Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сил 6 Инт ЖМ-АГ эл ЖБ 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318.46 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИИ МОДУЛІ

6 ЖМ-АГ ЭЛЕКТИВ ИНТЕРНАТУРА БОЙЫНША СИЛАБУСЫ

«Гинеколог тәжірибесінде инфекциалық дерматоздар» элективті пәні бойынша «акушерлік және гинекология» даярлау бағытына сәйкес «жалпы медицина» мамандығы интерндеріне арналған силлабусы

1 Оқу жылы

Мамандық

Жалпы медицина «Акушерлік және гинекология» даярлау бағыты

Пән (электив)

Гинеколог тәжірибесінде инфекциалық дерматоздар

Сағат санының көлемі (кредиттер)

45 / 1 кредит

Курс

6

Семестр

XI-XII

Бақылау түрі

Емтихан (біріңғай тестілеу)

2014 г.

Силлабус жұмыс оқу бағдарлама негізінде құрылған

Силлабус дерматовенерология модулі жиналысында талқыланып бекітілді.

« 06 » мамқыркүйек 2014 ж., хаттама № 2.

Мод. жет., м.ғ.д., профессор Нурушева С.М ________________

  1. 1. Жалпы мәлімет

1.1 ЖОО атауы - С.Д. Асфендияров атындағы Казақ Ұлттық медицина университеті

1.2 Модуль – дерматовенерология

1.3 Пән - элективті пән «Гинеколог тәжірибесінде инфекциалық дерматоздар»

1.4 Мамандық: 051301 – Жалпы медицина, «Акушерлік және гинекология» даярлау бағыты

1.5 Сағат санының көлемі45сағат

  1. «Гинеколог тәжірибесінде инфекциалық дерматоздар» элективті пәні «акушерлік және гинекология» бағыты бойынша даярлаудың жалпы сипаттамасы

Маңыздылығы: Терінің инфекциалық аурулары, сөзсіз әлеуметтік сипаты маңызды патологиялар қатарына жатады. Олардың кеңінен таралуы, симптоматикасының ауырлығы, диагностика және еміндегі мәселелер барлығы сөзсіз өмір сапасына әсер етумен түсіндіріледі.

Терінің инфекционды зақымымен өзінің кәсіби жұмысында әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер кездеседі. Терінің инфекциялық ауруларының жиі аногениталды аймақта орналасуын есепке алатын болсақ, дәрігер акушер-гинекологтарға оларды білу аса қажет. Пәннің алдына қойған мақсаты жиі кездесетін жұқпалы ауруларды, олардың диагностикасы және емінің замануй жетістіктерін оқыту.

Аногениталды аймақта орналасқан тері ауруларына дер кезінде диагноз қою үшін тері және шырышты қабаттағы зақым ошағын дұрыс сипаттау дағдысын қалыптастыру қажеттігі пәннің негізгі міндеті. Дәрігер акушер-гинекологты кәсіби түрде даярлаудың міндетті бөлігінің бірі тері мен шырышты қабаттағы патологиялық процестерді нақты ажырата, бөртпелердің сипатын және дерматоздардың клиникалық диагнозының негізі болып табылатын жергілікті статусты толық жаза білуді үйрету.

Дерматовенерология адам организмі мен медициналық білім жүйесінде ерекше орын алады. Аурудың себептері, пайда болу жағдайларын даму механизмін, клиникалық ерекшеліктерін, аурудың ағысын зерттеуде, емдеу және профилактикасын дайындауда теорияның жалпы жетістіктері мен медициналық ғылымның практикасына, биология мен биосоциологияға сүйенеді. Ол басқа медициналық клиникаларда кеңінен қолданылатын науқасты зерттеу әдістеріне сүйенеді. Акушер гинеколог дәрігерлеріне аногениталды аймақта орналасқан терінің инфекциялық ауруларымен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, осы сұрақтарды талдау қабілеті дәрігердің мамандандырылған дайындық пен қызметтік міндеті болып табылады.

Жоғарыда келтірілгендер «акушерлік-гинекология» мамандығына дерматологияны оқу қажеттігін туындатады, осыған сәйкес циклде жиі кездесетін терінің инфекциялық ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы және емінің негізгі сұрақтары оқытылады.

2.1. Пәннің мақсаты: Кәсіби білім стандарттарының талабына сай, міндеттелген білім көлемін игерген, тәжірибелік дағды қалыптастырған диагностикалық, емдік, алдын-алу шараларын өздігінше жүргізе алатын мамандар дайындау.