Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Іріңді қабыну аурулар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
548.86 Кб
Скачать

Ақпаратты - дидактикалық блок Тема: Туа болатын маймақтық (шотаяқ)

Тума маймақтық деп аяқ-басының ішкі және артқы топ бұлшық еттерінің туа жетілмеуі мен қысқаруы салдарынан алып келуі мен бүгілуінің бұзылуын айтады. Бұл тірек - қимыл аппараттарының даму ақауы болып саналады. Шотаяқтық кездесу жиілігі әрбір туылған 1200 нәрестеге 1 жағдай келеді.

Деформация көбіне ұл балаларда және жиі екі жақты болады, пайда болу себептері әлі күнге дейін толық анықталмаған. Маймақтық тұқым қуалау арқылы ерлерден доминантты берілуі мүмкін. Эндогендік және экзогендік себептерден пайда болу жағдайлары да жиі орын алады (құрсақ ішілік қабыну процесі, жатырдың ісігі, токсоплазмоз). Маймақтықтың себебі бұлшық еттер мен сіңірлердің кемістіктерінен болуы мүмкін деген көзқарас бар. Оларға бұлшық еттер мен сіңірлердің қысқаруы, бағытының өзгеруі, ахил сіңірінің өкше сүйек төмпешігіне бекітілетін нүктесінен ішке қарай ығысуы, аяқ-басы буынындағы байламалар қызметінің жетілмеулері жатады.

Балада туылғаннан бастап аяқ-басының дұрыс емес орналасуы байқалады. Маймақтықтың басты белгілері: эквинус (eqvіnus) – аяқ басының табанға қарай бүгілуі, супинация (varus) – аяқ-басының ішкі бөлігі (табаны) көтеріліп, сыртқы бөлігі түсіп тұруы, аддукция (adductus) – аяқ басының алдыңғы бөлігінің ішке қарай қисаюы, жалпақ табан (excavatus) – аяқ басының ұзына бойы ұзаруы.

М.О. Фриндлинд аурудың үш дәрежесін бөледі: жеңіл, орташа және ауыр. Маймақтықтың жеңіл дәрежесінде аяқ-басының қисаюын күшпен түзеуге болады; орташа дәрежесінде – маймақтықты түзеуге едәуір күш жұмсау қажет болады; ауыр дәрежесінде деформацияны күштеп түзеу мүмкін емес.

Туа болатын шотаяқ кезінде босанғаннан бастап аяқ-басының деформациясымен қатар, балтырдың бұлшық еттері, әсіресе артқы топ бұлшық еттерінің жетілмегені байқалады. Аяқ-басы буынында қозғалу едәуір шектелген, тек аяқ-басын ары-бері қимылдату ғана мүмкін болады. Балтыр және аяқ-басының қысқаруы бала өсе келе күшее түседі, бірақ едәуір қысқармайды. Туа болатын маймақтық басқа да даму ақауларымен қосылып келуі жиі кездеседі (амниотикалық тартулар, синдактилия).

Туа болатын маймақтықты аяқ-басының қисаюымен жүретін артрогрипоздан, амниотикалық және паралитикалық маймақтықтардан ажырату керек.

Тума шотаяқ кезінде консервативті және оперативті емдеу тәсілдері қолданылады. Емдеуді неғұрлым ерте бастаса, нәтиже соғұрлым жақсы. Емдеуді баланың 2-ші аптасынан, кіндік жарасы жазылғаннан кейін бастайды. Жеңіл дәрежелерінде емдік дене шынықтыру өткізіп, аяқ-басын күштеп қалыпты жағдайға келтіреді. Финку-Эттинген бойынша бинтті таңу қолданылады. Маймақтықтың ауыр дәрежелерінде гипспен таңу жасау жақсы нәтиже береді (оны гипстен жасалған етікше деп атайды).

Консервативті емдеу шаралары нәтиже 2 жасқа дейін бермеген жағдайларда және бала дәрігерлік қарауға кеш келгенде аяқ - басының сіңір-байламаларына операция жасалынады. Зацепиннің операциясы тәжірибеде кең қолданылады. Операциядан кейінгі кезеңде сауықтыру шараларын физиоемдеумен қосып өткізеді (бұлшық еттерге ультрадыбыс, жылу процедуралары).

Аяқ басының өсуін бақылау үшін науқас емханада диспансерлік есепке алынады. Емдеу нәтижесі, болжамы жақсы.