Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмұны.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
322.69 Кб
Скачать

Диаграмма 1 – Тәжірибе өткізілген сыныптарының салыстырмалы көрсеткіші

Біз сабақта электрондық оқулықты қолданылатын ағылшын тілі сабақтарының бірнеше үлгісін беріп отырмыз. Эксперимент 1,5 ай көлемінде жүргізіледі. Осы уақыт аралығында біз ағылшын тілі сабағында үнемі мультимедиалық құралдарды пайдаланып, жеткен нәтижелерді бастапқы көрсеткішпен салыстырамыз. Тілді күнделікті үзбей оқып-үйренген оқушының кез келген ортада өз пікірін толық және анық жеткізуге машықталады. Білім деңгейі үнемі өсіп отырады, сөздік қоры байи түседі.

Сабақ жоспары:

Тақырыбы: "Unnatural Disasters"

Сабақтың мақсаты: жаңа лексиканы сөйлеу әрекетінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, және де дамыту, мәтінді оқу мен шетел тілінде сөйлеу арқылы оқушылардың түсіну дағдысын қалыптастыру.

Көрнекі құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, жаңа тақырыпқа байланысты дайындалған мультимедиалық презентация, видеодан үзінді, сұрақ карточкалары, тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктердің тізімі.

Сабақты өткізу барысында жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін, оқытушы сауатты сабақ жоспарын ұйымдастырып, керекті материалдарды алдын-ала дайындау керек.

The plan of the lesson

Teacher: Isabaeva Sholpan

Theme: 29. Unnatural disasters (Opportunities Upper-Intermediate)

Type of the lesson: Listening and Speaking

The aim of the lesson:

1. Developing:

  • To develop pupils’ cognitive mechanisms

  • To develop their outlook

2. Practical:

  • To form pupils’ listening skills

  • To develop their communicative skills

3. Educational:

  • To give language and speech material on the theme “Global issues”

  • To give information about the natural disasters all over the world

Objectives:

  • To practice speaking in pairs about the Poverty in our society

  • To do the “Before you start” exercise

  • To listen the text about the statistics of poverty in the world

  • To do the exercises according to the listening task

  • To show the pupils the slaid-show

  • To watch the short fragment of the video

  • To present the new words according to the new theme

  • To convey the meaning of the unknown words

Visual aids: electronic textbook, cards, board, textbook, CD, slide-show, video

Learning outcome

Pupils will be able to:

1) To speak about the global phenomenon and the difference between the developed and developing countries

2) To know more about the general statistics of the world poverty and percentage of GNP

3)To develop speaking abilities of pupils

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңінен кейін, ағылшын тілінде сабақ тақырыбы мен мақсаттары түсіндіріледі.

II. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер интерактивті тақтада таблица түрінде, қысқаша анықтама беріліп таблица түрінде оқушыларға көрсетіледі.

III. Оқушылар жаңа сөздерді интерактивті тақтадан және мультимедиалық презентациядан көре алады, мәтіндегі қиын сөздерді бірнеше рет қайталайды.

1. Тапсырма: Read the following words after the speaker.

Мәтінмен жұмыс: "Hell and High water"

2. Тапсырма: Listen to the text.

Одан кейін сөйлеу әрекетін дамытуға байланысты оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі.

3. Тапсырма:

1. Төмендегі проблемалық ситуациялар бойынша диалог құру:

1-ші топқа "Соңғы бір жыл ішінде әлемде орын алған табиғи апаттар жайлы диалог құрастырыңыздар. Диалог құру барысында оқушылар екі түрлі елден келген оқушылардың рөлін ойнайды".

Диалогты айтып болғаннан кейін сыныптағы басқа оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып сабаққа араласып отырады.

2-ші топқа мынадай ситуация ұсынылады: "Табиғи апат болған жағдайда үкімет басшылылары зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсете алады". Бұл жұмыс оқушылардың мұғаліммен пікір таласы ретінде дайындықсыз жасалады, дайындықсыз сөйлеудің әртүрлі тақырыптағы элементтерін сипаттайды: "Кедейлік деңгейі", "Табиғи құбылыстар" және т.б.

