
- •2.Ойшыл Паттерндердің мінездік ерекшелігі
- •6. Креативті тұлғалардың мінездік ерекшелігі
- •7. Креативтілік даму жолдары
- •8. Елестету, үрдіс жіктемесі
- •9. Уоллес төрт деңгейлі моделі
- •10. Елестету функциясы
- •16.Креативтіліктің шығу гипотезалары.
- •17. Когнитивті талдау .
- •18.Дедукция.
- •19. Индукция.
- •20.Ойды қорытындылау.
8. Елестету, үрдіс жіктемесі
Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананың патологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады. Тұлғаның даму деңгейі көбіне оның құрылымында елестетудің қай түрі басым болуына байланысты. Егер жасөспірім жеткіншекте нақты әлеуметтік маңызы бар қарекетке жүзеге асатын шығармашылық елестету құрғақ қиялдардан басым болса, тұлғаның неғұрлым жоғары деңгейде дамуын көрсетеді. Баланың елестетуі оның қарекетінің әр алуан түрлерінде қалыптасады. Мектепке дейінгі балалық кезең бойынша баланың елестетуі сыртқы тіректі (ең алдымен, ойыншықты) керексінетін қарекеттен өз алдына ішкі қарекетке біртіндеп ауысады да қарапайым сөздік (ертегі, тақпақ шығару) және бейнелеу (сурет) шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елестету сөйлеуді меңгерумен байланысты. Демек, үлкендермен қарым-қатынас процесінде дамиды. Сөйлесу балаларға өз тәжірибесінде ешқашан болмаған заттарды елестетуіне мүмкіндік береді. Баланың сөйлесуіндегі кінәраттар, кешеуілдеу елестетуінің дамуына әсер етіп, оны азайтады. Мектепке дейінгі жаста елестету қоғамдық тәжірибені меңгерудің ең маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ересек адамның елестету арқылы айналадағы дүниені игеруіне себептеседі. Оқу процесінде балалардың елесін тәрбиелеуге үлкен мән беріледі. Баланы оқуға, жазуға анық, дәл елестерсіз үйрету мүмкін емес. Елестер қабылдаудың негізінде қалыптасып отырады. Оқушы өзі байқап отырған нәрсені кейін қажет болатындығын сезінетін болса, оның елесі де тиянақты қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың елестерін дамытып отыру олардың оқу әрекетіне дайындалуының негізгі шарты екендігі ата-аналардың естерінде болуы тиіс.[1]
Үрдіс, процесс - қандай да болсын нәтижеге жету жолындағы бірізді әрекеттердің жиыны.Үрдістің көптеген жіктемелері бар:
Білім беру үрдісі — оқыту процесі және оның нәтижесі ретінде оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағдылар мен табиғат және қоғамдық өмірге мәмілесін қалыптастырудың өзара тығыз байланыста дамуын білдіреді. Білім беру — бүкіл өмір бойы, білім жүйесін өзгерту, дамыту және жетілдіру үрдісіне болған мәмілесі; білім беру — өмір жағдайларының өзгеруіне, ғылыми-техникалық прогреске байланысты үздіксіз және үнемі жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерудің үнемі жетіліп, алға қарай жылжып отыратын абсолютті формасы; білім беру — тұлғаны рухани және дене жағынан тұтас қалыптастыру, әлеуметтендіру үрдісі; білім беру — тұлғаны тарихи айқындалған, қоғамдық санада әлеуметтік эталон ретінде көрінген белгілі бір мұрат бейнелерге саналы бағдарлау.
Саяси үрдіс - саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келуі, ауысуы, өзгеруі, қозғалысы. Бұл үрдіс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта белуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға, жүмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Саяси үрдістің басты белгісі азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Адиабатты үрдіс - қоршаған ортамен физикалық жылу алмасу болмағанда өтетін процесс.
Тұрақсыз үрдіс - физикалық жүйе жағдайы өзгеретін үрдіс.
Жұмыс үрдісі - агрегатта және жүйеде жұмыс уақытында пайда болатын олардың тізбектілігі, себептілігі, өзара байланысының физикалық, физика-химиялық және басқаа да құбылыстар жиынтығы.
Тұрақты үрдіс - өзі өтетін жағдайда физикалық жүйенің өзгермеу процессі.