Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маст Роза апай.doc11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
450.05 Кб
Скачать

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» ММ

Қазақстан тарихы логикалық - құрылымдық кестеде

(6 сыныпқа арналған қосымша оқу құралы)

Тарих пәнінің мұғалімдері :Туралина Роза Мейрамбекқызы

Төлегенова Айгүл Төлегенқызы

Қостанай қаласы

Алғы сөз

Құрметті оқушы !

Қазақстан тарихы – Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан тарихы болып есептеледі. Ал өз Отанының тарихын білу мемлекетіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы.

Тәуелсіздігімізге қол жеткізген аз ғана жылдардың ішінде біз төл тарихымыз төңірегінде анағұрлым көбірек біле бастадық. Халқымыздың жүріп өткен ұзақ жолы өзге жұрттан артық болмаса кем емес. Бұрындары ұлттық тарихымыздың ұланғайыр қабаттары үзіп-жұлып, бөлшектеніп зерттеліп келгенін енді біліп жатырмыз.

Отанымыздың өткенін танып-білу – отансүйгіштік сезімді тәрбиелеудің, басқа халықтардың рухани және материалдық мұрасына сыйластықпен қараудың, жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызды факторы. Еліміздің тарихы – қазіргі жалпы дүниежүзілік тарихтың, соның ішінде Еуразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір қазақстандық азамат үшін өз Отанының тарихын білу - өз халқының өткен және келешек ұрпақтары алдындағы қасиетті борышы. Сондықтан Қазақстан тарихын танып-білу өмірлік қажеттілік деп түсіну керек.

Тарихты білу арқылы сеңдер қоғамдағы өз орнындарынды анықтап, қоғамдық маңызды проблемаларды айқындауға және оларды дұрыс шешу жолдарын табуға мүмкіндік аласындар. Тарихи білім оқушылардың өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін түсінуге, тарихи сана-сезімнің сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға қажетті оқушылар құзіреттілігін , біліктілігін дамытуға әсер етеді.

Балалар! Ұсынылып отырған оқу құралы сендерге ежелгі Қазақстан тарихын терең меңгеруге мүмкіндік береді және нақты көмек беру мақсатын көздейді. Оқу құралының мазмұны оқулықтағы тақырыптарға сай құрастырылған. Бұл – Қазақстанның ертедегі тұрғындары, олардың мәдениеті мен тұрмысы, сыртқы дүниемен байланысы туралы мәліметтер. Бұл оқу құралының тиімділігі - әр тақырыпты түсінуге және есте сақтауға қолайлы сызба-кестелер арқылы берілген. Тақырыптардың мазмұнын ашатын ең маңызды мәліметтер жинақталып, меңгеруге жеңіл жолмен құрастырылған. Негізгі хронологиялық мерзімдер, даталар, тарихи оқиғалар мен фактілер, тірек сөздер басшылыққа алынған. Бұл сеңдерге өз беттерімен тақырыпты ашып түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса тақырыпты бекіту үшін өзін-өзі тексеру сұрақтары ұсынылады. Тараулардан кейін білімдерінді жинақтап қайталауға арналған тест сұрақтары құрастырылған. Олар оқу материалын терең меңгеруге жәрдемдеседі.

Оқу құралы сендердің өз білімдерінді тексерулеріне мүмкіндік туғызады. Құралдағы сызбаларды сабақта интерактивті тақта арқылы қолдануға болады. Тақырыпты түсіндіргенде немесе үй тапсырмасын тексергенде, бекіту кезінде, тарауды қайталауда компьютер арқылы әр оқушы осы құралды пайдалануға мүмкіндігі болады. Оқу құралының тиімді жағының бірі – оны ҰБТ-ге дайындық кезінде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Сыныпта немесе үйде оқушы диск арқылы компьютермен өз бетінше тақырыптарды меңгеріп, бекітуге мүмкіндік алады. Сабақ үстінде мұғалімнің көмегісіз өз беттерімен тақырыпты ашып түсінуге бұл оқу құралының маңызы зор. Себебі, әр тақырып жүйелі түрде құрастырылып, қабылдауға ыңғайлы түрде ұсынылған. Тақырыпты өткеннен кейін пысықтау үшін осы сызба –кестелерді дұрыс қолдана білу арқылы білімдерінді бекітуге болады. Сабақта уақытты үнемдеуге арналған оқу құралы арқылы сеңдер жылдам және нақты тарихи фактілерді іріктеп, тақырыптың мазмұнын өз бетімен түсінуге мүмкіндік аласындар.

Отанымыздың мыңдаған жылдық күрделі тарихын оқып-үйренулеріне сәттілік тілейміз!

Бірінші бөлім Алғашқы қауымдық адамдар өмірі

1- тарау . Алғашқы терімшілер мен аңшылар

Алғашқы адамдар

Аты Жасы Табылған орны

«Епті адам» 1млн 750 мың Африкада Кениядағы Олдувай шатқалы

«Тік жүретін адам»

Питекантроп 1 млн 1891 ж , Ява аралы

Синантроп 500-200 мың Қытай

Неандерталь 100-35 мың Германия

1938 Ж Өзбекстан,Тесіктас үңгірі

«Саналы адам»

Кроманьон 40-35 мың Франция, Кроманьон үңгірі

терімшілік

Еңбек құралдары Кәсібі

аңшылық

Қазғыш таяқ шоқпар Ұжымы адамдар тобыры

Үшкір тас

Ө зін-өзі тексеру сұрақтары.