Келесі кезекте электронды оқулықтан "Climate conference collapses" мәтіні тыңдауға беріледі.

Бұдан кейін мұғалім оқушылармен тыңдалған мәтінді қазақша айтып берулерін сұрайды. Сонан соң оқушылар сөйлемдерді қазақшадан ағылшын тіліне аударады.

4. Тапсырма: "Our climate" тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрастыру ұсынылады (әңгіменің негізі ретінде ағылшын тілінде тыңдалған мәтін алынады).

5. Тапсырма: Оқушылардың топ бойынша олардың тілдік және сөйлеу даярлықтарына байланысты жеке тапсырмалар бөлініп беріледі.

Белгілі уақыттан кейін бұл тапсырмалар талқыланады, мысалы, казіргі кездегі ауа ластығы мен зиянды газдардың көбеюі, олардың біздің климатымызға тигізетін зияны жайлы және т.б.

6. Тапсырма: Карточкамен жұмыс: тыңдалған мәтін бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқушылар аударуы тиіс.

- raise - көтеру, көбейту

- reduce - азайту

- coal - көмір

- influence - әсер

- pollution - ластануы

Жаңа лексикалық бірліктерді бекіту үшін бос орынға қажетті сөзді қою арқылы көрсетілген жаттығу жұмысы орындалады. Тапсырманың соңында оқушылар өздері орындаған жаттығудың жауабын мұғаліммен бірге тексереді.

7. Тапсырма: Грамматикалық жаттығу. Мұғалім ағылшын тіліндегі шақтарды оқушылардың есіне түсіріп, қайталауға арналған жаттығуды электрондық оқулық пен интерактивті тақта арқылы жасайды.

8. Тапсырма: Оқушыларға "Unnatural disasters" тақырыбына байланысты видеодан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көріп болған соң, оқушылар өз ойларын ортаға салып, видео жайлы пікірлерін жаңа сөздерді қолдана отырып ағылшын тілінде жеткізеді.

Қорытынды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылап, сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалайды.

Үйге тапсырма. Табиғи апаттар жайлы қосымша оқулықтар немесе Интернет арқылы өзге де мәліметтер жинақтап, бірнеше топқа бөлініп слайдтар дайындау.

Тәжірибе барысында, ағылшын тілі сабағында біз электронды оқулықтар, мультимедиалық құралдар мен интернет ресурстарын пайдаландық. 1,5 ай көлемінде өткізілген тәжірибе нәтижесін біз оқушылардан тест бақылауын алу арқылы анықтадық. Екі сыныптың эксперимент нәтижелерін салыстыра отырып келесідей пайыздық көрсеткіштер шығардық. Бақылау жұмыстарының анализі көрсеткендей, оқушылар тәжірибе соңында лексикалық тапсырмалар мен грамматикалық тапсырмаларды сәтті орындап, сөйлеу және жазу дағдыларының да жоғарылығаның бақыладық. Тәжірибе нәтижесі ретінде біз оқушылардың компьютерлік технологияларды бұрынғыша тек ойын үшін ғана емес, сонымен қатар білім алу үдерісінде, жеке шығармашылық белсенділігін арттыруда да пайдалануға болатынына көздері жетті.

Диаграмма 2 – Тәжірибе нәтижесінің салыстырмалы көрсеткіші

Сабақта әр түрлі жұмыс тәртібі мен іс-әрекет түрлерін пайдалану, лексикалық бірліктерді бірнеше рет қайталату, оларды қатыстыра отырып сөйлемдер құрастыру, заман талабына сай ақпараттар беру, оқу және жаңа ақпараттық құралдарды тиімді пайдалануы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттырып, сабақтағы өзге де міндеттердің орындалуына көмегін тигізеді.

Мұғалім ағылшын тілі сабағында электрондық оқулықтарды ұтымды пайдалануы керек, өйткені сабақты ол жекелеп өткізеді, яғни мұнда қайта оралу қарым-қатынасы жүзеге асады. Ал қайта оралу барысы – оқытудың негізгі құрамды бөлігі, сабақты ұйымдастырудағы орынды қолданылған естіп-байқау құралы оқытудағы басқару жүйесінің бірлігін құрайды.

