
- •Ағылшын тілін оқытудың жоғарғы сатысында оқушыларды мультимедиалық технологияларды пайдалану, көркем фильмдер арқылы тыңдалым әрекетіне үйретудің жолдары
- •Жоғары сыныптағы оқушыларды газет, интернет арқылы шет тіліне үйрету.
- •Диаграмма 1 – Тәжірибе өткізілген сыныптарының салыстырмалы көрсеткіші
- •Сабақ жоспары:
- •The plan of the lesson
- •1. Developing:
- •2. Practical:
- •3. Educational:
- •Сабақ барысы:
- •Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі
- •1 Схема (пассивті әдіс)
- •2 Схема (активті әдіс)
- •3 Схема (интерактивті әдіс)
- •. Оқушыларды шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану мен оны қолдану
- •К Бағыт омпьютерді оқу үрдісінде пайдалану
- •Программалық тапсырмалармен жұмыс Көрнекі тапсырмалар Білім сапасын тексеру
- •1.3. Шетел тілін оқытуда шетелдік басылымдарды, газет материалдарын пайдалану мен олардың маңызы. Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері.
- •Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру
- •Қорытынды
- •Ағылшын тілін оқытудың жоғарғы сатысында оқушыларды мультимедиалық технологияларды пайдалану, көркем фильмдер арқылы тыңдалым әрекетіне үйретудің жолдары
- •2.Board race Тақта сайысы ойыны
- •3.Question Race Сұрақтар сайысы
- •2.2. Көркем фильмді сабақта қолданудың тиімділігі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……………………………………………………………………………
Жоғары сыныптағы оқушыларды газет, интернет арқылы шет тіліне үйрету.
Жоғары сыныптағы оқушыларды шет тіліне оқытуда компьютерлік технологиялар мен оларды қолдану ерекшелігі
Оқушыларды шетел тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану мен оны қолдану
Шетел тілін оқытуда шетелдік басылымдарды, газет материалдарын пайдалану мен олардың маңызы. Ұлыбританияның басылымдары, олардың ерекшеліктері.
Шетел тілін оқытуда газет материалдарын пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ағылшын тілін оқытудың жоғарғы сатысында оқушыларды мультимедиалық технологияларды пайдалану, көркем фильмдер арқылы тыңдалым әрекетіне үйретудің жолдары
Шетел тілін оқыту процесін мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелер. Оқушылардың қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар, сабақ жоспары
Көркем фильмді сабақта қолданудың тиімділігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм,, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрстырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаң технологиялардың түрлі малдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқкшының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқк процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
Дегенмен, оқыту процессінде компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процессінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тілінде оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін осы зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: «Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі».
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру реформасы бойынша білімді, ойлы және өнерлі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, жаңа белсенді және инновациялық әдістерді енгізу шетел тілін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Білім берудің дәстүрлі әдісінен оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үдерісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім беру саласында ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Отандық және шетелдік білім беру орындарында бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) қолдану ең маңызды әдіс болып табылады.
Қазіргі кезде жаңа білім беру жүйесінің заманауи технологиялар мен интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер мультимедиялық презентация, видеофильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Шетел тілдік ортада болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің басты мақсатының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шетел тілін оқыту барысында БАҚ қолдану сабақты қызықты әрі тиімді етіп өткізуге көмектеседі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді зерттеулер жүргізілуде:
- профессор С.С.Құнанбаеваның мектебі шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпаратандыру мәселелерін зерттейді: мәдениетаралық-қатынастық біліктілігін қалыптастыру Ә.Т.Чакликова, елтанымдық біліктілігін қалыптастыру Ж.А.Түселбаева; студенттерді АҚТ-ды пайдалануға әдістемелік даярлау Д.Е.Сағымбаева; шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану А.Б.Нұрова, ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі Ұ.Т.Нұрманалиева;
- профессор Б.Б.Баймұхановтың мектебі оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелерін, әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді Б.Д.Сыдықов, Р.С.Шуақбаева, І.Ж.Есенғабылов, Г.А.Мадьярова және т.б;
- профессор Ж.А.Қараев және М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, Б.К.Төлбасова, Б.Абыканова, О.К.Ахметова және т.б ғалымдар ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үдерісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолдану мәселесін қарастырған.
