоскопия: Дабыл жарғағының тотальды ақауы. Аттиктің латеральды қабырғасы бұзылған, ішінде холестеатома. Оң жақ құлағы мүлдем естімейді.

А) Созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома. Мишық абсцессі.

Б) Созылмалы іріңді эпитимпанит. Мишық абсцессі.

В) Жедел іріңді ортаңғы отит. Холестеатома.

Г) Лабиринтит.

Д) Созылмалы іріңді эпитимпанит. Холестеатома. Лабиринтит.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]