Оқушылардың танымдық қасиеті көрнекілікті сезім арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Сондықтан да естіп-байқау, көру, қатысымдық таным-сөйлеу, қарым-қатынасқа жағдайда оқу құралдары практикалық қарым-қатынасқа енгізуге мүмкіндік туғызады.

Өзіміз бақылаған тәжірибе көрсеткендей, оқушылар жаңа сабақты есту мен көру арқылы өз жадыларында бес есе жақсырақ сақтайды. Сонымен қатар видеоматериалдарды шетел тілін оқыту үдерісінде қолдану оқушының өз бетінше білім алуға және сөйлеу әрекетіне ынталандырады. Сабақ барысында видео көру оқушыға қосымша күш пен сенім бере отырып, тілді әрі қарай дамытуға ынталандырады. Сонымен қатар біз оқушылардың барлығының сабаққа белсенді араласып, олардың сөздік қоры мен қатар шетел тілін тыңдап түсіну және сөйлеу дағдыларының біршама жақсарғанына көз жеткіздік.

Жүргізілген эксперименттің соңында видео бағдарламалар мен фильмдерді пайдалану маңыздылығын анықтау мақсатында, мұғалімдердің өткізілген сабақтар жөнінде пікірлерін анықтау үшін қайта сауалнама жүргізілді. Зерттеу нәтижесі көптеген мұғалімдердің жоспарланған материалды дәстүрлі сабақтардан гөрі, ақпараттық технологияларға негізделген оқыту құралдарын пайдалану арқылы қызықты, әрі көрнекілік қағидасы негізінде түсіндіретіндіктерін көрсетті.

Эксперимент жұмыстарын қорытындылай келе, шетел тілін оқыту үдерісінде мультимедиалық құралдарды пайдалану мәселесі мен заманауй әдістері кешенді дамып отыруы қажет, себебі осы зерттеу жұмысында қарастырылған құралдардың барлығы оқушының танымдық белсенділігі мен шығармашылық әрекетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасай алады. Сонымен қатар тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарынан алынған нәтижелерді талдай отыра келесідей қорытынды жасауға болады:

- шетел тілін оқытудың заманауй талабына сәйкес, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда мультимедиалық құралдармен қамтамассыз ету қажеттілігі туындайды;

- шетел тілін оқытуда мультимедиалық құралдарды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың білім сапасын жетілдіре алады;

- жаңа ақпараттық технологияларды дәстүрлі немесе дәстүрлі емес сабақтарда пайдалану тиімділігі тек алдын-ала жоспарланған және ұйымдастырылған жағдайда ғана жүзеге асады;

- оқушылардың коммуникативті қабілеттерінің қалыптастыруындағы жаңа ақпараттық құралдардың алатын орны айқындалды;

- тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында зерттеу болжамы мен теориялық негіздері дәлелденді.

Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғарғы көрсеткіш көрсету ниетіндегі қоғамның жаңа түрін қалыптастырудағы бұқаралық коммуникацияның жаңа институттары теледидар мен интернеттің орны мен рөлі ерекше. Адамзаттың жинақтаған ақпараттары мен мәдени құндылықтарына еркін қол жетімділік демократиялық қоғамның базалық құндылығы болып табылатындықтан, теледидар мен интернет секілді өзге де ақпараттық коммуникациялар өзара байланысты.

Қазіргі қоғамның әрбір мүшесі үшін БАҚ бір мезгілде бірнеше қызметтер атқарады.

Ақпараттық қызмет

Ағартушылық қызмет

тендер өткізусіз

Көңіл көтеру қызметі

Заман ағымына байланысты теледидар мен интернет саяси күштердің орны анықтауға, бүкіл қоғамның қоғамдық-саяси өміріне ықпал ететін ақпарат құралы. Интернет – адамзат ұжымдық тәжірибесіндегі мәліметтерді жинақтаудың, сақтаудың және таратудың жүйесі. Интернеьт қоғамдық байланысты дамытуға жол ашады. Ол ақпаратты таратудың үлкен кеңістігіне ие қосымша байланыс құралы. Сондықтан интернетті БАҚ жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]