
- •Қысқаша дәріс конспектісі Тақырып 1. Металдар туралы жалпы мағлұмат. Материалдарды сынау
- •Металдардың атомдық кристалдық құрылысы
- •Металдардың кристалдануы
- •Металдардың механикалық қасиеттері
- •Қорытпалар теориясы
- •Қорытпалар теориясы
- •Металл өндіруге қажетті материалдар
- •Материалдарды сынау
- •Металдарды сынаудың механикалық әдістері
- •Темір-көміртегі жүйесінің күй диаграммасы Жоспары:
- •Көміртекті қорытпаларының құрылыстық құраушылары
- •Көміртекті темір қорытпаларының күй диаграммасы.
- •Жоспары:
- •Көміртекті болаттар
- •Легірленген болаттар
- •Конструкциялык легірленген болаттар
- •Легірленген аспапты болаттар
- •Шойындар Жоспары:
- •Шойынның алынуы
- •1 Шойын өндіруге арналған метариалдар
- •1.1 Шойын өндірісінің шикізаттары
- •1.1.1 Темір және марганец кені
- •1.1.2 Қожтүзгіш материал
- •1.1.3 Отын
- •1.1.4 Оттөзімді материал
- •1.2 Домна үрдісінің шикіқұрамдық материалдарын дайындау
- •1.2.1 Материалдарды ұсату мен сұрыптау
- •1.2.2 Темір кенін орташалау
- •1.2.3 Темір кенін байыту
- •1.2.4 Кесектеу
- •Металдарды жаймалау. Металдарды термиялық өңдеу
- •Металдарды термиялық өңдеу
- •Аустениттің изотермиялық түрлену диаграммасы
- •Термохимиялық өңдеу
- •Цементтеу
- •Азоттау
- •Циандау
- •Диффузиялық металдау
- •Пісірудің жалпы сұрақтары. Пісіру түрлерін жіктеу
- •Пісіру және пісірілген қосылыстардың түрлері мен әдістері Пісірудің даму тарихы
- •Пісіру ( сварка ) туралы үғым және оның мәні
- •Пісіру түрлерін жіктеу
Жоспары:
1. Көміртекті болаттар
2. Легірленген болаттар
3. Конструкциялык легірленген болаттар
4. Легірленген аспапты болаттар
5. Соғу штампты аспаптар жасауға арналған легірленген болаттар
Көміртекті болаттар
Көміртекті болаттар қорыту технологиясына байланысты қайнау (КП) және тыныш (СП) қорыту болаттары болып екіге бөлінеді. Көміртекті болаттарда тұрақты қоспалар болады: кремний, марганец, күкірт, фосфор, өттегі элементтер. Түріне қарай болаттың құрамында қоспа элементтер мынадай мөлшерде кездеседі: кремний 0,16-0,5%, Мn - 0,3-0,8%, Р - 0,05%, S - 0,05%, оттегі - 0,05%.
Көміртегі - болаттың физика-химиялық қасиеттеріне қатты әсерін тигізетін элемент. Болаттың құрамындағы көміртегінің мөлшері артқан сайын болаттың қаттылығы, беріктігі артып, пластикалық қасиеттері нашарлай түседі. Көміртегі мөлшері 1-1,2%-дан артқанда, болаттың морттық қасиеті артып, оңай сынатын болады.
Кремний болаттың құрамында ферритпен ерітінді немесе металл емес қоспа түрінде кездеседі. Ферритте еріген кремний болатты нығайтып, оның серпімділік қасиетін арттырады.
Марганец элементтің мөлшері мол болған сайын болаттың үйкеліске беріктігі артады.
Күкірт болаттың құрамына руда, шойын, металл сынықтары, пеш газымен бірге еніп, оның жоғары температурада сынғыштық қасиетін (красноломкость) арттырады және темірмен әрекеттесіп, балқу температурасы төмен, металл түйіршіктерінің шекарасы бойымен арыаласатын эвтектика (Ғе-Ғе S) түзеді.
Фосфор, күкірт сияқты, болатқа руда, шойын, металл сынықтарымен бірге еніп, қалыпты температурада оның сынғыштық қасиетін арттырады.
Оттегі жоғары температурада болаттың сынғыштық қасиетін арттырады және ол темірмен өте қатты қосылыс (оксид) түзетіндіктен, болатты жону арқылы өңдеуді қиындатады.
Құрамындағы көміртегінің мөлшеріне қарай және қолдануына байланысты көміртекті болаттар конструкциялық және аспапты болаттар болып бөлінеді.
Конструкциялық болаттар өз кезеңінде екіге бөлінеді: жалпы сапалы болат және жоғары сапалы болат болып.
Жалпы сапалы болаттардың өзі механикалық қасиеті мен химиялық құрамына қарай үш топқа бөлінеді. I топ - А тобы, II топ Б тобы және III топ - В тобы.
I топқа (А тобы) жататын болаттардың механикалық қасиеттері кепілденеді. Бұл топқа жататын болаттардың мынадай түрлері бар: Ст0...Ст7.
II топқа (Б тобы) жататын болаттың химиялык құрамы кепілденеді.
III топқа (В тобы) жататын болаттардың механикалық қасиетімен бірге химиялық құрамы кепілденеді.
Сапалы болаттар мартен, электр пештерінде қорытылып машина детальдары мен жұмыс жабдықтарын (инструмент) жасау үшін қолданылады. Құрамындағы марганец элементінің мөлшеріне қарай сапалы болаттар екі топқа бөлінеді:
I топқа құрамындағы Мn элементінің мөлшері әдеттегідей болаттар, ал II топқа Мn элементінің мөлшері жоғары болаттар жатады.
I топқа жататын сапалы болаттар құрамындағы көміртегі мөлшерінің процентпен алынған жүздік үлесі бойынша белгіленеді. Мысалы: Сталь 15... Сталь 70. Сталь 1 5 маркалы болатгың құрамында 0,1 5% - көміртегі болады.
II топқа жататын сапалы болаттар да I топ болаттары сияқты белгіленеді. Көміртегінің мөлшерін анықтайтын саннан соң «Г» әрпі (Мn) койылады. Мысалы: 45Г, 65Г.
Жоғары сапалы болаттардың құрамында зиянды қоспалар мен ақауы аз болады. Болаттың бұл түрінің мынадай маркалары бар: 15А, 20А, ... т.б. (А әрпі болаттың жоғары сапалы екендігін көрсетеді).
Арнаулы болаттар жону, созу, штамптау әдісімен суық күйде өңделеді. Болаттың бұл түрінің «автомат болатты» деп аталатын түрі машина жасау өндірісінде гайка, бұранда жасау үшін пайдаланылады.
Құрамында көміртегі аз болаттардың өңделі қасиетін арттыру үшін оларға күкірт пен фосфор қосады. А12 маркалы көміртегі, 0,08-0,15% фосфор, 0,08-0,2% күкірт болады. Автоматты болаттардың маркалары: А12, А20, А30, А40Г.