  1. Адамзат баласының пайда болуы туралы әңгімеле.

  2. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын не үшін пайдаланған?

Қазақстандағы алғашқы адамдар

Питекантроп замандасы

1 млн жыл

Ө зін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады?

2. Чоппер мен чоппингтің айырмашылығын көрсет.

Ө зін-өзі тексеру сұрақтары.

  1. Мезолит заманының үлкен жаңалығын айт.

  2. Егіншілік қай мезгілде пайда болды.

Алғашқы қауымдағы адамдардың өмір тарихы.

Уақыт

Тұрақтары

Еңбек құралдары

Кәсіптері

Адамдар мен олардың ұжымдары

Ерекшіліктері

Палеолит

Ерте және орта тас ғасыры(б.з.б.2 млн 500 мың-40 мың жыл

Кейінгі тас ғасыры-б.з.б.40-12 мың жыл

Маңғыстау түбегіндегі-Шақпақата

Қаратаудағы Арыстанды өзені (бифас,пышақ,жарғыш сынатас,

қырғыштар)

Жамбыл облысындағы Бөріқазған,Шабақты (5000-ға жуық тас құралдар)

Шығыс Қазақстан-Шульбинка;

Оңтүстік Қазақстан-Арыстанды (өте жақсы өнделген қырғыштар –б.з.б. 25 мың ж.)

Орталық Қазақстан – Семізбұғы (қырғыштар жүзі түзу,қайқы тас пышақтар)

Орталық Қазақстандағы ең көрнектісі Батпақ (300-ге таяу тас құрал,б.з.б.30-25 мың.жыл

Қазғыш таяқ,шоқпар,

Қашау,бифас,

жұмыртас

Ретушь әдісі

Найза,гарпун,қыр

ғыш

Терімшілік,

Аңшылық

Аңшылық,

терімшілік,

балық аулау

Ертедегі адамдар

Адамдар тобыры

«Саналы адам»

Рулық қауымдар

Табиғаттан

тыс құбылыстарға сенудің пайда болуы

Анимизм,

тотемизм

Мезолит

(орта тас ғасыры )-

Б.з.б.12-5 мың жыл

20-дан астам

Есіл өзеңі ( 40-60 шаршы метр баспана)

Микролит,садақ пен жебе,балта,

тесе,орақ

Аңшылық,терімшілік,

балық аулау,

тесемен

жер өндеу,

жануарларды қолға үйрету

Рулар мен тайпалар

Қолайлы климат,мұз еріді,қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі

қалыптаса бастады

Бағыштау

(инициация)

Неолит (жаңа тас ғасыры)-б.з.б.5-3 мың жыл

Энеолит (мыс-тас ғасыры)

Б.з.б. 3000-2800 ж.

500-ден астам тұрақ бар, ең көнесі б.з.б. 5 мың тән

Шығыс Қазақстан- Усть-Нарым;

Орталық Қазақстан- Қарағанды,Зеленая Балка (үй малының сүйектері бар);

Солтүстік Қазақстан –Пеньки селосы (тас шапқылар, жалпақ пышақтар ,жаңқадан жасалған қырғыштар);

Арал өнірі ( найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар,екі жүзі өңделген жебе ұштары);

Балқаштың солтүстігі (шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар:

тілікшелер,жаңқалар,нуклеустар,жебе ұштары)

Жезқазған өнірі (150 –ге жуық тұрақ,кен шығару,жерлеу

орындары)

Қызылорда облысы- Сексеуіл (80 пайызы қой мен жылқы,қалғандары жабайы жылқы)

Солтүстік Қазақстан-Ботай тұрағы б.з.б.3-2 мың жыл

( 15 га жерде,158 үй, жылқының сүйегі көп табылған )

Маңғыстауда – Шебір (ыдыстар түбі жұмыртқа тәрізді)

Соқа,қола және мыс құралдар

Мыс,тас құралдар

Аңшылық,

терімшілік балық аулау

Тесемен және соқамен жер өндеу,мал өсіру,

қолөнер

Аңшылық,

егіншілік,

мал шаруа-шылығы

Рулық қауымның ыдырауы Көршілер қауымы

Аталық ру

Табиғи-климат бүгінгі күнгіге ұқсас болды

Егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптаса бастады

Адамдар артық өнім өндірді

Қыш құмыра жасады

Еңбек бөлінісі –егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінді

Ө зін-өзі тексеру сұрақтары.

  1. Энеолит сөзінің ұғымы нені білдіреді?

  2. Ботай тұрағы туралы әңгімеле.

  3. Мезолит пен неолит дәуірлерін салыстырыңдар.

  4. Палеолит кезенінің ерекшеліктерін атаңдар.

  5. Егіншілік пен мал шаруашылғының пайда болуы туралы әңгіме құрастырындар.

  6. Тобыр мен рулық қауымның ерекшеліктерін атаңдар.

  7. Ерте,орта,кейінгі тас ғасырының тұрақтарына сипаттама беріңдер.

  8. Қазақстанда зерттелген мезолит тұрақтары туралы әңгімеле.

  9. Аталық рудың қалыптасу себептерің аңықтандар.

10. Бағыштау (инициация) ұғымын түсіндіріндер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]