- •1. А.Н.Стрельникованың әдіс- тәсілі бойынша тыныс алу жаттығулары.
- •Балалар мен жас өспірімдердің тыныс алудағы ерекшеліктері
- •Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар
- •1. А.Н.Стрельникованың әдіс- тәсілі бойынша тыныс алу жаттығулары.
- •Жаттығулардың емдік ықпалы.
- •Жаттығулардың артықшылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Қорытынды
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы. Тыныс алу жаттығуларының негізгі мақсаты – онымен үзбей шұғылдану, осы аталған науқастардың алдын алады, ұзақ өмір сүрудың негізін қалайды.
Тыныс алу жаттығуларының негізгі құралы – ағзаның тыныштық қалпындағы орындалатын және қозғалыста орындалатын жаттығулар.
Тыныс алу жаттығуларының қолданылуы, адамның өзін-өзі емдеу мақсатында болғандықтан, жалпы жаттығулардың орындалуы ағзаның қозғалуына негізделген. Мұны қолданбалы жаттығулар деп атайды. Бұл қозғалыс жаттығулары жүру мен жүгіруге негізделген. Шаңғы тебудегі жүрісте осыған негізделген. Әр адам өзінің шамашарқына, яғни, ауруының қаншалықты созылмалы жағдайына қарай қолданылады.
Осылайша, тыныс алу жаттығулары бірінші жүруден басталады. Алғашқы кезде жайлап жүріп, содан кейін жүріс қозғалысы үдетіледі. Үдемелі жүрістің өзінен де тыныс алу мүшелеріне жүктеме түседі. Бірақ, бұл жүктеменің өзі де науқастың қандай деңгейде екеніне байланысты. Бұдан ары қарай жүгіруді бастауға болады.
Жүгіру – ағзаның барлық мүшесі жұмыс істегені өз алдына, негізгі жүктеме тыныс алу органдарына түседі. Жүгірген кезде, яғни, тыныс алу органдарына жүктеме түскен кезде бүкіл ағза жұмыс істегендіктен, ең әуелі қан айналысы жүйесі реттеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. – Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. – Алматы: Қайнар, 1991. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. – Алматы: Мектеп, 1988. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1994. Бутин И.М. Лыжный спорт. – Москва: Академия, 2002. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1991. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. – Алматы: Рауан, 1991. ,
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
Дене тәрбиесі кафедрасы
Тақырып:
Орындаған: Тіршілік Айсұлу 206 «А» Жалпы медицина
Тексерген: Кафедра басшысы, доцент Айпеисов Ж.А.
Ақтөбе 2015ж