Интернетті пайдалану әдістемесі А.Л.Муховиков, интернетті пайдалану С.Н.Конева, әдеби-әдістемелік Интернет-сайттар ғылым және мектеп тәжірибесінде диалог жасау кеңістігі ретінде Ю.В.Ээльма, Интернет-технологиялар негізінде мектептің білім беру ортасын белсендіру. Ю.Дик, Интернет ресурстар Ә.Т.Чакликова, Н.Ғ.Даумов бойынша жүргізілген зерттеулерді қарастырдық.
Шетел тілінде сөйлеу және сол тілді түсіну дағдысын қалыптастыруда оқытуды компьютерлік технологиялар арқылы, соның ішінде мультимедиялық презентациялар мен интернет ресурстар, шетелдік басылымдар, газет-журналдар, радио, фильмдер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыру жолдарын қарастыру зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу нысаны: бұқаралық ақпараттарды қолдану арқылы шетел тілін оқыту әдісі.
Зерттеу пәні: тыңдау дағдысын қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың маңызы.
Зерттеудің мақсаты: жоғары сатыдағы оқушыларды оқытуда мультимедиалық құралдар мен Интернет ресурстарын, БАҚ пайдалану маңыздылығын теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған тәжірибелік жұмыстың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
- шетел тілі сабағында бұқаралық ақпарат құралдарын қолданудың тиімді тәсілдерін айқындау;
- шетел тілін оқытуда шетел баспаларын, газет-журналдарын, интернет, фильмдер қолданудың тиімділігін көрсету;
- шетел тілі сабағында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу көздері: білім беру салаларында оқытудың жаңа технологияларын қалыптастыру мен енгізуге бағытталған, мерзімді басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеу нәтижелері; шет мемлекеттерде (АҚШ, Германия, Ұлыбритания) білім беру жүйесін ақпараттандырудың, оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың іс-тәжірибелері; зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық және педагогикалық әдебиет, тәжірибелік жұмыстар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі, автордың жеке жұмыс тәжірибесі, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер.
Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған тақырып жөніндегі ақпараттық, ғылыми және әдістемелік әдебиетті талдау, теориялық талдау, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, жинақтап қорытындылау, оқу үдерісінде Интернет ресурстарды пайдалану кезіндегі оқушылардың әрекетін сырттан бақылау, мұғалімдердің сабақта бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану тәжірибесін зерттеп білу, педагогикалық тәжірибе жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқытудың мазмұнына, формасына, әдістеріне қарай БАҚ жүйелі пайдаланудың дидактикалық негіздері анықталып, оқыту үдерісіне енгізілсе, онда оқытудың теориялық және практикалық денгейі жоғарылап, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады, соның нәтижесінде, оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- шетел тілін үйретудегі БАҚ (интернет ресурстары) пайдаланудың басым тенденцияларын айқындауға талпыныс жасалды;
- шетел тілін оқытудағы ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері талданды;
- шетел тілі сабағында білім беру процесінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдау тиімділігін көтеретін әдістердің жаңа нұсқаларын жасауға талпыныс жасалды;
- тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы видео технологиялардың рөлі айқындалды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары мультимедиалық құралдардың көмегімен шетел тілін оқытудың тиімді жолдарын анықтау мен Интернет ресурстардың оқыту үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ой қосуы мүмкін.
Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер бұқаралық ақпарат құралдарын мектептердегі шетел тілі сабақтарында, тіл үйрету курстарында оқуды ақпараттандыру мақсатында қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, эксперимент нәтижелері мен қорытындыларын электронды оқулықтар мен Интернет ресурстарды қолданып өтетін дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ барысында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- шетел тілін оқыту үдерісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық ерекшеліктерін дұрыс айқындай білу оқытудың теориялық және практикалық денгейін жоғарылатып, білім сапасының артуына қол жеткізеді;
- бұқаралық ақпарат құралдар көмегімен жасалатын арнайы бағдарламаларды дайындауда және пайдалануда ескерілетін принциптер мен талаптарды нақтылап, оқыту үдерісіне енгізу оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады;
- оқушылардың білімін жетілдірудің және олардың танымдық қабілеттерін дамытудың жолдарын бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы шешудің теориялық және дидактикалық негіздерінен іздеп, оларды оқытудың мазмұнына, формасына, әдістеріне қарай икемдесе, тіл үйретудегі нәтижелер жоғарылатуға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі – зерттеу жұмысы автордың теориялық ұстанымдарының әдіснамалық дәлелділігімен; зерттеудің ғылыми ақпаратының жүйелі құрылуымен; зерттеу әдістерінің кешенді қолданылуымен, зерттеудің бірегей міндеттерімен; эксперимент мәліметтерінің тиянақты талдануымен қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.