Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ гинекология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.1 Кб
Скачать

«Астана Медицина Университеті» ақ

Акушерия және гинекология кафедрасы.

Жалпы медицина

Отбасын жоспарлау сұрақтары бойынша тиімді кеңес жүргізуде студентке ескертпе.

Жалпы ұсыныстар:

  • Науқаспен сөйлесу барысында шыдамдылық танытыңыз.

  • Сыпайылық қарым – қатынаста болыңыз.

  • Отбасын жоспарлаудың барлық тәсілдерін жақсы біліңіз

  • Науқасқа кеңес беру барысында алынған мәлімттердің барлығы құпия түрде сақталатындығын түсіндіріңіз.

  • Науқастың сөзін бөлмей, зейін қоя отырып тыңдаңыз.

  • Тек маңызды мәліметтерді жеткізіп,қысқа сөйлеңіз.

  • Орынды сұрақтар қойыңыз

  • Жәй қысқа «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деумен шектелмейтін, сұрақты толық жауап беретіндей етіп қойыңыз.

  • Науқасты сұрақ қоятындай етіп көңілін өзіңізге аударыңыз

  • Науқасқа түсінікті тілде сөйлеңіз

  • Анық инструкция беріңіз

«Астана Медицина Университеті» ақ

Акушерия және гинекология кафедрасы.

5 Курс Жалпы медицина

Станция: ОҚКЕ Жанұяны жоспарлау бойынша сұрақтарға кеңес берудің коммуникативті дағдылары

Бағалау дағдысындағы критерий

Балл бойынша баға

1

Науқаспен сәлемдесу

Науқаспен сыпайы түрде сәлемдесу

Отыруын өтіну

Науқасқа өзін таныстыру

Науқастың атын және жасын сұрау

Қандай мақсатта келгенін сұрау .

2

Науқастың өмірінен қысқа анамнез жинау

Репродуктивті мақсатын анықтау

Технологияны пайдалана отырып науқастан жүктілік пен босануларының санын, тірі балааларының санын, олардың жастарын сұрау керек. Анамнезінде операция немесе жарақаттардың, ЖЖБА болған-болмағандғын анықтау.

Науқастан оның репродуктивті мақсатын сұрау: әлі қанша бала болуын қалайды, жүктілік арасында үзілісті қалай ма, келесі босануын қашанға жоспарлайды, контрацепцияның қандай түрін пайдаланған.

Қосымша: бұрын отбасының жоспарлауда - қандай әдістерін қолдагғанын: қаншалықты ұзақ пайдаланғанын, неге тоқтатылды,қолданғанда жағымсыз жайларды анықтау.

Емшекпен қаншалықты жиі емізеді, қосымша тамақ немесе су беретіндігін анықтау.

Ұсыныстар: науқаспен сөйлесу барысында мынадай қалыпты таңдау керек: науқасқа басын бұрып, денесін босаң ұстап, еркін отыру. Ашық сұрақтар қолданып, науқастың сөзін бөлмей мұқият тыңдау. Сөйлеу ырғағын сәл бәсеңдетіп, аздап үзінді жасап, сыпайы түрде әңгімені маңызды тақырыпқа ауыстыру керек.

3

Науқасқа отбасын жоспарлаудың әдістерін ұсынды.(лактационды амонарея тәсілін)

Лактационды амонарея тәсілі туралы айту: туғаннан кейін 6 ай ағымында қолдануға болады, бұл әдіс жыныстық қатынаспен қатынасы, жанама әсері жоқ, қаралудың қажеті жоқ, тегін, оңай қолданылады.

Әдістің тиімділігі 98%, ана сүтімен баланы емізгенде, жыныс жасушасының жетілуіне қажетті гормондардың

түзілуін тежейді.

4

Осы тәсілді дұрыс қолдануды үйрету.

Науқасқа осы тәсілді дұрыс қолдануын үйрету: баланы емізу күніне 6-10 рет, түн мезгілінде кемінде 1 рет болуы тиіс.Емізу арасы 6 сағаттан аспуы керек. Қосымша тамақ қолданбау қажет.

5

Кемшіліктерін айту

Әдістің кемшіліктерін айту. Бұл тәсіл тек туғаннан кейін 6 айға дейін тиімді. Ол ЖЖБА, ЖИТС (СПИД) қорғамайды. Қосымша тамақ қолдану мен емізу аралығы ұзарса әдіс тиімділігі бұзылады. Егер етеккірі келген жағдайда гинекологқа тексеріліп, әдісті жалғастыру мүмкіндігін сурау.

6

Науқастан инструкцияны қайталауын өтіну

Ақпаратты дұрыс меңгеру мақсатында науқастан нұсқауларды қайталауын сұрау.

7

Науқастың әдіс туралы түсінбеген сұрақтары бар ма, егер бер болса жауап береміз.

Науқастан сұрақтарын немесе күмәндерін сұрау, бар болса жауап беру.

8

Науқаспен сыпайы түрде қоштасу

Науқаспен сыпайы түрде қоштасып, кез келген уақытта. Сізге келе алатынын айту.