Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
leks 1-6 техн мет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

Материалдарды сынау

Машина детальдары түрлі жағдайда жұмыс істейтіндіктен көп жағдайға шыдап, ұзақ уақыт қызмет ететін детальдың материалын таңдап ала білуі қажет. Сондықтан металдар мен қорытпалар белгілі сынау мен зерттеулерден өтеді.

Металдар мен қорытпалардың қасиеттерін анықтау үшін олардың механикалық, физикалық, технологиялық әдістермен сынау структурасына анализ жасайды.

Металдарды сынаудың механикалық әдістері

1.Металды созу арқылы сынау. Мұнда металдың пропорционалдық, серпімділік, аққыштық, беріктік шектері мен үзіліске шын кедергісі, салыстырмалы ұзару, жеңішкеру коэффициенттері сияқты механикалық және пластикалық қасиеттері анықталады.

2. Металды сығу арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде сыналатын металдан белгілі өлшем бойынша параллелопипед формалы үлгі кесіп алып, оны арнаулы преспен қысады. Сығу арқылы металдың пластикалық қасиетін, салыстырмалы қысқару және ұлғаю коэффициентін анықтайды.

3. Металды ию арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде металдың көлденең қимасының ауданы дөңгелек немесетөрт бұрышты болып келген үлгісін екі тіреуіштің ортасына қойып, оған біртіндеп баяу өсіп отыратын күш түсіру арқылы оның иілуге беріктік шегі мен максимал иілу биіктігін анықтайды.

4. Металдарды соғу арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде металдың динамикалық күшке беріктігі мен әр түрлі температурадағы морттық қасиетін анықтайды.

5. Металды қажыту арқылы сынау. Металдың шамасы беріктік шегінен төмен, бағыты айнымалы күштің әсерінен бүлінуін оның қажығыштығы, ал металдың осы күшке қарсы кедергісін оның төзімділігі деп атайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Металдардың келесі қасиеттері қай топқа жатады: беріктік, серпі.мділік, илемділік, қаттылық, тұтқырлық?

2. Бастапқы кристалдану немен сипатталынады?

3. Металдың эксплуатациялық қасиеттеріне нелер жатады?

4. Металдың антифрикциялық қасиеттері дегеніміз не?

2 дәріс

Темір-көміртегі жүйесінің күй диаграммасы Жоспары:

1.Көміртекті қорытпаларының құрылыстық құраушылары

2.Көміртекті темір қорытпаларының күй диаграммасы

Техникада көміртекті темір корытпалары болат пен шойын түрінде, конструкциялық материал ретінде жиі қолданылады. Қазіргі кезде халық шаруашылығының әр түрлі салаларында көміртекті темір қорытпалары сан машиналар мен приборлар және құрылыс материалдарын жасау үшін пайдаланылады. Конструкциялық материалдарды орнымен қолданып, техникалық талаптарға сай таңдап алу үшін олардың қасиеттері мен структурасын (ішкі құрылысын) білу қажет. 1868 жылы Д.К. Чернов көміртекті қорытпалардың көміртегінің концентрациясына байланысты орны өзгеріп келетін кризистік нүктелерін тауып, темір-көміртегі диаграммасын жасауға мүмкіндік туғызды.

Бұл диаграмманы онан әрі дамытып, толықтыруға дүние жүзінің көптеген оқымыстылары өз үлестерін қосты. Орыс оқымыстылары Н.В.Гутовский, Н.М.Витторф, шетел оқымыстылары Р.Аустен, Розебум, Гернстің еңбектері арқасында темір-көміртегі диаграммасы осы күнгі түрге келген.

Диаграмманы қарастырудан бұрын көміртекті темір қорытпаларының құрылыстық құраушыларына тоқталайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]