Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Іріңді қабыну аурулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
548.86 Кб
Скачать

Ақпаратты - дидактикалық блок Тема: Туа болатын бұлшық еттік қисық мойын

Тума бұлшық еттік қисық мойын – бастың жанына қарап қисаюы мен бұрылуының бұзылу нәтижесінде оның қалпының тұрақты дұрыс болмауымен сипатталатын деформация.

Тума бұлшық еттік қисық мойын тірек қимыл аппараттардың туа болатын ауруларының 5-тен 12% құрайды және кездесуі туа болатын жамбас – сан буынының шығуынан кейінгі екінші орында. Қисық мойын көбіне қыз балаларда кездесіп және жиі оң жақты болады.

Аурудың себептері әлі күнге дейін толық анықталмаған. Көпшілік авторлар қисық мойынның пайда болуы төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшық еттің даму ақауынан деп түсіндіреді. Жетілмеген бұлшық ет ауыр босану кезінде жыртылады. Кейіннен жарқаттанған жерде тыртықты тіндер түзіледі. Баланың өсу барысында тыртықталып өзгерген, туа жетілмеген бұлшық еттің өсуі нашарлайды және бет сүйектері, бас сауыты, омыртқалар екіншілік өзгереді. Қисық мойын 95% жағдайда жамбаспен келген нәрестелерде кездеседі.

Клиникалық көрінісі науқастың жасына және бұлшық еттегі өзгерістің ауырлық дәрежесіне байланысты әртүрлі болады. Жаңа туған нәрестелерде төс – бұғана – емізікше тәрізді бұлшық еттің жиі төменгі немесе ортаңғы үштен бірінде көлемі 2 см жететін дөңгелек пішінді, тығыз, ауырмайтын, ісік тәрізді түзіліс анықталады. Уақыт өте бұлшық еттегі түзіліс жойылып, бұлшық еттің серпімділігі төмендеп, кішірейеді. Бастың иілу мен бұру бұзылыстары уақыт өте айқын көріне бастайды. Бала тез өсетін кезеңдерде (3 – 6 және 10 – 12 жас) бұл өзгеріс анық байқалады.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қараған кезде беттің, бастың едәуір асимметриясы көрінеді. Бас алдына қарай және өзгерген бұлшық ет жағына иіледі, иегі сау бұлшық етке қарай бұрылып қисайып тұрады. Қисық мойын кезінде көз саңылауы кішірееді және төмен орналасады.

Төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшық ет жуандайды, теріден білеуленіп білініп тұрады. Тығыздалып, қысқару нәтижесінде баланың бұғанасы қисаяды. Артынан қараған кезде мойынның асимметриясы байқалады. Иығы мен жауырыны биік тұрады. Кейде омыртқаның мойын және жоғарғы кеуде бөлімдерінде сколиоздың болуы мүмкін. Сирек жағдайларда екі жақты қисық мойын кездеседі. Бұл кезде бас артқа қарай иіледі. Бастың бұрылуы және иілуі шектеледі.

Туа болатын бұлшық еттік қисық мойынды Клиппеля – Фейля ауруынан, мойын омыртқасында қосымша жарты омыртқаның болуынан, миозиттерден, назофарингиалды қисық мойыннан (Гризель ауруынан), спастикалық қисық мойыннан ажырату қажет.

Емдеуді 2 апталығынан бастайды. Зақымдалған бұлшық етті созу үшін қалпына келтіру жаттығулары өткізіледі. Оны 5 – 10 минуттан күніне 3 – 4 реттен жасау қажет. Бұлшық етке УВЧ қойылады. Мойын және бет бұлшық еттеріне массаж жасап, физиотерапевтік емдеу тәсілдері қолданылады (калий йодидімен, ронидазамен электрофорез, парафинді аппликация).

Консервативті емдік шаралар 2 – 3 жасқа дейін өткізіледі. Науқас балалар диспансерлік есепке алынады. Операцияны 3 жастан асқан балаларға жасайды. Тиімді болып саналатын Микулич, Зацепин тәсілдері арқылы миотомия орындалады. Операциядан кейін А.Қ. Қарабековтің аппарат - құралын қолданған өте тиімді.

Егер емдеуді ерте бастаса нәтижесі жақсы болады, ал үлкен жастағы балаларда кездесетін бас пен беттің ауыр екіншілік өзгерістерін толық қалпына келтіріп емдеу өте қиын.