- •Ақпаратты - дидактикалық блок Іріңді - қабыну аурулар
- •Псевдофурункулез
- •Лимфаденит
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Қазақстан мен тмд елдеріндегі балалар хирургиясының даму тарихы
- •Ақпаратты - дидактикалық блок
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Ішек өткізбеушілігі
- •Жүре пайда болатын ішек өткізбеушілігі
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Құрсақ қабырғасының жарықтары
- •Ақпаратты - дидактикалық блок
- •Гидронефроз
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Тема: Балалар жасындағы травматологияның ерекшеліктері
- •Ақпаратты - дидактикалық блок
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Тема: Туа болатын маймақтық (шотаяқ)
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Тема: Туа болатын бұлшық еттік қисық мойын
- •Ақпаратты - дидактикалық блок Тақырыбы: нәрестелердегі пневмония және оның ерекшеліктері
Ақпаратты - дидактикалық блок Тақырыбы: нәрестелердегі пневмония және оның ерекшеліктері
Пневмония дегеніміз - өкпе тканіндегі респираторлы бөлімдеріндегі қабыну процессі. Клиникасы әртүрлі дәрежелі тыныс жетіпсеушілігі, айқын интоксикация симптомдары физикальды өзгеріс және рентгендегі жаңа инфильтрация ошақты өзгерістердің болуы.
Этиология – вирусты стафилококк, стрептококк, ішек таяқшасы, хламидия, микоплазма, клебсиела, энтеробактерия.
Классификация:
І. Дамуына байланысты: а) ауруханадан тыс; б) аурухана ішілік; в) иммунно-
диффецитті жағдайда; г) аспирационды.
ІІ. Ағымына байланысты: а) жедел; б) созылмалы.
ІІІ. Ауырлығына қарай: а) жеңіл түрі; б) ауыр түрі; в) өте ауыр түрі;
ІV. Асқынуына байланысты: а) тыныс жетіспеушілігі; б) өкпелік (плеврит, абсцес, булла, пиопневмоторакс, пневмоторакс; в) өкпеден тыс (токсикоз, нейротоксикоз, ДВС-синдромы, ОПН, өкпе ісінуі, ателектаз).
Бейімдеуші факторлар
Нәрестелерде пневмонияның дамуына себеп:
анасында жүктілік барысында өткен соматикалы және акушерлі асқынулары ұрықтың созылмалы гипоксиясына алып келуіне себеп болуы;
аспирационды асфиксия синдромы;
ұзақ мерзімді сусыз кезең;
жиі вагиналды тексерулер;
анасында инфекциялы аурулардың болуы.
пневмопатия, өкпенің туа пайда болған аномалиялары;
бас-ми және жұлын травмасы;
энцефалопатиялар;
ауыр түрдегі шала туылу;
ұзақ мерзімді госпитализация;
кез-келген ұзақ және ауыр аурулар;
медперсоналдың қос жұмау т.б. профилактикалы шараның бұзылуы;
интубация.
Госпитализация көрсеткіштері:
баланың екі айға дейінгі жасы, жағдайының дәрежесіне қарамастан;
3 жасқа дейінгі клинико-лабораторлы және инструментальді тексеру нәтижесінде;
5 жасқа дейінгі баланың өкпенің бір бөлімінен артық қабыну кезінде;
ауыр энцефалопатияның барлық дәрежесі;
1 жасқа дейінгі құрсақ ішілік инфекция кезінде;
туа пайда болған даму ақауларында (ВПС);
созылмалы өкпе аурулары (бронх демікпесі, бронх өкпелік дисплазия, бүйрек аурулары, қант диабеті, онкогематологиялық ауруларда).
Нәрестелердегі тыныс алу органдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері:
кеуде клеткаларының экспираторлы құрылысы;
тыныс алу жолдарының трахея, бронхтың жіңішке және қысқа болуы;
мұрын қуыстарының толығымен дамымауы және қан тамырларының көп мөлшерде дамуы;
жоғарғы тыныс алу жолдарындағы сілекей бездерінің көптен дамуы;
нәрестелердегі альвеола сандарының 1/10 бөлімін құрауы;
диафрагманың жоғары орналасуы.
Осындай ерекшеліктеріне байланысты нәрестелерде көбінесе обструктивті бронхит, бронхиолит жиі кезедеседі.
Ерте жастағы балаларды клиникалық қарау ерекшелігі
Анамнездің толық маңызды жүктілік барысында ауырған аурулары, қабылдаған антибиотиктері т.б. жағдайларды ескеру керек. Анасынан баласының босану кезінде ауырған ауруларының ұзақтығын, аурудың бастаушы кезінде өткен симптомдарына мән беру қажет. Баланың жату қалпына үлкен және кіші еңбектеріне, басының формасына, рефлекстеріне, минингиальді симптомдарына, кіндік жарасына көңіл бөлу қажет.
Госпитализацияға көрсеткіштері:
Ауыр дәрежесі және созылыңқы дәрежесі.
Бөгде затқа күдік болған кезде.
Тыныс жетіспеушілігі күшейген кезде, тыныстың жиілеуі.
Айқын токсикоз, стридор.
Екі айға дейінгі барлық балалар.
Кеуде клеткасының тыныс алу барысында тарылуы.
Лихорадка.
Аускультативті сырылдар.
Рентген көріністері.
Диагностикалық негізгі этап.
Жалпы қан анализі (6 параметр).
Жалпы зәр аналізі.
Диагностикалық қосымша этап:
- кеуде клеткасының рентген тексеру.
