Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
leks 1-6 техн мет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

Пісіру және пісірілген қосылыстардың түрлері мен әдістері Пісірудің даму тарихы

Электр доғасының жылуын пісіру мақсаты үшін пайдалануды орыс ғалымдары В.В.Петров, Н.Н.Бенардос жөне Н.Г.Славянов ойлап тапқан.

1802 жылы дүние жүзінде түңғыш рет Санкт-Петер- бург медициналың-хирургиялың академиясының про- фессоры Василий Владимирович Петров электр доғасы жаңалығын ашты. 1803 жылы бүл қүбылысты өзінің “Известие о гальвани-вольтовских опытах” кітабында сипаттап, электр жарықтандыру және металдарды бал- ңыту үшін доғаларды іс жүзінде ңолдану мүмкіндігін көрсетіп берді.

Орыс өнертапқышы Николай Николаевич Бенардос 1882 жылы алғаш рет шоғырландырғыш батареясынан шьщңан электр энергиясынан ңоректенетін көмірлік доғаны пайдалана отырып, металдарды біртүтас етіп жалғастыру үшін электр доғасын ңолданды. Ол 1885 жы­лы “Электр тоғының тікелей әсерімен металдарды жал- ғастыру және ажырату әдісі” деген атаумен патент алды.

Н.Н.Бенардос қазіргі өнеркәсіпте қолданылатын пісі- рудің біркатар басқа түрлерінің авторы болып табыла- ды. Бірнеше жылдардан кейін, 1988 жылы орыстың инженер-металлургі және өнертапқышы Н.Г.Славяиоі;

металлы к ллектродш'н пісірудін түрін талдап-жасап, “Металдарды электрлік күюға арналған аппараттар және оныд әдісі” жэне “Металл құймаларды электрлік тығыз- дау әдісі” деп аталатын екі патент алды. Н.Н.Бенардос пен Н.Г. Славяновтың жаңалықтарының іс жүзіндегі қүндылығы айңын болғанымен, Қазан төңкерісіне дейін металдарды жалғаудың бүл ілгерілемелі әдісі Ресейдің техникалық мешеулігі себебінен кең қолданыс таппа- ды. Тек кеңес дәуірінде ғана бүл процесс кең өріс алды. Пісіру процестеріне теорияльщ талдау жасауда копте- ген ғалымдар: В.П.Вологдин, В.П.Никитин, Е.О.Патон,

К.К.Хренов, Г.А.Николаев, Н.О.Океролан, Н.Н.Сычка- лин, К.В.Любавский, Б.Е.Патон, И.К.Паходня, Б.И.Ме­довар жэне т.б. көрнекті рөл атқарды.

Сондай-ақ, Е.О.Патон атындагы электрмен пісіру институты, ВНИИЭСО, ЦНИИТМАШ, МАТИ, ЛПИ, Г.А.Байков атындагы Ресей металлургия институты, Бауман атындагы МЖТУ, ВНШ-автогенмаш, оргэнер- гострой, кеме жасау жэне авиация өнеркәсібі институт- тары жүргізген іргелі еңбектерді, зерттеулерді атап өт- пеуге болмайды.

Пісіру ( сварка ) туралы үғым және оның мәні

Күрделі ңүрылымдар әдетте, жекелеген элементтерді (бөлшектерді, агрегаттарды, түйіндерді) өзара біріктіру нәтижесінде алынады. Мүндай біріктірулер ажырайтын және ажырамайтын қосылыстардың көмегімен орында- лады. і

МЕМСТ 26.01-74-ке сәйкес пісіру пісірілетін бөлшектердің бір аумағын немесе жалпы ңыздыру, не болмаса пластикалық деформациялау мен біріккен әрекет жағдайында олардың (пісірілетін бөлшектердің) арасында атомаралық байланыстарды орнату жэне ажырамайтын қосылыстарды алу процесі ретінде анықталады.

Пісірудін. көмегімен алынған ажырамайтын ңосылыс- тарды пісіру қосылыстары деп атайды. Пісіру арқылы көбінеее металдардан жасалған оолшектерді жалғаііды.

Алайда, пісірілген қосылыстарды металл немесе олардыц үйлестірулерінен жасалған бөлшектер үшін де қолданады.

Пісірілген қосылыстарды алу үшін қандай да бір арнаулы жалғастырушы элементтерді (тойтармаларды, тапсырмаларды және т.б.) қолдану талап етілмейді. Оларда ажырамайтын қосылыстардың түзілуі жүйенің ішкі күштері әсерінің пайда болу есебінен ңамтамасыз етіледі. Бүл жағдайда жалғастырылатын бөлшектердің металдарының атомдары арасында байланыстар түзіледі. Пісірілген қосылыстар үшін иондар мен ортақтастырылған электродтардың өзара әрекеті себепші болған, металдық байланыстардың пайда болу сипаты тән.

Пісірілген қосылыстарды алу үшін жалғастырылатын бөлшектердің бетінің ңарапайым түрде жанасуы мүлдем жеткіліксіз. Атомаралың байланыстар орнатылатын атомдар арасындағы бүрыннан бар белгілі бір энергетикалық тосқауылды жеңу үшін, қажетті ңосымша энергияны алған жағдайда атомдар кернеу және кері тебу күштері әсерінен тепе-теңдік күйге жетеді. Бүл энергияны активтендіру энергиясы деп аталады. Пісіру кезінде оны сыртқа ңыздыру жолымен (термикалық активтеу) немесе пластикалық деформациялау (механи- кальщ активтеу) жолымен енгізеді.

Пісірілетін бөлшектердің жанасуы және активтеу энергиясының күш түсіруі ажырамайтын пісірілген қо-сылыстарды түзу үшін ңажетті шарттар.

Қосылыстарды жасау кезінде активтеу түрлеріне бай- ланысты пісіру екі түрге бөлінеді: балңымамен және қысыммен пісіру.

Балқымамен пісіру жағдайында бөлшектерді жалғасатын жиектері бойынша қыздыру көзінің әсерімен бал- ңытады. Жиектердің балңытылған беті балңыған металмен жабылады, ол бір көлемге қүйылып жинала келе пісіру науасын (ваннасын) түзеді.Пісіру науасын сал- қындатңан кезде сүйық металл ңатады да, пісіру жігін түзеді. Жік пісірілетін жиектер металының балңуы се- бебінен немесе балқытылған қоспаның пісіру науасына қосымша енгізілуі. есебінен түзілуі мүмкін.

Қысыммен пісіру мәні пісірілетін бөлшектердің жиектері бойынша материалды үздіксіз немесе үздікті оірлескен практикалық деформациялаудан түрады. Процесті жылдамдату үшін қыздырумен қоса қысым- мен пісіру қолданылады. Қыздыру ңысыммен пісірудің кейбір әдістерінде пісірілетін беттердің металдарын бал- қытуға дейін жүргізілуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]